1996 жылғы 16 қыркүйекте Бакуде қол қойылған Қазақстан
Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Қарым-қатынастар
негiздерi жөнiндегi шарт бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы
арасындағы Қарым-қатынастар негiздерi жөнiндегi
ШАРТ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 4-құжат)
(1999 жылғы 29 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 79 бет)
Бұдан әрi қарай "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы,
БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерiне, Хельсинки Қорытынды Актiсiне, Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясына және Еуропадағы Қауiпсiздiк пен Ынтымақтастық жөнiндегi Ұйым шеңберiнде қабылданған өзге де негiзгi құжаттарға өзiнiң адалдығын қуаттай отырып;
мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда халықаралық құқықтық басымдығын мойындай отырып;
Еуропа-Азия континентiндегi бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыла отырып;
қазақ және әзiрбайжан халықтарының тарихи тағдырларының ұқсастығы, тiлдерiнiң, мәдениетiнiң, әдет-ғұрыптарының ортақтығы тығыз ынтымақтастықты дамытуға қолайлы негiз жасайды деп сене отырып;
достық, тату-тәттi көршiлiк және өзара тиiмдi ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту екi мемлекеттiң де халықтарының өмiрлiк мүдделерiне сәйкес келедi, бейбiтшiлiк және қауiпсiздiк iсiне қызмет етедi деп ескере отырып;
екi жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын нығайту қажеттiлiгiн назарға ала отырып;
осы Шартты жасасатын болды және мына төмендегiлер жөнiндегi келiстi:
1-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара қарым-қатынастарын достас мемлекеттер ретiнде құрады және саяси, экономика, сауда, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени және басқа да салалардағы өз қарым-қатынастарын тәуелсiздiк пен егемендiктi сыйлау, теңдiк, өзара тиiмдiлiк және бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпаушылық принциптерi негiзiнде дамытатын болады.
2-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың мүдделерiне қарсы бағытталған қандай болмасын блоктарға қатыспайтын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң аумақтарын, коммуникациялар жүйелерi мен өзге де инфрақұрылымдарын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы агрессияны жүзеге асыру үшiн үшiншi мемлекеттiң пайдалануына жол бермеуге, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiмен қаулы қақтығыс туындаған жағдайда үшiншi мемлекеттерге ешқандай да көмек көрсетпеуге мiндеттенедi.
3-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ғаламдық, сондай-ақ аймақтық көлемде де бейбiтшiлiктi, тұрақтылықты, сенiм мен қауiпсiздiктi нығайту мақсатында бiр-бiрiмен өзара бiрлесiп әрекет ететiн болады. Олар бiрыңғай түрде осы саладағы әрiптестiктi жүзеге асыратын, белсендi түрде БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның бiтiмгершiлiк рөлiн күшейтуге және аймақтық механизмдердiң пәрмендiлiгiн көтеруге жәрдемдесетiн болады.
4-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi бассейнi аймағындағы сенiмдi нығайтуға ерекше мән бере отырып, халықаралық бейбiтшiлiктi нығайту, тұрақтылық пен қауiпсiздiктi көтеру мақсатында өзара бiрлесiп әрекет етедi.
5-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар аймақтық және халықаралық проблемалар жөнiнде тұрақты негiзде консультациялар өткiзiп тұратын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберiнде ынтымақтастық пен байланыстарды кеңейте түсетiн, өзара мүдделiлiктi бiлдiретiн мәселелер бойынша өз позицияларын келiсу үшiн консультациялар өткiзетiн болады.
6-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының аумақтық тұтастығын және халықаралық тұрғыда мойындалған қазiргi мемлекеттiк шекараларының мызғымастығын таниды және құрметтейдi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз заңдарына сәйкес өз аумақтарында мемлекеттердiң әрқайсысының тәуелсiздiгiне, аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған ұйымдар мен топтардың құрылуына және заңсыз iс-әрекетiне, сондай-ақ жекелеген адамдардың iс-әрекетiне тыйым салатын және оларға жол бермейтiн болады.
7-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар адам құқығы туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға және ұлттық заңдарына сәйкес өздерiнiң аумағында тұрып жатқан адамдарға олардың ұлттық және басқа да ерекшелiктерiне қарамастан тең құқықтар мен бостандық кепiлдiгiн бередi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел азаматтары арасындағы байланыстарды көтермелейтiн болады және консулдық ынтымақтастық, азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек саласында келiсiмдер және екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын өз азаматтарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қажеттi өзге де шарттар жасасады.
8-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар олардың парламенттерi арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға жәрдемдесетiн болады.
9-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсiбi, энергетика, табиғат ресурстарын пайдалану, көлiк, коммуникация, спутник байланысы салаларындағы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастықты дамытатын және тереңдететiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара күрделi қаржы енгiзудi ынталандыруды және қорғауды қоса алғанда, бiр-бiрiне кәсiпкерлiк және басқа да шаруашылық қызмет үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн болады, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың қолданыстағы заңдарына сәйкес екi мемлекеттiң де экономикалық ынтымақтастық кәсiпорындары, фирмалары және субъектiлерi арасындағы әртүрлi кооперация мен тiкелей байланыс нысандарын барынша көтермелеп отыратын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында жекелеген келiсiмдер жасасады.
10-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа теңiз, әуе порттарын, темiр жол және автомобиль желiлерiн, құбыр желiлерiн пайдалануға, сондай-ақ аумағында өздерi орналасқан Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың қолданыстағы заңдарына сәйкес жолаушылар мен жүктердi кедергiсiз транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi және қамтамасыз етедi.
Осы мәселелердi реттеу мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тиiстi Келiсiмдер жасасады.
11-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы салада аймақтық және ғаламдық деңгейдегi келiсiлген iс-қимылдарға жәрдемдесе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң жан-жақты қамтылған халықаралық жүйесiн құруға және атап айтқанда Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн қорғауда және қалпына келтiруде өзара бiрлесiп iс-әрекет етуге ұмтыла отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады.
12-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мәдениет, өнер, әдебиет, баспасөз, радио, теледидар, кино, спорт, туризм саласындағы ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасуды дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекеттiк және жергiлiктi деңгейлерде шығармашылық ұжымдар, мәдениет қайраткерлерi мен мамандар, мәдениет мекемелерi арасындағы алмасуларды кеңейтуге барынша жәрдемдесетiн болады.
Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы мәселелер жөнiнде жекелеген келiсiмдер жасасады.
13-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар iргелi және қолданбалы зерттеулер, қазiргi заманғы ғылым, техника және технологияның жетiстiктерiн пайдалану саласында кең түрде ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ортақ бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруды, ғалымдар мен зерттеушiлер алмасуды көтермелейтiн, бiрлескен ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарды құруға және олардың қызмет етуiне жәрдемдесетiн болады.
14-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң де бұқаралық ақпарат құралдарының еркiн қызмет етуiн олардың ұлттық заңдары шеңберiнде қамтамасыз етуге жәрдемдеседi және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың егемендiгi мен аумақтық тұтастығына залал келтiретiн мәлiметтердi өздерiнiң ресми бұқаралық ақпарат құралдарына таратуға жол бермеуге мiндеттенедi.
15-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен практикасы салаларында, дәрi-дәрмек, медициналық техника бұйымдары мен балалар тағамының өнiмдерiн өндiруде және қамтамасыз етуде ынтымақтастықты дамытатын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың халқының емделуi және консультациялық жәрдем алуы үшiн бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың сирек кездесетiн және арнаулы мамандандырылған медициналық мекемелерiне кiру рұқсаты мен оны пайдалану құқығын сақтайды.
Осындай мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы салаларда тиiстi келiсiмдер жасасатын болады.
16-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап аумағында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етiлу құқықтарын тану негiзiнде арнаулы келiсiм арқылы реттелетiн болады.
17-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiлiм беру, ғылым, ғылыми кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын және мамандар, аспиранттар, стажерлар мен студенттер алмасуды көтермелейтiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы олардың берiлу уақытына қарамастан бiлiмi туралы ғылыми дәреже берiлгенi және ғалымдық атақ берiлгенi туралы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап берген құжаттарды ресмилендiрмей-ақ таниды және олардың өз аумақтарында қолданылуына шек қоймайды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы оқу мекемесi орналасқан Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты қолданылатын талаптар мен ережелер бойынша екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына жекелей тәртiпте оқу орындарына (соның iшiнде аспирантураға) түсу құқығын бередi.
18-бап
Мемлекеттiк мүлiктiң, бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап аумағындағы заңды ұйымдары мен жеке адамдары мүлкiнiң құқықтық режимi, егер Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар арасындағы келiсiмде басқаша көзделмеген болса, сол мүлiк орналасқан Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың мүдделерiн қозғайтын барлық басқа да мүлiктiк қарым-қатынастар жекелеген келiсiмдермен реттелетiн болады.
19-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұйымдасқан және халықаралық қылмыспен, есiрткi заттарды заңсыз сатумен, халықаралық терроризммен, теңiз кемесiнiң жүзуi мен азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен, мәдени құндылықтарды заңсыз тасып әкетушiлiкпен күресте белсендi түрде ынтымақтасатын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда осы салада
жекелеген келiсiмдер жасасады.
20-бап
Осы Шарт үшiншi бiр мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың өздерi мүшесi болып табылатын
басқа да халықаралық шарттарынан туындайтын мүдделерiн, құқықтары
мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
21-бап
Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты
даулар Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың келiссөздерi жолымен
шешiлуге тиiстi.
22-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда осы Шартты
жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша екi жақты
консультациялар мен келiссөздер өткiзетiн болады.
23-бап
Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес бұл Шарт осы Ұйымның Хатшылығында тiркелетiн болады.
24-бап
Осы Шарт бес жыл мерзiмге жасалып отыр. Егер Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы да Шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кемiнде алты ай бұрын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша мәлiмдеу жолымен оның қолданылуын өзiнiң тоқтатқысы
келетiнi туралы хабарламайтын болса, оның қолданысы келесi бес жылдық
мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.
Баку қаласында 1996 жылғы 16 қыркүйекте екi данада, әрқайсысы
қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық
мәтiннiң де күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшiн Әзiрбайжан Республикасы үшiн