Америка Құрама Штаттары, Колумбия округiнде жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiм (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Несие жөніндегі келісім (Ауыл шаруашылығына жекешелендіруден кейінгі қолдау жасау жобасы) 1998 ж. 23 маусым Әділет Департаменті Құпия 7 келісім жобасы Тарик Хасан, 24 сәуір, 1998 жыл 1998 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Колумбия округіндегі Вашингтонда өткен келіссөздер негізінде әзірленді. Қамтамасыз етілген қарыз жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды тоқтатудың ұсынылатын шарттары осы келісімнің келіссөздердің келісілген хаттамасындағы 3 пунктіне сәйкес енгізіледі. Бейресми аударма Несиенің номері 4331 KZ Несие жөніндегі Келісім <*> ________________________________________
<*> - Несие жөніндегі Келісімнің орыс және қазақ тiлдерiндегi нұсқасы Келісімнің нақты нұсқасы ретiнде танылмайды. Келісімнің ХКДБ - мен келiсiлген ағылшын тiлiндегi нұсқасы ғана нақты текст ретiнде танылады.
Қазақстан Республикасы (бұдан былайғы жерде Несие алушы) мен Халықаралық қайта құру және даму Банкінің (бұдан былайғы жерде Банк) арасындағы 1998 жылғы 23 маусым Несие жөніндегі келісім
(А) Несие алушыдан Банкке 1998 жылғы 4 мамыр Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың, осы жөнiндегi мақсат пен саясаттың бағдарламасын (бұдан былайғы жерде Бағдарлама) талдап ұсынған хат түсуiне байланысты және Несие алушының осы Бағдарламаны орындауға мүдделiлiгiн;
(В) Несие алушының Банктен осы Бағдарламаны орындауды қолдау үшiн Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында он жыл мерзiм iшiнде 85 000 000 АҚШ долларына дейiнгi мөлшерде бiрқатар несиелер босатуын сұрағанын;
(С) Несие алушының осы келiсiмге тiркелген Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн қалыптастыратын 2-ші Қосымшасында сипатталған Жобасының күмансыз орындалатыны және үстемдiгi турасында нық сенiм бiлдiре отырып осы Жобаны қаржыландыруға көмек сұрауын;
(D) Несие алушы мен Ноу-Хау жөнiндегi Британия қорының (НХБҚ) арасында британдық грант жөнiнде жасалатын шарт бойынша (НХБҚ) Несие алушыға жобаны (бiр бөлегiн) қаржыландыру мақсатында британдық грант жөнiндегi келiсiмге сәйкес жалпы сомасы (525000) (фунт стерлинг) тең грант (сыйлық) босататынын;
(Е) Несие алушы мен Европалық одақ (ЕО) арасында жасалатын
шарт бойынша Несие алушыға жобаны (бiр бөлегiн) қаржыландыру мақсатында ЕО келiсiмiне сәйкес жалпы сомасы 1'200'000 экю мөлшерiнде 1'300'000 АҚШ долларына тең ЕО грантын (сыйлық) босататынын; және жоғарыда айтылғандардың негiзiнде Банктiң Несие алушыға Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн қолдау мақсатында осы Келiсiмде қарастырылған шарттар мен мерзiмге несие босатуға келiсуiн Еске ала отырып, екi жақ төмендегiдей мәмiлеге келдi: 1 Бап Жалпылама шарттар; Анықтама
1.01.Тарау. Банктегi бiрегей валюталық несиелер мен кепiлдiктер жөнiндегi 1995 жылғы 30 мамырдағы (1997 жылғы 2 желтоқсанда енгiзiлген өзгерiстердi қоса қарағанда) Жалпы шарттар осы келiсiмнiң бөлiнбес бiр бөлегi болып табылады;
1.02. Тарау. Контексте басқаша болмаған жағдайда Жалпы шарттардағы кейбiр терминдер осы анықтамаларда бекiтiлген қалпында қала бередi, ал қосымша терминдер төмендегiдей мағынаны бiлдiредi:
(а) "АК" - ақыл-кеңес, оларға осы келiсiмге тiркелген 5-шi қосымшаның А бөлiгiндегi 6-шы пунктiнде сiлтеме жасалған;
(b) "СНК" - Қаржы министрлiгiнде құрылған сырттан несие енгiзетiн комитет;
(с) "Шектеусiз қосымша несие" - осы келiсiмге тiркелген 5-шi Қосымшаның D бөлiгiндегi (2(b) пунктiндегi ережелерге сәйкес анықтама бойынша шектеусiз қосымша несие ретiнде сараланатын жанама несие.
(d) "АШМ" - несие алушының ауылшаруашылық министрлiгi және оның құқықтық мұрагерi немесе мұрагерлерi;
(е) "Қаржы министрлiгi" - несие алушының Қаржы министрлiгi және оның құқықтық мұрагерi немесе мұрагерлерi;
(f) "ҚҚМ" - "Қатысушы қаржылық мекеме" - сайып келгенде Жобаға қатыстыру мақсатында осы келiсiмге тiркелген 5-шi қосымшаның В бөлiгiне сәйкес таңдалып алынған қаржылық мекемелердiң жиынтық атауы; "ҚҚМ" немесе "Қатысушы қаржылық мекеме" жеке мағынада қолданылса сол мекемелердiң кез-келгенiн мағыналайды;
(g) "ЖОБ" - "АШМ" құрамында Жобаны жүзеге асыруға көмек жасау мақсатында құрылған Жобаны орындау бөлiмi;
(h) "ЖӘА" - Несие алушы мен Банк арасында 1997 жылдың 2 желтоқсаны мен 1997 жылдың 26 желтоқсаны аралығындағы хаттар алмасуына сәйкес Банк тарапынан Несие алушыға Жобаны әзiрлеу мақсатында бөлiнген аванс;
(i) "ААКО" - осы келiсiмнiң 6.01.(а) тарауына сәйкес құрылған ауылдық ақыл-кеңес орталықтары;
(j) "Ауылшаруашылық кәсiпорны" - жеке алғанда "ҚҚМ" тарапынан қосымша қаржы бөлiнген немесе бөлуге ұсынылған кәсiпорын; ал "Ауылшаруашылық кәсiпорындары" - сайып келгенде бүкiл осындай кәсiпорындарды мағыналайды;
(k) "Арнаулы есеп" - осы келiсiмнiң 2.02. (b) тарауында сипатталған есеп;
(l) "Шектеусiз қосымша несие" - несие қорынан Ауылшаруашылық кәсiпорындарына қосымша жоба үшiн "ҚҚМ" тарапынан қосымша бөлiнген немесе бөлуге ұсынылған қосымша несие.
(m) "Қосымша жоба" - Ауылшаруашылық кәсiпорны тарапынан қосымша несие қорын пайдалану арқылы iске асырылатын нақтылы даму жобасы;
(n) "Қосымша несие жөнiндегi келiсiм" - осы келiсiмге тiркелген 5-ші қосымшаның 3-шi пунктiне сәйкес Несие алушы мен "ҚҚМ" арасында уақыт ағымына байланысты өзгерiстердi ауық-ауық енгiзiп отыру негiзiнде жасалатын iшкi кредиттiк келiсiмдер әрi мұндай сөз тiркесi Қосымша несие жөнiндегi келiсiмдердiң бүкiл қосымша тiркемелерiне тән; "Қосымша несие жөнiндегi келiсiм" жеке мағынада қолданылса көрсетiлген келiсiмдердiң кез-келгенiн мағыналайды;
(о) "Теңге" - Несие алушының заңды валютасы.
2 Бап
Несие
2.01. Тарау. Банк Несие алушыға Несие жөнiндегi осы келiсiмде көрсетiлген шарттар мен мерзiмге сәйкес өнбес миллион АҚШ долларына (15.000.000 миллион доллар) тең несие босатуға келiседi.
2.02. (а) Осы келiсiмге тiркелген 1-ші қосымшадағы Ережелерге орай несие сомасы Несие есебiнен мынадай мөлшерде түсiрiлiп алынуы мүмкiн: (i) Несие алушы тарапынан Ауылшаруашылық кәсiпорнының Қосымша жобаға қажеттi тауарлар мен қызметтердi қолайлы бағаға сатып алу мақсатында Қосымша несие қорынан қажетiнше алуына байланысты Несие қорынан қаржы алатыны жайында күнiбұрын мәлiмдеуi арқылы төлеген (немесе Банктiң келiсуi бойынша төленуге тиiстi) сома; және (іі) осы келiсiмге тiркелген 2-ші қосымшада сипатталған, әрi Несие қорынан қаржыландырылуға жататын сомаға жобаға қажеттi тауарлар мен қызметтердi қолайлы бағаға сатып алу мақсатында жасалған (немесе Банктiң келiсуi бойынша жасалуға тиiстi) шығындар.
(b) Несие алушы Жобаның мақсаттары үшiн Банкке тиiмдi әрi Банкке қолайлы деп табылатын, оның iшiнде қарама-қарсы талаптардан, тәркiлеуден немесе тұтқындаудан тиiстi дәрежеде қорғай алатындай шарттарға сәйкес арнаулы долларлық депозит есебiн ашып, онымен жұмыс жүргiзе алады. Осы арнаулы есепке салымдар жасау немесе бұдан төлемдер атқару осы келiсiмге тiркелген 6-шы қосымшадағы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
(с) Осы келiсiм күшiне енгеннен кейiн iле-шала Банк несие қорынан Несие алушының атынан Жобаны әзiрлеуге арналған аванстың есептен түсiрiлiп алынып, осы күнге дейiн өтелмеген негiзгi сомасын және оған тән бүкiл өтелмеген төлемдердi толтыруға қажеттi мөлшердегi қаржыны өзiне түсiрiп алады. Бұдан кейiн Жобаны әзiрлеуге арналған аванстың алынбаған қалдығы жойылады.
2.03. Тарау. 2002 жылдың 31 қаңтары немесе Банк тағайындаған бұдан кейiнгi күндердiң бiрi жабылу күнi болып белгiленедi. Ондай кейiнгi күндер жайында Банк Несие алушыға дереу хабар бередi.
2.04. Тарау. (а) Несие алушы Банкке есептен алынбаған негiзгi несие қоры жөнiндегi мiндеттемесi үшiн жылдық проценттің төрттен үші (1%-ттiң 3/4-i) мөлшерiнде ауық-ауық комиссия төлейдi.
2.05. Тарау. (а) Несие алушы несиелiк шоттан алынған несиенiң негiзгi өтелмеген сомасы бойынша процент есептеудiң әр мезгiлiнде ЛИБОР-дың базалық қойылымына тең және оған қоса жиынтық ЛИБОР спрэд төлейдi.
(b) Осы тараудың мақсаттары үшiн:
(i) "Процент төлеу мерзiмi " - процент төлеу мерзiмiнiң осы Келiсiм күнiнен бастап және оны қоса, бiрақ проценттiк төлемнiң осы күннен кейiн iле-шала басталатын күнiн есептемегендегi және алғашқы күннен әрi оны қоса, бiрақ проценттiк төлем күнiн есептемегендегi мерзiм.
(іі)" Проценттік төлем күнi" - осы келiсiмнiң 2.06 тарауында көрсетiлген күн.
(ііі) "ЛИБОР-дың базалық қойылымы" - алты айға арналған долларлық депозиттің Лондондағы Банкаралық базарда Банк тарапынан негiзделiп анықталатын және процент есептеудiң бiрiншi күнiне (немесе есептеудiң алғашқы кезеңiнде проценттiк төлем күнiне немесе осындай процент есептеу күнiне, болмаса процент есептеудiң бiрiншi күнiне дейiнгi келесi күнге) бағаланатын жылдық процент мөлшерi.
(iv) "Жиынтық ЛИБОР спрэд" - процент есептеудiң әр кезеңiне:
(а) бiр проценттiң жартысы (1 %-тен 1/2);
(b) - немесе + процент есептеудiң Лондондағы Банкаралық ұсыныс қойылымынан немесе Банктiң өтелмеген несие қорына, болмаса Банк тарапынан бiрегей валюталы несиелердi немесе осындай несиелердiң белгiлi бiр бөлiгiн қаржыландыру мақсатында бөлiнген қаржыдан не жоғары, не төмен мөлшерде негiзделiп анықталатын жылдық процент мөлшерi.
(с) Банк процент есептеудiң әр кезеңiне анықталатын ЛИБОР-дың базалық қойылымы және Жиынтық ЛИБОР спрэд жөнiнде Несие алушыға дереу хабар бередi.
(d) Егер проценттiк қойылымдарды анықтаудың 2.05 Тарауда көрсетiлген тәртiбiне әсер ететiндей нарық өзгерiстерi қалыптасуына байланысты банк өзiнiң несиешiлерi және тұтастай Банктiң өз мүдделеріне орай несие жөніндегі проценттік қойылымдарды анықтаудың жоғарыдағы 2.05 Тарауынан өзгеше базасын қолдануды тағайындайтын болса, онда Банктің бұл жөнінде Несие алушыға кемінде алты (6) ай бұрын хабарлай отырып, несие жөніндегі проценттік қойылымдарды анықтаудың базасын өзгертуіне мүмкіндігі бар. Хабарлау мерзімінің аяқталуына қарай базалық қойылым іске қосыла бастайды, алайда көрсетілген мерзім шеңберінде Несие алушы Банк тарапына өзінің қарсылығын білдірген жағдайда жоғарыда айтылған өзгерістер Несиеге қолданылуы мүмкін емес.
2.06. Тарау. Процент және басқа да төлемдер әр жылдың 15 маусымы мен 15 желтоқсанына өтелуі тиіс.
2.07. Тарау. Несие алушы несиелік қаржының негізгі сомасын осы келісімге тіркелген 3-ші қосымшадағы кестеге сәйкес төлейді.
3 Бап
Жобаны орындау
3.01. Тарау. (а) Несие алушы Жобаның осы келiсiмге тiркелген 2-шi қосымшада мазмұндалған мұраттарына мүдделi екендiгiн мәлiмдейдi және осы мақсатта Жобаны АШМ арқылы тиiстi дәрежедегі тиiмдiлiк, әкiмшiлiк және қаржылық тәжiрибе жағдайында жүзеге асырады, әрi қажет болған жағдайда Жобаға қажеттi қаржы, мекен-жай, қызмет көрсету және басқа да қорлармен кiдiрiссiз қамтамасыз етiп отырады.
(b) Осы тараудың (а) пунктiндегi ережелерге шектеу қойылмаған, немесе Несие алушы мен Банк басқаша келiспеген жағдайда Жобаны Несие алушы Жобаны iске асырудың осы келiсiмге тiркелген 5-шi қосымшада сипатталған бағдарламасына сәйкес орындайды.
3.02. Тарау. Банкпен басқаша келiсiлмеген жағдайда Жоба үшiн қажет, әрi несие қорынан қаржыландырылуға тиiстi тауарлар мен ақыл-кеңес қызметiн сатып алу iсi осы келiсiмге тiркелген 4-шi қосымшадағы Ережелер арқылы реттеледi.
3.03. Тарау. Жалпы жағдайлар жөнiндегi 9.08 тарауда көрсетiлген мүдделер үшiн және ондағы ережелердi шектеместен Несие алушы:
(а) Қорытынды күннен кейiнгi алты ай iшiнде немесе одан да кешірек мерзiм iшiнде Жоба мүдделерiн орындаудың үзiлмеуiн қамтамасыз етудi күнiбұрын қарастыратын әрi Несие алушы мен Банк арасында келiсiлетiн жоспарды Банк үшiн тиiмдi негiзде жасап ұсынады; және
(b) осы жоспар турасында Банктiң Несие алушымен пiкiр алысуына мүмкiндiк жасайды.
4 Бап
(Қаржылық жағдайлар)
4.01. Тарау. (а) Несие алушы Жобаның немесе оның белгiлi бiр бөлiгiнiң орындалуына қатыстырылған мекемелер мен ведомстволардың Жобаға қатысты қорлар мен шығындарға байланысты iс-әрекеттерiн, есеп құжаттары мен шоттарын бухгалтерлiк есептiң тиiстi дәрежедегi тәжiрибесiне сай жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
(b) Несие алушы:
(i) осы тараудың (а) пунктiнде көрсетiлген есеп құжаттары мен шоттар, оның iшiнде Арнайы шот бойынша әрбiр қаржылық жыл сайын Банк үшiн тиiмдi жағдайда тәуелсiз аудиторлар тарапынан аудиттiң тиiстi мұраттарына сай түрде аудиторлық тексеру өткiзудi қамтамасыз етедi.
(іі) айтылған аудиторлар тарапынан жүргiзiлген аудит даяр болғаннан кейiн, бiрақ қаржылық жыл аяқталғаннан кемiнде алты ай мерзiм iшiнде осы тексерудiң Банк негiздi түрде талап еткен егжей-тегжейлi көлемдегi қорытындысын Банкке табыс етедi; және
(iіі) есеп құжаттары мен шоттар және аудиторлық тексерулер турасында Банктiң негiзделген түрдегi сұрауы бойынша оған ауық-ауық мағлұматтар берiп тұрады.
(с) Несие шотынан шығын тiзiмдерi арқылы түсiрiлiп алынған шығындар турасында Несие алушы:
(i) осы тараудың (а) пунктiне сәйкес осындай шығындарды ашып көрсететiн есеп құжаттары мен шоттарды жүргiзедi немесе жүргiзудi қамтамасыз етедi;
(ii) Банк ең соңғы қаржылық жыл жөнiндегi аудиторлық есептi алғаннан кейiн Несие шотынан түсiрiлiп алынған қаржы немесе Арнайы шоттан жасалған төлемдер жайындағы есеп-қисапты қуаттайтын бүкiл құжатнамаларды (келiсiм-шарттар, төлемдiк аманаттар, есептiк фактуралар, шоттар, квитанциялар және басқа да құжаттар) кемiнде бiр жыл мерзiмге дейiн сақтауды қамтамасыз етедi;
(ііі) Банк өкiлдерiнiң осындай құжатнамаларды тексеруiне мүмкiндiк жасайды;
(iv) осындай есептiк құжатнамалар мен шоттарды осы тараудың (h) пунктiнде көрсетiлген жыл сайынғы аудиторлық тексерулерге енгiзудi және аудиторлық есепте аудиторлар тарапынан соңғы қаржылық жыл iшiнде түсiрiлiп алынған қаржы жөнiндегi шығын тiзiмдерi бұларды даярлаған кездегi қолданылған iс-әрекеттер мен iшкi бақылауға негiз бола алуы турасында жеке қорытынды жасалуын қамтамасыз етедi.
5 Бап
Банк санкциялары
5.01. Тарау. Жалпы жағдайлар турасындағы 6.02 тарауындағы мақсаттарға сәйкес төмендегiдей қосымша оқиғалар ескерiледi:
(а) Бағдарламаны немесе оның едәуiр маңызды бөлiгiн орындауға мүмкiндiк бермейтiндей жағдай туды;
(b) Британиялық грант немесе Европалық Одақ гранты 1998 жылдың 31 тамызына дейiн немесе Банк келiсе алмаған бұдан да кейiнгi күнге немесе күндерге дейiн күшiне ене алмады дейiк. Соған қарамастан егер Несие алушы Бағдарламаны басқа бұлақтардан осы Келiсiмдегi өз мiндеттемелерiне қайшы келмейтiн жағдайда қаржыландыра алатындығы жайында Банктi қанағаттандырарлық дәрежеде дәлелдеп бере алған жағдайда бұл пункттегi ережелер қолданылмайтын болады.
(с) (i) Осы пункттiң (ii) тармағына сәйкес:
(А) Несие алушыға Бағдарламаны қаржыландыру үшiн берiлген Британиялық гранттан немесе Европалық Одақ грантынан, болмаса басқа да гранттар мен несиелерден қаржы түсiрiп алу жөнiндегi Несие алушының құқықтары тиiстi келiсiм шарттары бойынша жойылды, толық немесе жарым-жартылай тоқтатылды, немесе
(В) Осы қорларды өтеу мерзiмi келiсiлген мезгiлден бұрын туындады.
(іі) Егер Несие алушы (А) мұндай жойылу, тоқтатылу немесе мерзiмiнен бұрын өтеу турасындағы қиындықтар Несие алушының осы Келiсiм шеңберiндегi өз мiндеттемелерiн орындай алмауынан туындамағанын; және (В) Несие алушы Бағдарламаны басқа бұлақтардан осы Келiсiмдегi өз мiндеттемелерiне қайшы келмейтiн жағдайда қаржыландыра алатындығы туралы Банктi қанағаттандырарлық дәрежеде дәлелдеп бере алған жағдайда осы пункттiң (іі) тармағы қолданылмайтын болады.
5.02. Тарау. Жалпы жағдайлар турасындағы 7.01 (k) тарауындағы мақсаттарға сәйкес төмендегiдей қосымша оқиғалар, атап айтқанда осы Келiсiмдегi 5.01. Тараудың (с) (іi) пункттерi сақталған жағдайдағы осы тараудың (с) (і) (В) пункттерiнде қарастырылған жағдай туындауы тиiс.
6 Бап
Күшiне ену. Әрекеттiң тоқтатылуы
6.01. Тарау. Мынадай жағдай Несие туралы осы Келiсiмнiң Жалпы жағдайлар турасындағы 12.01 (с) тарауының мақсатына орай осы Несие жөнiндегi Келiсiмнiң күнiне енуiнiң қосымша шарты болып табылады:
(а) Несие туралы Келiсiм қолданудағы заң және заң актiлерiне сәйкес жасалып, тиiстi орынға ресми түрде тiркелуi тиiс.
(b) Қосымша несие туралы ҚҚМ тарапынан кемiнде бiр Келiсiм жасалуы шарт.
(с) Қозғалмалы мүлiк аманатын тiркеу туралы Банктi
қанағаттандырарлық дәрежедегi Заң Несие алушының парламентi арқылы паш етiлуi шарт. (d) Осы Келiсiмнiң 4 Бабына сәйкес шоттарға аудит жүргiзу мақсатында Несие алушы Банктi қанағаттандырарлық дәрежеде аудитор тағайындауы тиiс. 6.02. Тарау. Жалпы жағдайлар турасындағы 12.04 тараудағы мақсаттарға орай осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн алпыс (60) күн мерзiм белгiленедi. 7 Бап Несие алушының өкiлдерi; адрестер 7.01 Тарау. Несие алушының осы сәтте қаржы жөнiнде жауап беретiн Қаржы Министрлiгi Жалпы жағдайлар турасындағы 11.03 тараудағы мақсаттарға орай Несие алушының өкiлi болып тағайындалады. 7.02 Тарау. Жалпы жағдайлар турасындағы 11.01 тараудағы мақсаттарға орай төмендегi мекен-тұрақтар көрсетiледi: Несие алушы үшiн: Қазақстан Республикасы, Астана 473000 Республика алаңы 60, Қаржы Министрлiгi Телекс: 264126 Банк үшiн: International Bank for Reconstruction and Development 1818 Н strееt, N,W Wаshingtоn, D. С. 20433 United States of America Телеграф: Телекс: INBAFRAD 248423 (МСI) Wаshingtоn, D.С. 64145 (МСI) Осыны куәландыру үшін екі жақ тиісті өкілдіктерге ие адамдары арқылы осы Келісімге Америка Құрама штаттары, Колумбия округінде жоғарыда көрсетілген күні мен жылында қол қойды. Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының елшісі Болат Нұрғалиев Өкілетті адам Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі үшін Департаменттің директоры Киоши Кодера 1 Қосымша Несие қорын шоттан түсіріп алу 1. Төмендегі кестеде Несие қорынан қаржыландыруға жататын шығындар категориясы, әр категория бойынша бөлінген Несие сомасы және Несие қорынан әр категория бойынша қаржыландыруға жататын шығындардың проценттік үлесі анықталған: Категория Бөлінген Несие сомасы Қаржыландыруға жататын (доллар есебімен) шығындар үлесі (% есебімен) (1) Кеңес беру қызметі және оқыту 1 190 000 100% (2) Тауарлар (2 автомобильді 20 000 100% шетел шығындары, қоса есептегенде) 100% жергілікті шығын (франко-зауыт) және 85% жергілікті тауарлар алуға жұмсалған шығындар. (3)Қосымша несиелер 12 290 000 100% алғашқы 12 айда, 80% кейінірек (4) Әрекеттік шығындар 360 000 100% 1999 жылдың 31 желтоқсанына, 80% 2000 жылдың 31 желтоқсанына және 60% кейінірек (5) Жобаны әзірлеу үшін 853 000 Келісімнің 2.02 (с) Авансты қайта тарауына сәйкес анық- қаржыландыру талатын сома (6) Бөлінбеген сома 287 000 Жиыны 15 000 000 2. Осы Қосымшаның мақсатыңда:
(а) "шетел шығындары "Несие алушының елiнен басқа кез-келген елден әкелiнген тауарлар мен қызметтерге Несие алушының елiнен басқа кез-келген елдiң ақшасы арқылы төленген шығындарды бейнелейдi, және
(b) "жергiлiктi шығын" Несие алушының жерiнен әкелiнген тауарлар мен қызметтерге Несие алушының өз ақшасы арқылы төленген шығындарды бейнелейдi;
(с) "Әрекеттiк шығындар" СНК, ААКО және ЖОБ тарапынан Жобаны iске асыру бағытында басқару, мониторинг, және бақылау, оның iшiнде офистiк құрал-жабдықтар, кеңсе тауарлары, жалға алу, күтiп ұстау, байланыс, автотранспортты пайдалану, iссапар, жолақы, Жоба шоттарына аудит шығындарын мағыналайды, алайда бұған Несие алушының лауазымды тұлғаларының еңбекақылары кiрмейдi, және
(d) "Алғашқы 12 ай " сөз тiркесi осы Келiсiмнiң 5-ші Қосымшасындағы В бөлiмiнiң 4(b)(ііі) пунктiнде бекiтiлген мағынаны бiлдiредi.
3. Жоғарыдағы 1 пунктке қарамастан қаржыны шоттан түсiрiп алуға болмайтын жағдайлар:
(а) осы Келiсiмге дейiн жасалған шығындар төлемi есебiне, алайда осы Қосымшаның 1 пунктiндегi кестеде көрсетiлген 3-шi категориясындағы 3 (b) және (с) тармақтарына сәйкес осы мерзiмге дейiн, бiрақ 1998 жылдың 1 наурызынан әрi қарай жасалған шығындарды өтеу мақсатында 1,500 000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде шоттан қаржы түсiрiп алуға болады;
(b) Несие алушы қосымша несие бойынша төлем есебiне қаржыны шоттан түсiрiп алуға талап жолдаған, бiрақ Банк Несие алушы мен ҚҚМ арасында несие туралы Банк үшiн қолайлы болып табылатын келiсiм жасалғаны туралы қанағаттанарлықтай куәлiк ала алмаған жағдайда;
(с) Егер Қосымша несие осы келiсiмнiң 5-шi қосымшасында көрсетiлген немесе еске алынған тәртiп пен шарттарға сәйкестiрiлмеген болса, онда Қосымша несие бойынша жасалған шығындарды өтеу мақсатында;
4. Банк белгiлi бiр шарттарға сәйкес Несие алушыны хабардар ете отырып Несие шотынан есеп айырысу тiзiмдерi негiзiнде тауарлар үшiн жұмсалған шығындарды әрбiр келiсiм шарт бойынша 300 000 долларға дейiнгi, кеңес беру фирмасымен жасалған әрбiр келiсiм шарт бойынша 100 000 долларға дейiнгi, жеке кеңесшiлермен жасалған әрбiр келiсiм шарт бойынша 25 000 долларға дейiнгi мөлшерде түсiрiп алуға болатыны жайында сұрауы мүмкiн.
2 Қосымша
Жобаны сипаттау
Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының өндiрiстiк iс-әрекетiн жақсартуды, оның iшiнде:
(а) Несие алушы тарапынан ауылдық аудандарда жекеменшік секторды қолдау және нарықтық экономиканы нығайтуды; (іі) жаңадан қалыптаса бастаған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын тиiстi ақпаратқа, ақыл-кеңеске және оқуға тартуды жақсартуды; (ііі) ауылдық жерлерде қаржылық базардың дамуын қолдау, жекеменшік және басқа түрдегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын коммерциялық негiздегi қаржылық қызметке тартуды; және (iv) ауылдық қаржы жүйесiн жетiлдiру және банкроттық өндiрiстi нығайту мақсатында институционалдық-құқықтық реформаларды әрi қарай ұтымды жүргiзудi көздейдi.
Бағдарламаның мақсаты: (i) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын коммерциялизациялау негiзiнде шаруашылықтарда өнiм өндiрудi арттыру және табыс деңгейiн көтеру; (іі) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына коммерциялық банктер арқылы қаржы алуға пайдаланылатын бизнес-жоспарлар әзiрлеуге көмектесу; және (ііі) Несие алушының екi облысындағы, атап айтқанда Ақмола және Алматы облыстарындағы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы саласын несиелендiрудiң құқықтық және институционалдық негiздерiн нығайту.
Несие алушы мен Банктiң өзара ауық-ауық келiсiмiне сай өзгерiстер енгiзiлетiн екi бөлiмнен тұратын Жоба төмендегідей мақсаттарды көздейдi:
А Бөлімі: Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына арналған
кеңестік қызмет
1. Ақмола және Алматы облыстарында мынадай мақсаттарда ауылдық ақыл-кеңес орталықтарын ұйымдастыру: (а) қайта құрылудан өту үстiндегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына тiкелей көмек жасау және өнiм өндiрудi арттыру, орнықтылық пен қаржылық өмiршеңдiктi қамтамасыз ету мақсатында меншiк құрылымына, басқаруға және өндiрiстiк тәжiрибеге тиiстi өзгерiстер енгiзу; және (b) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына басқару, коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша ақыл-кеңес, бизнес-жоспар әзiрлеу турасында көмек берудi қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi кеңесшiлер жүйесiн анықтау, оқыту және аттестациялау.
2. (а) Жекешелендiрiлген жаңа ауыл шаруашылығы кәсiпорындары жарнашыларының ақпаратпен қамтылуын жақсарту; (b) қайта құрылудан өту үстiндегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына коммерциялық, техникалық және оқыту мәселелерi бойынша кеңес берудi қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын құру; және (с) қайта құрылудан өту барысында әлеуметтiк мәселелердi шешуге байланысты ақыл-кеңеспен қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасайтын жергiлiктi ұйымдық-кадрлiк жүйелердi құру.
3. Жер учаскелерiне қатысты құқықтар турасындағы ақпараттарды тарату және жаңа кәсiпорындарды құру барысында, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының құқыққа ие мүшелерiне табыс бөлiнерде меншіктiк құқық жөнiндегi құжаттарды ықтимал пайдалануды қамтамасыз ету.
4. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары үшiн олардың коммерциялық өмiр шендiгiн нығайту, жергіліктi кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын құру, қайта құрылудан өту үстiндегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына коммерциялық, техникалық мәселелер бойынша, оның iшiнде қайта құрылудан өту барысында әлеуметтiк мәселелердi шешуге байланысты кеңес беретiн жергiлiктi потенциал құру жөнiндегi ақыл-кеңес қызметiмен қамтамасыз ету.
В. Бөлімі. Қайта құрылудан өту үстіндегі ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарына несие
1. Қайта құрылудан өтудi ойдағыдай аяқтаған және пайда жасаудың тиiмдi қаржылық нормасы көрсетiлген бизнес-жоспар әзiрлеген және сол арқылы қаржыны қайтаратынын дәлелдеп қаржыландыру турасында ұсыныс түсiрген ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын екшеуден өткен Қатысушы қаржылық мекемелер тарапынан қаржыландыруды қамтамасыз ету.
2. Екшеу талаптарына сай Қосымша жобаларды қаржыландыру мақсатында жекелеген ҚҚМ тарапына несие жолын ашу.
С. Бөлімі. Институционалдық даму
1. Ауылдық жерлерде саланы несиелендiру қажетiн қамтамасыз ете алатын дәрежедегi орнықты қаржылық жүйенi ұзақ мерзiмдiк дамытуға қолдау көрсететiн институционалдық базаны дамыту, оның iшiнде: (а) қарыздан шыға алмаған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын тарқатуды жүргiзу және қайта құруды бастау, қарыз мәселесiн шешудiң, банкроттықтың және тарқатудың тәжiрибелiк жолдарын қолдана отырып қарыз берушілерге банкротқа ұшыраған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тарқату жөнiндегi заң актiлерiн қолдану турасында ақыл-кеңес берiп көмек көрсету арқылы оларды қайта құруды өздерi бастауына ынталандыру нәтижесiнде қайта құруды қарыз берушілердiң басқаруымен жүргiзу мақсатында қатысушы қаржылық мекемелердiң ұйымдық-кадрлiк мүмкiндiктерiн нығайту; (b) соттарды, тарқатушыларды және әкiмшiлiк қызметкерлерiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының банкроттығына байланысты арнайы мәселелер, банкроттық пен ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қайта құрылуына байланысты туындайтын әрқилы жағдайларға сәйкес өз құқықтары жөнiнде оқытып-үйрету.
2. Ауыл шаруашылығын несиелендiрудiң заңдылық негiзiн дамыту, оның iшiнде (а) егiн өнiмiнiң аманат жүйесiн, тауарды аманат есебiнде қамбалауды, егiн өнiмiн кепiлдi түрде сақтау және оның аманатын қамсыздандыру мақсатында қамба квитанцияларын аманат есебiнде ұстау жүйелерiн талдап-енгiзу; (b) ауылшаруашылық тауарларын коммерциялық банктерден алынған несиелерге кепiлдiк етiп пайдалану тәсiлдерiн, мәселен қамба қолхаттары мен қарыздарлардың шоттарын кепiлдi түрде несиелендiруге пайдалану тәрiздi тәжiрибелiк әрекеттер мен ережелер жөнiндегi заң актiлерiн дамытуға көмек көрсету; және (с) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының банкроттығы жөнiндегi заң актiлерiн iс жүзiнде қолдануға және қозғалмалы мүлiкке аманаттық құқықты тiркеу жолында көмек жасауды
қамтамасыз ету. D Бөлімі. Жобаны басқаруға қолдау көрсету Техникалық көмек, оқыту-үйрету, құрал-жабдықтар және Жобаны басқару, оны орындауды бақылау, оның iшiнде Несие алушының ауыл шаруашылығы Министрлiгi құрамындағы Жобаны орындау бөлiмiнiң жұмысын ұйымдастыруға көмек жөнiндегi және басқа да қосымша iс-әрекеттерге жұмсалатын шығындарды қамтамасыз ету. <***> - Жоба 2001 жылдың 31 тамызында аяқталады деп белгіленген. 3 Қосымша Несиені өтеу кестесі Өтеу мерзімі Негізгі соманы өтеу (доллар есебімен)* 2003 жылдың 15 желтоқсаны 320,000 2004 жылдың 15 маусымы 325,000 2004 жылдың 15 желтоқсаны 335,000 2005 жылдың 15 маусымы 345,000 2005 жылдың 15 желтоқсаны 355,000 2006 жылдың 15 маусымы 365,000 2006 жылдың 15 желтоқсаны 380,000 2007 жылдың 15 маусымы 390,000 2007 жылдың 15 желтоқсаны 400,000 2008 жылдың 15 маусымы 415,000 2008 жылдың 15 желтоқсаны 425,000 2009 жылдың 15 маусымы 440,000 2009 жылдың 15 желтоқсаны 450,000 2010 жылдың 15 маусымы 465,000 2010 жылдың 15 желтоқсаны 475,000 2011 жылдың 15 маусымы 490,000 2011 жылдың 15 желтоқсаны 505,000 2012 жылдың 15 маусымы 520,000 2012 жылдың 15 желтоқсаны 535,000 2013 жылдың 15 маусымы 550,000 2013 жылдың 15 желтоқсаны 570,000 2014 жылдың 15 маусымы 585,000 2014 жылдың 15 желтоқсаны 605,000 2015 жылдың 15 маусымы 620,000 2015 жылдың 15 желтоқсаны 640,000 2016 жылдың 15 маусымы 660,000 2016 жылдың 15 желтоқсаны 675,000 2017 жылдың 15 маусымы 695,000 2017 жылдың 15 желтоқсаны 720,000 2018 жылдың 15 маусымы 745,000 __________________________________ * Осы бағандағы сандар Жалпы шарттар бөлімінің 4.04 (d) тарауында көрсетілгеннен басқа жерде өтеудің доллар есебіндегі сомасын білдіреді. 4 Қосымша Сатып алу және кеңесшiлер қызметi 1 Тарау. Тауарлар сатып алу А бөлiмi. Жалпы ереже
Тауарлар сатып алу және жұмыс жасату Банк тарапынан 1995 жылдың қаңтар айында жарияланып, 1996 жылдың қаңтар айында және 1997 жылдың қыркүйек айында қайта қаралған "ХКДБ несиелерi және МАР қарыздары негiзiндегi сатып алулар туралы Басшылық "басылымының (бұдан былайғы жерде Басшылық) 1 тарауындағы ережелерге, сондай-ақ осы тараудың төмендегi ережелерiне сәйкес жүргiзiледi:
В бөлiмi. Халықаралық бәсеке сауда
1. Осы қосымшаның С бөлiмiнен басқаша көзделмеген жағдайда тауарлар сатып алу және жұмыс жасату Басшылықтың II тарауындағы және 1 Қосымшаның 5 пунктiндегi ережелерге сай жасалған келiсiм-шарттар негiзiнде жүргiзiледi.
2. Төмендегi ереже тауарлар сатып алу және жұмыс жасатудың В бөлiмiндегi 1 пунктте көрсетiлген ережелер бойынша жасалған келiсiм-шарттары негiзiнде жүргiзiледi:
(а) Келiсiм-шарттарды топтастыру Қажет деп табылған жағдайда тауар алатын келiсiм-шарттарды әрқайсысы $300,000 немесе одан жоғары мөлшердегi тендерлiк пакеттерге топтастыру керек.
(b) Отандық өндiрiс тауарларына жеңiлдiк Несие алушының жерiнде өндiрiлген тауарларға Басшылықтың 2,54 және 2,55 пункттерiндегi, әрi соның 2-шi Қосымшасындағы ережелер қолданылады.
С бөлiмi. Сатып алудың басқа да әрекеттерi
1. Халықаралық шектеулi сауда
Осы тараудың 2, 3, 4 және 5 пункттерiнен басқаша көзделмеген жағдайда тауарлар Банктiң келiсуiмен шектеулi мөлшердегi сатушылардан Басшылықтың 3.2 пунктiндегi ережелер бойынша жасалған келiсiм-шарттар негiзiнде сатылып алынуы мүмкiн.
2. Халықаралық (еркiн сауда бойынша) сатып алу Осы тараудың 3, 4 және 5 пункттерiнен басқаша көзделмеген жағдайда бiр келiсiм-шарттағы жобалық құны 300,000 АҚШ долларына дейiнгi тауарлар Халықаралық (еркiн сауда бойынша ) сатып алу негiзiнде Басшылықтың 3.5 және 3.6 пункттерiндегi ережелер бойынша жасалған келiсiм-шарттарға орай сатылып алынуы мүмкiн.
3. Ұлттық (еркiн сауда бойынша) сатып алу
(а) Осы тараудың 4 және 5 пункттерiнен басқаша көзделмеген жағдайда бiр келiсiм-шарттағы жобалық құны 100,000 АҚШ долларына дейiнгi тауарлар Ұлттық (еркiн сауда бойынша) сатып алу негiзiнде Басшылықтың 3.5 және 3.6 пункттерiндегi ережелер бойынша жасалған келiсiм-шарттарға орай сатылып алынуы мүмкiн.
(b) Жалпы бағасы 30,000 АҚШ долларынан аспайтын автомобильдер Ұлттық (еркiн сауда бойынша) сатып алу негiзiнде Басшылықтың 3.5 және
3.6 пункттерiндегi ережелер бойынша жасалған келiсiм-шарттарға орай сатылып алынуы мүмкiн.
4. Тiкелей жасалатын келiсiм-шарттар
Осы тараудың 5 пунктiнен басқаша көзделмеген жағдайда өндiрушiнiң ерекше құқығына ие тауарлар Банктiң алдын-ала келiсуiмен Басшылықтың
3.7 пунктiндегi ережелер бойынша сатылып алынуы мүмкiн.
5. Коммерциялық тәжiрибе
Бiр келiсiм-шарттағы жобалық құны 20,000 АҚШ долларына тең тауарлар Банкке қолайлы саналған жағдайда әдеттегi коммерциялық тәжiрибеге сәйкес бәсеке бағамен сатылып алынуы мүмкiн, бiрақ мұндай жағдайда басқа да маңызды факторларға, мәселен жеткiзу мерзiмi, тауардың тиiмділігi мен сенiмдiлiгi, қосалқы бөлшектер және қамту мәселелерiне ерекше назар аударылуға тиiстi.
D бөлiмi. Сатып алу жөнiндегi шешiмдердi Банктiң қарауы
1. Сатып алуды жоспарлау Жоба мүдделерi бойынша сатып алу туралы ұсынылатын жоспар саудаға қатысу үшiн алдын-ала iрiктеуге шақыруды таратпастан немесе Басшылықтың 1-ші Қосымшасындағы ережелерге сәйкес бәйгелiк ұсыныстар берiлместен бұрын Банк тарапынан қарап-мақұлдау мақсатында Банкке табыс етiледi. Тауарлар сатып алу және жұмыс жасату Банк тарапынан мақұлданған Сатып алу жоспарына және осы 1-шi пункттегi ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
2. Алдын-ала қарау
(а) Осы тараудың В. 1, С. 1 және С. 4 Бөлiмдерiне қатысты әрбiр келiсiм-шартқа Басшылықтың 1-шi Қосымшасындағы 2 және 3 пункттерiндегi тәртiп қолданылады.
(b) Алғашқы үш Қосымша жобаларға қатысты әрбiр келiсiм-шартқа, сатып алу тәсілдерiнiң қандайлығына қарамастан, Басшылықтың 1-шi Қосымшасындағы 2 және 3 пункттерiндегi тәртiп қолданылады.
3. Артын-ала қарау
Осы бөлiмнiң 2-ші пунктiне сәйкес жасалмаған әрбiр келiсiм-шартқа Басшылықтың 1-шi Қосымшасындағы 4-шi пунктiндегі тәсiлдер қолданылады.
II Тарау. Кеңесшiлер жалдау
А бөлiмi. Жалпы ереже
Кеңесшiлер қызметiн сатып алу Банк тарапынан 1997 жылдың қаңтар айында жарияланып, 1997 жылдың қыркүйек айында қайта қаралған "Әлемдiк Банк Несиешiлерiне кеңесшiлер таңдау және жалдау" басылымының (бұдан былайғы жерде Кеңесшілер туралы басшылық) кiрiспесi мен II тарауындағы ережелерге, сондай-ақ осы тараудың төмендегi ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
В бөлiмi. Сапа және баға негiзiндегi таңдау
1. Осы тараудың С бөлiмiнен басқаша көзделмеген жағдайда Кеңесшiлер қызметiн сатып алу Кеңесшiлер туралы басшылықтың II тарауындағы, Басшылықтың 1-ші және 2-шi Қосымшаларындағы 3 пункттiң және кеңесшiлердi сапа және баға негiзiнде таңдау ережелерiнiң 3.13-3.18 пункттерiндегi тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
2. Төмендегi ережелер кеңесшiлiк қызметтi осының алдындағы пунктке сәйкес берiлген келiсiм-шарттарға қолданылады. Жобаның В бөлiмiнде көрсетiлгенiндей, бiр келiсiм-шарттың жобалық құны 100,000 АҚШ долларына дейiнгi ақыл-кеңес қызметiмен қамтамасыз ететiндей кеңесшiлердiң қысқаша тiзiмi Кеңесшiлер туралы басшылықтың 2.07 пунктiне сәйкес толығымен ұлттық кеңесшiлерден тұруы мүмкiн.
С бөлiмi. Кеңесшi таңдаудың басқа тәртiбi.
1. Жекеше кеңесшiлер
Кеңесшiлер туралы басшылықтың 5.1 пунктiнде көрсетiлген талаптарға сай келетiндей дәрежедегi кеңесшiлер қызметi Кеңесшiлер туралы басшылықтың 5.1 - 5.3 пункттерiндегi ережелерге сәйкес жеке кеңесшiлерге берiлген келiсiм-шарттар негiзiнде сатылып алынады.
2. Бәйгесiз таңдау
Кеңесшiлер туралы басшылықтың 3.9 пунктiндегi талаптарға сай дәрежедегi кеңесшiлер қызметi Банктiң алдын-ала келiсуi бойынша Кеңесшiлер туралы басшылықтың 3.8 - 3.11 пункттерiндегі ережелерге сәйкес сатылып алынуы мүмкiн.
D бөлiмi. Кеңесшi таңдауды Банктiң қарау тәртiбi.
1. Таңдауды жоспарлау
Кеңесшiлерге ұсыныс әзiрлеу жөнiнде сұрау таратпас бұрын Жоба мүдделерi үшiн Кеңесшiлер таңдаудың ұсынылатын жоспары Кеңесшiлер туралы басшылықтың 1-ші Қосымшасындағы 1-ші пункттегi ережелерге сәйкес қарап-мақұлдау мақсатында Банкке табыс етiледi. Кеңесшiлер қызметiнiң баршасы Банк мақұлдаған таңдау жоспарына және жоғарыда көрсетiлген 1-ші пункттегі ережелерге сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
2. Алдын-ала қарау
(а) Кеңес беру фирмасымен жасасылған жобалық құны 200,000 АҚШ долларына тең және одан жоғары әр келiсiм-шарт үшiн Кеңесшiлер туралы басшылықтың 1-ші Қосымшасындағы 1.2 және 5-ші пункттерiнде (2 (а) пунктiнiң үшiншi тармақшасын есептемегендегi) мазмұндалған тәртiп қолданылады.
(b) Кеңес беру фирмасымен жасасылған жобалық құны 100,000 АҚШ долларына тең және одан жоғары, бiрақ 200,000 АҚШ долларынан аспайтын әр келiсiм-шарт үшiн Кеңесшiлер туралы басшылықтың 1-ші Қосымшасындағы 1.2 және 5-ші пункттерiнде (2 (а) пунктiнiң екiншi тармақшасын есептемегендегi) мазмұндалған тәртiп қолданылады.
(с) Жеке кеңесшiмен жасасылған жобалық құны 25,000 АҚШ долларына
тең және одан жоғары әр келiсiм-шарт бойынша кеңесшiлердiң кәсiби шеберлiгi, тәжiрибесi, сондай-ақ жалға алудың техникалық тапсырмасы мен шарттары жөнiндегi сипаттама алдын-ала қарап, мақұлдау мақсатында Банкке ұсынылады. 3. Артын-ала қарау Осы бөлiмнiң 2-ші пунктiне сәйкес жасалмаған әрбiр келiсiм-шартқа Кеңесшiлер туралы басшылықтың 1-ші Қосымшасындағы 4-ші пунктiнде мазмұндалған тәртiп қолданылады. 5 Қосымша Iске асыру Бағдарламасы А Бөлiмi Жалпы ережелер 1. Несие алушы Жобаның А, С және D бөлiмдерiн ЖОБ көмегiмен АШМ арқылы орындайды.
2. Несие алушы қажеттi мөлшерде қызметкерлермен толықтырылған және Банк үшiн қолайлы деп табылған жағдайдағы мекен-жайы, жұмысы, өкiлеттiгi бар ЖОБ қызметiн қамтамасыз етедi.
3. Несие алушы Жоба аяқталғанша 1998 жылдан бастап жыл сайын 30 қазанға дейiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қайта құрылуына қатысты есеп айырысу мерзiмiне қаратылған техникалық көмек, оқыту-үйрету жөнiндегi мұқтаждықтар және басқа да мақсатты көрсеткiштер таңбаланған жылдық жұмыс бағдарламасының ЖОБ тарапынан уақытында әзiрленiп, Банктiң қарауына әрi бекiтуiне ұсынылуын қамтамасыз етедi.
4. Несие алушы 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейiн Банкпен келiсiлген жоспар бойынша ЖОБ, ААКО және ҚҚМ қызметкерлерiн Қоршаған орта және табиғи қорлар Министрлiгi арқылы экология мәселелерi бойынша оқытып шығаруды қамтамасыз етедi.
5. (а) Несие алушы қажеттi мөлшерде қызметкерлермен толықтырылған және Банк үшiн қолайлы деп табылған жағдайдағы мекен-жайы, жұмысы, өкiлеттiгi бар ААКО қызметiн қамтамасыз етедi.
(b) ААКО мiндетiне басқалармен қатар ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына қайта құрылуына қатысты көмек көрсету және Жоба шеңберiнде несие алуға ұсыныс түсiрген ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының осы Қосымшаның С бөлiмiнде мазмұндалған таңдау сынағына сәйкестiгiн қамтамасыз ету жатады.
(с) ААКО: (i) 1999 жылдың 30 сәуiрiне дейiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына шығындарды толтыру есебiнен кеңесшiлiк қызмет көрсету жоспарын әзiрлеп, оны Банкпен бiрге талқылайды және (ii) кейiнiрек осы жоспарды, егер Банк тарапынан жасалған ескертпелер болса,соларды ескере отырып жүзеге асырады.
6. Несие алушы 1999 жылдың 30 сәуiрiне дейiн Банкке қолайлы деп табылған деңгейдегi техникалық тапсырма бойынша Банкке қолайлы деп табылған деңгейдегi жұмысы мен өкiлеттiгi бар Кеңес беру орталықтарын ұйымдастырады және оның әрi қарай өмiр сүруiн қамтамасыз етедi.
7. Несие алушы коммерциялық несиелендiру саясатын қабылдайды және осы мақсатта бюджеттiк қордан ауыл шаруашылығы саласындағы несиенi проценттiк қойылым арқылы қаржыландырудың кең таралған тәжiрибесiн бiрте-бiрте тоқтатады.
Осы мақсатта Несие алушы 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн ауыл шаруашылығы саласындағы несиенi бюджеттiк қордан қаржыландыруды, бұған дейiн Банкпен келiсiлген және талқыланған жағдайлардан басқасын, мүлде тоқтатады.
8. Несие алушы:
(а) өзiне Жобаның орындалуын тұрақты түрде бақылап, баға беруге мүмкiндiк жасайтын тиiстi дәрежедегi тәртiп пен саясатты қамтамасыз етедi және оның мақсаттарына Банкке қолайлы дәрежедегi көрсеткiштер <*> арқылы жетiп отырады.
<*> - Жобаны орындау көрсеткiштерi Қосымша хатта мазмұндалады
(b) Банкке қолайлы дәрежедегi техникалық тапсырма бойынша мөлшермен 2000 жылдың 15 ақпанына дейiн Банкке есеп әзiрлеп тапсырады. Бұл есепте осы тараудың (а) пунктiне сәйкес атқарылған жұмыстар қорытындыланады және есеп берiлiп отырған мезгiл iшiнде Жобаның орындалу барысына, мониторингке баға берiлiп, осы күннен арғы мерзiмде Жобаны орындаудың, оның мақсат-мұраттарына жетудiң тиiмдi жолдары мен осы бағытта белгiленген шаралар көрсетiледi; және
(с) 2000 жылдың 15 наурызына дейiн немесе Банк талап еткен бұдан арғы мерзiмде осы пункттiң (b) тармақшасында көрсетiлген есептi Банкпен бiрге қарайды және бұдан кейiн жаңағы есептегi қорытындылар мен ұсыныстар, әрi Банктiң осы мәселе жөнiндегi пiкiрi негiзiнде Жобаны үлгiлi аяқтауды, оның мақсат-мұраттарына жетудi қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданады.
В Бөлiмi
Қатысушы қаржылық мекемелер
1. Несие алушы Жобаның В бөлiмiн 2-ші пунктке сәйкес Жобаға қатыстыру үшiн таңдалып алынған ҚҚМ арқылы орындайды.
2. Несие алушы Банкпен ақылдаса отырып Жобаның В бөлiмiн орындауға қатысатын қаржылық мекемелердi таңдап алудың Банкпен келiсiлген сынақтары негiзiнде iрiктейдi. Олар мынаны қамтиды:
(а) Қаржылық мекеменiң iс үстiндегi банктiк лицензиясы;
(b) Қаржылық мекеменiң банк ережелерi мен заңдарын толық орындайтыны, алдын-ала сақтану нормативтерiне сай капитал қорының жеткiлiктi екендiгi, бiр несие алушыға және iшкi несие алушыларға шектеулi жағдайы туралы, сондай-ақ банктiң валюталық позициясының ашықтығы жайында Қазақстанның Ұлттық Банкi тарапынан куәландырылған анықтама;
(с) Бухгалтерлiк есептiң Халықаралық стандарттарына сай әзiрленген шоттар мен қаржылық есептер;
(d) Қаржылық мекеменiң Халықаралық дәрежеде танылған аудиторлық фирма тарапынан Халықаралық аудит стандарттарына сай жүргiзiлген, әрi портфельдiк талдауды қамтыған аудитi жайындағы тиiстi есебi;
(е) Қаржылық мекеменiң ауыл қажеткерлерiн қамтитын жеткiлiктi дәрежедегi тармақтары;
(f) Қаржылық мекеменiң жалпы саясатты талдайтын және қаржылық мекеменiң iс-әрекеттерiне бақылау жүргiзетiн қанағаттанарлық дәрежедегi басшылық буыны;
(g) Қаржылық мекеменiң ауыл шаруашылығы саласындағы қажеткерлердi несиелендiруге ниет бiлдiруi және бұл жөнiндегi iс тәжiрибесi;
(h) Қаржылық мекеменiң Банкке тиiмдi дәрежедегi iшкi әкiмшiлiк, қаржылық-әрекеттiк жүйелерi және жұмыс тәсiлдерi; әрi
(i) Қаржылық мекеменiң ұйымдық-кадрлық мүмкiншiлiктер құру бағдарламасына қатысуға әзiрлiгi.
3. (а) Несие алушы Жобаның В бөлiмiндегi мақсаттар үшiн Кестедегi (3) Категорияға бөлiнген Несие қорын осы Келiсiмнiң 1-ші Қосымшасындағы 1-шi пунктке сәйкес ҚҚМ тарапынан қосымша несие жөнiндегi келiсiмдерге орай қатысушы қаржылық мекемелердiң әрқайсысымен Банк қуаттаған шарттар бойынша жасалатын келiсiмдерге байланысты қайта несиелендiредi. Банкпен басқаша келiсiлмеген жағдайда мұндай шарттар төмендегiнi қамтиды:
(i) Қосымша қаржы сомасы әр ҚҚМ үшiн доллармен немесе теңгемен берiледi;
(іі) Қосымша қаржының негiзгi сомасы ҚҚМ тарапынан Несие алушыға доллармен немесе оған тең мөлшердегi теңгемен бiркелкi жартыжылдық үлеспен үш жылдық жеңiлдiк мерзiмiн қоса есептегенде онбес жыл iшiнде өтелуi тиiс;
(iii) Қосымша қаржының өтелмеген қалдығы бойынша проценттiк қойылым Банкке тиiмдi жағдайда алынады және былайша белгiленедi:
(а) доллар негiзiндегi Қосымша қаржының проценттiк қойылымы осы Келiсiмнiң 2.05 тарауына сәйкес анықталатын үстем процент негiзiнде белгiленедi және мұның үстiне Несие алушыға компенсация үшiн Несие алушы тарапынан Банкпен келiсе отырып тағайындалатын маржа қосылады; (1) Несиеге байланысты төленуге жататын мiндеттеме ақысы және (2) Қосымша қаржыға байланысты кредиттiк тәуекел; және (b) теңге негiзiндегi Қосымша қаржының проценттiк қойылымы доллар негiзiндегi Қосымша қаржы үшiн қолданылатын осындай факторларды ескере отырып Банкке тиiмдi жағдайдағы тәсiлдер бойынша анықталады.
(b) Несие алушы Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiмдер шеңберiндегi өз құқықтарын Несие алушы мен Банктiң мүдделерiн қамтамасыз ету және Жобаның мұраттарына жету үшiн пайдаланады, және Банкпен басқаша келiсiлмеген жағдайда Несие алушы Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiмдерден немесе оның кез-келген ережелерiнен бастартуға, өзгертуге, бұзуға болмаса басқа бiреуге беруге тиiстi емес.
4. (а) Несие алушының Несие қорынан ҚҚМ тарапына бөлетiн ең көп дегендегi қаржының мөлшерi кез-келген мерзiм бойынша Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiмдерде Несие алушының Банкке тиiмдi жағдайда ұстанған саясатына сәйкес Қосымша қаржының заңды түрде төленген тұтас сомасына қойылған нақты процентке сай келетiн сомамен шектелiп отырады; солай бола тұрса да нақты ҚҚМ тарапына Қосымша қаржының заңды түрде төленген тұтас сомасының процентi ешқашанда алғашқы 12 айда 100%-тен, бұдан соң 80%-тен аспауы тиiс.
(b) Осы пункттегi мақсаттар үшiн:
(i) "Қосымша қаржының заңды түрдегi төлемдерi" дегенiмiз Қосымша қаржы шеңберiнде Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiмдерде айтылған кредиттік механизмге сәйкес ҚҚМ тарапынан пайдалануға болатын (немесе пайдаланылған) Бенефициар тарапына төленген кез-келген заңды түрдегi төлемдер;
(іі) Нақты ҚҚМ тарапынан белгiлi бiр уақыт аралығында пайдаланылған "Қосымша қаржының заңды түрдегi тұтастай төлемдерi" дегенiмiз - белгiлi бiр уақыт аралығында ҚҚМ тарапынан барлық Бенефициарларға заңды түрде төленген қаржы; және
(ііі) "Алғашқы 12 ай" дегенiмiз - нақты ҚҚМ тарапынан Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiм жасалғаннан кейiнгi он екi айлық мерзiмдi бiлдiредi.
С Бөлiмi
Ауылдық кәсiпорындар және Қосымша жобалар
1. Несие алушы Банкпен кеңесе отырып ауылдық кәсiпорындар мен Қосымша жобаларды таңдап алудың Банкпен келiсiлген сынақтары негiзiнде iрiктейдi. Олар мынаны қамтиды:
1.1. Ауылдық кәсiпорын: Қосымша несиеге қол жеткiзу құқына ие болу үшiн ауылдық кәсiпорындар: (а) 100 процент жекеменшікке жатуы тиiс және отбасылық шаруашылық немесе iс үстiндегi заң мен қаулылар негiзiнде заңды тұлға (акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив немесе серiктiк) ретiнде танылуы тиiс; (b) ашық және құжаттармен толық бекiтiлген жарналық құрылымы болуы тиiс, яғни (заңды тұлғаның (акционерлiк қоғамның, өндiрiстiк кооперативтiң немесе серiктiктiң) үлестерi шаруашылық басшылары тарапынан жұмыскерлер мен зейнеткерлерге берiлуi шарт және мұндай берудiң егжей-тегжейi жалға беру немесе сату жөнiндегi ресми келiсiм-шарт арқылы құжаттар негiзiнде толықтай бекiтiлуi тиiс); және (с) қайта құрылудан өткен немесе өту үстiнде болуы тиiс, сонымен қатар өзiнiң бизнес-жоспарында коммерциялық өмiршеңдiгi мен қаржылық қауқарын дәлелдеп, несиенi қайтаратын қабiлетiн паш етуi тиiс.
(b) Қосымша жобалар: Қаржыландыруға жататын қосымша жобалар мынаны қамтиды: (а) егiн шаруашылығы және ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу, Жоба шеңберiнде Қосымша несиеге қол жеткiзу құқына ие болған ауылдық кәсiпорындарға байланысты басқа да аграрлық iс-әрекеттер; және (b) ауылдық кәсiпорындар тарапынан қосымша жоба құны есебiне қалпына келтiру немесе жетiлдiру мақсатында кемiнде 10 процент, болмаса iс-әрекеттi жаңа бағдарда дамыту жолында кемiнде 25 процент мөлшерiнде ақшадай немесе өнiм арқылы үлес қосу; (с) ауылдық кәсiпорынның жалпы қарызы негiзiнде есептелетiн Қосымша несие мерзiмi барысында қарызды игерудiң 1,3 көрсеткiшiне ие болғаны жөнiндегi куәлiк.
2. Несие алушы Жобаның В бөлiмiндегi мақсаттар үшiн ауылдық кәсiпорындарды Қосымша қаржы жөнiндегi Келiсiмдер шеңберiне сәйкес ҚҚМ тарапынан қосымша несие жөнiндегi келiсiмдерге орай ауылдық кәсiпорындармен Банк қуаттаған шарттар бойынша жасалатын келiсiмдерге байланысты, D бөлiмiнде көрсетiлген немесе ескертiлген шарттарды кiрiстiре отырып қайта несиелендiредi.
3. Несие алушы ҚҚМ өз құқықтарын әрбiр қосымша жоба бойынша: (i) Банк пен Несие алушының мүдделерiн қорғауға; (іі) қайта несиелендiру және қосымша несиелер жөнiндегi Келiсiмде белгiленген өз мiндеттемелерiн орындауға; (ііі) Жоба мұраттарына жетуге пайдалануын қамтамасыз етедi.
D бөлiмi
Бекiту тәртiбi, Қосымша несиелердiң шарттары мен мерзiмi
1. Шарттар:
(а) Қосымша несиелер әрбiр ауылдық кәсiпорындарға доллармен немесе теңгемен берiледi;
(b) Қосымша қаржының негiзгi сомасы ауылдық кәсiпорындар тарапынан ҚҚМ тарапына доллармен немесе оған тең мөлшердегi теңгемен бiркелкi жартыжылдық үлеспен үш жылдан аспайтын жеңiлдiк мерзiмiн қоса есептегенде он екi жыл iшiнде өтелуi тиiс;
(с) Проценттік қойылым әрбiр Қосымша қаржының өтелмеген негiзгi сомасы бойынша осы Келiсiмнiң осы Қосымшасындағы В бөлiмiнiң 3 (а) (ііі) пунктiне сәйкес анықталатын үстем процент негiзiнде белгiленедi және мұның үстiне Қосымша қаржы босатқан ҚҚМ тарапынан тағайындалатын нарық негiзiндегi спрэд қосылады. Мұның үстiне теңге негiзiндегi Қосымша қаржы тарапынан нарық негiзiнде өзгерiп тұратын валюта курсы үшiн қосымша алынады.
(d) Әр қосымша несие алушыға шаққанда берiлетiн бүкiл Қосымша қаржы көлемi 500 000 АҚШ долларынан аспауы тиiс, алайда Банк тарапынан әрбiр нақты жайтты ескере отырып ерекше жағдайда тағайындалатын әрбiр Қосымша қаржы көлемi (жалпы алғанда 5 000 000 АҚШ долларына тең болатындай шектеу жағдайында) 750 000 АҚШ долларына жетуi мүмкiн.
2. Қосымша жоба мақсатында жұмсалатын тауарлар мен қызмет көлемi төмендегiдей жағдайларда Несие қорынан қаржыландыруға жатпайды:
(а) Егер осы Қосымша жоба бойынша берiлуге тиiстi Қосымша қаржы Банк тарапынан қолдау таппаса және мұндай шығындар осы Қосымшадағы В бөлiмiнiң 3 (а) пунктiне сәйкес берiлетiн алдын-ала талап пен ақпараттар түспестен 90 күн бұрын жұмсалып кетсе; және
(b) Егер осы Қосымша жоба бойынша берiлуге тиiстi Қосымша қаржы шектеусiз болып, осы жөнiнде Банк Несие қорынан қаржы түсiрiп алуға рұқсат берген болса және мұндай шығындар осы Қосымшадағы В бөлiмiнiң 3 (b) пунктiне сәйкес осы шектеусіз Қосымша қаржыға қатысты берiлетiн алдын-ала талап пен ақпараттар түспестен 90 күн бұрын жұмсалып кетсе, бiрақ осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн шектеусiз Несие көлемi Қосымша жобаға қатысты Несие қорынан қаржыландырылатын Қосымша Несие ретiнде (i) 350 000 АҚШ долларынан аспауы тиiс, әрi мұның iшiнде Несие қорынан қаржыландырылуға тиiстi немесе қаржыландырылуға ұсынылған өтелмеген сомамен қатар Банк пен Несие алушы арасында осы Келiсiм жасалғанға дейiнгi басқа келiсiмдерге қатысты қаржыдан осы Қосымша жоба мүдделерi үшiн тауарлар мен қызмет көлемiне тiкелей жұмсалған сома да кiредi; немесе (ii) Несие қорынан қаржыландырылуға тиiстi немесе қаржыландырылуға ұсынылған барлық шектеусiз Қосымша Несиелердi қосқанда 500 000 АҚШ долларынан аспауы тиiс, соның өзiнде осы көрсетiлген сомалар Банктiң шешiмiмен ауық-ауық өзгерiп тұруы ықтимал.
3. (а) Қосымша Несиелердi беру кезiнде (шектеусiз қосымша несиелердi қоспағанда) Несие алушы Банктiң мақұлдауы мақсатында Банк ұнатқан қалыпта жасалған алдын-ала талап ұсынады, оған: (i) Ауылдық кәсiпорынның сипаттамасы, Қосымша жобаға эксперттiк баға беру қорытындысы, оның iшiнде Несие қорынан қаржыландырылуға тиiстi шығындардың сипаттамасы және қоршаған ортаның экология жөнiндегi басшылық негiзiнде Банкке тиiмдi деп табылатындай дәрежедегi жағдайы турасында берiлген баға; (ii) Қосымша жобаға қатысты ұсынылған шарттар мен мерзiм, оның iшiнде өтем кестесi; және (ііі) Банктiң негiздi сұрауларына сәйкес басқа да кез-келген ақпарат.
(b) Несие алушының Несие қорынан шектеусiз қосымша несиелер бойынша қаржы түсiрiп алуға рұқсат сұраған әрбiр талабында (i) Ауылдық кәсiпорын мен Қосымша жобаның сипаттамасы, оның iшiнде Несие қорынан қаржыландырылуға ұсынылған шығындардың сипаттамасы және (іі) Қосымша Несиеге қатысты ұсынылған шарттар мен мерзiм, оның iшiнде өтем кестесi көрсетiлуi тиiс.
(с) Осы пункттiң (а) және (b) тармақшаларына сай жасалған алдын-ала сұраулар мен талаптар Банкке 2001 жылдың 30 маусымына дейiнгi толық мерзiм iшiнде тапсырылуы тиiс.
4. Қосымша Несиелер Несие алушыға Ауылдық кәсiпорынмен жасасылған жазбаша келiсiм-шарт немесе басқа да құқықтық әрекеттер арқылы Банк пен Несие алушының мүдделерiн қорғауға мүмкiндiк беретiн шарттарға сәйкес босатылады, оның iшiнде Қосымша Несиеге қатысты мынадай құқықтар қамтылған:
(а) Ауылдық кәсiпорыннан Қосымша жобаны тиiстi дәрежедегi ыждағаттылықпен әрi тиiмділікпен және тиiстi дәрежедегi техникалық, қаржылық, басқарушылық, және экологиялық нормалар мен ережелерге сай жүргiзулi және тиiстi есеп-қисапқа мұқият болуды талап ету;
(b) (i) Қосымша Несие қорынан қаржыландырылатын тауарлар мен кеңес беру қызметi осы Келiсiмнiң 4-ші Қосымшасындағы ережелерге сай алынуын; және (іі) мұндай қызметтер тек қана Қосымша жобаны орындауға пайдаланылуын талап ету;
(с) Өз бетiмен немесе Банктiң талабы бойынша Банк өкілдерiн қатыстыру арқылы Қосымша жобаға қатыстырылған кәсiпорындарға тiкелей тексерулер жүргiзу, сонымен қатар олардың iс-әрекеттерi мен тиiстi есеп-қисабына қатысты құжаттарды тексеру;
(d) (i) Ауылдық кәсiпорынның қамсыздандыру келiсiм шартын қамсыздандыру жөнiндегi сенiмдi компаниялармен iс жүзiндегi тәжiрибеде жеткiлiктi деп саналатын тәуекел деңгейi мен сома көлемiнде жасауын; және (іі) мұндай қамсыздандыру осының алдындағы пункт ережелерiн шектемейтiндей жағдайда Несие қорынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алу, тасымалдау және пайдаланылатын жерге жеткiзiп орналастыру жолындағы бүкiл тәуекелдi қамтуын және осы бағытта ықтимал шығындарды Ауылдық кәсiпорынның мұндай тауарларды айырбастауға және жөндеуге еркiн қолдана алатын валюта арқылы жабылуын талап ету;
(е) Жоғарыда айтылған мәселелерге және Ауылдық кәсiпорынның басқарылуы, iс-әрекетi және қаржылық жағдайы, сонымен қатар Қосымша жобадан түсетiн пайда турасында Банк, немесе Несие алушы тарапынан негiздi түрде сұрау салынған кез-келген ақпарат алу;
(f) Ауылдық кәсiпорын тарапынан Несие алушымен жасалған келiсiм-шартта көзделген мiндеттемелерiн орындамайтындығы байқалған жағдайда оның Несие қорын пайдалану құқын тежеу немесе бiржола жою.
6 Қосымша
Арнайы шот
1. Қосымшаның мақсаттары үшiн:
(а) "заңға сәйкес категориялар" сөз тiркесi осы Келiсiмнiң 1-шi Қосымшасының 1-шi кестесiнде көрсетiлген (1)-(4) категорияларды мағыналайды;
(b) "заңға сәйкес шығындар" сөз тiркесi осы Келiсiмнiң 1-шi Қосымшасындағы шарттарға сәйкес әлсiн-әлсiн заңға сәйкес категорияларға Несие қорынан қаржыландырылу арқылы Жобаны iске асыруға қажеттi тауарлар мен қызмет көлемiнiң ақылға сиымды баға негiзiндегi шығындарын мағыналайды, алайда осы Келiсiмнiң (5) Қосымшасының D бөлiмiндегi 2 (b) пунктiндегi ережелерге қарамастан шектеусiз Қосымша Несиелер тарапынан қаржыландырылатын шығындар төлемi жоғарыда көрсетiлген мақсаттарда Банктiң Несие қорынан қаржы түсiрiп алуды бекiткенiне дейiнгi Арнаулы шот арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Бiрақ мұндай шығындар тек қаржы түсiрiп алудың мұндай түрiнiң Банк тарапынан iле-шала бекiтiлген жағдайында ғана заңды деп саналады; және
(а) "Бекiтiлген қаржы" сөз тiркесi осы Қосымшаның 3(а) пунктiне сәйкес Несие қорынан түсiрiлiп алынып, Арнаулы шотқа салынған 1 500 000 АҚШ долларына тең соманы мағыналайды, соның өзiнде Банк басқаша келiспеген жағдайда Бекiтiлген қаржы Жалпы шарттардың 5.02 тарауына сәйкес бүкiл өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң Банк қабылдаған барлық сомасы 3 000 000 АҚШ долларына тең болғанға немесе одан асып кеткенге дейiн 1 000 000 АҚШ доллары мөлшерiмен шектеледi.
2. Арнаулы шот арқылы қаржы төлеу осы Қосымшаның шарттарына орай тек қана заңға сәйкес шығындар үшiн жүргiзiледi.
3. Арнаулы шоттың тағайындалған тәртiптерге сай ашылғаны жөнiнде Банкке қолайлы көлемде куәлiк берiлгеннен кейiн Бекiтiлген қаржыны түсiрiп алу және Арнаулы шотты толтыру мақсатында әрi қарай қаржы түсiрiп алу төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:
(а) Несие алушы бекітілген қаржыны түсіріп алу үшiн Банкке жалпы сомасы немесе сомалары Бекiтiлген қаржыдан аспайтын депозит салымы жөнiнде сұрау немесе сұраулар салады. Осындай сұрау немесе сұраулар негiзiнде Банк Несие алушының атынан Несие қорынан қаржы түсiрiп алып, оны Несие алушы сұраған сома немесе сомалар мөлшерiнде Арнаулы шотқа депозит есебiнде салады.
(b) (i) Арнаулы шотты толтыру үшiн Несие алушы Банкке Банктiң өзi белгiлеген мерзiмде Арнаулы шотқа қаржы аудару турасында сұрау салады.
(іі) осы сұрауды алғанға дейiн немесе алған сәтте Несие алушы Банкке төлемдi немесе төлемдердi iске асыру мақсатында осы Қосымшаның 4-ші пунктiнде көрсетiлген құжатнамаларды және басқа да куәлiктердi тапсыру арқылы Арнаулы шотты толтыру жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. Осындай әрбiр сұрау салу негiзiнде Банк Несие алушының атынан Несие шотындағы қаржыны Несие алушы сұраған мөлшерде есептен шығара отырып, жоғарыда аталған және басқа да құжаттар негiзiнде осы соманың Арнаулы шоттан тиiстi шығындарды өтеу мақсатында есептен шығарылғандығын куәландырады.
Банктiң Несие шотынан көрсетiлген депозиттердi түсiруi заңды категориялар және тиiстi тең сомалардың шеңберiнде жүргiзiледi, әрi бұл тиiстi қаржылық және басқа да құжаттар арқылы бекiтiлуi тиiс.
4. Несие алушының Арнаулы шот арқылы өткiзген әрбiр төлемi бойынша Несие алушы Банктiң сұрауында көрсетiлген мерзiм iшiнде Банкке осындай төлемнiң тек заң негiзiндегi шығындар үшiн жасалғандығы туралы құжатнамалар мен куәлiктердi тапсырып отырады.
5. Осы Қосымшаның 3-шi пунктiндегi ережелерге қарамастан мынадай жағдайларда Банк Арнаулы шотқа қатысты әрi қарайғы депозит мәселесi жөнiндегi сұрауларға құлақ аспауы мүмкiн:
(а) Егер Банк Несие алушының Несие шотынан қаржы түсiрiп алуды бұдан әрi қарайғы жерде осы Келiсiмнiң 2.02 тарауындағы (а) пунктiне және Жалпы шарттардың V бабына сәйкес жүргiзiп жатқанын қандайда бiр мезгiлде байқап қалғандай болса; немесе
(b) Егер осы Қосымшаның 4.0I (b) (ii) тарауында сипатталғанындай Арнаулы шотқа қатысты есеп-қисап пен есеп берулер тарапында жүргiзiлген аудит жайындағы осы тарауда айтылғандарға сәйкес Банкке тапсырылуға тиiстi қандай да бiр қорытындылар Несие алушы тарапынан Банкке тапсырылмаған болса;
(с) Егер Банк қандайда бiр мезгiлде Несие алушының Несие шотынан қаржы түсiрiп алу жөнiндегi құқықтарын Жалпы шарттардың 6.02 тарауына сәйкес жарым-жартылай тежейтiн немесе мүлде тоқтататын ниетi туралы Несие алушыны хабардар еткен жағдайда; немесе
(d) Жоба жөнiндегi Жалпы шарттардың 5.02 тарауындағы ережелерге сәйкес несие қорындағы заңға сәйкес категорияларды қаржыландыруға лайықталған соманың Банк тарапынан бүкiл өтелмеген арнайы мiндеттемелер турасындағы сомаларды алып тастағаннан кейiнгi түсiрiлiп алынбаған көлемi Бекiтiлген қаржы сомасынан екi есе артып кеткен жағдайда. Бұдан кейiн несие қорындағы заңға сәйкес категорияларды қаржыландыруға лайықталған соманың түсiрiлiп алынуы Несие алушыға Банк тарапынан арнайы хабардар етiлген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Қаржының әрi қарайғы жерде түсiрiлiп алынуы осы тәртiп хабардар етiлген күнi Арнаулы шоттағы депозитте қалған барлық соманың заңға сәйкес шығындарды өтеуге жұмсалатындығы жайында Банк тарапынан көз жеткiзiлгеннен кейiн Банкке тиiмдi деп табылған көлемде жүргiзiлетін болады.
6. (а) Егер Банк қандайда бiр мезгiлде (i) Арнаулы шоттан жасалған кез-келген төлемдер осы Қосымшадағы 2-ші пунктке сәйкеспейтiн сомада немесе онда көрсетiлмеген шығындарға бағытталғанын анықтаған жағдайда немесе (ii) Банкке ұсынылған құжатнамалармен негiзделмеген жағдайда Несие алушы мұндай қосымша қуаттауды Банк тарапынан (А) хабардар етiлгеннен кейiн iле-шала Банктiң ықтимал сұрауына орай қамтамасыз етедi; немесе (В) заңға сәйкес категорияларға кiрмейтiн, болмаса жеткiлiктi дәрежеде қуатталмаған төлемдерге немесе солардың бөлiгiне тең соманы (Банктiң талабына сәйкес Банкке қайтарып бередi) немесе Арнаулы шотқа салады. Банк басқаша келiспеген жағдайда Несие алушы әрбiр нақты жағдайда мұндай қуаттауларды тапсырмайынша немесе айтылған қаржыны Арнаулы шотқа салмайынша, яки болмаса қаржыны орнына келтiрмейiнше Арнаулы шотқа Банк тарапынан ешқандай да қаржы салынбайды.
(b) Егер Банк қандайда бiр мезгiлде Арнаулы шоттағы өтелмеген кез-келген соманың заңға сәйкес төлемдердi әрi қарай өтеуге қажетсiздiгiн тағайындаған жағдайда Несие алушы Банк тарапынан хабардар етiлгеннен кейiн iле-шала осындай өтелмеген соманы Банкке
қайтарып бередi. (с) Несие алушы Банк тарапынан хабардар етiлгеннен кейiн Арнаулы шоттағы депозитке салынған қаржыны Банкке толықтай немесе жарым-жартылай қайтарып бередi. (d) Банкке қайтарылып берiлген қаржы осы Қосымшадағы 6(а), (b) және (с) пункттерiне сәйкес осы Келiсiмдегi ережелерге және Жалпы шарттарға орай әрi қарай түсiрiп алу немесе жою мақсатында Несие шотына құйылады. Оқығандар: Омарбекова А. Нарбаев Е.