1995 жылғы 15 наурызда Исламабадта қол қойылған Экономикалық
Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердiң бизнесмендерiне арналған виза
рәсiмдерiнiң оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен
шекараны күзетудегi ынтымақтастық туралы
Шарты
Осы Шартқа қол қойған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттер, бұдан әрi - Тараптар,
жалпы таныған халықаралық құқық принциптерi мен нормаларын, достық, тату көршiлiк қарым-қатынасты дамыту және Достастыққа қатысушы мемлекеттер шекарасында қауiпсiздiктi өзара қамтамасыз етуге жәрдемдесу ниетiн басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен шекараны күзетуде ынтымақтастықтың қажеттiгiн мойындай отырып,
БҰҰ Жарғысының ережелерiн, ОБСЕ принциптерiн, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң ережелерiн, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, шекара мәселелерi жөнiнде Тараптар қабылдаған және олар үшiн заң күшi бар басқа құжаттарды ұстанатындығын қуаттай отырып,
мыналар жөнiнде келiстi:
1-бап
Осы Шарттың мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдердiң
мынадай мағынасы бар:
Шекара - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен мемлекеттiк шекара
учаскелерi.
Қолбасшылар кеңесi - Шекара әскерлерi қолбасшыларының кеңесi.
Шекара әскерлерi - Тараптардың шекара әскерлерi.
2-бап
Тараптардың Шекараны күзетудегi мақсаты:
Шекара күзетiн Тараптардың мүддесiн ескере отырып қамтамасыз ету;
халықаралық және iшкi терроризмге, сепаратизм мен ұлтшылдықтың кез-келген көрінiсiне, наркобизнеске, астыртын көшi-қонға, қару-жарақтың, оқ-дәрiнiң, радиоактивтi, улы және психотроптық заттардың, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңдары мен халықаралық шарттар әкелуге, әкетуге тыйым салған басқа да заттар мен жүктердi заңсыз жылжуына қарсы тиiмдi күрестi қамтамасыз ету;
Тараптардың шекара мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастығы мен заңдарының жақындасуы үшiн шарттық-құқықтық базаны дамыту болып табылады.
3-бап
Тараптар өздерiнiң арасында Шекарадағы бейбiтшiлiктi нығайту жөнiндегi мәселелердi тиiмдi шешуге бағытталған тең құқықтық, әрiптестiк қарым-қатынас орнатып, оны дамытады.
Тараптардың қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып Тараптар Шекараның өз бөлiгiнiң күзетiн қамтамасыз ету үшiн өзара жауапкершiлiкте болады.
Тараптар Шекара қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi Достастықтың жоғары органдары шешiмдерiнiң (консенсус негiзiнде қабылданған) басымдығын мойындайды.
4-бап
Тараптар Шекара күзетiн ұлттық заңдарға сәйкес, келiсiлген немесе бiрлескен күш-жiгермен тиiстi екiжақты немесе көпжақты келiсiмдермен және уағдаластықтармен айқындалатын шарттар бойынша Тараптардың мүдделерiн қамтамасыз етудi ескере отырып жүзеге асырады.
Тараптар Шекаралардың қауiпсiздiгiне қатер төнгенде пайда
болған қатердi жоюға тиiстi шаралар қабылдау үшiн бiрлескен шұғыл
консультациялар өткiзетiн болады.
5-бап
Тараптардың өз Шекарасын күзетудi Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы басқа мемлекет контингентiнiң көмегiмен
қамтамасыз ету үшiн халықаралық келiсiмдер негiзiнде шаралар
қабылдауға құқығы бар.
6-бап
Тараптар Шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгердi үйлестiру мен
шекара саясатын жүргiзуге арналған ұлттық заңдарды ескере отырып
аймақтық бiрiккен командованиелер (жедел топтар, бiрiккен штабтар
немесе үйлестiру кеңестерi) құра алады.
7-бап
Тараптар ғылыми әзiрлемелер жүргiзуде, оның iшiнде бiрлескен бағдарламалар құру, Шекараны күзетудiң жаңа техникалық құралдарын жобалауда, жасау мен енгiзуде ынтымақтастықта болады.
8-бап
Тараптар Шекара әскерлерiнiң техникалық жарақтану деңгейiн көтеру iсiнде ынтымақтастықта болады.
Шекара әскерлерiне шекара әскерлерiнiң арнаулы техникасы мен материалдық қаражатты жеңiлдiктi берудiң тәртiбi мен шарттары жеке келiсiммен айқындалады.
9-бап
Тараптар Шекара күзету мүддесiмен қажет болған жағдайда шекара әскерлерiнiң аумақ учаскелерiн, әуе, жерүстi және су кеңестерiн, әуежайларды, аэродромдарды, порттарды, айлақтарды, жерасты темiр жолдары мен автомобиль жолдарын пайдалануын, сондай-ақ шекара әскерлерiнiң ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету және шекара әскерлерiнiң кемелерiн навигация-гидрографиялық қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi ақпарат алуды реттейтiн екiжақты немесе көпжақты келiсiмдер жасасады.
10-бап
Тараптар Шекараны күзету туралы уақтылы шешiм қабылдау мақсатында ақпаратты жинау, өңдеу процесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн және Шекарадағы жағдайды болжауды, тұрақты түрде өзара ақпарат алмасуды, сондай-ақ халықаралық тәжiрибеде қабылданған алдын ала ескерту сипатындағы шаралар жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
Тараптар шекара әскерлерiнiң, басқа құзыреттi қызметтердiң қолда
бар арнаулы байланыс арналарын жұмыс жағдайында қолдап отырады,
сонымен қатар Достастыққа қатысушы мемлекеттер әзiрлеген бағдарламалар
шеңберiнде жаңа байланыс және ақпарат арналарын (жүйелерiн) құру
жөнiнде бiрлесiп шаралар қабылдайды.
11-бап
Тараптар қызметтiк немесе құпия сипаттағы бiр-бiрiнен алынған
материалдар мен ақпаратты осы материал немесе ақпарат алынған
Тараптың жазбаша рұқсатынсыз ешкiмге бермейдi.
12-бап
Тараптар шекара әскерлерiнiң Шекараны күзетуге өкiлеттiк берiлген органдарының Шекараны күзетудi қамтамасыз етуi мүддесiмен жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуге мәселелерi бойынша Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес ынтымақтастықта болады.
13-бап
Тараптар Достастыққа мүше емес мемлекеттер болып табылатын шектес елдермен өзара қарым-қатынастағы өздерiнiң шекара саясатын келiсiп (үйлестiрiп) отырады.
Осы Шарт Тараптардың қолданылып жүрген басқа екiжақты және көпжақты шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттерiне әсер етпейдi және ол үшiншi елдерге қарсы бағытталмайды.
14-бап
Тараптар өздерiнiң Шекараны күзету мен оның режимi мәселелерiн реттейтiн заң және өзге нормативтiк актiлерiн үйлестiру жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тараптар шекара әскерлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн мейлiнше қолайлы, тең құқықты шарттарды қамтамасыз ету мақсатында Шекараны күзету мен оның режимi мәселелерiне қатысты жаңа ұлттық заң актiлерiн қабылдағаны туралы ақпарат алмасып отырады.
15-бап
Тараптар шекара әскерлерiне офицер кадрлары мен кiшi мамандар даярлауда бiр-бiрiне шарттық негiзде жәрдемдеседi.
Тиiстi бiлiм немесе мамандық алғанын куәландыратын дипломдар мен куәлiктер, сондай-ақ өзге құжаттар, оның iшiнде осы Шарт күшiне енгенге дейiн берiлгендерi Тараптардың аумағында танылады.
16-бап
Тараптар қажет болған жағдайда әскери қызметшiлерге, олардың отбасы мүшелерiне және өз мемлекеттерiнен тысқары жерлерде Шекараны күзетуге қатысатын басқа да азаматтарға қызмет атқарудағы аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, өтемақы мен жеңiлдiктер, мемлекеттiк және мемлекетаралық сақтандыруды, материалдық, қаржы және басқа да қамтамасыз ету түрлерiн белгiлеу мәселелерi бойынша жеке келiсiмдер жасасады.
17-бап
Тараптар шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн өздерiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерiне тексерiлуге, емдеуге (ауруханаға жатқызу) шарттық негiзде қабылдауды, сондай-ақ жiберушi Тараптың есебiнен ведомстволық санаторийлер мен демалыс үйлерiне жолдама бөлудi қамтамасыз етедi.
18-бап
Осы Шартты түсiндiруде пайда болған даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
Осы Шартқа толықтырулар мен өзгертулер шартқа қол қойған бiр немесе бiрнеше Тараптың бастамашылығымен енгiзiледi және консенсус негiзiнде қабылданады.
Тараптар Қолбасшылар кеңесiне осы Шартты орындау жөнiндегi шараларды үйлестiрудi жүктейдi. Осы мақсаттарда Қолбасшылар кеңесi мүдделi Тараптармен келiскен соң Тараптардың сыртқы iстер министрлiктерiнiң, шекара әскерлерiнiң, басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiнен уақытша жұмыс органдарын құра алады. Осы шараларды жүзеге асыру тәртiбi қабылдаушы Тараппен жасалатын жеке келiсiммен айқындалады.
19-бап
Осы Шарт депозитарийге Шарттың күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк процедуралардың орындалғаны туралы үшiншi хабарлама берiлген күннен бастап күшiне енедi. Депозитарийге мұндай процедуралардың орындалғаны туралы Шарт күшiне енгеннен кейiн хабарлаған Тарап үшiн Шарт осындай хабарлама берiлген күннен бастап күшiне енедi.
20-бап
Шарт бес жыл мерзiмге жасалады және келесi бес жылдық мерзiмге
өз-өзiнен ұзартылып отырады. Тараптардың әрқайсысы депозитарийдi
тиiстi мерзiм аяқталғаннан кемiнде алты ай бұрын жазбаша хабарлау
арқылы осы Шарттан шыға алады.
Осы Шартқа ол күшiне енгеннен кейiн Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы басқа да мемлекеттер қосыла алады.
21-бап
Осы Шарт БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес БҰҰ-ның Хатшылығында
тiркеуге жатады.
Минск қаласында 1995 жылғы 26 мамырда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа
данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы Хатшылығында сақталады, ол осы Шартқа қол қойған әрбiр
мемлекетке шарттың расталған көшiрмесiн жiбередi.
Әзербайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшiн
Армения Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
Белорусь Республикасы үшiн Түркменстан үшiн
Грузия Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшiн