1998 жылғы 15 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшiн агент ретiнде Банктiң атынан және Банк үшiн жабдықтар сатып алуға және сатуға өкiлеттiгi туралы келiсiмi бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкінің арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшін агент ретінде Банктің атынан және Банк үшін жабдықтар сатып алуға және сатуға өкілеттігі туралы келісім Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Келісім
Осы Келісім 18 th Shawwa 16 1418H (1998 жылдың 15 ақпанында) Қазақстан Республикасы (бұдан әрi "Агент") және Ислам Даму Банкi (бұдан әрi "Банк") арасында жасалды.
А - II қосымшада баяндалған жобаның мақсаты үшiн осы Келiсiмнiң I қосымшасына (бұдан әрi "жабдық") көрсетiлген жабдықтарды сатып алуға және осы жабдықтарды Агентке сатуға өтiнiшпен тiлек бiлдiргендiктен;
В - Банк жабдықты тек 4,500,000 (төрт миллион бес жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомада сатып алуға және негiзгi қорларға және 7% (жетi процент) көлемiнде үстемеге (өндiрiс шығындарына) салынған "пiсуiнiң" екi жылдық мерзiмi аяқталғаннан кейiн 8 жылдан соң сату бағасы Банкке төленген жағдайында, бөлiп-бөлiп сату негiзiнде Агентке сатуға келiсетiндiктен;
С - Агент (В) параграфының шарттарымен келiстi және қабылдады.
Осымен мыналар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді:
1. Айқындама.
Осы Келiсiмде, мағынасы бойынша өзгенi талап етпейiнше мына терминдер мыналарды бiлдiредi:
(а) Мақұлданған сома - Келiсiмнiң кiрiспесiндегi В параграфында көрсетiлген сома.
(b) Жабдық - осы Келiсiмнiң I қосымшасында көрсетiлген жабдықтар мен машиналар және олардың ажырамас бөлiгi болып табылатын керек-жарақтары.
(с) Сатушы - жабдықты өндiргенiне немесе өндiрмегенiне тәуелсiз жеткiзушi.
(d) Сатып алуға арналған шарт(тар) - Банк пен Сатушы үшiн және олардың атынан әрекет ететiн Агент жасасқан, жабдықтарды сатып алуға арналған шарт(тар).
(е) Сатып алу бағасы - жабдықтарды өндiру ("шығындардың бағасы") бағасы қосылатын сатып алу шарттары бойынша төлеуге жататын жабдықтардың, көлiк пен сақтандыруға арналған, сондай-ақ осы Келiсiм бойынша Банктiң төлеуiне жататын осындай басқа да қызмет көрсетуге арналған кез-келген шығындардың сомалары.
(f) Жоба - II қосымшада сипатталған жоба.
(g) Жеткiзiлетiн күнi - Банк атынан жабдықтарды жеткiзетiн күн.
(h) Күшiне енетiн күнi - Келiсiм күшiнде деп жарияланған және Банк Агенттi хабарлаған күн.
(i) Жалпы ережелер - осы Келiсiмнiң V қосымшасында айтылған шарттар.
(j) Сатуға арналған келiсiм - Банк пен Агент арасындағы осы Келiсiмнiң 7-тармағына сәйкес жасалуға тиiс келiсiм. 7.02 Жалпы ережелер бабының шарттары бойынша Келiсiм III және IV ережелерде, сондай-ақ Жалпы ережелерде көзделген ұсыныстар мен қабылданған телекстердi өзiне қосуы тиiс.
2. Жабдықтарды сатып алуға және жеткiзуге арналған Агенттің рұқсаты
2-1. Осы Келiсiмнiң 9-тармағының шарттары бойынша Банк осымен Агентке:
а) Банк атынан және осы Келiсiмге сәйкес келiссөз жүргiзуге, жабдықтың бағасы туралы Сатып алушымен уағдаласуға, оның барлық ерекшелiктерiне және сатып алу мен Банк жабдықтарын жеткiзудiң басқа шарттарына;
b) сатып алуға деген шарттың ережелерiне сәйкес Банк атынан жабдықтарды жеткiзуге өкiлдiк бередi.
2-2. Агент Банк рәсiмдерiне сәйкес жабдықтарды сатып салуға кепiлдiк бередi. Жоғарыда баяндалған шарттардың басым бөлiгiне қайшы келмей Агент Исламдық Ұйым Ережелерiн сақтауы тиiс.
2-3. Агент сатып алуға деген кез-келген шартқа:
а) сатып алуға деген иелiк құқығын сатып алушыдан Банкке тiкелей өтуiн қарастыруы;
b) Банк арқылы жабдықтарды тиiстi сақтандыруды және осындай түрде теңiз және транзиттiк сақтандыруды қоса, жабдықтардың осындай түрлерi үшiн жабдықтарды тасымалдау кезiнде әдетте туындайтын мұндай қатерлерге қарсы сақтандыруды орналастырудың толық құнына, Келiсiмге сәйкес жабдықтар Агентке толық сатылмайынша қарастыруы тиiс.
2-4. Агент сатып алуға деген шарт жобасының ережелерiн Банктiң мақұлдауын алғанға дейiн сатып алуға деген қандай да бiр шарт жасамауы керек.
2-5. Агент Банк мақұлдаған сатып алуға деген қандай да бiр толықтыруға, өзгерiске, бас тартуға немесе келiсiм-шарттың кез-келген шарттарынан ауытқуға Банктiң мұндай толықтыруға, өзгерiске, бас тартуға немесе шарттан ауытқуға басым мақұлдауын алмайынша келiспеуi керек.
2-6. Агенттiң Банк атынан жабдықтарды сатып алуға деген өкiлдiгi осы Келiсiм тоқтаған сәтте немесе одан кейiн, ол қаншалықты бұрын жүзеге асырылмасын, оның жалпы жиынтық бағасы 4,500,000 (төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары) АҚШ долларды құрағанда осындай күнi тоқтатылуы керек.
3. Агенттiкке қабылдау
Агент банк атынан келiссөздер жүргiзуге және осы Келiсiмге сәйкес сатушыдан жабдықтарды сатып алу туралы онымен уағдаласуға және Банк атынан сатушыдан оны жеткiзуге келiседi.
4. Жобаның орындалуы
4-1. Агент сатып алу бойынша шартты орындау кезiнде ол жеткiлiктi ынтамен және қамқорлықпен сатып алуға деген шарттың кез-келген тежелуi немесе бұзылғандығы туралы Банкке хабарлайтынына кепiлдiк бередi, сондай-ақ егер шартты тежеу немесе бұзу оның кiнәсiнен болса, сатып алушыға қарсы қолданылатын шаралар туралы Банкпен кеңеседi.
4-2. Агент Банктiң аккредитивтелген өкiлiне жобаны, жабдықты және оларға байланысты жазбалар мен құжаттардың кез-келгенiн тексеру мақсатында сапар шегуге ыңғайлы мүмкiндiк беруi тиiс; сондай-ақ Банкке, оның өтiнiшi бойынша мақұлданған сомалардың шығыстары, жоба, жабдықтар, жасалған операциялар және Агенттiң қаржылық жағдайы туралы осындай ақпаратты бере алады.
5. Жабдықтарды жеткiзу
5-1. Агент сатып алуға деген шарттың ерекшелiктерiне сәйкес оны қамтамасыз ету үшiн оны жеткiзер алдында жабдықтарға зерттеу жүргiзуге кепiлдiк бередi және жабдықтардың жақсы жағдайда екендiгi және тыңғылықты қарау барысында орын алуы мүмкiн ақаулардың жоқ екендiгiн растайды.
5-2. Агент жабдықтарға тексеру жүргiзiп болысымен ол Банктi тексеру нәтижелерi туралы телекспен кешiктiрмей хабардар ететiнiне кепiлдiк бередi. Ішiнара Агент Банкке жабдықтардың сатып алуға деген шарттың барлық тиiстi өлшемдерi бойынша лайықты деп табатындығын және оны жеткiзудi қарастыратындығын немесе ол сатып алуға деген келiсiм-шарт шарттары бойынша жабдықты қанағаттанғысыз деп табатындығын хабарлауы тиiс. Егер Банк жеткiзу күнiнен 30 күн iшiнде мұндай хабарламаны алмаса, онда Банк жабдықтардың сатып алуға деген шарттың барлық өлшемдерiн қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiктi Агент өзiне алды деп санауы тиiс.
5-4. Агентке сату туралы Келiсiм жеткiзiлген күннен күшiне енген күнге дейiнгi кезеңiнде кез-келген ақау немесе өкiмет билiгiне байланысты немесе жабдықтарды сақтау кезiнде қарамағандықтан жабдықтың бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
6. Сатып алу бағасының төлемi
6-1. Сатып алуға деген шарттарға сәйкес және оны мынадай шарттар қанағаттандырғаннан кейiн:
а) жабдықтарды сатып алу Банк рәсiмдерiне немесе Банк мақұлдаған кез-келген басқа рәсiмдерге сәйкес жүргiзiлген болса;
b) сатып алуға деген келiсiм-шарт шартын Банк мақұлдаған болса;
с) ақысы төленуi тиiс жабдықтардың сипаттамасы осы Келiсiмнiң 1-қосымшасына сәйкес келедi;
d) сатып алу бағасының жиынтық сомасы мақұлданған сомадан аспауы керек.
6-2. Егер, Банк пен Агент арасында келiсiлетiн, күшiне ену күнiнен 180 күн iшiнде немесе осындай бiршама кеш күнi Агент Банктiң қарауына сатып алу бағасының бiрiншi төлемiн жүзеге асыру өтiнiшiн ұсынбаса, онда Банк Агентті бұл туралы жеткiлiктi түрде хабардар ете отырып осы Келiсiмдi тоқтата алады.
6-3. Егер, мақұлданған соманың қандай да бiр бөлiгi 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн немесе Банк пен Агент арасында келiсiлуi мүмкiн мұндай бiршама кеш күнi пайдаланылмай қалса Банк Агентпен кеңескеннен кейiн пайдаланылмаған бөлiктi жоя алады.
7. Жабдықтарды сатып алуға Агенттiң уәдесi Жабдықтарды сатуға
Банктiң уәдесi
7-1. Агент Банктен жабдықтарды сатып алуға уәде бередi және Банк Агентке жабдықтарды Банк мақұлдаған шарттармен (Келiсiм Кiрiспесiнiң В-параграфына сәйкес), сондай-ақ Жалпы ережелерге сәйкес сатуға уәде бередi.
7-2. Сатуға деген Келiсiм жеткiзiлген күннен кейiн кешiктiрмей телекспен алмасу арқылы Банк пен Агент арасында жасалуы керек. Алмасуға жататын телекс III қосымша нысаны бойынша Агенттiң ұсынысы және IV қосымша нысаны бойынша ақшаларды төлеуге және тауар құжаттарына Банк келiсiмi болуы керек.
7-3. Егер қандай да бiр себеппен Агент барлық жабдықты немесе оның қандай да бiр бөлiгiн жеткiзуден бас тартса немесе оны жүзеге асыра алмаса немесе осы Келiсiмнiң 7-2-бөлiмiне сәйкес Сатуға деген Келiсiмнен бас тартса немесе жасай алмаса Банк жабдықты жеткiзу немесе оның жеткiзiлуiн оның тек жеке қарауы бойынша айқындалған әдiспен жүзеге асырылуы үшiн барлық күштi қолдануға құқылы болады, сондай-ақ сату бағасы мен Банк төлеген баға арасындағы айырмашылықтың, оған қоса жабдыққа байланысты туындаған басқа шығындардың орнын толтыру үшiн оның пiкiрiнше барлық қажеттi шараларды жүзеге асыруға құқылы.
8. Агенттің өкiлдiгi және кепiлдiгi
Агент Банкке мыналарды ұсынады және кепiлдiк бередi:
(1) заңды күшiне енуi, осы Келiсiмде және Сатуға деген Келiсiмде кепiлдiк берiлген оның құқықтары мен мiндеттемелерiн орындау үшiн заңды қажеттi барлық әркеттер тиiстi түрде орындалуына толық күш пен әрекетке ие екендiгiне.
(2) осы Келiсiмде және Сатуға деген Келiсiмде олар кепiлдiк берген мiндеттемелер Қазақстанның заңдарына сәйкес заңды, мiндеттi және күшiне ие екендiгiне және Қазақстанның кез-келген сотында немесе үкiмет агенттiгiнде екi Келiсiмнiң жазбасын, есебiн жүргiзуге немесе тiркеуге заңды атқару, толықтығы немесе сот тәртiбiмен күштеп атқару үшiн қажеттiлiгi жоқ.
9. Келiсiмнiң күшiне енуi
Осы Келiсiм Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеткiлiктi түрде өкiлеттi болып Агент атынан Келiсiмге қол қойылғандығы туралы куәлiк Банкке ұсынылмайынша күшiне енуге тиiстi емес.
10. Оның күшiне енуiне мүмкiн болмағандықтан Келiсiмнiң тоқтауы
Егер осы Келiсiм 1998 жылдың 30 маусымына дейiн күшiне енбесе Келiсiм және ол бойынша тараптардың барлық мiндеттемелерi Банк кедергiлердiң себептерiн қарағаннан кейiн Келiсiм күшi енетiн бiршама кешеуiлдеген күндi тағайындамайынша тоқтатылуы тиiс. Мұндай бiршама кешеуiлдеген күн туралы Банк Агенттiкке кешіктiрмей хабарлауы тиiс.
11. Бұзу және тоқтату
11-1. Үшiншi тараптың Банкпен және оның атынан орындаған операциялары үшiн қаржылық жауапкершiлiктi көздейтiн шарт жасалмайынша:
1) Агент мақұлданған соманы немесе оның бөлiгiн жою өтінішімен Банкке тiлек бiлдiруi мүмкiн;
2) Банк Агентке хабарлай отырып сатып алу бағасының төлемiн немесе қандайда бiр оның бөлiгiн мынадай жағдайлардың бiрiнде:
а) Агент тарапынан осы Келiсiмнен бөгде кез-келген Келiсiм бойынша Банкке немесе Банктiң басқа филиалына тиесiлi өзiнiң кез-келген соманы төлеу мiндеттемесiн орындау мүмкiндiгi болмағанда;
b) Агент осы Келiсiм бойынша мiндеттемелердiң қандай да бiрiн орындамаса;
с) Агент оның берешектерiнiң төлемдерiне мораторий жарияласа;
d) Банктiң пiкiрiнше Агенттің жобаны орындауы мүмкiн емес жағдайына әкелуi (i) немесе осы Келiсiмнiң мақсаттарына жетуге кедергi жасайтын төтенше жағдай туындаса;
е) Қазақстан Банкке мүшелiгiн тоқтата тұрса немесе Банкке мүшелiгiн тоқтатса;
f) Агенттiң жасаған мәлiмдемесi немесе осы Келiсiмнiң шарттары бойынша Банк тарапынан мақұлдау үшiн немесе осы Келiсiмдi жасау үшiн жобаны орындау барысында ұсынылған кез-келген өтiнiш кез-келген материалдық аспект бойынша орынсыз болса;
g) жобаның кез-келген қаржыландырылуын қаржыландырушы орган тоқтатса тоқтата алады.
Банктiң сатып алу бағасын төлеуi мұндай тоқтата тұруды тудырған жағдай немесе жағдайлар болғанын қойғанша немесе Банк Агентке бұрынғы мерзiмге қарамастан Банктiң сатып алу бағасын төлеу мiндеттемесi қалпына келмейтiнiн хабарламайынша толық немесе iшiнара тоқтатылуы бұдан әрi тоқтатылуға жатқызылуға тиiс, қалпына келтiру туралы мұндай кез-келген хабарлау кезiнде сатып алу бағасын төлеу мiндеттемесi тек осы шамада және осы хабарлауда мазмұндалған шарттар бойынша қалпына келтiрiлуi тиiс және мұндай хабарлау Банктiң кез-келген басқа немесе осы бөлiмде жазылған одан әргi жағдай туралы кез-келген құқығына, өкiлдiгiне немесе қызметiне ықпал етпеуi немесе зиян келтiрмеуi керек.
11-2. Осы Келiсiмнiң 6-2 және 6-3-бөлiмдерiне сәйкес егер Банктiң сатып алу бағасын төлеу мiндеттемесi мақұлданған соманың кез-келген сомасы туралы тоқсан күн iшiнде тоқтай тұруы тиiс болса немесе кез-келген уақыт кезiнде Банк Агентпен кеңескеннен кейiн мақұлданған соманың қандай да бiр бөлiгi жобаны қаржыландыруға қажет етiлмейдi деп айқындаса, онда Банк Агентке соманың осы бөлiгiн төлеудi тоқтату туралы хабарлай алады. Соманың сол бөлiгi хабарланғаннан кейiн жойылған деп саналуы керек.
12. Мiндеттемелерден босатылуы
Банктiң осы Келiсiм бойынша өз құқығын жүзеге асырудағы немесе қорғаудағы дәрменсiздiгi немесе мұндай жүзеге асыру немесе қорғау кезiндегi кешiктiру немесе Агентке қарсы құқығын қорғаудағы кез-келген қорғаныс құралын жүзеге асырудағы немесе бекiтудегi дәрменсiздiгi немесе мұндай жүзеге асыру немесе бекiту кезiндегi кешiктiру мұндай құқыққа немесе құқықты қорғау құралына зиян келтiрмеуi керек және мiндеттемеден немесе қорғаныс құралынан босатылғандығы ретiнде пайымдалмауы тиiс.
13. Реттейтiн заң, дауларды реттеу
13-1. Осы Келiсiм Ислам Шариғатының принциптерiне сәйкес реттелуi және пайымдалуы тиiс.
13-2. Осы Келiсiмнiң немесе Сатуға деген Келiсiмнiң тараптары арасында туындаған кез-келген дау немесе бiр тараптың екiншiсiне хабарлаған күннен 60 күн iшiнде тараптар арасындағы уағдаластық шешiлуi мүмкiн емес осы Келiсiм немесе Сатуға деген келiсiм бойынша туындаған бiр тараптың басқа тарапқа деген кез-келген талабы Төрелiк соттың қарауына ұсынылуы керек.
а) мұндай төрелiк тараптарының бiр тарабы Банк (Сатушы) және екiншi тарабы Агент (Сатып алушы) болуы тиiс.
b) Төрелiк сот мынадай түрде тағайындалған үш төреден тұруы тиiс:
Төрелердiң бiрiн Банк (Сатушы) тағайындауы тиiс, екiншi бiрiн Агент (Сатып алушы) тағайындауы тиiс, ал үшiншi төренi (бұдан әрi "Судья") тараптардың уағдаластығы бойынша тағайындалуы тиiс немесе егер, тараптар өзара келiсе алмаса оны Ислам Конференциясының Бас Хатшысы тағайындайды. Егер, тараптардың бiрi төрешiнi тағайындамаса, онда төрешiнi Судья тағайындайды.
Егер, осы бөлiмге сәйкес тағайындалған қандай да бiр төрешi оған жүктелген мiндеттерден бас тартса, қайтыс болса немесе iс-әрекетке қабiлетсiз болса оның мұрагерi мұның алдындағы төрешi сияқты тағайындалуы керек және мұндай мұрагер осындай мұның алдындағы төрешi сияқты барлық өкiлдiк пен мiндеттерге ие болады.
с) Төрелiк рәсiмдерi басқа тарап үшiн мұндай рәсiмдi телитiн тараптарды хабардар еткеннен кейiн осы бөлiм шеңберiнде енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай хабарламада төрелiк қарауына ұсынылатын даулар немесе талаптар сипатын бiлдiретiн өтiнiш, сондай-ақ табылған көмектiң сипаты және мұндай рәсiмдi телитiн тарап төрешiсiнiң аты, сондай-ақ ұсынылатын Судьяның аты көрсетiлуi керек. Хабарламадан кейiнгi 30 күн iшiнде екiншi тарап төрешiнiң атын тағайындаған, рәсiмдi телитiн тарапқа және ұсынылған Судьяның тағайындалуына оның келiсетiндiгiн немесе келiспейтiндiгiн хабарлауы тиiс.
d) Егер, төрелiк рәсiмдерiн өткiзу туралы мұндай хабарламаны алғаннан кейiн 60 күн iшiнде тараптар Судьяға қатысты Келiсiмге келмесе, онда тараптардың бiрi осы бөлiмнiң (b) параграфына сәйкес Судьяны тағайындау туралы өтiнiш бiлдiруi мүмкiн.
е) Төрелiк сот Судья тағайындаған сондай уақытта және сол жерде белгiленедi. Төрелiк сот оның отырысы қайда және қашан өткiзiлетiндiгiн айқындауы керек.
f) Осы бөлiмнiң шарттары бойынша және тараптардың өзге уағдаластықтарынан басқа жағдайларда Төрелiк сот оның құзырына байланысты барлық мәселелердi шешуi және оның рәсiмдерiн айқындауы тиiс.
g) Төрелiк сот барлық тараптарды тыңдауы және жазбаша түрде төрелiк шешiм шығаруы тиiс. Төрелiк соттың басым даусымен қол қойылған төрелiк шешiм осындай соттың төрелiк шешiмi болуы тиiс. Шешiмнiң қол қойылған көшiрмесi тараптардың әр қайсысына берiлуi тиiс. Осы бөлiмнiң шарттарына сәйкес шығарылған кез-келген төрелiк шешiм осы Келiсiм тараптары үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болуы тиiс. Осы бөлiмнiң шарттарына сәйкес Төрелiк сот шығарған төрелiк шешiмдi тараптардың әр қайсысы да ұстануы керек.
h) Тараптар төрелiк рәсiмдердi өткiзуге қатысушы төрелер мен басқа адамдарға берiлетiн сыйақылардың белгiленген сомаларын тағайындауы керек. Егер, тараптар Төрелiк сот шақырылғанға дейiн мұндай сома туралы уағдаласа алмаса, онда мұндай жағдайда сот мұндай соманы тағайындауы керек. Банк (Сатушы) пен Агент (Сатып алушы) төрелiк рәсiмдер кезiнде өздерiнiң жеке шығыстарын жабуы тиiс. Төрелiк соттың шығыстары өзара бөлiнуi және Банк (Сатушы) пен Агент (Сатып алушы) бiрлесе отырып бiрдей деңгейде жабылуы тиiс. Төрелiк соттың шығыстарын бөлуге немесе мұндай шығыстарды төлеу рәсiмдерiне байланысты кез-келген мәселенi Төрелiк сот айқындауы тиiс.
і) Осы бөлiмде белгiленген төрелiк шарттары осы Келiсiмнiң тараптары арасындағы кез-келген басқа рәсiмнiң немесе бiр тараптың екiншi тарапқа деген туындаған кез-келген талабының орнына қолданылуы тиiс.
j) Егер, төрелiк соттың шешiмiн тараптар әкелгеннен кейiн 30 күн iшiнде ол орындалмаса, онда кез-келген тарап соттың шешiмiн енгiзуi мүмкiн немесе кез-келген басқа мемлекетке қарсы құзыретті заңмен кез-келген сотта соттың шешiмiн күштеп енгiзу рәсiмдерiн енгiзе алады, соттың мұндай шешiмiн күштеп орындауы немесе осы Келiсiмнiң немесе Бөлiп-бөлiп сату туралы Келiсiмнiң шарттарын сот тәртiбiмен күштеп орындату мақсатында мұндай басқа тарапқа қарсы кез-келген басқа тиiстi шараны қолдануы мүмкiн.
k) Осы бөлiмнiң рәсiмдерiне немесе осы бөлiмге сәйкес шығарылған кез-келген төрелiк шешiмдi күштеп орындатудың қандай да бiр рәсiмдерiне байланысты кез-келген хабарламаны немесе процестi талқылау осы Келiсiмнiң 14-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң тараптары кез-келген осындай хабарламаны немесе процестi талқылау бойынша қандай да бiр және барлық басқа талаптардан бас тартады.
14. Хабарлау
14-1. Басқа тарапқа осы Келiсiм шеңберiнде берiлуi мүмкiн кез-келген хабарлама немесе сұрау салу жазбаша түрде орындалуы және телекс немесе факс бойынша жiберiлуi тиiс. Мұндай хабарлама немесе сұрау салу, егер олар талап ету немесе мекен-жай бойынша қолма-қол, поштамен, жеделхатпен, телекспен немесе факспен жеткiзiлген болса немесе екiншi тараптың осы
Келiсiмнiң 14-2-бөлiмiнде көрсетiлген мекен-жайына жолданса немесе осындай мекен-жай иесi тарапқа осындай мекен-жай бойынша тағайындаса және осындай хабарламаны берушi немесе сұрау салушы екiншi тарапқа оны хабарласа жеткiлiктi түрде рәсiмделуi және жасалуы тиiс. 14-2. Осы Келiсiмнiң 14-1-бөлiмшесiне сәйкес өздерiнiң мынадай мекен-жайларын хабарлайды: Банк: Ислам Даму Банкi Р.О.Вох: 5925 Jeddah-21432 Сауд Аравиясы Корольдiгi Телекс: 601137 SDB SJ BANKISLAMI JEDDAN Факс: 6366871. Агент: Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығы Желтоқсан 62. 480004, Алматы, Қазақстан факс:324844 телекс: Осы Келісімнің тараптары Келісімнің кіріспесінде көрсетілген күні осы Келісімді Растап қол қойды. Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін және оның атынан: _____________________________ Ислам Даму Банкі үшін және оның атынан: _____________________________ 1 Қосымша Жабдықтардың тізбесі Жүрек-қан тамырлары хирургиясы үшін жабдықтар: Магниттік резонанстық томограф MRICT Scanner (компьютерлік томография) Мониторларды, газ компрессорларын және басқа жабдықтарды қосқанда операция жасауға арналған анестезиялық жабдық. Өкпені жасанды желдету жүйесі 10 орындық мониторлар жүйесі. Трансплантациялық жабдықтар: Автотрансфузиялық жабдық (Sequestra) АСТ ІІ (Автоматты Коагуляциялық Хронометр) Гемостазды басқару жүйесі (Hemostatis) Операция жасауға арналған шамдар II Қосымша Жобаның сипаты
Осы жобаның мақсаты Қазақстан, Алматы, Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығын қалпына келтiру және жабдықтау болып табылады. Орталық халықаралық үлгiлерге сәйкес, науқастардың шет елдерде емделуiн қажет етпей жүрек, бүйрек, бауыр және өкпе ауруларымен ауыратын ауруларды емдеу бойынша барлық қызмет көрсетулердi орындауға арналған. Бiршама жетiлдiрiлген жабдықтар көршi елдерден әлеуеттi науқастарды тартуы тиiс. Одан басқа, жобаның аяқталуы мынадай мақсаттардың орындалуына ықпал ететiн болады:
(1) Елiмiзде жүрек-қан тамырлары ауруларын, бүйрек, бауыр және т.б. ауруларды емдеу үшiн жағдайлармен қамтамасыз ететiн Орталық болуына. (2) Жүрек, бүйрек және бауыр ауруларының мәселелер бойынша медицина мекемелерiнiң студенттерi мен денсаулық сақтау саласында жұмыс iстейтiн дәрiгерлердi, сондай-ақ басқа да медицина қызметкерлерiн оқытуға. (3) Жүрек, бүйрек және бауыр аурулары саласында аспиранттық медициналық бiлiм алуды, оқуды және зерттеудi қамтамасыз ету. ІІІ Қосымша Ұсыныс нысаны Ислам Даму Банкі Джидда Сауд Араб Корольдігі Телекс N 601137 ISDD SI Біз, Қазақстан Республикасының Үкіметі ___________ күні Ислам Даму Банкі бізбен жасаған Келісімге сәйкес және осы Келісімнің 7-бөліміне сәйкес Келісімнің қосымшасындағы (В) параграфында және осы Келісімнің V қосымшасында баяндалған шарттармен Ислам Даму Банкі атынан біз жеткізген жабдықтарды сатып алуды ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: IV Қосымша Акцепт нысаны Сіздің _________ күні N _____ телексте баяндалған ұсынысқа, Ислам Даму Банкі _________ күні бізбен жасаған Келісімнің 7-бөліміне сәйкес осымен Келісімнің преамбуласындағы (В) параграфының және оның V қосымшасының шарттарымен Сізге сатуға келіседі. Сатып алу бағасының жарналық сомасы және төлем күні мынадай: Ислам Даму Банкі V Қосымша Жалпы ережелер 1. Айқындамалар Төменде баяндалған Жалпы ережелердегi кейбiр терминдер мынадай мағыналарды бiлдiредi:
А. (i) "Агенттiк Келiсiмi" Банк атынан Келiсiмнiң I Қосымшасында келтiрiлген жабдықтарды сатып алуға және жеткiзуге өкiлеттi Банк Ислам Даму Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалған Келiсiмдi білдiредi;
(ii) "Сатушы" Ислам Даму Банкiн бiлдiредi;
(iii) "Сатып алушы" Қазақстан Республикасын бiлдiредi.
В. Келiсiмде қолданылған барлық терминдер мазмұны бойынша басқадайлар көзделмесе Агенттiк Келiсiмiндегiдей сондай мағынаға ие болуы тиiс және төменде келтiрiлген терминдер мыналарды бiлдiредi:
(i) "Күрделi салымдардың жетiлу кезеңi" сатып алу бағасы алғашқы күннен басталатын және екi жылдан соң немесе сатушы мақұлдаған кез-келген кезеңде аяқталатын осындай кезеңдi бiлдiредi.
(ii) "Сатуға деген Келiсiмнiң күшiне енетiн күнi" Келiсiмнiң сатуға қойылатын күндi немесе Келiсiмнiң 7-бабына сәйкес әрекет етудi бiлдiредi.
(iii) "Жұмыс күнi" валютамен сату туралы Келiсiм шеңберiнде Сатып алушының Сатушыға соманы немесе сомаларды төлеуге жататын жұмыс үшiн банк ресми ашылған, мұндай төлемдер жасалатын күндi бiлдiредi.
(iv) "Салық" кез-келген салықты, алымды, бажды, кедендiк бажды немесе осындай сипаттағы басқа да төлемдердi (Сатып алушының Сатушыға төлеуiне жататын кез-келген айыппұлдарды шектемей төлейтiнiн қосқанда) бiлдiредi.
(v) "Сату бағасы" Келiсiмнiң 3-тармағына сәйкес Сатып алушының Сатушыға төлеуiне жататын жабдықтардың бағасын бiлдiредi.
(vi) "Ислам динары" ("ID ") Келiсiмнiң 4(1)(а)-бабына сәйкес айқындалған, Сатушы белгiлейтiн Сатушының ақша өлшемiн бiлдiредi - бiр Ислам Динары Халықаралық Валюта Қорындағы Қарыз алудың Арнаулы Құқығының (ҚАҚ) бiрiне сәйкес.
2. Сатып алушының жабдықтарына деген мүлiктiк құқығын беру
2.1 Жабдықтарға деген иелiк құқығы Сатып алушыға Сату туралы Келiсiм күшiне енген күнi берiлуi тиiс. Сол уақыттан бастап Сатып алушы меншiк иесi ретiнде жабдықтарға иелiк етедi және қатерлер көрсетiлген күннен бастап келтiрiлген зияндарды, жоғалтуларды немесе бүлiнудi көтеруi тиiс.
2.2 Сатып алушы жабдықтарды қарағандығын және тыңғылықты тексеру барысында жүз беруi мүмкiн қандай да бiр ақаусыз оны жақсы жағдайда деп есептейтiнiн және ол сатуға деген шартта белгiленген барлық өлшемдер бойынша ерекшелiктерге сәйкес келетiндiгiн растайды және қабылдайды.
2.3 Егер, жабдықтардың жасырын бүлiнгенi анықталса, Сатушы Сатып алушыға кез-келген кепiлдiктегi ақша сомасын қаржыландыруды, жеткiзушiнiң Сатушыға берген және Сатып алушы зерттеп әрi қабылдаған жабдықпен байланысты шарттарды немесе кепілдiктердi, сондай-ақ заң бойынша көзделген немесе Сатушының пайдасына әдеттегiдей таңылған барлық тапсырылымдарға немесе кепiлдiктерге кепiлдiк бередi.
3. Сату бағасы
3.1 Сатып алушыға жабдықтарды сатушы Сатушыны қараған кезде Сатып алушы осы Агенттiк Келiсiмiнiң IV қосымшасында көзделген (немесе 3.2-тармақшаға сай сатып алушының хабарлауына сәйкес) шоттарды төлеуге деген келiсiм көрсетiлген телекспен Сатушының Сатып алушыға берiлуi тиiс жарналар кестесiнде белгiленген сату бағасын Сатып алушы Сатушыға төлеуге кепiлдiк бередi. Алғашқы жарна салымдардың жетiлу кезеңiнiң соңынан алты ай толғанда төленуi тиiс және одан кейiн төленетiн әр бiр жарна тiкелей мұның алдындағы төлем күнiнен алты ай толғанда төлеуге жатады.
3.2 Егер, сатып алуға деген келiсiм-шарт шарттары бойынша жабдықтардың түрлi баптары әр күндерi жеткiзiлетiн болса сату бағасының жарналары мен төлем күнi жабдықтың соңғы тармағы жеткiзiлген күннен кейiн және Сатып алушыға хабарлануы тиiс.
3.3 Ерекше жылға немесе оларды төлейтiн осындай күннiң алдына келетiн Сатушының Сатып алушыға сату бағасының жарналарын төлеу үшiн Сатып алушыға осындай жыл үшiн төленген жарналарға қатысты Сатушыға есептелетiн 15% үстеме көлемiнде шегерiм жасау құқығы берiлуi тиiс.
4. Төлемдер
4.1 4.4-тармақшаға сәйкес, осы Келiсiмнiң шеңберiнде Сатып алушының
Сатушыға жасауы тиiстi, әр бiр төлемi Сатушының шотына төленген күнгi құн бойынша Сатушыны қанағаттандыратын кез-келген айырбасталатын валютамен немесе Сатушы Сатып алушыны жазбаша түрде белгiлi бiр уақыттары хабардар етiп отыруы мүмкiн, осындай басқа тәсiлмен жүзеге асырылуы тиiс. 4.2 Осы Келiсім бойынша Сатып алушы жүргiзуi мүмкiн барлық төлемдер егер мына банктердiң кез-келгенi Сатып алушының шотына мұндай төлемдердi Сатушы растаса, тиiстi түрде жүзеге асырылды деп есептелуi тиiс: (а) Егер, мұндай төлем АҚШ долларымен жасалса: (i) N 001591.11 шот Сауди Халықаралық Банкi 99, Вishорgаtе, London ЕС 2М 3 ТВ Телекс: 8812261, 881262 (ii) N 10507 шоты Араб банк корпорациясы Р.О.Вох: 5698, Маnама, Ваhrаin Телекс: 9385, 943/2/3 9442 АВСВАН ВN (b) Егер мұндай төлем француз франкiмен жасалса: N 96965.9.001.00 Union De Banques Аrаbеs Еt Francaises (U.D.А.F.) 190 Аvеnuе Сhаrlеs Dе Gaulle 92523 Neuilly Сеdех, Ғrаnсе Телекс: UBAFRA (с) Егер мұндай төлем стерлинг фунтпен жасалса: N 708372 Gulf International Bank 2-6 Саnоn Street6 London EC 4M 6 XP Телекс: 8813326, 8812889
4.3 Егер қандай да бiр төлем жұмыс күнi болып табылмайтын күнге сәйкес келсе, төлем келесi жұмыс күнi жасалуы тиiс.
4.4 Ислам Динары осы Келiсiм бойынша Сатып алушыдан кез-келген алынатын әр сома бойынша бiрыңғай шот болып табылады.
Егер, Ислам Динарындағы кез-келген соманы кез-келген басқа валютаға немесе керiсiнше аудару керек болса қолданылатын проценттiң ставкасын Сатушы белгiлейдi. Сатушы әдетте мұндай айырбастауды мұндай төлемдер жүзеге асырылатын күнi ХВҚ келiсе отырып Халықаралық Валюта Қорындағы Қарыз алудың Арнаулы Құқығындағы (ҚАҚ) орын алып отырған проценттiк ставкасы негiзiнде жүзеге асырылады.
4.5 Келiсiм бойынша Сатып алушының жасаған барлық төлемдерi шегерiмсiз немесе кез келген салықтың, өтемақының, қарсы талаптың және т.б. сомасына жатқызбай еркiн және таза болуы керек. Егер заң бойынша осы Келiсiм бойынша сатушы төлеуге жататын сомадан мұндай ұсталым немесе шегерiм жасау керек болса, осындай түрде ұстамай және шегермей ол алатын сомаға тең таза соманы сатушы алады және сақтайды (мұндай ұсталым немесе шегерiмге қатысты кез келген мiндеттемеден бос) мұндай ұсталым немесе шегерiм жүзеге асырылғаннан кейiн қамтамасыз етуге тиiстi осындай шамада ұлғайтылуы тиiс.
5. Сатып алушының міндеттемелерді бұзуы
Сатып алушы Сатып алу туралы Келiсiм жөнiндегi мiндеттемелердi бұзған болады, егер:
(а) Сатып алушы сомаларды төлеу мерзiмiнен кейiн 30 күн iшiнде сатуға Келiсiм бойынша жататын қандай да бiр сомаларды толық төлем жасай алмаса (акцепт сатушының iшiнара төлемдерiн Сатып алушының төлемдерiн толықтай жүргiзуге дәрменсiздiгiнен бас тартқанын белгiлемеуi тиiс); немесе
(b) Сатып алушының Агенттік Келiсiмдегi кез келген ұсынысы немесе тапсырысы оны жүзеге асыратын күнi кез келген материалдық мәселе қолайсыз немесе жалған деп дәлелденсе; немесе
(с) Сатып алушы Сатуға деген Келiсiмнiң материалдық шарттарын орындамаса немесе бұзса.
6. Қорғаныс шаралары
Егер Сатып алушы Келiсiм бойынша қандай да бiр мiндеттемелерiн бұзса, мұндай тәртiп бұзушылық туралы Сатып алушы Сатушыны хабарлаған күннен кейiн 30 күн iшiнде қалпына келтiрiлмесе, Сатушы сату бағасының қалған сомасын төленбеген деп жариялауы мүмкiн, ол жедел арада төленуi тиiс, одан кейiн Сатып алушы осы Келiсiм бойынша Сатушыға төлеуге жататын кез келген басқа сомалармен қатар сату бағасының төленбеген қалған сомаларын Сатушыға жедел арада Сатып алушы бөлiп-бөлiп төлеуi тиiс.
7. Сатуға деген Келiсiмнің күшіне енетін күні
7.1 Сатуға деген Келiсiм Агенттiк Келiсiмнiң 7-2-бөлiмiне сәйкес Сатушының акцептiмен телексiне Сатып алушы Сатушыға берген күнi күшiне енедi.
7.2 Сатып алушы Сатуға деген Келiсiм күшiне енетiн күнiнен бұрын жабдықтарды пайдалануға құқығы жоқ. Бiрақ егер Сатып алушы жеткiзiлген күннен 21 күнi iшiнде Агенттiк Келiсiмнiң 7-2-бөлiмiне сәйкес ұсыныспен телекстi жiбере алмаса, онда Сатуға деген Келiсiм жеткiзiлген күннен қорытынды және күшi бар деп саналуы тиiс.
8. Есеп-қисап Сатып алушы Сатушының қарауына мынадай есептердi ұсынуға кепiлдiк бередi:
(а) Агенттiк Келiсiм күшiне енген күннен кейiн 3 ай iшiнде және одан әрi 3 айда бiр рет Сатушы уақыт өткен сайын айқындайтын түрде Жобаның орындалу нәтижесi және барысы туралы есептеменi;
(b) Жоба бойынша бастапқы операцияларды орындауға арналған, Сатушы сұрағанындай көлемде және толық аяқталғаны туралы есептеменi;
(с) Сатушы сұрауы мүмкiн кез келген басқа есептi немесе ақпаратты.
9. Талап ету құқығы мiндетiнен бас тарту
Сатуға деген Келiсiм шеңберiндегi оның қандай да бiр құқығын орындауға немесе бекiтуге қабiлетсiз болса немесе құқықты орындау немесе бекiту кезiнде оны кешiктiрсе немесе Сатып алушыға қарсы қандай да бiр қорғаныс шараларын орындауда немесе бекiтуде Сатушы қабiлетсiздiк танытса немесе мұндай орындау немесе бекiту кезiнде кешеуiлдетсе мұндай құқыққа немесе қорғаныс шараларына зиян келтiрмеуi тиiс және мұнадай құқықтан немесе қорғаныс шараларынан бас тартқан ретiнде пайымдалмауын керек.
10. Реттейтiн заң, дауларды реттеу
10.1 Сатуға деген Келiсiмнiң Ислам Шариғатының принциптерiне сәйкес реттелуi және пайымдалуы тиiс.
10.2 Сатушы және Сатып алушы Сатуға деген Келiсiмдi пайымдау немесе орындау кезiнде кез келген дауды достық түрде реттеу үшiн барлық күштi жұмсауы тиiс. Достық түрде шешiлуi тиiстi кез келген дау Агенттік Келiсiмнiң 13-бөлiмiнде белгiленген төрелiк рәсiмдерiне сәйкес төрелiк сотқа берiлуi тиiс.
11. Хабарлау
Сатуға деген Келiсiм бойынша талап етiлетiн кез келген хабарлау немесе сұрау салу екiншi тарап үшiн жазбаша түрде орындалуы және телекс немесе факс бойынша берiлуi тиiс. Мұндай хабарлама немесе сұрау салу, егер олар талап ету немесе мекен-жай бойынша қолма-қол, поштамен, жеделхатпен, телекспен немесе факспен жеткiзiлген болса
немесе екiншi тараптың осы Келiсiмнiң 14-2-бөлiмiнде көрсетiлген мекен-жайына жолданса немесе осындай мекен-жай иесi тарапқа осындай мекен-жай бойынша тағайындаса және осындай хабарламаны берушi немесе сұрау салушы екiншi тарапқа оны хабарласа жеткiлiктi түрде рәсiмделуi және жасалуы тиiс. Оқығандар: Омарбекова А. Нарбаев Е.