1996 жылғы 17 қаңтарда Минскiде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Тұрақты тұру үшiн Беларусь Республикасына баратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына келетiн Беларусь Республикасы азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiм бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Тұрақты түрде тұру үшiн Беларусь Республикасына баратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұрақты түрде тұру үшiн Қазақстан Республикасына келетiн Беларусь Республикасы азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртiбi туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 79-құжат) (1998 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 69 бет) Бұдан әрi қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы
өз азаматтарына жалпы жұрт қабылдаған халықаралық нормаларын, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты тарихи дәстүрлi достық байланыстарды сақтауға және нығайтуға екi ел халықтарының ұмтылысын негiзге ала отырып,
еркiн түрде ерiк бiлдiру негiзiнде өз азаматтарының екiншi Тараптың азаматтығын таңдау және алу құқығын жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету ниетiн көздей отырып,
мына төмендегiлер жайында келiстi:
1-бап
1. Әрбiр Тарап өзiнiң бұрынғы КСРО азаматы екенiн растай алатын, өзiнiң аумағына тұрақты тұруға келген екiншi Тараптың азаматтарына оңайлатылған (тiркелген) тәртiпте оның азаматтығын алу құқығын төмендегiлердей жағдайларда бередi:
а) егер өтiнiш берушi өзi азаматтығын алатын Тараптың аумағында туған болса немесе сонда тұрақты тұрған болса;
б) өтiнiш берушiнiң өзi азаматтығын алатын Тараптың аумағында тұрақты тұратын және оның азаматтары болып табылатын жақын туысқандарының бiреуi: жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (асырап алушыларының) бiреуi, баласы (соның iшiнде асырап алынғаны), апалы-сiңлiлер, ағасы, атасы немесе әжесi болған жағдайда.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тәртiп өздерiнiң азаматтығын алатын Тараптың аумағында тұрған мерзiмiне қарамастан екiншi Тараптың аумағында тұрақты түрде тұратын Тараптардың азаматтарына қолданылады.
2-бап
Екiншi Тараптың азаматтығын алу үшін бiр Тараптың азаматы екiншi Тараптың тиiстi органдарына мынадай құжаттарды тапсырады:
Тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiлген нысан бойынша өтiнiш;
туу туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
1-баптың 1-тармағында көзделген шарттардың бiреуiнiң бар екендiгiн растайтын құжат;
азаматтықтан шыққанын растайтын құжат.
Iшкi iстер органдары оңайлатылған тәртiппен Тараптардың бiреуiнiң азаматтығын алуды осы Тараптың iшкi заңдарында көзделген талаптарды сақтай отырып, 3 айдан аспайтын мерзiмде тiркеудi жүзеге асырады.
Тараптардың бiреуiнiң азаматтығын алуды тiркеген уақыт - бұл жайында Тараптар бiр-бiрiне хабарлайтын екiншi Тараптың азаматтығын жоғалтқан уақыт болып табылады.
3-бап
1. Нәтижесiнде екеуi де екiншi Тараптың азаматтары болып саналатын ата-аналардың азаматтығын өзгерткен жағдайда немесе екеуi де Тараптардың бiреуiнiң азаматтығынан шыққан жағдайда олардың кәмелетке толмаған балаларының азаматтығы да тиiсiнше өзгередi.
2. Ата-аналарының бiреуi Тараптардың бiреуiнiң азаматы болып табылатын, ал, ата-анасының екiншi бiреуi екiншi Тараптың азаматтығын алған жағдайда кәмелетке толмаған балалардың азаматтығы 2-бапқа сәйкес берiлетiн өтiнiште көрсетiлуге тиiстi ата-аналардың келiсiмi арқылы айқындалады.
3. Егер бұған байланысты ата-аналар арасында басқаша келiсiм жасалмаған болса, ата-аналары бөлек тұратын балалар өздерiн тәрбиелеп отырған ата-анасының азаматтығын сақтайды.
4. Ата-аналарының бiреуi - Қазақстан Республикасының азаматтығына ие, ал, екiншiсi - Беларусь Республикасының азаматтығына ие балалардың кәмелетке толуына байланысты азаматтығы Тараптардың заңдарына сәйкес оңайлатылған тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн.
5. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың азаматтығының өзгерген жағдайында балалардың азаматтығы өзгермейдi. Балалардың азаматтығын өзгертуге ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың келiсiмдерi талап етiлмейдi.
4-бап
Тараптар осы Келiсiмде сөз болмаған мәселелердi өздерiнiң iшкi заңдарына сәйкес шешедi. Егер Тараптардың iшкi заңдары адамдардың қандай да бiр категориясы үшiн азаматтық алудың неғұрлым жеңiлдеу шарттарын тағайындаса, бұл жағдайда Тараптардың iшкi заңдары қолданылады. Тараптар өздерiнiң азаматтық туралы заңдарын жақындастыруға шаралар қолданатын болады. 5-бап Осы Келiсiмдi түсiнуге немесе қолдануға байланысты мәселелер Тараптар арасында консультациялар өткiзу жолымен шешiледi. 6-бап
Осы Келiсiм бекiтiлуге тиiс және ол Тараптардың бекiту
грамоталарын алмасқан күнiнен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. 7-бап Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың ешқайсысы көрсетiлген мерзiм бiткенге дейiн алты ай бұрын керiсiнше мәлiмдесе, келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады. Минскiде 1996 жылғы 17 қаңтарда әрқайсысы қазақ, беларус және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей. Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы үшiн үшiн