1-бап. 1984 жылғы 22 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж; N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 49, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж ., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 13 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 26-бапта:
бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерде "еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi айлық мөлшерлерiнiң" "ең төменгi жалақының" деген сөздер "ай сайынғы есеп айырысу көрсеткiштерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi қабылданғанға дейiн еңбекке осы Кодекспен белгiленген ақы төлеудiң ең төменгi айлық мөлшерiнiң (жалақының ең төменгi мөлшерiнiң) шамасына сәйкес сома түрiнде салынатын айыппұл ақшалай өндiрiп алу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кездегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептеу көрсеткiшi мөлшерiн негiзге ала отырып есептелсiн"
2. 52-бапта ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту. Егер ұрланған мүлiктiң құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептi көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен аспаса, өзгенiң мүлкiн ұрлау ұсақ ұрлық деп танылады.
3. 185-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
185-4-бап. Прокурордың заңды қызметiне кедергi жасау
Прокуратура органдарының қызметкерлерiн қызмет куәлiгiн көрсетуi бойынша мемлекеттiк органдардың меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың аумақтарына немесе үй-жайына кiргiзуден сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексеру, тексерiс және сараптама жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту -
азаматтарға - айлық есептi көрсеткiшiн беске дейiн, лауазымды адамдарға онға дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiгiнен туындайтын прокурордың ұйғарымдарын, қаулыларын, сондай-ақ жазбаша нұсқауларын орындамау -
лауазымды адамдарға - айлық есептi көрсеткiштiң он мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
Лауазымды адамдар мен азаматтардың айғақ беру үшiн прокурордың шақыруы бойынша келмеуi, сол сияқты айғақ беруден бас тартуы немесе жалған айғақ беруi -
азаматтарға - айлық есептi көрсеткiштiң үш лауазымды адамдарға он мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
Бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерде көзделген тәртiп бұзушылықтардың бiреуi үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жазаға тартылған адам жасалған дәл сол iс-әрекет -
он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады"
4. Мынадай мазмұндағы 185-5-баппен толықтырылсын:
"185-5-бап. Соттың үкiмiн, соттың шешiмiн немесе
өзге де сот актiлерiн орындамау
Азаматтардың немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың заңды күшiне енген сот үкiмiнiң, сот шешiмiнiң немесе өзге де сот актiсiнiң негiзiнде берiлген атқару құжатының талаптарын өз еркiмен орындаудан жалтаруы -
азаматтарға заңда белгiленген айлық есептi көрсеткiштiң он, ал лауазымды тұлғаларға жиырма мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
5. 207-бап мынадай мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:
"7) салық қызметi және салық полициясы органдары.".
6. 213-бапта "168-173" деген цифрлар "168, 170-2, 170-3, 171-173" деген цифрлармен ауыстырылсын.
7. 216-бап "188-5" деген цифрлардан кейiн "188-8" деген цифрлармен толықтырылсын;
8. 237-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"237-7-бап. Салық қызметi және салық полициясы органдары
Салық қызметi және салық полициясы органдары 165, 165-1, 169, 169-1, 169-3, 170, 170-1 баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық салық қызметтерi мен салық полицияларының бастықтары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы".
9. 248-1 баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4-тармағы "185-5" деген цифрмен толықтырылсын.
10. 256-баптың үшiншi бөлiгiнде "ұсақ саудагерлiктi" деген сөздер "салықтық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын; "iшкi iстер органының" деген сөздерден кейiн "салық қызметi және салық полициясы органының" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 288-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"аудандық (қалалық) соттардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерi жөнiндегi судьясының осы Кодекстiң 52, 148, 157, 164, 164-2, 167, 168-1, 168-2, 168-3, 168-4, 168-5, 169-2, 170-1, 170-3, 170-4, 174-баптарында, 173-баптың үшiншi бөлiгiнде, 185-186, 188-1, 188-4-баптарында көзделген қаулысының күшiн прокурордың наразылығы бойынша судьяның өзi, сондай-ақ прокурордың наразылығы болуына қарамастан жоғары тұрған сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн.".
2-бап. 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкiметiнiң Жаршысы, 1964 ж., N 2, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1985 ж., N 19, 192, 193-құжаттар) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
394-бап алып тасталсын.
3-бап. "Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзу жөнiндегi және Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген айыппұл мөлшерiн қайта есептеу тәртiбi жайындағы" 1993 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 20, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
II-бөлiмнiң үшiншi - он төртiншi абзацтарында "ең төмен жалақы мөлшерiнiң", "ең төмен ... жалақының мөлшерiне" "ең төмен ... жалақы мөлшерiнен" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептi көрсеткiштiң", "айлық есептi көрсеткiшке", "айлық есептi көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын.
бесiншi абзацта "ең төменгi жалақы мөлшерiнiң" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
алтыншы - он төртiншi абзацтарда "ең төмен жалақыға" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiшке" деген сөздермен ауыстырылсын.
сегiзiншi - он төртiншi абзацтарда "ең төменгi жалақы мөлшерiнен" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштерден" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1995 жылғы 12 мамырдағы Заң күшi бар N 2282 U952282_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 8, 55-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
II бөлiмде "ең төменгi жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
5-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкiметiнiң Жаршысы, 1959 ж., N 22-23, 177-құжат; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1987 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 120-құжат; N 18, 228-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 35, 445, 446-құжаттар; N 41, 504-құжат; N 43, 521-құжат; N 45, 542-құжат; 1988 ж., N 15, 149-құжат; N 16, 159-құжат; N 22, 229-құжат; N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 127-құжат; N 28, 212-құжат; N 37, 297-құжат; N 45, 364-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 22, 272-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; 1993 ж., N 17, 402, 405-құжаттар; N 20, 469-құжат; 1994 ж., N 15, 207-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41, 42-құжаттар; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 12, 83-құжат; 1997 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 7-1-баптағы "214, үшiншi және төртiншi бөлiк" деген сөздер "217, үшіншi, төртiншi және бесiншi бөлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 13-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.".
3. Мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау
кезiнде зиян келтiру
Егер қылмыс жасаған адамды өзге құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және осы орайда бұл үшiн қажет шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, ондай адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қылмыстар жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу үшiн оны ұстау кезiнде оған зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
Ұсталатын адам жасаған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен дәрежесiне мүлде сәйкес келмейтiн және адамға жағдай талап еткендегiнен көрiнеу шамадан тыс зиян келтiрiлген кезде, қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданылады деп танылады. Мұндай асыра қолдану қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.".
4. 28-бапта:
үшiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi еңбекақы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiктегi "ең төменгi жалақы" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi қабылданғанға дейiн осы Кодексте белгiленген еңбекақының ең төменгi айлық мөлшерiнiң санына сәйкес келетiн сомалар түрiнде салынатын айыппұлдар - ақшалай өндiрiп алу қылмыстық iс-әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiш мөлшерi негiзiнде алына отырып есептелсiн.".
5. 35-бапта:
бiрiншi бөлiктiң 8) тармақшасы "сондай-ақ қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс нәтижесiнде табылған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi 1) және 8) тармақшаларда көзделген жұмсартатын жағдайлар болған және ауырлататын жағдайлар болмаған кезде сот тағайындаған мерзiмдi немесе жазалау мөлшерiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзiмнiң немесе ең қатал жаза мөлшерiнiң төрттен үшiнен асыруға болмайды.".
6. 37-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Жаза тағайындау кезiнде қылмысты топтың ұйымдастырушыларына, басшыларына не қатысушысына немесе қылмыстық сыбайластықтың қатысушысына заңның неғұрлым қатаң жаза көзделетiн бабында белгiленген шектерде тағайындалған жазаларды толық қосу тәртiбi қолданылады" деген сөйлем алып тасталсын.
7. 45-4-бапта:
бiрiншi бөлiк "ауыр болмаса" деген сөздердiң алдынан "жеке адамға қарсы қылмысы" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк "ауыр қылмыс жасаған" деген сөздердiң алдынан "жеке адамға қарсы" деген сөздермен толықтырылсын.
8. 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"56-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күш қолданып құлатуға немесе
өзгертуге не оның аумағының тұтастығын
күш қолданып бұзуға шақыру
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күш қолданып құлатуға немесе өзгертуге немесе оның аумағының тұтастығын күш қолданып бұзуға жария шақыру, сондай-ақ осы мақсатпен осындай мазмұндағы материалдар тарату -
үш жүзден мың айлық есептi көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге еңбекпен түзеу жұмыстарына немесе нақ сондай мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қайталап жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр
зардаптарға ұшыратқан дәл сол iс-әрекет -
бiр мыңнан бес мың айлық есептi көрсеткiш мөлшерiне дейiн
айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге еңбекпен түзеу
жұмыстарына немесе бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады".
9. 63-бапта "немесе мүлкiн тәркiлеу арқылы өлiм жазасына" деген
сөздер алып тасталсын.
10. 76-баптың ескертпесiндегi б), в), г) тармақшаларында "ең
төменгi жалақы" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiш" деген сөздермен
ауыстырылсын.
11. Мынадай мазмұндағы 81-1-баппен толықтырылсын:
"81-1-бап. Алдау немесе сенiмдi пайдаланып қиянат жасау
жолымен залал келтiру
Бөтеннiң мүлкiн өз бетiнше пайдалану немесе оған иелiк ету не бөтеннiң мүлкi есебiнен мүлiктiк пайда алу, сондай-ақ ұрлау белгiлерi болмаған кезде мүлiктi пайда алу мақсатында жасалған алдау немесе сенiмдi пайдаланып қиянат жасау жолымен меншiк иесiнiң мүлкiне өзге де залал келтiру -
жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiн мөлшерде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiн мерзiмге еңбекпен түзеу жұмыстарына жазаланады.
Қайталап немесе адамдар тобы жасаған не iрi көлемде залал шектiрген дәл сол iс-әрекет -
екi жылға дейiн мерзiмге еңбекпен түзеу жұмыстарына немесе белгiлi бiр қызметтi атқару немесе белгiлi бiр қызметтермен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
12. 90-баптың атауы мен мәтiнi "қажеттi қорғану" деген сөздерден кейiн "және қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралар" деген сөздермен толықтырылсын.
13. 96-баптың атауы мен мәтiнi "қажеттi қорғану" деген сөздерден
кейiн "және қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралар" деген
сөздермен толықтырылсын.
14. 101-баптың төртiншi бөлiгiндегi "немесе өлiм жазасымен"
деген сөздер алып тасталсын.
15. 146-бапта:
бiрiншi және үшiншi бөлiктер "лауазымды адамдарды" деген
сөздердiң алдынан "мемлекеттiк органның" деген сөздермен
толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте "айрықша ауыр жағдайларда - мүлкiн тәркiлеу
арқылы өлiм жазасынан" деген сөздер алып тасталсын;
16. 147-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер қорқытып пара алу орын алса немесе егер ол адам қылмыстық
iс қозғауға құқығы бар органға пара бергенi туралы өз еркiмен
хабарласа пара берген қылмыстық жауаптылықтан босатылады.".
17. Мынадай мазмұндағы 147-1, 164-4, 164-5, 164-6-баптармен
толықтырылсын:
"147-1-бап. Пара алуға немесе коммерциялық
сатып алуға арандату
Пара алуға немесе коммерциялық сатып алуға арандату, яғни пара алғандығы немесе коммерциялық сатып алынғандығы жөнiнде жасанды айғақтар туғызу мақсатымен, сондай-ақ бопсалау мақсатымен лауазымды адамға оның келiсiмiнсiз ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк беруге немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетуге әрекет жасау -
айлық есептi көрсеткiштiң екi жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiн мерзiмге белгiлi бiр қызметтi атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе олардан айырмай екi жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
"164-4-бап. Несиенi заңсыз алу немесе мақсатқа
сай пайдаланбау
Жеке кәсiпкерлiк немесе ұйым басшысының банкке немесе өзге кредиторға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы не қаржылық жай-күйi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру жолымен несие немесе несиелеудiң жеңiлдiктi жағдайларын алуы, егер бұл iс-әрекет iрi көлемде залал келтiрсе -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мемлекеттiк нысаналы несиенi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген несиенi тiкелей мақсаты бойынша пайдалану, егер бұл iс-әрекет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке iрi көлемде залал келтiрсе, -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Азаматтарға келтiрiлген iрi залал деп айлық есептi көрсеткiштiң бес жүз есе мөлшерiнен жоғары залал, ал ұйымдарға немесе мемлекетке - айлық есептi көрсеткiштiң екi мың мөлшерiнен астам залал танылады.
164-5-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден қасақана жалтару
Ұйым басшысының немесе азаматтың iрi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден немесе тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн бағалы қағаздарды төлеуден қасақана жалтаруы -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Азаматтың айлық есептi көрсеткiштiң бес жүз есе мөлшерiнен жоғары сомасындағы кредиторлық берешегi, ал ұйымдардың - айлық есептi көрсеткiштiң екі мың есе мөлшерiнен астам сомасы iрi көлемдегi берешек деп танылады.
164-6-бап. Заңды тұлғаларды тарату процесiндегi
заңсыз iс-әрекеттер
Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, орналасқан жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты қасақана жасыру, сондай-ақ бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жойып жiберу, бұрмалау, егер осы iс-әрекеттердi меншiк иесi не берешек ұйымдардың лауазымды адамдары, соның iшiнде тарату процесiнде оны тарату комиссиясының мүшелерiн қоса, сондай-ақ олардың бiлуiмен басқа адамдар жасаса, -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.".
18. 165-3 және 165-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"165-3-бап. Коммерциялық сатыр алу
Сатып алуды жүзеге асырушы адамның мүдделерiн көздеп оның өзiнiң қызмет жағдайын пайдаланғаны үшiн, осы Кодекстiң 146-бабында аталмаған лауазымды адамға материалдық сыйақыны заңсыз беру не мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетуi -
айлық есептi көрсеткiштiң екi жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қайталап не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл осы iс-әрекет -
төрт жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сатып алуды жүзеге асырушы адамның мүдделерiн көздеп өзiнiң қызмет жағдайын пайдаланғаны үшiн осы Кодекстiң 146-бабында аталмаған лауазымды адамның заңсыз түрде материалдық сыйақы алуы немесе мүлiктiк сипаттағы қызметтi пайдалануы -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге белгiлi бiр қызметтi атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығын шектеуге не екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiлене отырып не тәркiленбей үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қорқытып алумен ұштасқан немесе қайталап не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол iс-әрекет -
мүлкi тәркiлене отырып, бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алуға жол берiлген болса немесе ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алу туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
165-4-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз араласу, ЭЕМ
үшiн зиянды бағдарламаларды жасау,
пайдалану және тарату
Заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық көздегi, электронды-есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесiндегi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа заңсыз араласу, егер, бұл әрекет ақпаратты жоюға, жауып тастауға, түрлендiруге немесе көшiрiп алуға, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса, -
айлық есептi көрсеткiштiң екi жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ не сондай-ақ ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесiне немесе олардың желiсiне кiру мүмкiндiгi бар адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып дәл сол әрекет, -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ақпаратты рұқсат етiлмей жоюға, жауып тастауға, түрлендiруге немесе көшiрiп алуға, ЭЕМ-нiң, ЭЕМ жүйесi мен олардың желiсiнiң жұмысын бұзуға әдейi әкеп соқтыратын ЭЕМ-ге арналған бағдарлама жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға өзгерiстер енгiзу, сондай-ақ осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық көздердi пайдалану не тарату -
айлық есептi көрсеткiштiң бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған iс-әрекет -
бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
19. 166-1-баптың бiрiншi бөлiгi "саласында" деген сөздiң алдынан "бiлiм беру" деген сөздермен толықтырылсын.
20. 170-баптың бiрiншi бөлiгi "қолдан жасалған немесе ұқсатып жасалған" деген сөздерден кейiн "акциздiк марка, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.
21. Мынадай мазмұндағы 170-3, 183-4-баптармен толықтырылсын.
"170-3-бап. Қазақстан Республикасының Президентiн қорлау
Қазақстан Республикасы Президенттiң жария қорлау немесе оның абыройы мен қадiр-қасиетiне өзге де қол сұғушылық -
бiр жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, немесе айлық есептi көрсеткiштiң жүз есеге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған дәл сол iс-әрекет -
екi жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе сол мерзiмге түзеу жұмыстарына, немесе айлық есептi көрсеткiштiң мың мөлшерiне дейiн айыппұл салуға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметi туралы, сондай-ақ оның басшылығымен жүргiзiлiп отырған саясат туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер бұл баптың қолданылу аясына жатпайды.".
"183-4-бап. Азаматтардың жеке басы мен құқықтарына қол
сұғатын бiрлестiктер ұйымдастыру
Қызметi азаматтарға зорлық-зомбылық жасаумен ұштасатын немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрiп, не азаматтарды азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға, немесе заңға қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болатын дiни немесе қоғамдық бiрлестiктер құру, сондай-ақ осындай бiрлестiкке басшылық ету -
айлық есептi көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, немесе үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған бiрлестiктiң қызметiне белсене қатысу -
айлық есептi көрсеткiштiң жүзден үш есеге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
22. 192 және 197-баптар мынадай редакцияда жазылсын.
"192-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де
сот актiсiн орындамау
Азаматтың заңды күшiне енген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамауы, сондай-ақ олардың орындалуына кедергi келтiруi -
бiр жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе айлық есептi көрсеткiштiң елуге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет - бiр жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе бес жылға дейiн мерзiмге белгiлi бiр қызметтi атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе олардан айырмай айлық есептi көрсеткiштiң жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.".
"197-бап. Хатталған, иелiк ету шектелген немесе
тыйым салынған не тәркiленуге тиiс мүлiк
жөнiндегi заңсыз iс-әрекет
Хатталған, иелiк ету шектелген немесе тыйым салынған мүлiктi осы мүлiк сенiп тапсырылған адамның ысырап етуi, не иелiктен шығаруы, жасыруы немесе заңсыз басқаға беруi, сондай-ақ несие ұйымы қызметкерiнiң уәкiлеттi орган жұмсауды тоқтата тұрған не тыйым салынған ақша қаражатымен (салымдармен) шығыс операцияларын жүргiзуi -
екi жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе бiр жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, немесе айлық есептi көрсеткiштiң жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
Сот үкiмi бойынша тәркiленуге тиiстi мүлiктi жасыру немесе
иелену, сондай-ақ мүлiктi тәркiлеудi тағайындау туралы заңды күшiне
енген сот үкiмiн орындаудан өзге де жалтару -
үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға не екi
жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, не айлық есептi көрсеткiштiң
үш жүзге дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.".
23. 211-бапта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"211-бап. Спирттiк iшiмдiктердi заңсыз дайындау, сақтау
немесе өткiзу
төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсiп өндiрiсiндегi спирттiк iшiмдiктердi сату мақсатымен оларды тиiстi лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып дайындау немесе сақтау, сондай-ақ аталған спирттiк iшiмдiктердi өткiзу -
айлық есептi көрсеткiштiң бiр мыңға дейiн мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiн мерзiмге түзеу жұмыстарына, немесе мүлкi тәркiлене отырып не тәркiленбей төрт жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың үшiншi және төртiншi бөліктерiнде көзделген iс-әрекеттiң қайталап жасалуы -
мүлкi тәркiлене отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
24. 168-1, 200-1, 201-1 және 204-1-баптар алынып тасталсын.
6-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1959 ж., N 22-23, 178-құжат; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 24, 321-құжат; 1985 ж., N 19. 193-құжат; N 23, 248-құжат; N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; 1987 ж., N 20, 251-құжат; N 32, 421-құжат; N 32, 445, 446-құжаттар; N 45, 542-құжат; 1988 ж., N 15, 149-құжат; N 16, 159-құжат; N 22, 229-құжат; 1989 ж., N 16, 127-құжат; N 28, 212-құжат; N 45, 364-құжат; N 52, 462-құжат; 1990 ж ., N 22, 272-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 10, 132-құжат; N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 372, 373-құжаттар; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 11-12, 295-құжат; N 15, 380-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; N 17, 404, 424-құжаттар; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 8, 55-құжат; N 23, 140-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 15-баптың бiрiншi бөлiгi "жан-жақты" деген сөзден кейiн "жеткiлiктi түрде" деген сөзбен толықтырылсын.
2. 21-бапта:
5 а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5 а) "тергеу бөлiмiнiң бастығы" - Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдары департаментiнiң (бас басқармасының), бөлiмiнiң, бөлiмшесiнiң бастығы, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары департаментiнiң (бас тергеу басқармасының, басқармасының), бөлiмiнiң, бөлiмшесiнiң бастығы және оның өз құзыретi шегiнде жұмыс iстейтiн орынбасарлары;";
6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "тергеушi" - Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдарының тергеушiсi, iшкi iстер органдарының тергеушiсi және ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "сезiктi" - оған қатысты қылмысты iс қозғалған немесе тыю шараларын таңдау туралы шығарылған қылмысты жасады деген күдiк бойынша ұсталған адам;"
3. 63-баптың бiрiншi бөлiгi "жеке кепiлдiгiн немесе қоғамдық ұйымдардың кепiлдiгiн" деген сөздерден кейiн "кепiлдiк алуға" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Мынадай мазмұндағы 67-1 баппен толықтырылсын.
"67-1-бап. Кепiл
Кепiл айыпкердiң тергеу жүргiзушi органның билiгiнде болуын қамтамасыз етуде сот депозитiне бiр немесе бiрнеше адамның айыпкердi қамаудан босату үшiн енгiзетiн ақшадан тұрады. Соттың рұқсатымен кепiл ретiне жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаздар немесе басқа да құндылықтар қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң құндылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi.
Прокурор, сот айыпкердiң қамаудан кепiлмен босатылуына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Прокурор, сот:
егер айыпкердiң жеке басы анықталмаған болса, оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе тергеу жүргiзетiн органның жасырынуға тырысса;
қасақана ауыр қылмыс жасады деп айыпталған жағдайда - айып тағылған әрекеттiң ауырлығына қоса, адамды қамаудан босатуы мүмкiн емес немесе қауiптi ететiн мән-жайлар болған ретте тиiстi дәлелдер келтiре отырып, қамаудан кепiл арқылы босатуға жол беруге болмайтынын тануға құқылы.
Сот, прокурор шамадан тыс жоғары кепiл тағайындамауға тиiс, алайда оның мөлшерi:
ауыр емес қылмыстар жасады деп айыптау кезiнде - айлық есептi көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен;
ауыр зардаптарға ұшыратқан абайсыз жасалған қылмыс бойынша айыптау кезiнде - айлық есептi көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiнен;
қасақана ауыр қылмыс жасады деп айыптау кезiнде - айлық есептi көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауы керек.
Сот, прокурор мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша кепiлге беруге болмайтындығы туралы және кепiл сомасы туралы шешiмдi қайта қарай алады.
Кепiл енгiзiлгенi туралы дәлелдемелер алысымен тергеу органы, прокурор мен сот айыпкердi қамаудан босату туралы дереу өкiм шығарады.
Егер айыпкер тергеу органының жасырынса немесе одан рұқсат алмай басқа жерге кетiп қалса, прокурор салынған кепiлдi мемлекет кiрiсiне алу туралы сотқа ұсыныс жасайды. Соттың салынған кепiлдi мемлекет кiрiсiне туралы шешiмiне кепiл беруші екiншi сатыдағы сотқа шағымдануы мүмкiн.
Егер кепiл түрiндегi тыю шарасының күшi жойылса немесе өзгертiлсе, осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген тәртiп бұзушылық дәлелденбеген барлық жағдайларда салынған кепiл кепiл берушiге қайтарылуға тиiс. Кепiлдi қайтару туралы шешiмдi тергеу жүргiзушi орган, прокурор, сот қабылдап, сонымен бiрге тиiстi тыйым салу шарасының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы шешiм шығарады.
Кепiл түрiндегi тыю шарасы айыпкерге жүктелген мiндеттер мен оған белгiленген құқық шектеулерi бұзылған жағдайда оны қамауға алумен өзгертiлуi мүмкiн.".
5. 88-бапта:
бiрiншi бөлiк "баптары" деген сөздiң алдынан "76-4", "101, 1-б." деген сөздерден кейiн "143, 145, 150, 155, 183 1 б." деген сөздермен толықтырылсын:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер бұл iстер бойынша жәбiрленушi өзiнiң жеке басының немесе психикалық кемiстiгiне байланысты өз құқығын қорғауды өзi жүзеге асыра алмайтын адам болса не өзiне залал келтiрiлгенiн бiлмейтiн және сол себептi шағым беруге мүмкiндiгi жоқ меншiк иесiне, сондай-ақ мемлекетке материалдық шығын келтiрiлген кезде прокурор жәбiрленушiнiң шағым беруiнсiз де қылмыстық iс қозғауға құқылы және тергеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.".
6. 113-бапта:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) iшкi iстер органдары;";
4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әскери полиция - әскери қызметшiлер, сондай-ақ жиындардан өтiп жүрген кезiнде әскери мiндеттiлер жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша; еркiн жалдамалылар қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты немесе бөлiм, құрама, мекеме орналасқан жерде жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) салық полициясының органдары - салық, қаржы заңдарының, сондай-ақ лицензиялау туралы заңдардың бұзылуына байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша.".
7. 116-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"116-бап. Алдын ала тергеу мiндеттi емес iстер және iстi
сотта қарау үшiн негiз болып табылатын анықтау
материалдары
Iшкi iстер органдары Қазақ КСР Қылмыстық кодексi IIб, мына баптарында көзделген қылмыстар бойынша анықтау жүргiзiледi: 66, 78 II б., 83 II, III б., 94, 95 II б., 98, 99 II б., 100 III IҮ б., 100-1, 104, 105, 106, 110 I б., 113, 117, 118, II, III б., 155, 156, 158, 161, 162 II б., 163 II, III б., 166 II б., 166-1 II б., 166-2 II б., 167, 170-1, 170-2, 180-1, 182 II б., 184-1, 198, 199, 199-1, 199-2, 199-3, 200 II б., 200-3, 201 II б., 211 III, IҮ б., 212-1 II б., 213 II б., 213-2 I б., 214 I, II, III б., 215-1, I, II, III, IҮ б., 215-2, 216, 216-1, 217 I б., 217-2, 219, 220, 222 II б., 222-1, 223 II б.
Салық полициясы органдары Қазақ КСР Қылмыстық кодексi II б, мына баптарында көзделген қылмыстар бойынша анықтау жүргiзедi: 81, 164, 164-1, 164-4, 164-5, 165.
Кеден органдары Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының 1-бөлiгiнде көзделген қылмыстар бойынша анықтау жүргiзедi.
Әскери полиция Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 225 а) тармақшасы, 226 а/ және б/ тармақшалары, 231 а/ және б/ тармақшалары, 232 а/, в/ және г/ тармақшалары, 233 а/ тармақшасы, 242 а/ және б/ тармақшалары, 245 а/ және б/ тармақшалары, 256-баптарында көзделген қылмыстар бойынша, сондай-ақ әскери қызметшiлер, сондай-ақ жиындардан өтiп жүрген кезiнде әскери мiндеттiлер және қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты немесе бөлiм, құрама, мекеме орналасқан жерде еркiн жалдамалылар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
Қылмыстық iс қозғаған орган мына баптарда: 47 I б., 76-4 I б., 170 I б. көзделген қылмыстар бойынша анықтау жүргiзедi.
Аталған iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес және анықтау материалдары iстi сотта қарау үшiн негiз болып табылады.
Аталған iстер бойынша анықтау осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi, оларға мыналар қосылмайды:
1) жәбiрленушi, азаматтық талап етушi, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi анықтау аяқталғаннан кейiн iстiң материалдарымен таныстырылмайды, тек қана анықтаудың аяқталғаны және iстiң прокурорға жiберiлгенi туралы хабардар етiледi;
2) осы Кодекстiң II-бөлiгiнiң 121-бабына келтiрiлген ережелер анықтау жүргiзетiн адамға қолданылмайды";
8. 119-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"119-бап. Алдын ала тергеу органдары
Қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң және оның органдарының тергеушiлерi, сондай-ақ iшкi iстер органдарының тергеушiлерi мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiлерi жүргiзедi".
9. 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"120-бап. Мiндеттi түрде алдын ала тергеу жүргiзiлетiн iстер
Осы Кодекстiң алдын ала тергеу сот немесе прокурор оны қажет деп тапқан реттерде ғана жүргiзiлетiн 89, 116 және 388-баптарында аталған қылмыстарды қоспағанда алдын ала тергеу барлық iстер бойынша мiндеттi түрде жүргiзiледi. Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдарының тергеушiлерi прокурордың келiсiмiмен өзге де алдын ала тергеу органдарының тергеуiндегi қылмыстық iстердi өзi жүргiзуге алуға құқылы.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 57, 60, 63, 63-1, 63-2, 63-3, 65, 67, 68, 71, 71-1, 72, 72-1, 73, 74, 74 II б., 76-4 II және III б., 76-7 II және III б., 115-2, 116, 120-131, 143-149, 150-154, 156-1, 159, 159-1, 159-2, 164-2, 164-3, 164-6, 165-1, 165-2, 165-3, 165-4, 165-5, 166-2 III б., 167-1, 168, 168-2, 170 II б., 170-3, 170-4, 171-175, 176 II б., 183-2, 183-3, 183-5, 186, 188-192, 205-207-баптарында, 225-бабының б/ және в/ тармақшаларында, 226-бабының в/тармақшасында, 227-230-баптарында, 231-бабының в/ тармақшасында, 232-бабының б/ тармақшасында, 233-бабының б/, в/ және г/ тармақшаларында, 234-241-баптарында, 242-бабының в/, г/, д/ және е/ тармақшаларында, 243, 244-баптарында, 245-бабының в/ және г/ тармақшаларында, 246-255-баптарында көзделген қылмыстық iстер бойынша, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық сондай-ақ әскери қызметшiлер, өздерi жиындардан өтiп жүрген кезiнде әскери мiндеттiлер және қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты немесе бөлiм, құрама, мекеме орналасқан жерде ерiктi жалдамалылар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 50-56, 56-1, 58, 59, 61, 62, 62-1, 62-2, 69, 70, 115-1-баптарында, 246-бабының а/, б/ және в/ тармақшаларында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 72-2, 76 II және III б., 76-1 II және III б., 76-2, 76-3 II және III б., 76-7 I б.,82, 88, 89-93, 95 I б., 96, 101, 102, 103, 108, 109, 110 II б., 111, 115, 116-1, 176 I б., 183, 183-4, 200-2, 204-4, 201 I б., 208, 208-1 II б., 209, 209-1, 209-2, 210, 213-1, 213-2 II б., 217 II және III б., 218, 221 II және III б., 222 I және III б., 223 I және III б. көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 64 II, III және IҮ б., 203, 214
IҮ және Ү б., 214-1 II б., 215-1 Ү б. көзделген қылмыстық iстер
бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iс қозғаған орган жүргiзедi.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 75, 75-1, 187, 187-1,
193-197-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстердi алдын ала
тергеудi бұл iс соған сәйкес қозғалған қылмыс қай органның тергеуiне
жататын болса, сол орган жүргiзедi".
10. 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"196-бап. Облыстық, Алматы қалалық сотының сот iсiн қарауы
Облыстық, Алматы қалалық соты Қазақ КСР Қылмыстық Кодексiнiң 50,
52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 63-1, 65, 70, 71,
72-1, 88 I б., 101 IҮ б., 146 III б., 173-1, 191-баптарында көзделген
қылмыстар туралы iстердi қарайды.".
11. 208-баптың 3, 4, 5-тармақтары алып тасталсын.
12. 214, 242 және 328-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"214-бап. Iстi пысықтап тергеуге қайтару негiздерi
Соттың өкiмшi отырысқа енгiзген ұйғарымы бойынша iс мынадай
жағдайларда:
1) осы Кодекстiң ХХХҮII тарауында көзделген тәртiп бойынша
жүргiзiлген анықтау толық болмаған;
2) iстi айыпкерге басқа айып тағу үшiн негiздер болғанда, егер осы айып қаралатын iске байланысты болса немесе басқа адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшiн негiздер болса, егер олардың iс-әрекетi қаралатын iске байланысты болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаған;
3) iстi дұрыс бiрiктiрмеген немесе бөлген;
4) айыптау қорытындысында көрсетiлген айыптауды неғұрлым ауыр немесе бастапқы қойылған айыптаудан едәуiр ерекше етiп өзгерту қажет болған жағдайларда қосымша анықтауға немесе алдын ала тергеуге жiберiлуi мүмкiн.
Iс қосымша тергеуге қайтарылған жағдайда сот ұйғарымында қосымша тергеу кезiнде нақ қандай мән-жайлар анықталуға тиiс екенiн көрсетедi.".
"242-бап. Iстi сот отырысында пысықтап тергеуге жiберу
Егер сот қарауы уақытында осы Кодекстiң 214-бабында көрсетiлген негiздер анықталатын болса, сот iстi дәлелдi айқындамамен пысықтап тергеуге жiбередi.".
"328-бап. Анықтаудың, алдын ала тергеу мен сот тергеуiнiң
сыңаржақтығы мен жеткiлiксiздiгi
Анықтау, алдын ала тергеу мен сот тергеуi осы Кодекстiң 214-бабының талаптары бұзылған жағдайда сыңаржақ немесе жеткiлiктi дәрежеде толық жүргiзiлмеген деп танылады. Анықталуы iстi дұрыс шешу үшiн елеулi мән болуы мүмкiн мән жайлар анықталмай қалған кезде сот тергеу сыңаржақ немесе толық жүргiзiлмеген деп танылады.
Егер белгiлi бiр мән-жайды зерттеу қажеттiгi кассациялық сатыдағы сотқа осы Кодекстiң 317-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен тапсырылған жаңа материалдардан туындайтын жағдайда да үкiмнiң күшi жойылады".
13. 294-баптың екiншi бөлiгi "тергеу" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң 214-бабында көрсетiлген негiздер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
14. 388-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"388-бап. Iс жүргiзу тәртiбi
Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң мына баптарында: 64 I б., 76 I б., 76-1 I б., 76-3 I б., 77, 78 I б., 79, 81, 81-1, 83 I б., 84, 85, 100 I және II б., 107, 112, 114, 157, 160, 160-1, 162 I б., 163 I б., 163-1, 164-1, 165 I б., 166 I б., 166-1 I б., 166-2 I б., 166-3, 175, 177, 178, 179, 180, 180-2, 181, 182 I б., 183-1, 184, 185, 200 I б., 201-2, 202 I және III б., 204, 208-1 I б., 211 I және II б., 212, 212-1 I б., 213 I б., 213-3, 214-1 I б., 214-2, 215, 217-1, 221 I б
көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы
тараудың баптарында белгiлеулерiн алып тастаулардан өзге осы
Кодекстiң жалпы ережелерiмен белгiленедi.
15. 389-бап мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Прокурор санкция берген хаттама ол жасалған адамға қарсы
қылмыстық iс қозғалғанын бiлдiредi.".
16. 391-баптағы "осы Кодекстiң 120-бабының екiншi және төртiншi
бөлiктерiнде аталған органдар" деген сөздер алып тасталсын.
17. 393-бап алып тасталсын.
18. 394-бап мынадай редакцияда жазылсын.
394-бап. Iстi сотта қарау
Осы Кодекстiң 388-бабында келтiрiлген қылмыстар туралы iс материалдарын сот отырысында қарау үшiн жеткiлiктi деп танып, сот құқық бұзушыны сотқа беру туралы ұйғарым енгiзедi, қажет болған жағдайда оған тыю шараларын белгiлейдi және iстi сот отырысында қарайды не материалдары анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн қайтарады, не iс жүргiзудi қысқартады.
Судья құқық бұзушыны сотқа беру және iстi сот отырысында қарауды
белгiлеу туралы не iстi қысқарту туралы жеке-дара ұйғарым шығара
алады.
Осы кодекстiң 388-бабында келтiрiлген қылмыстар туралы iстер
сотта материалдар сотқа келiп түскен кезден бастап он төрт күн
мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Сот мұндай iстердi қараған
кезде, егер сот отырысында анықтау мүмкiн емес елеулi қосымша
мән-жайларды анықтау қажет болса оларды анықтау немесе алдын ала
тергеу жүргiзу үшiн қайтаруға құқылы.
19. Мынадай мазмұндағы ХХХҮII тараумен толықтырылсын.
"ХХХҮII тарау
Қылмыс жасаған адамдар белгiлi болған кезде анық
қылмыстар туралы iстер бойынша ерекше анықтау iсiн жүргiзу
418-бап. Ерекше iс жүргiзу
Осы Кодекстiң 116-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша ерекше анықтау iсiн жүргiзуге жол берiледi.
419-бап. Ерекше iс жүргiзу тәртiбi
Осы тараудың ережелерi бойынша әрекеттiң қылмыстығы анық болып, оны жасаған адам белгiлi және ол айып тағылған әрекетiне кiнәлiлiгiн дауламаған кезде анықтау жүргiзiледi. Ерекше қылмыстық iс жүргiзу iсi анықтау органы қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған кезден бастап 24 сағаттан кешiктiрiлмей қозғалады. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулымен сезiктi танысады.
Осы Кодекстiң 63-бабында көзделген негiздер бойынша анықтау жүргiзушi адам, прокурор мен сот сезiктi жөнiнде тыю шарасын қолдануға құқылы.
420-бап. Iстiң мән-жайын зерттеудiң жеткiлiктi болуы
Анықтау органы iстiң мән-жайы мен жиналған айғақтарды зерттеудiң жеткiлiктi болуы туралы тұжырымдама келген кезде ерекше iс жүргiзудiң қажеттi талаптары орындалған ретте осы Кодексте көзделген жалпы ережелерден тыс ерекшелiктермен анықтауды аяқтауға айыптау хаттамасын жасауға және iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға беруге құқылы.
421-бап. Ерекше iс жүргiзудiң қажеттi талаптары
Ерекше iс жүргiзу кезiнде анықтау органдары жасалған қылмыстың мән-жайын және сезiктiнiң жеке басын анықтайды, оның соттылығының болған-болмағандығы туралы анықтама талап етедi, одан, жәбiрленушiден және куәгерлерден айғақтар алады, қажет болған жағдайда iстi сотта қарау үшiн мәнi бар өзге де материалдар жинайды.
422-бап. Айыптау хаттамасын жасау
Ерекше iс жүргiзудiң тәртiбiнде анықтаудың нәтижелерi бойынша айыптау хаттамасы жасалады, онда: оның жасалған уақыты мен орны, кiмнiң жасағаны, айыпталушының жеке басы туралы деректер, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оның әдiстерi мен себептерi, зардаптары мен өзге де елеулi мән-жайлар, Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң бабы бойынша қылмыстың саралануы көрсетiледi. Iстiң материалдары танысу үшiн айыпталушыға берiледi, бұл айыптау хаттамасында оның қойған қолымен куәландырылады. Айыптау хаттамасына сотқа шақырылуға тиiстi адамдардың тiзiмi қоса тiркеледi.
Ерекше iс жүргiзу кезiнде анықтау органы осы Кодекстiң 23-26-баптарына сәйкес сезiктi мен айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
423-бап. Ерекше iс жүргiзу мерзiмдерi
Ерекше қылмысты iс жүргiзу ол қозғалған кезден бастап он күннен кешiктiрiлмей прокурордың санкциясымен сотқа жiберiледi.
Ерекше iс жүргiзудi он күн мерзiмде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мән-жайлар пайда болған жағдайда анықтау органы осы Кодекстiң жалпы ережелерi бойынша анықтау жүргiзу туралы дәлелдi қаулы шығарады.
424-бап. Анықтау жүргiзу
Осы кодекстiң 418-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау мынадай жағдайларда:
1) егер жасалған қылмыстың елеулi мән-жайларын он күн мерзiмде анықтау мүмкiн болмаса;
2) прокурор не сот ерекше қылмыстық iс жүргiзудi сот отырысында анықталуы мүмкiн емес елеулi қосымша мән-жайларды анықтау үшiн қайтарған кезде жүргiзiледi.
Осы бапта көзделген жағдайларда анықтау осы Кодекстiң 117-бабында көзделген мерзiмде аяқталуға тиiс.
425-бап. Алдын ала тергеу жүргiзу
Дене немесе психикалық кемiстiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын өзi жүзеге асыра алмайтын адамдар немесе кәмелетке толмағандар қылмыс жасаған жағдайларда осы Кодекстiң жалпы ережелерi бойынша алдын ала тергеу жүргiзiледi.
426-бап. Iстi сотта қарау
Осы Кодекстiң 418-бабында көзделген ерекше жүргiзiлетiн iстер сотта осы Кодекстiң ХХҮIII тарауының талаптарын сақтай отырып, iс сотқа келiп түске кезден бастап он төрт күн i мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
Сот процеске қатысушылардың пiкiрiн анықтап, егер сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемде, соның iшiнде өзiне қойылған қуыным талаптарын мойындайтын болса; анықтау жүргiзу барысында Кодекстiң осы тарауын процеске қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтiретiн жолсыздықтарға орын берiлмесе; процеске қатысушылар iс бойынша жиналған айғақтардың қатыстылығы мен мүмкiндiгiне шек келтiрмейтiн болса және оларды сот отырысында зерделеушi талап етпесе, осы санаттағы iстердi қысқартылған тәртiппен қарауға да құқылы.
Iстi сотта қараудың қысқартылған тәртiбiн сотталушы мен жәбiрленушiден жауап алудан тұрады. Соттағы айтыс-тартыстар мен iстi қарауды аяқтау осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Егер айыпталушыдан немесе жәбiрленушiден жауап алу барысында сот отырысында зерделеудi талап ететiн айғақтар анықталса, сот тергеуiн толық көлемде жүргiзу туралы сот қаулы шығара алады.
Егер сот отырысында анықтау мүмкiн емес елеулi қосымша мән-жайларды анықтау қажеттiгi туындаса, сот анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн iстi қайтаруға құқылы.".
Қазақстан Республикасының
Президентi