94-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiппен жасалған келiсiм-шартта белгiленген және мiндеттi салық сараптамасынан өткен салық режимi, сол келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн өзгерiссiз қолданыла бередi, бұған келiсiм-шарттың салық режимiне өзгерiстер келiсiм-шарт тараптарының келiсiмi бойынша енгiзiлiп, Қазақстан Республикасы мен келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының бастапқы экономикалық мүдделерi арақатынасының өзгеруiне әкеп соқпайтын жағдайлар қосылмайды.".
2-тармақ алып тасталсын.
179-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Құзыреттi орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын жасалған келiсiм-шарттарды орындау үшiн аталған күннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда және 1996 жылғы
1 қаңтардан бастап жасалып, мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу талаптары сақталады және олардың қолданылуының күллi белгiленген мерзiмi бойы күшiнде болады.". Қазақстан Республикасының Президентi оқығандар: Багарова Ж. Икебаева А.