1995 жылғы 5 желтоқсанда Брюсселде қол қойылған Сауда және соған
байланысты мәселелер бойынша, бiр жағынан, Еуропалық қоғамдастық,
Көмiр мен болат жөнiндегi еуропалық бiрлестiк, Атом энергиясы
жөнiндегi еуропалық қоғамдастық және екiншi жағынан, Қазақстан
Республикасы арасындағы Уақытша Шарт бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Сауда және соған байланысты мәселелер бойынша, бiр
жағынан, Еуропалық қоғамдастық, Көмiр мен болат жөнiндегi еуропалық
бiрлестiк, Атом энергиясы жөнiндегi еуропалық қоғамдастық және,
екiншi жағынан, Қазақстан Республикасы арасындағы
УАҚЫТША ШАРТ
Бiр жағынан,
бұдан әрi "ҚОҒАМДАСТЫҚ" деп аталатын, ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ, КӨМIР МЕН БОЛАТ ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ БIРЛЕСТIК ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ
және, екiншi жағынан,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Бiр жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтар мен Мүше-мемлекеттер және, екiншi жағынан, Қазақстан Республикасы арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге 1995 жылы 23 қаңтарда қол қойылған ескере отырып;
Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң мақсаты бұрынырақ белгiлегендей, атап айтқанда, Еуропалық Қоғамдастықтар мен КСРО арасында 1989 жылы 18 желтоқсанда қол қойылған Сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмде, қатынастарды нығайту және ұлғайту болып табылатының ескере отырып;
Тараптар арасындағы сауда қатынастарының жылдам дамуын қамтамасыз етудiң қажеттiгiн негiзге ала отырып;
Уақытша Шарттың көмегiмен саудаға және соған байланысты мәселелерге қатысты Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерiн мүмкiн болғанша жылдамырақ жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып;
Аталған ережелер Еуропалық Қоғамдастықтар мен КСРО арасындағы 1989 жылы 18 желтоқсанда қол қойылған Сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмнiң сауда туралы тиiстi ережелерiн ауыстыруға тиiс екендiгiн ескере отырып;
Сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
Келiсiмнiң шеңберiнде құрылған Бiрлескен комитетке Әрiптестiк пен
ынтымақтастық туралы келiсiмге сәйкес Ынтымақтастық жөнiндегi Кеңеске
берiлген күшiне енгенше және Ынтымақтастық жөнiндегi Кеңес құрылғанға
дейiн жүзеге асыру құқықтарын берудi қамтамасыз етудiң қажеттiгiн
ескере отырып;
Осы Шартты жасауды ұйғарды және осы мағынада өздерiнiң өкiлеттi
өкiлдерi ретiнде:
ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ:
Франциско Хавиер Элорза Кавенгттi
Испания Корольдiгiнiң тұрақты өкiлiн,
Тұрақты өкiлдер комитетiнiң Төрағасын
КӨМIР МЕН БОЛАТ ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ БIРЛЕСТIКТI:
АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ:
Гюнтер Бургхардтты
Сыртқы саясат қарымқатынастар жөнiндегi
Бас директораттың Бас Директорын
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН:
Әуесхан Мақатайұлы Қырбасовты
Төтенше және Өкiлеттi Елшiнi,
Қазақстан Республикасы Еуропалық Өдақтын
жанындағы Өкiлдiгiнiң Басшысын
анықтады.
Олар өздерiнiң Өкiлеттiктермен алмасқан соң, жақсы және тиiстi
нысанда бола отырып,
Төмендегiлер жөнiнде келiстi:
I БӨЛIМ: ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
Келiсiм Қазақстан; 1-бап)
1-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 2-бап)
Атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Хартиясында, Хельсинки Қорытынды
Құжатында және Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында белгiленген
демократияны, халықаралық құқық пен адам құқығы қағидаттарын,
сондай-ақ бұған қоса ЕКЫК-нiң Бонн конференциясы құжаттарында
тұжырымдалған нарықтық экономика қағидаттарын құрметтеу Тараптардың
iшкi және сыртқы саясатының негiзгi алынады және әрiптестiк пен осы
Келiсiмнiң аса маңызды бөлiгiн құрайды.
II БӨЛIМ: ТАУАРЛАР САУДАСЫ
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; III-бөлiм)
2-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан: 8-бап)
1. Тараптар мына төмендегiлерге қатысты барлық салаларда:
- баж салығы мен алымдарды алудың тәсiлiн қоса алғанда импортталатын және экспортталатын тауарларға салынатын кедендiк баж салығы мен алымдарға;
- кедендiк тазартуға транзитке, қоймалар мен жүктердi қайта тиеуге қатысты ережелерге;
- импортталатын тауарларға тiкелей немесе жанама салынатын салықтарға және басқа да iшкi алымдардың кез келген түрiне тауарлармен сауда жасауға байланысты;
- төлем әдiстерiне және мұндай төлемдердi аударуға;
- iшкi нарықтағы тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға қатысты ережелерге қатысты бiр-бiрiне неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимiн бередi.
2. 1-тармақтың ережелерi:
а/ кедендiк одақ немесе еркiн сауда аумағын құру мақсатында немесе осындай одақ немесе аймақ құрылуы себептi берiлетiн артықшылықтарға;
в/ Тарифтер мен сауда туралы Бас Келiсiмге және өзге де
халықаралық келiсiмдерге сәйкес дамушы елдердiң пайдасы үшiн
жекелеген елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
с/ шекаралық саудаға жәрдемдесу мақсатында көршiлес елдерге
берiлетiн артықшылықтарға қолданылмайды.
3. Қазақстанның ТСБК-не мүше болған күнi аяқталатын өтпелi кезең
iшiнде немесе қайсысы бұрын болатынына байланысты 1998 жылғы 31
желтоқсанға дейiн Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесiнде пайда болған
басқа да мемлекеттерге Қазақстан Республикасы беретiн N 1 Қосымшада
белгiленетiн артықшылықтарға қатысты 1 параграфтың ережелерi
қолданылмайтын болады.
3-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 9-бап)
1. Тараптар осы Келiсiм мақсаттарына қол жеткiзудiң негiзгi шарты еркiн транзиттiк қағидаты болып табылады деп келiстi. Осыған байланысты әр Тарап кедендiк аумақта өндiрiлген немесе екiншi Тараптың кедендiк аумағы шектеусiз транзиттiк өтуiн қамтамасыз ететiн
болады.
2. ТСБК-нiң 5-бабында (2, 3, 4 және 5-параграфтарында) жазылған
ережелер екi Тараптың арасында қолданылады.
3. Осы Бапта мазмұндалған ережелер, белгiлi бiр салаларға,
әсiресе, Тараптар арасында келiсiлген көлiк немесе өнiм сияқты
салаларға қатысты ешқандай да ерекше ережелерге шектеу жасамайды.
4-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 10-бап)
Екi тарап байланысты болатын тауарларды уақытша жеткiзу
жөнiндегi халықаралық конвенциялардан туындайтын құқықтар мен
мiндеттемелердi шектеместен, Тараптардың әрқайсысы бұдан басқа екiншi
Тарапқа, олармен байланысты осы тұрғысындағы кез келген басқа
халықаралық конвенцияда ескертiлген жағдайда және ондағы рәсімдерге
сәйкес, оның заңдарына сәйкес уақытша әкелiнетiн тауарлар импорттық
алымдар мен баж салығынан босатылады. Осындай конвенциядан туындайтын
мiндеттемелер негiзгi болып табылатын осы мiндеттемелердi қабылдауы
керек.
5-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 11-бап)
1. Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарлар еркiн, мөлшерi
жағынан қандай да болсын шек қойылмастан, осы Келiсiмнiң 7, 10, және
11-Баптарының ережелерiне және Испания мен Португалияның Еуропалық
Қоғамдастыққа енуi туралы құжаттарының 77, 81, 244, 249 және
280-Баптарының ережелерiне қысым жасалмастан Қоғамдастыққа
импортталады.
2. Қоғамдастықтан шығарылатын тауарлар Қазақстанға еркiн,
мөлшерi жағынан қандай да болсын шек қойылмастан немесе бiрдей
дәрежеде әсер ететiн шараларсыз осы Келiсiмнiң 7, 10 және
11-Баптарының ережелерiне қысым жасалмастан импортталады.
6-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 12-бап)
Тауарлар Тараптар арасында нарық арқылы белгiленетiн бағалар
бойынша сатылады.
7-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 13-бап)
1. Егер қандай да болсын өнiм мейлiнше өскелең мөлшерде және жергiлiктi өндiрiсшiлердiң осыған ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларына залал келтiретiн немесе сондай қаупi бар шарттармен Тараптардың бiрiнiң аумағына әкелiнетiн болса, қайсысының мүдделерiне қатысты болуына байланысты Қазақстан Республикасы немесе Қоғамдастық төмендегi рәсiмдерге және шарттарға сәйкес тиiстi шаралар қабылдай алады.
2. Қандай да болсын шаралар қабылдамас бұрын немесе 4-параграф қолданылатын жағдайда, қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы немесе Қоғамдастық осыдан кейiнгi мейлiнше қысқа мерзiмде осы Шарттың IV бөлiмiне сәйкес екi Тарапқа да оңтайлы шешiм iздестiру мақсатында сауда жөнiндегi Кеңестiң билiгiне бүкiл қажеттi ақпаратты бередi.
3. Егер осы консультациялардың нәтижесiнде сауда жөнiндегi Кеңеске өтiнiш жасаған күннен бастап 30 күн iшiнде ахуалды реттеу жөнiндегi iс-әрекетке қатысты Тараптар келiсiмге келе алмаса, консультация туралы өтiнiш бiлдiрген Тарап зиянды болдырмау немесе жою үшiн қажеттi болатындай деңгей мен мерзiмде тиiстi тауарлар импортын шектеу немесе басқа да тиiстi шараларды қабылдау құқығына ие болады.
4. Кiдiрту орны толмас зиянға ұшырататындай қиын жағдайларда, Тараптар мұндай iс-әрекет жүзеге асырылғаннан кейiн дереу консультация өткiзу ұсынылған жағдайда осы консультациялар өткiзiлгенге дейiн-ақ шаралар қабылдай алады.
5. Осы Бапта ескерiлген шараларды таңдау кезiнде Уағдаласушы
Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзуде мейлiнше аз зиян
келтiретiн шараларға артықшылық бередi.
6. СТБК-нiң VI Бабына, СТБК-нiң VI бабын қолдану туралы
Келiсiмге, СТБК-нiң VI, XVI және XXIII баптарын қолдану мен түсiндiру
туралы Келiсiмге немесе тиiстi iшкi заңдарға сәйкес Тараптардың кез
келгенiнiң демпингке қарсы шараларды немесе өтем төлеу шараларын
қабылдауына осы Шарттағы ештеңе де зиянын келтiрмеуге немесе қандай
да болсын түрде ықпал етпеуге тиiс.
8-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 14-бап)
Тараптар, Қазақстан Республикасының Сауда және тарифтер туралы Бас Келiсiмге қосылуы нәтижесiнде пайда болатын ахуалды қоса алғанда, жағдайдың мүмкiндiк беруiне қарай, олардың арасындағы тауарлар саудасына қатысты осы Шарттың ережелерiн өзгерту мүмкiндiгiн қарауға мiндеттенедi. Осы Шарттың 16-бабында сөз болатын сауда жөнiндегi Кеңес мұндай өзгерiстерге қатысты Тараптарға ұсынымдар бере алады, өзгерiстер, бұл ұсынымдар оңтайлы болған жағдайларда Тараптардың арасындағы келiсiм арқылы, олардың әрқайсысы қолданып жүрген рәсiмдерге сәйкес күшiне енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 15-бап)
Келiсiм қоғамдық имандылық, қоғамдық тәртiп немесе қоғамдық қауiпсiздiк; адамдардың денсаулығы мен өмiрiн қорғау, хайуанаттар мен өсiмдiктердi қорғау; табиғи ресурстарды қорғау; ұлттық көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарды немесе санаткерлiк, өнеркәсiптiк және коммерциялық меншiктi немесе алтын мен күмiске қатысты
ережелердi қорғау тұрғысынан өздерiн ақтайтын импортталатын,
экспортталатын немесе транзитпен өтетiн тауарларға тыйым салуларды не
шектеулердi жоққа шығармайды. Алайда мұндай тыйым салулар немесе
шектеулер Тараптар арасындағы сауданы көрiнеу кемсiтушiлiктiң немесе
сауданы жасырын шектеудiң құралы болуға тиiс емес.
10-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 16-бап)
Осы Шарттың II бөлiмi Құрастырылған номенклатураның 50-63
тарауларына жататын тоқыма тауарлары саудасына қолданылмайды. Бұл
тауарлармен сауда жасау 1993 жылы 15 қазанда алдына ала қол қойылған,
1993 жылдың 1 қаңтардың шартты түрде қолданылатын жеке келiсiммен
реттелуге тиiс.
11-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 17-бап)
1. Көмiр мен болаттың Еуропалық Бiрлестiгiн құру туралы Шарт қолданылатын тауарлармен сауда жасау, 5-Бапты қоспағанда, осы Шарттың II Бөлiмiнiң ережелерiмен және, күшiне енуiне қарай, болаттан жасалатын өнiмдер айырбасына қатысты КБЕБ-нiң сандық уағдаластығы жөнiндегi Келiсiмнiң ережелерiмен реттеледi.
2. Бiр жағынан Қазақстан Республикасының өкiлдерiнен және,
екiншi жағынан, Қоғамдастықтың өкiлдерiнен тұратын көмiр мен болат
мәселелерi жөнiндегi байланыс тобы құрылады. Байланыс тобы көмiр мен
болатқа қатысты және Тараптар үшiн мүдделiлiк бiлдiретiн барлық
мәселелер бойынша ұдайы негiзде ақпарат алмасатын болады.
12-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 18-бап)
Ядролық материалдармен сауда жасау Атом энергиясы жөнiндегi
Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы арасында жасалуға
тиiс жеке Келiсiмнiң ережелерiмен реттеледi.
III БӨЛIМ - КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ ПЕН
ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТIН ЕРЕЖЕЛЕР
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; IV-бөлiм)
13-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 41-бап)
1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастық
резиденттерiнiң арасындағы осы Шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге
асырылатын тауарлар қозғалысына байланысты төлем балансының ағымдағы
есеп-шотына еркiн өтiмдi валютамен кез келген төлемдерге рұқсат етуге
мiндеттенедi.
14-бап
Тараптар өздерiнiң арасындағы саудаға ықпал ететiн жағдайларда
келiсiлген негiзде өздерiнiң бәсеке туралы тиiстi заңдарының
қолданылу әдiстерiн зерттеуге келiстi.
15-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 42-бап)
1. Осы Баптың ережелерiн және осы Шартқа тiркелген II Қосымшаны ескере отырып, Қазақстан Республикасы осы Шарт күшiне енгеннен кейiнгi бесiншi жылдың аяғында осындай құқықтарды жүзеге асырудың пәрмендi құралдарын қоса алғанда, Қоғамдастықтағыға ұқсас қорғау деңгейiн
қамтамасыз ету мақсатында санаткерлiк, өнеркәсiптiк және коммерциялық
меншiк құқықтарын қорғауды жетiлдiре бередi.
16-бап
Уағдаласушы Тараптардың әкiмшiлiк өкiмет орындарының кедендiк
мәселелер жөнiндегi өзара көмегi осы Шартқа қоса берiлiп отырған I
Хаттамаға сәйкес берiледi.
IV БӨЛIМ: НҰСҚАУЛЫҚ, ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; IХ-бөлiм)
17-бап
1989 жылы 18 желтоқсанда Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық пен
КСРО арасында қол қойылған Сауда мен коммерциялық және экономикалық
ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмнiң нәтижесiнде құрылған Бiрлескен
Комитет, Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 76-бабына
сәйкес Ынтымақтастық жөнiндегi кеңес құрылғанға дейiн осы Келiсiм
арқылы өзiне жүктелген мiндеттердi орындайды.
18-бап
Осы Шарттың мақсаттарына жету үшiн Бiрлескен Комитет айрықша
ескертiлген жағдайларда тиiстi ұсыныстар беруге қақылы.
19-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 80-бап)
ГАТТ-тың бабына сiлтеме жасайтын ережеге қатысты осы Шарттың
шеңберiнде туындайтын кез келген мәселенi зерттеу барысында Бiрлескен
Комитет барынша мүмкiн болған дәрежеде Уағдаласушы Тараптар Бас
Келiсiмнiң осы ГАТТ бабында берiлетiн түсiндiрмесiн назарға алады.
20-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 84-бап)
1. Осы Шарттың шеңберiнде әр Тарап өздерiнiң азаматтарына қатысты екiншi Тараптың заңды және жеке тұлғаларының еш кемсiтушiлiксiз Тараптардың бiлiктi сот және әкiмшiлiк органдарына, санаткерлiк, өнеркәсiптiк және коммерциялық меншiкке қатыстыларын қоса алғанда олардың жеке дара құқықтары мен меншiк құқықтарын қорғау үшiн емiн-еркiн бара алуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. Тараптар өздерiнiң тиiстi өкiлеттiктерi шеңберiнде:
- Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi жасайтын коммерциялық мәмiлелер мен ынтымақтастық жөнiндегi операцияларға байланысты туындайтын дауларды шешу үшiн төрелiк соттың пайдаланылуын көтермелейдi;
- егер дау төрелiк сотқа берiлетiн болса, тараптар сайлаған төрелiк сот орталығының ережелерiмен өзгеше көзделмеген болса, дауласушы әр тарап, азаматтығына қарамастан, өз төрешiсiн тағайындауына келiседi, бұл жағдайда төрелiк соттың төрағасы немесе төрешiнiң жеке өзi үшiншi мемлекеттiң азаматы болуы мүмкiн;
- өзара келiсiм бойынша өздерiнiң шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерiне олардың келiсiм-шарттарына қолданылатын құқықтық
қалыптарды анықтауын ұсынады;
- Халықаралық сауда құқығы (UNCITRAL) жөнiндегi БҰҰ Комиссиясы
әзiрлеген төрелiк ережелерiн және 1958 жылы 10 маусымда Нью-Йоркте
қол қойылған Шетелдiк төрелiк соттары шешiмдерiн тану мен қолдану
туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң кез келген төрелiгi
орталығының төрелiгiн пайдалану көтермеленедi.
21-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 85-бап)
Осы Шартта ештене де Тараптардың кез келген шараларды:
а) олардың қауiпсiздiгiнiң мүдделерiне елеулi залал келтiретiн ақпаратты ашуды болдырмау үшiн сөзсiз қажет деп санайтын шараларды;
б) мұндай шаралар арнаулы әскери мақсаттарға арналмаған тауарларға қатысты бәсеке шарттарын нашарлатпайтын болса, қару-жарақты, оқ-дәрiлердi немесе әскери мақсаттағы тауарларды өндiруге не сатуға немесе қорғаныс мақсатындағы зерттеулерге, талдамаларға не өндiрiске қатысты шараларды;
в) заң мен тәртiптiң сақталуына нұқсан келтiретiн елеулi iшкi
тәртiп бұзушылықтар жағдайында, соғыс кезiнде немесе соғыс қатерiн
төндiретiн елеулi халықаралық шиеленiс жағдайында өзiнiң қауiпсiздiгi
үшiн немесе бейбiтшiлiк пен халықаралық қауiпсiздiктi сақтау үшiн
немесе бейбiтшiлiк пен халықаралық қауiпсiздiктi сақтау үшiн өздерiне
қабылдаған мiндеттемелер мақсатында олар елеулi деп санайтын
шараларды;
г) екi жақ пайдаланатын өнеркәсiп тауарлары мен технологияларды
бақылау үшiн олар қажет деп санайтын шараларды қолдануына кедергi
келтiре алмайды.
22-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 86-бап)
1. Осы Шартта қамтылған салаларда және онда мазмұндалған оның
қайсыбiр арнаулы ережелерiне зиян тигiзбестен:
- Қоғамдастыққа қатысты Қазақстан Республикасы қолданатын уағдаластықтар Мүше мемлекеттерге, олардың азаматтарына немесе олардың компаниялары мен фирмаларына қатысты кемсiтушiлiктiң өршуiне әкелiп соқтырмауға тиiс;
- Қазақстан Республикасына қатысты Қоғамдастық қолданатын уағдаластықтар Қазақстан азаматтарына, олардың компаниялары мен фирмаларына қатысты кемсiтушiлiктiң өршуiне әкелiп соқтырмауға тиiс.
2. Өздерiнiң тұрғылықты жерлерiне қатысты бiрдей жағдайда болмайтын салық төлеушiлерге Тараптардың салық заңдарының тиiстi ережелерiн қолдану құқығына 1-параграфтың ережелерi қысым жасамайды.
23-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 87-бап)
1. Екi Тараптың әрқайсысы Бiрлескен Комитетке осы Шартты қолдану
мен түсiндiруге қатысты кез келген дауды бере алады.
2. Бiрлескен Комитет дауды ұсыныстар арқылы шеше алады.
3. Дауды осы Баптың 2-параграфына сәйкес шешу мүмкiн болмаған
жағдайда кез келген Тарап екiншi Тарапты төрешi тағайындау туралы
хабардар ете алады; бұл жағдайда екiншi Тарап екi ай iшiнде екiншi
төрешiнi тағайындауға тиiс. Осы рәсiм мақсаттары үшiн Қоғамдастық пен
Мүше мемлекеттер дау iсiнде бiр тарап болып саналады.
Бiрлескен Комитет үшiншi төрешiнi тағайындайды.
Төрешiлер ұсыныстары көпшiлiк дауыспен қабылданады. Мұндай
ұсыныстар Тараптар үшiн мiндеттi болып табылмайды.
24-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 88-бап)
Тараптар осы Шартты түсiндiруге немесе қолдануға не Тараптар
арасындағы қатынастардың өзге жәйттерiне қатысты кез келген мәселенi
талқылау үшiн Тараптардың бiрiнiң сауал салуы бойынша тиiстi арналар
арқылы жедел түрде консультациялар өткiзуге алысуға келiстi.
Бұл Баптың ережелерi 7, 23 және 28-Баптарға ықпал етпейдi,
соңғыларға зияны тиместен қолданылады.
25-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 89-бап)
Осы келiсу бойынша Қазақстан Республикасына берiлетiн режим
Мүше-мемлекеттер бiр-бiрiне беретiн режимге қарағанда оншалықты
қолайлы болып табылмайды.
26-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 91-бап)
Осы Шартта қамтылған мәселелер сондай-ақ Энергетикалық Хартия туралы шарт пен оның Хаттамаларында да көзделгендiктен, Еуропалық Энергетикалық хартия жөнiндегi Шарт пен оның Хаттамаларды күшiне енгеннен кейiн мұндай мәселелерге қолдану осы құжаттарда қандай
дәрежеде қолдануына қарай пайдаланылады.
27-бап
1. Осы Шарт 1995 жылы қаңтар айының жиырма үшiншi күнiнде қол
қойылған Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы Келiсiм күшiне енгенге
дейiн қолданылады.
2. Тараптардың кез келгенi осы Шартты бұзатыны туралы екiншi
Тарапқа хабарлағаннан кейiн оны бұзуға қақылы.
28-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 93-бап)
1. Тараптар осы Шарт жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi кез келген жалпы немесе арнаулы шараларды алдын ала қолданады. Олар Шартта мазмұндалған мақсаттарға жетудi қадағалайтын болады.
2. Егер Тараптардың бiрi екiншi Тарап Шарт жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамай отыр деп санайтын болса, соңғысы алдын ала тиiстi шаралар қолдануға қақылы. Айрықша шұғыл жағдайлардан басқа реттерде, бұдан бұрын ол Бiрлескен Комитетке Тараптар үшiн қажеттi бүкiл тиiстi ақпаратты бередi.
Осындай шараларды таңдаған кезде осы Шарттың күшiн мейлiнше аз
бұзатын шараларға артықшылық берiлуге тиiс.
Егер екiншi Тарап талап ететiн болса, Бiрлескен Комитет осы
шаралар жөнiнде дереу хабардар етiледi.
29-бап
I, II Қосымшалар Хаттамамен бiрге осы Шарттың құрамдас бөлiгi
болып табылады.
30-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 96-бап)
Осы Шарт, бiр жағынан, Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық, Атом
энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық және Көмiр мен Темiр
жөнiндегi Еуропалық Бiрлестiк құру туралы Шарттар қолданылатын
аумақтар мен осы шарттар негiз етiлiп алынған талаптарда, екiншi
жағынан, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
31-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 97-бап)
Еуропалық Одақ Кеңесiнiң Бас Хатшысы осы Шарттың сақтаушысы
болып табылады.
32-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 98-бап)
Осы Шарт екi данада, қазақ, дат, голландия, ағылшын, француз,
немiс, итальян, испан, грек, португалия тiлдерiнде жасалған, сонымен
бiрге барлық текстер бiрдей дәрежеде түпнұсқаға сәйкес.
33-бап
(Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы
келiсiм Қазақстан; 99-бап)
Бұл Шартты Тараптар өздерiнiң рәсiмдерiне сәйкес бекiтуге тиiс.
Осы Шарт Тараптар жоғарыда аталған рәсiмдерiн орындалғаны туралы бiр-бiрiн хабардар еткен күннен кейiнгi екiншi айдың алғашқы күнi күшiне енедi.
Күшiне енгеннен кейiн және Қазақстан Республикасы мен
Қоғамдастық арасындағы қатынастар жөнiнде бұл Шарт Кеңестiң
Социалистiк Республикалар Одағы мен Еуропалық қоғамдастық арасында
Брюссельде 1989 жылы 18 желтоқсанда қол қойылған Сауда коммерциялық
және экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Келiсiмдi алмастырады.
Брюссельде бiр мың тоғыз жүз тоқсан бесiншi жылы желтоқсан
айының бесiншi күнiнде жасалған.
Қазақстан Республикасының атынан
I ҚОСЫМША
2-баптың 3-параграфына сәйкес Тәуелсiз Мемлекеттерге Қазақстан Республикасы беретiн артықшылықтардың көрсеткiш тiзiмi.
1. Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Түркiменстан, Ресей.
Кеден баж салығы қолданылмайды.
Осы Келісiмдерде ескертiлген көлемдер шеңберiнде қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен мемлекетаралық келiсiмдер бойынша жеткiзiлетiн тауарларға қатысты экспортқа баж салығы қолданылмайды.
Экспорт пен импортқа қосымша құн салығы салынбайды. Экспортқа қатысты акциздiк алымдар қолданылмайды.
Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - сауда және ынтымақтастық туралы жыл сайынғы мемлекетаралық келiсiмдер бойынша тауарлар жеткiзуге арналған экспорттық квоталар мемлекеттiк мұқтаждықтарға арналған жеткiзiлiмдер кезiнде де ашылады.
2. Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Молдова, Украина,
Түркiменстан.
Төлемдер соммен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ресей - төлемдер соммен және теңгемен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - осы операцияларға байланысты
жүзеге асырылатын төлемдердi қоса алғанда, коммерциялық емес
операциялардың арнаулы жүйесi.
3. Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - ағымдағы төлемдердiң арнаулы
жүйесi.
4. Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - кейбiр шикiзат материалдары мен
шалафабрикаттар саудасындағы бағалардың арнаулы жүйесi.
5. Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - транзиттiң арнаулы шарттары.
6. Барлық Тәуелсiз Мемлекеттер - кеден рәсiмдерiнiң арнаулы
шарттары.
Санаткерлiк, өнеркәсiптiк және
коммерциялық меншiк жөнiндегi
Конвенцияның
2-ҚОСЫМШАСЫ (15-бап)
1. Қоғамдастықтың 15-бапта аталған актiлерi:
- Сауда белгiлерiне қатысты Мүше-мемлекеттер
заңдарының-жақындасуы туралы ЕЭҚ Кеңесiнiң 1988 ж.
21-желтоқсандағы 89/104 Бiрiншi Директивасы.
- Жартылай өткiзгiш өнiмнiң атауларын заң тұрғысынан қорғау
туралы ЕЭҚ Кеңесiнiң 1986 ж. 16 желтоқсандағы 87/54 Директивасы.
- Компьютерлiк бағдарламаларды заң тұрғысынан қорғау жөнiндегi
ЕЭҚ Кеңесiнiң 1991 ж. 14 мамырдағы 91/250 Директивасы.
- Медициналық өнiмдердi қосымша қорғау жөнiндегi куәлiктердi
жасауға қатысты ЕЭҚ Кеңесiнiң 1992 ж. 18 маусымдағы N 1768/92
Ережелерi.
- Ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiк өнiмдерiнiң шыққан
жерiнiң географиялық атаулары мен көрсеткiштерiн қорғау
жөнiндегi ЕЭҚ Кеңесiнiң 1992 ж. 14 маусымдағы N 2081/92
ережелерi.
- Авторлық құқықтар мен спутниктiк радио хабарын тарату және
кабельдiк қайта тартуға қолданылатын авторлық құқықтарға қатысты
құқықтарға байланысты белгiлi ережелердi үйлестiру жөнiндегi ЕЭҚ
Кеңесiнiң 1993 ж. 27 қыркүйектегi 93/83 Директивасы.
- ЕЭҚ Кеңесiнiң авторлық құқық пен басқа да соларға қатысты
құқықтарды қорғаудың мерзiмдерiн үйлестiретiн 1993 ж.
29 қазандағы 93/98 Директивасы.
- ЕЭҚ Кеңесiнiң жалдау құқықтары мен прокатқа беру жөнiндегi,
сондай-ақ санаткерлiк меншiк саласындағы авторлық құқыққа
қатысты белгiлi құқықтар жөнiндегi 1992 ж. 19 қарашадағы 92/100
Директивасы.
2. Қоғамдастықтың жоғарыда келтiрiлген актiлерiнде
көрсетiлгендей, санаткерлiк, өнеркәсiптiк және коммерциялық меншiк
саласында сауда шарттарына әсер ететiн проблемалар пайда болған
жағдайда, Қоғамдастықтың немесе Қазақстан Республикасының өтiнiшi
бойынша өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткiзу үшiн шұғыл түрде
консультациялар өткiзiлетiн болады.
КЕДЕНДIК МӘСЕЛЕЛЕРДЕ
ӘКIМШIЛIК ОРГАНДАРЫ
АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
ЖӘРДЕМ ТУРАЛЫ
ХАТТАМА
1-бап
АНЫҚТАМАЛАР
Осы Хаттама мақсатында:
а/ "кедендiк заңдар" сөзi Тараптардың аумақтарында импортқа, экспортқа, тауарлардың транзиттiк өтуiне қатысты қолданылатын ережелердi және осы айтылғандарға қатысты, Тараптар қабылдаған тыйым салу, шектеу және бақылау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, кез келген кедендiк рәсiмдердi қолдануды бiлдiредi;
ә/ "баж салықтары" барлық баж салықтарын, салықтарды және алымдарды немесе кедендiк заңдарға сәйкес Тараптардың аумақтарында есептелiп қосылатын және алынатын кез келген басқа да мiндеттi төлемдердi бiлдiредi, бiрақ көрсетiлетiн қызметтердiң болжалды құнымен сандық тұрғыдан шектелетiн алымдар мен төлемдер қосылмайды;
б/ "сұрау салатын орган" осы мақсаттар үшiн Тарап тағайындаған және кеден мәселелерiнде жәрдем көрсету туралы сұрау алатын құзiреттi әкiмшiлiк органды бiлдiредi;
в/ "сұрау салынатын орган" осы мақсаттар үшiн Тарап тағайындаған және кеден мәселелерiнде жәрдем көрсету туралы сұрау алатын құзіреттi әкiмшiлiк органды бiлдiредi.
г/ "бұзу" кедендiк заңдарды кез келген бұзушылықты, сондай-ақ мұндай заңдарды бұзуға деген кез келген әрекеттi бiлдiредi.
2-бап
ҚОЛДАНУ АЯСЫ
1. Тараптар кеден заңдарын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуде, әсiресе осы заңдарды бұзатын жағдайлардан сақтандыру, оларды ашу мен тексеру негiзiнде бiр-бiрiне осындай жолмен және осы Хаттаманың негiзiне алынған шарттармен көмектесетiн болады.
2. Кедендiк мәселелерде, ол осы Хаттамада белгiленгенi сияқты жәрдемдесу, Тараптардың осы Хаттаманы қолдану үшiн құзыры бар кез келген әкiмшiлiк органына қолданылады. Бұл қылмыспен күресу мәселелерiнде өзара жәрдемдесудi реттейтiн ережелерге нұқсан келтiрмейдi. Бұл сондай-ақ сот органдарының талап етуi бойынша пайдаланылатын өкiлеттiгiне қарай алынған ақпаратқа, мұндай органдар осымен келiсетiн жағдайларды есептемегенде, таратылмайды.
3-бап
СҰРАУ САЛУ БОЙЫНША ЖӘРДЕМДЕСУ
1. Сұрау салушы органның талап-тiлегi бойынша сұрау салынатын орган кедендiк заңдардың тиiсiнше орындалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беру үшiн мұндай заңдарды бұзатын немесе бұзу арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн өздерi жоспарлаған немесе өткiзетiн шараларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, оған барлық тиiстi ақпаратты табыс етедi.
2. Сұрау салушы органның талап-тiлегi бойынша сұрау салынатын орган бiр Тараптың аумағынан экспортталған тауарлар екiншi Тараптың аумағына тиiстi тәртiппен келiп түскен-түспегенi жөнiнде, қажет болған жағдайда, тауарларға қолданылған кедендiк рәсiмдердi көрсете отырып оны хабардар етедi.
3. Сұрау салушы органның талап-тiлегi бойынша сұрау салынатын орган:
а) оларға қатысты, олар кедендiк заңдарды бұзды немесе бұзуда дейтiндей жеткiлiктi негiз бар деп ұйғарылған жеке тұлғаларға немесе заңды ұйымдарға;
ә) екiншi Тараптың кедендiк заңдарын саналы түрде бұзуда дейтiндей күдiк тұғызатын тауарларды жинайтын орындарға;
б) кеден заңдарын елеулi түрде бұзуы ықтимал болатындай тауарлардың қозғалысына;
в) оларға қатысты олар кеден заңдарын бұзу арқылы пайдаланылды немесе пайдаланылуы мүмкiн деп ұйғаруға негiз бар көлiк құралдарына ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қолданады.
4-бап
СҰРАУ САЛУСЫЗ ЖӘРДЕМДЕСУ
Тараптар өздерiнiң заңдарына, ережелерiне және басқа да құқықтық актiлерiне сәйкес, егер олар кедендiк заңдарды тиiсiнше қолдану үшiн мұны қажет деп санаған жағдайда, атап айтқанда, олар:
- осы заңдарды бұзды, бұзуда немесе бұзуы мүмкiн және басқа
Тараптардың мүдделiлiгi болуы мүмкiн дейтiндей операцияларға;
- мұндай операцияларды жүргiзудiң жаңа тәсiлдерiне немесе
әдiстерiне;
- олар кедендiк заңдарды елеулi түрде бұзудың тақырыбы бола
алатыны белгiлi болған тауарларға қатысты ақпарат алған кезде алдын
ала сұрау салусыз-ақ бiр-бiрiне жәрдем көрсететiн болады.
5-бап
ЖЕТКIЗУ / ХАБАРЛАУ
Сұрау салушы органның талап-тiлегi бойынша сұрау салынатын орган
өзiнiң заңдарына сәйкес:
- барлық құжаттарды жеткiзу;
- осы Хаттаманың қолданылу аясы тарайтын оның аумағында тұратын немесе құрылған мекен-жай иесiне барлық шешiмдер туралы хабар жiберу үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады. Бұл жағдайда 6-баптың 3-тармағы қолданылады.
6-бап
КӨМЕК ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУДЫҢ НЫСАНЫ МЕН МАЗМҰНЫ
1. Осы Хаттаманың негiзiнде жасалған сұрау салу жазбаша түрде табыс етiлуге тиiс. Оның орындау үшiн қажеттi құжаттар сұрау салуға қоса тiркелуi керек. Ауызша түрде сұрау салу, бұл өзi ахуалдың қауырттығынан туындаған кезде, қабылдануы мүмкiн, бiрақ олар дереу жазбаша түрде айғақталуға тиiс.
2. Осы Баптың 1-тармағы негiзiнде жасалған сұрау салудың
мазмұнында төмендегiдей ақпарат;
а/ сұрау салушы орган;
ә/ сұралып отырған iс-шара;
б/ сұрау салудың мәнi мен негiзi;
в/ сұрау салуға қатысты заңдар, ережелер және басқа да заңдық
элементтер;
г/ тексерудiң объектiсi болып табылатын жеке тұлға немесе заңды
ұйым туралы барынша дәл әрi толық мағлұматтар;
д/ 5-бапта көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, iске қатысты
фактiлердi қысқаша баяндау және жүргiзiлген тексерулер туралы ақпарат
болуға тиiс.
3. Сұрау салу сұрау салушы құзыреттi органның ресми тiлiнде
немесе ол үшiн қолайлы тiлде табыс етiледi.
4. Егер сұрау салу жәнекей талаптарға сәйкес келмесе, оны түзету немесе толықтыру туралы талап қойылуы мүмкiн, алайда, алдын ала шаралар қабылдау туралы өкiл де берiлуi мүмкiн.
7-бап
ЖӘРДЕМДЕСУ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
1. Жәрдемдесу туралы сұрау салуды орындау мақсатында сұрау салынатын орган немесе соңғысы дербес түрде iс-әрекет жасай алмайтындай жағдайларда, осы сұрау салуды аталған орган мекен-жайында жiберген әкiмшiлiк бөлiм өз құзырының шеңберiнде және оның билiгiнде бар қаржыны ескерiп, егер ол өзiнiң жеке атынан немесе осы Тараптың басқа органының сұрау салуы бойынша шыққан реттегiдей қолында бар ақпаратты ұсынып, тиiстi тексеру жүргiзiп немесе оны басқалардың жүргiзуiн ұйымдастырып жұмыс iстейдi.
2. Жәрдемдесу туралы сұрау салудың орындауы сұрау салынатын Тараптардың заңдарына, ережелерiне және басқа құқықтық тетiктерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бiр Тараптың тиiстi түрде өкiлеттiк берiлген ресми адамдары, екiншi Тараптың келiсiмiмен және соңғысы белгiлеген шарттарға сәйкес осы Хаттаманың мақсаттары үшiн сұрау салушы құзырлы органға қажеттi, кедендiк заңдарды бұрмалауға қатысты ақпаратты сұрау салынған құзырлы органнан немесе оған есеп беруге мiндеттi өзге де органнан ала алады.
4. Тараптың лауазымды адамдары екiншi Тараптың келiсiмiмен және
соңғысы белгiлеген шарттарға сәйкес оның аумағында жүргiзiлген
тексерiстерге қатыса алады.
8-бап
АҚПАРАТ БЕРУ НЫСАНЫ
1. Сұрау салынатын орган сұрау салатын органға тексерiстiң
нәтижелерiн құжаттар, құжаттардың куәландырылған көшiрмелерi, есеп
берулер нысанында және басқа нысанда хабарлайды.
2. 1-тармақта көрсетiлетiн құжаттар осы тақылеттес мақсаттар
үшiн кез келген нысанда берiлетiн компьютерлендiрiлген ақпаратпен
алмастырылуы мүмкiн.
9-бап
КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI МIНДЕТТЕМЕДЕГI ЕРЕКШЕЛIКТЕР
1. Осы Хаттамада көрсетiлгендей, егер бұл:
а/ егемендiкке, iшкi саясатқа, қауiпсiздiкке немесе басқа да негiзгi мүдделерге зиян келтiретiн;
немесе
ә/ баж салығына қатысты қалыптық-құқықтық құжаттардан ерекше валютаға немесе салық салуға байланысты мәселелердi реттейтiн қалыптық-құқықтық құжаттарға әсерi тиетiн;
немесе
б/ өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны бұзатын болса, Тараптар жәрдем көрсетуден бас тарта алады.
2. Егер сұрау салушы орган өзiнен жәрдем көрсетудi өтiне қалған жағдайда, мұнысы өзi орындай алмайтындай жәрдем болса, ол өзiнiң сұрау салуында осы фактiге назар аударуға тиiс. Бұл жағдайда осы сұрау салуға қалай жауап берудi шешу құқығы сұрау салынатын органның өзiнде қалады.
3. Егер жәрдем толық көрсетiлмесе немесе одан бас тартылса, мұндай шешiм және оның себептерi сұрау салушы органға жазбаша түрде кiдiрiссiз хабарлануға тиiс.
10-бап
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МIНДЕТТЕМЕСI
1. Осы Хаттама негiзiнде хабарланатын кез келген нысандағы кез келген ақпараттың құпия сипаты болады. Оған, оны қабылдайтын елде осы тақылеттес ақпаратқа қатысты тиiстi заңдар және Қоғамдастықтың ресми органдарына қатысты қолданылатын тиiстi ережелер шеңберiнде болатын режимге ұқсас құпиялылық пен оны қорғаудың ресми режимi қолданылуға тиiс.
2. Егер берiлген ақпаратты ұсыну немесе пайдалану Тараптардың бiрiнiң негiзге алынатын құқықтық қағидаттарына қайшы келедi деп есептеуге жеткiлiктi негiз болса және әсiресе егер аталған Тараптың зиян шегуi мүмкiн болса, тапсырылған мағлұматтар берiлмейтiн болады. Ақпаратты алған Тарап оны берген Тарапқа ақпаратты пайдаланғандығы мен алынған нәтижелерi туралы хабарлайтын болады.
3. Берiлген ақпарат, ол прокуратура, сот тергеуi және құқық қорғау органдары үшiн қажет болған жағдайда ғана кедендiк өкiмет орындарына берiлуi мүмкiн. Өзге адамдар мен ресми органдар мұндай ақпаратты берушi құзырлы орган алдын ала рұқсат бергеннен кейiн ғана ала алады.
4. Ақпарат берушi Тарап оның дұрыстығын тексередi. Берiлген ақпараттың дұрыс еместiгi немесе оны жою қажеттiгi анықталған жағдайда ақпарат алушы Тарап шұғыл түрде хабарлануға тиiс. Алатын Тарап түзету енгiзуге немесе қажеттiсiн сызып тастауға мiндеттi болады.
5. Мүдделi адам мемлекет мүддесiнiң басым жағдайлары үшiн зиян келтiрместен, тиiстi сұрау салып, сақтаудағы мәлiметтер мен оларды сақтаудың мақсаттары туралы ақпаратты ала алады.
11-бап
АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Алынған ақпарат тек осы Хаттаманың мақсаттары үшiн ғана пайдаланылуға тиiс және әрбiр Тарап оны басқа мақсаттар үшiн ақпарат берушi құзырлы орган алдын ала жазбаша келiсiм берген жағдайда ғана пайдалана алады, сөйтiп ақпарат аталған орган белгiлейтiн барлық шектеулерге бағынуы керек.
2. 1-тармақ кеден заңдарының сақталмауына байланысты кез келген сот немесе әкiмшiлiк үрдiстерiне ақпаратты пайдалануға кедергi болмауға тиiс.
3. Тараптар тапсырылған айғақтамалардың хаттамалық жазбаларында, сот iсiн жүргiзу кезiнде немесе сотқа дейiн талап етiлген есептер мен куәлардың жауаптарында алынған ақпарат пен құжаттарды осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес анықтама ретiнде қабылдап, айғақтама ретiнде пайдалана алады.
12-бап
САРАПШЫЛАР МЕН КУӘЛАР
Құзырлы органның ресми лауазымды адамына алынған өкiлдiктер ауқымында осы Хаттама қамтитын және екiншi Тараптың юрисдикциясына жататын мәселелер бойынша соттағы немесе әкiмшiлiк процессуалдық iс-әрекеттер барысында сарапшы немесе куә болу және процесс үшiн қажет болуы мүмкiн бұйымдарды, құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн тапсыруға рұқсат етуi мүмкiн. Сотта сөз сөйлеуге немесе оның юрисдикцияға формальды түрде бағынуға қойылатын талапта аталған лауазымды адамнан қандай мәселе бойынша және қандай негiзде немесе қандай жағдайға байланысты жауап алынатыны туралы арнаулы нұсқау болуға тиiс.
13-бап
ЖӘРДЕМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР
Тараптар осы Хаттаманың орындалуы кезiнде жұмсалған шығындарды өтеу жөнiндегi бiр-бiрiне деген талаптардың бәрiнен бас тартуға тиiс, бұларға қажет болған жағдайларда сарапшылар мен куәларға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте тұрмайтын ауызша және жазбаша тәржiма жасаушы аудармашыларға жұмсалатын шығындар қосылмайды.
14-бап
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
1. Осы Хаттаманың орындалуы бойынша басшылық жасау, бiр жағынан, Қазақстан Республикасының орталық кедендiк органдарына және, екiншi жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясының құзырлы қызмет орындарына, ал орынды деп саналған жағдайда, Еуропалық одаққа мүше Мемлекеттердiң кедендiк органдарына жүктеледi. Олар ақпарат қорғау саласындағы ережелердi ескере отырып. Хаттаманың енгiзу қажет деп санайтын өзгерiстерiн ұсына алады.
2. Тараптар өзара консультациялар өткiзедi және осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес қабылданған толық ережелердi iс жүзiнде жүзеге асыру жөнiнде бұдан былай бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.
15-бап
ӨЗАРА ТОЛЫҚТЫРУ
1. Аталған Хаттама Еуропалық Қоғамдастыққа мүше жекелеген немесе бiрнеше мемлекеттер мен Қазақстан Республикасы арасында жасалған кез келген келiсiмдi қиындатпайды, қайта оны толықтыра түседi. Хаттама сондай-ақ осындай келiсiмдер ауқымында неғұрлым кең көлемдi көмек көрсетiлуiн де естен шығармайды.
2. 11-баптың ережелерiне зиян тигiзбей, бұл келiсiмдер Қоғамдастық үшiн мүдделi болып табылатын кедендiк мәселелер бойынша Комиссияның құзырлы қызмет орындары мен мүше Мемлекеттердiң кедендiк органдары арасында алынған кез келген ақпардың берiлуiн реттейтiн Қоғамдастық ережелерiне нұқсан келтiрмейдi.