Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 132 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы): 
      41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады". 

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат):

      1) 5-баптың екiншi азатжолында "тiзiлiм" деген сөз "Мемлекеттiк тiркелiм" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 6-бапта: 
      бiрiншi бөлiкте "сондай-ақ белгiленген үлгiдегi статистикалық кәртiшке рәсiмделедi" деген сөздер алынып тасталсын; 
      екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл талап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды"; 
      сегiзiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi"; 
      3) 7-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады"; 
      4) 9-баптың бiрiншi бөлiгi "күннен" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей" деген сөздермен толықтырылсын; 
      5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Статистикалық есеп

      Мемлекеттiк статистика органдары мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң негiзiнде мемлекеттiк тiркеу деректерiн және заңды тұлға туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi, оларға бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтарын бере отырып, заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк статистикалық тiркелiмiне енгiзуге және статистикалық карточка беруге мiндеттi. 
      Есептiк тiркеу деректерiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы басқа да мәлiметтердi Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге енгiзу нақ сондай тәртiппен жүргiзiледi". 

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 14, 164-құжат): 
      21-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы "ең төменгi айлық жалақының мөлшерiнде" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 17, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы):

      1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, шаруашылық серiктестiгiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады"; 
      2) 28-баптың 1-тармағы "жүз" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - елу" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3) 39-бапта: 
      1-тармақ "мың" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - жүз" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2-тармақтың бiрiншi азатжолы "жауапкершiлiгi" деген сөздiң алдынан "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын. 
      4) 53-баптың 1-тармағының екiншi азатжолы "және тиiсiнше шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
      5) 13-баптың 1-тармағындағы, 28-баптың 1-тармағындағы, 39-баптың 1-тармағындағы, 57-баптың 1-тармағының екiншi азатжолындағы "ең төменгi айлық жалақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Өндiрiстiк кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат):

      4-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 19 июня 1997 г. N 132

      Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 г. (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение); 1995 г., N 15-16, ст. 109, N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1996 г., N 2, ст. 187; N 14, ст. 274, 277; N 19, ст. 370; Закон Республики Казахстан от 21 января 1997 г. "О признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О банкротстве" и внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Казахстан" и "Казахстанская правда" 25 января 1997 г.; Закон Республики Казахстан от 5 марта 1997 г. "О внесении дополнения и изменений в Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть)", опубликованный в газетах "Егемен Казахстан" и "Казахстанская правда" 11 марта 1997 г.):
      пункт 1 статьи 41 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Юридическое лицо, являющееся субъектом малого предпринимательства, может осуществлять свою деятельность на основании типового Устава, содержание которого определяется Правительством Республики Казахстан".
      2. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2198 "О государственной регистрации юридических лиц" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 35; N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 1, ст. 180; N 14, ст. 274):
      1) в абзаце втором статьи 5 слово "реестра" заменить словами "Государственного регистра";
      2) в статье 6:
      в части первой слова "а также оформляется статистическая карточка установленного образца" исключить;
      часть вторую дополнить предложением следующего содержания:
      "Данное требование не применяется к субъектам малого предпринимательства.";
      часть восьмую дополнить предложением следующего содержания:
      "Субъекты малого предпринимательства не представляют документ, удостоверяющий их местонахождение.";
      3) статью 7 дополнить частью пятой следующего содержания:
      "Юридическое лицо, являющееся субъектом малого предпринимательства, может осуществлять свою деятельность на основании типового устава, содержание которого определяется Правительством Республики Казахстан.";
      4) часть первую статьи 9 после слова "дней" дополнить словами "а для субъектов малого предпринимательства - не позднее 3 рабочих дней";
      5) статью 13 изложить в следующей редакции:
      "Статья 13. Статистический учет
      Органы государственной статистики на основании свидетельства о государственной регистрации обязаны включить данные государственной регистрации и иные необходимые сведения о юридическом лице в единый Государственный статистический регистр юридических лиц с присвоением им унифицированных идентификационных и других системно-учетных кодов и выдать статистическую карточку.
      Включение данных учетной регистрации и других сведений о филиалах и представительствах юридических лиц в Государственный статистический регистр производится в том же порядке".
      3. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 19 июня 1995 г. N 2335 "О государственном предприятии" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 9-10, ст. 66; N 24. ст. 164):
      в абзаце первом пункта 1 статьи 21 слова "минимальных размеров месячной заработной платы" заменить словами "размеров расчетного показателя".
      4. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 2 мая 1995 г. N 2255 "О хозяйственных товариществах" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 7, ст. 49; N 15-16. ст. 109; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 14, ст. 274; N 19, ст. 370; Закон Республики Казахстан от 21 января 1997 г. "О признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О банкротстве" и внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" и "Казахстанская правда" 25 января 1997 г.):
      1) пункт 1 статьи 4 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Субъекты малого предпринимательства, создаваемые в организационно-правовой форме хозяйственного товарищества, за исключением акционерных обществ, могут осуществлять свою деятельность на основании типового устава, содержание которого определяется Правительством Республики Казахстан.";
      2) пункт 1 статьи 28 после слова "ста" дополнить словами "а для субъектов малого предпринимательства - пятидесяти";
      3) в статье 39:
      пункт 1 после слова "тысячи" дополнить словами "а для субъектов малого предпринимательства - ста";
      абзац первый пункта 2 после слова "ответственностью" дополнить словами "за исключением субъектов малого предпринимательства";
      4) абзац второй пункта 1 статьи 53 дополнить словами "и соответственно для субъектов малого предпринимательства.";
      5) в пункте 1 статьи 13, в пункте 1 статьи 28, в пункте 1статьи 39, в абзаце втором пункта 1 статьи 57 слова "минимальной месячной заработной платы" заменить словами "расчетного показателя".
      5. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 5 октября 1995 г. N 2486 "О производственном кооперативе" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 20, ст. 119; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 14, ст. 274):
      статью 4 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Субъекты малого предпринимательства, создаваемые в организационно-правовой форме производственного кооператива, могут осуществлять свою деятельность на основании типового устава, содержание которого определяется Правительством Республики Казахстан".

     Президент
Республики Казахстан