Табиғи монополиялар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 27.12.2018 № 204-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      Ескерту. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.12.26 № 364 Заңымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органға", "табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2006.07.05 № 166 Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "почта", "Почта" деген сөздер тиісінше "пошта", "Пошта" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2014 № 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша ", реттелетін нарық", "және реттелетін нарық", "және реттелетін нарықтар" деген сөздер алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бап. Осы Заңның мақсаты

      Осы Заңның мақсаты:

      1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;

      2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу;

      3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігін, айқындығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;

      4) бекітілетін тарифтердің реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы

      Ескерту. 1-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.

      3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:

      1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;

      2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:

      осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.

      3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.

      3-2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-3. Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тарта отырып, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыратын және уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілері үшін осы Заңның ережелері Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібімен реттелмеген бөлігінде ғана қолданылады.

      4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледi.

      5. Осы Заңның күші мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының қызметіне қолданылмайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 № 364, 2004.12.09 № 9, 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 № 21-I (2012.06.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-2) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау – бекітілген тарифтерде (бағаларда, алым мөлшерлемелерінде) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге капитал салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсаттарға жұмсау;

      2) жалпыға бірдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;

      3) жария тыңдаулар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;

      4) инвестициялық бағдарлама – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

      5) инвестициялық жоба - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      6) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;

      7) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:

      жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

      көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

      көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;

      саны жылына үш жүз мың адамнан аз жолаушыларға қызмет көрсететін әуежайлар бойынша;

      көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;

      көлемі жылына жиырма бес миллион кВт. сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;

      9) қысқа мерзімді кезең - бір жылға дейінгі уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;

      10) орташа мерзімді кезең – бір жылдан асатын төрт жылды қоса алғанға дейінгі уақыт аралығы;

      11) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12) 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 09.07.1998 № 272 Заңымен.

      12-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      12-2) сараланған тариф - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған, уәкілетті орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша саралап бекіткен тариф;

      12-3) сараптама кеңесі – табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мақсатында құрылатын, құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін орган;

      13) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;

      14) стратегиялық тауарларды өндірушілер:

      стратегиялық тауарларды өндіретін;

      стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;

      15) табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі;

      16) табиғи монополия саласы - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылуы мүмкін көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;

      17) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      18) табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға;

      19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) құнының уәкілетті орган бекіткен ақшалай көрінісі;

      21) тарифтік смета - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;

      22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге, ал қажет болған кезде – осындай ұзақ мерзімді кезең ішінде әрбір жылға бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;

      23) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      24) төтенше реттеуші шаралар – стратегиялық тауарлардың құны өскен немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи монополия субъектiсiнің қызметiн тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;

      25) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектісінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленуші, келісім нәтижесінде бірлесіп тікелей немесе жанама шешім белгілеуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;

      26) тұтынушы - табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      26-1) тұтынушылар тобы - табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері белгілерінің, қызметінің, оларды нысаналы пайдаланудың ортақ болуымен біріктірілген тұтынушылар жиынтығы;

      27) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы);

      28) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;

      29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      30) ұзақ мерзімді кезең – бес жыл және одан көп уақыт аралығы;

      31) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      32) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.15 № 255-IV; 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Табиғи монополиялар аясы

      1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):

      1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;

      3) электр энергиясын беру жөнiндегi;

      4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

      5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi;

      5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;

      6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;

      6-1) бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің;

      7) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;

      8) халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;

      9) коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың;

      9-1) порттардағы көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;

      10) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;

      12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) жатады.

      13) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.

      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.

      Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      4. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 9 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 N 230-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу

      1. Табиғи монополия субъектiсiне:

      1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға;

      4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тануға;

      4-2) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;

      5-1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға) беруге;

      6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;

      7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;

      8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзуге;

      8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;

      9) мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;

      10) мыналар:

      тарифтiк сметада қамтылатын;

      реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;

      ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға;

      11) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік үшін төлемақы талап етуге;

      12) тұтынушылардан осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 24) тармақшасында көзделген ақпаратты бергені үшін төлемақы алуға;

      13) тұтынушылардан қосымша материалдарды, ақпаратты сұратуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген қосымша талаптар қоюға;

      14) табиғи монополия субъектісі немесе оның үлестес тұлғалары табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосу үшін техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жүргізетін тұтынушыларға артықшылықтар жасауға;

      15) жұмыстарды техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге тыйым салынады.

      1-1. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 166, 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары

      Табиғи монополия субъектiсiнiң:

      1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;

      1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

      1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;

      1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;

      1-4) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан уәкiлеттi органмен келiсiлген ақы алуға;

      2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге;

      3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;

      4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;

      5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;

      5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;

      5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;

      5-3) уәкілетті органға тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;

      5-4) уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;

      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364; 2004.12.09 N 9; 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi

      Табиғи монополия субъектiсi:

      1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;

      2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;

      2-1) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;

      2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;

      2-3) осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;

      3) тәртібі "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;

      3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;

      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн көрсетілетін қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;

      4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;

      5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;

      6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;

      7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;

      7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;

      7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;

      7-3) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын негіздемелерімен есеп беруге;

      7-4) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;

      7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;

      7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;

      7-8) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;

      7-9) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;

      7-10) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;

      8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;

      8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;

      9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;

      9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;

      10) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынуға;

      12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

      13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;

      13-1) "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен монополияға қарсы органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабардар етуге;

      14) Алынып тасталды - ҚР 2006.01.14 N 120 Заңымен.

      14-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

      16) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1-тармағында аталған, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруге және ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.

      Көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылатын кірме жолды иеліктен шығарған жағдайда, осы кірме жолдың иесі тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алудың басым құқығын беруге міндетті.

      Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде басым құқық тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы 12 айда көрсетілетін қызметтердің көбірек көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі;

      17) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемесiн әзiрлеуге;

      18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған шекті деңгейлерінің өсуіне әкеп соқпайтын жағдайда, іске асыруға, сондай-ақ қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;

      19) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;

      21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;

      22) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23) табиғи монополия субъектісі коммуналдық қызметтер көрсеткен жағдайда, мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етуге;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және өзге де қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, желілердің өткізу қабілетінің бар екендігі, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникацияларының схемалары туралы тоқсан сайын жаңартылатын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға не өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға беруге;

      25) сауалдар бойынша, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруді қамтамасыз етуге;

      26) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға;

      27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 7-8), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364; 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 05.05.2006 N N 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР № 139 Заңының 2-б. қараңыз), 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.06.08 N 163-IV, 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-I (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

7-3-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

7-4-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау

      Ескерту. 7-4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.

      2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:

      1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;

      2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;

      3) электрондық құжат түрінде – қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.

      3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.

      Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.

      4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

      Ескерту. Заң 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-5-бап. Техникалық шарттар беру және табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосу

      1. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) өтініш берушінің техникалық шарттарды беру туралы өтініш беруі;

      2) табиғи монополия субъектісінің өтінішті және қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысында қарауы;

      3) табиғи монополия субъектісінің тұтынушының техникалық шарттарды беру туралы өтінішін қарауы;

      4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;

      5) өтініш берушінің техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жүргізуі;

      6) көрсетілетін қызметке қосу.

      2. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кезінде қызметтер көрсетілгені үшін тұтынушыдан төлемақы алынады.

      3. Техникалық шарттарды беру туралы өтініште:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) өтініш берушінің мекенжайы;

      3) көрсетілетін қызметке қосу орны;

      4) көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемі;

      5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

      6) өзге мәліметтер көрсетіледі.

      4. Техникалық шарттарды беру туралы өтініштің нысанын және өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін табиғи монополиялар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну тәртібіне сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

      5. Табиғи монополия субъектісі тұтынушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті екі жұмыс күні ішінде қайтарады.

      6. Өтініш қарауға қабылданған жағдайда, табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беру туралы өтінішті мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күні ішінде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      7. Мынадай:

      1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті бос техникалық қуаттылық болмаған;

      2) желілер немесе көрсетілетін қызметті беру үшін қажетті өзге мүлік болмаған жағдайларда, техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.

      8. Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтің бос техникалық қуаттылығы тапшылығының есеп-қисабымен, желілердің немесе көрсетілетін қызметті беру үшін қажетті өзге мүліктің болмауының уәжді негіздемесін қоса береді;

      2) өтініш берушіге бас тартумен бір мезгілде техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін, уәжді негіздемені және бас тартудың негізділігін растайтын ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      9. Уәкілетті орган техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуына байланысты:

      1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге техникалық шарттарды беруден бас тартудың негізділігін растау немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашы болу үшін уәкілетті органға шағым беру қажеттігі туралы хат жібереді;

      2) бос техникалық қуаттылықтың немесе желілердің, табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті өзге мүлкінің болмауы фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын түзетеді.

      10. Көрсетілетін қызметке қолжетімділік берілген кезде табиғи монополия субъектісіне:

      1) бос қуаттылықтар туралы ақпарат бергені үшін төлемақы алуға;

      2) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың реттелетін қызметті көрсетуге жатпайтын рұқсаттарын және өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;

      3) өтініш берушіге көрсетілетін қызметке қосу кезінде көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарын сақтаудан басқа, өзге де талаптар қоюға;

      4) көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын жасамауға;

      5) көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарына сәйкес жұмыстарды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге;

      6) техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жобасын келісуді талап етуге тыйым салынады.

      11. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталуы туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      12. Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күні ішінде техникалық шарттарды анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      13. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарын беруге арналған өтінім жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.

      14. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды беруді:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күні ішінде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде электрондық нысанда жүзеге асырады.

      15. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.

      Ескерту. Заң 7-5-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Табиғи монополия субъектісiнiң мүлкiн иелiктен айыру және акцияларын (үлестерiн) сатып алу

      Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.

9-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қайта құру және тарату

      Ескерту. 9-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.

10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары

      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;

      2) шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;

      3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен шағымдануға;

      4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;

      4-1) жария тыңдауларға қатысуға;

      4-2) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120 Заңдарымен.

11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері

      Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

      1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

      4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2010.03.15 № 255-IV Заңдарымен.

12-бап. Уәкiлеттi орган

      Уәкiлеттi органның ережесiн, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті

      Ескерту. 12-1-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

      1. Уәкiлеттi орган:

      1) табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылау мен олардың қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

      1-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      1-3) тарифтік реттеу әдістерін және оларды қолдану тәртібін көздейтін, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін айқындайды;

      1-4) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;

      2) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;

      3) мемлекеттiк органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

      3-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-2) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекітеді және қолданады;

      4-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;

      4-4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

      4-6) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      4-7) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-8) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-9) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-10) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;

      4-11) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-12) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда, реттеуді енгізеді;

      4-13) қызметі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібін айқындайды;

      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-2) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-3) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-4) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-5) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;

      5-7) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;

      5-8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      6) Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

      1. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:

      1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлейді және бекiтеді;

      2) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;

      3) мемлекеттiк реттеу мен бақылауды енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

      4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;

      5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;

      6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;

      6-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгiзуге;

      8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;

      9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

      10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;

      11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;

      11-1) мынадай:

      реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;

      негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің нақты шығындары қысқарған;

      Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын өзге де қызмет түрлерінен қомақты кірістер алынған;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда, осы Заңның 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендетуге бастамашылық жасауға;

      12) алынып тасталды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;

      13-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-2) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-3) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға;

      14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде он екi айға белгiлеуге;

      15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бекiтуге;

      16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;

      17) мемлекеттiк органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге;

      17-1) олар белгiлеген тәртiпке сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;

      17-2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін бекітуге;

      17-3) электр желілерін балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, сондай-ақ оларды басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде қолданыстағы тарифтік сметаларды бекітілген және қолданыстағы тариф шеңберінде олардың қалған қолдану мерзіміне түзетуге;

      18) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18-1) қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу және электр желілерін, газ тарату жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;

      19) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      20) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;

      20-1) Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;

      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

      1. Уәкiлеттi орган:

      1) мынадай:

      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;

      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;

      амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;

      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.

      2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;

      3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

      4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған кезде жария тыңдауларды өткізуге;

      4-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) мыналардың:

      тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтудiң;

      тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;

      уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң;

      уақытша өтемдік тарифті бекiтудiң;

      сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;

      5-1) мыналарға:

      табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;

      шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;

      6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;

      6-1) шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында:

      табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған кезде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты;

      сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеудің нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпаратты орналастыруға;

      6-2) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

      6-3) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 24) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі берген, бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, желілердің өткізу қабілетінің бар екендігі, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникацияларының схемалары туралы тоқсан сайын жаңартылатын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      Ескертпе. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (13.10.2011 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:

      1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітумен;

      1-1) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен;

      1-2) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен;

      2) тарифтiк сметаны бекiтумен;

      3) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтумен;

      4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiтумен;

      5) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) уақытша өтемдiк тарифтi бекiтумен жүзеге асырылады.

      2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.

      Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлері реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет өз бетінше өзгертуге құқылы.

      Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны осылайша өзгерткен жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгертудің себептерін көрсететін ақпаратты бере отырып, тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгерткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиісінше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесі) және тарифтік смета болып табылады.

      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.

      4. Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі қолданылады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV; 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртiбi

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлері көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.

      2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:

      1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;

      2) шикiзат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;

      3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiне қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;

      4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;

      5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;

      6) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделетін амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.

      Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.

      2-1. Өз қызметiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың және бекітудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында көзделеді.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-2-бап. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібі

      Ескерту. 15-2-бап алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі

      1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға ұсынады.

      2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды уәкілетті орган айқындайды.

      Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

      Инвестициялық бағдарламада (жобада) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмейтін жағдайда іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық әсер алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.

      3. Уәкілетті орган, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынылған кезінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган қол қойған уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.

      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен оны бекітуге ұсыну, оны іске асыру және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде түзетуге құқылы.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.

      Табиғи монополия субъектісі осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде ескерілмеген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын ауыстыруға немесе алып тастауға құқылы.

      4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін:

      1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;

      2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;

      3) осы баптың 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес ұсынылатын негіздейтін құжаттардың болмауы;

      4) бұрыс ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден өзге де негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейді.

      5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті органның құқықтық актісімен ресімделеді.

      7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, бір мезгілде уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға:

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;

      2) пайдалар мен шығындар туралы есепті;

      3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпаратты;

      4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

      5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

      8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган ұсынылған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.

      9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу мынадай:

      1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;

      3) қол жеткізілген нақты қаржылық нәтижені инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;

      4) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің немесе оның шекті деңгейінің өзгеруіне, жаңа объектілерді салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;

      4-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау;

      5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау кезеңдерін қамтиды.

      10. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапының міндеттемелерді орындамауы, конкурс (тендер) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күш салдары) бойынша орындамаған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету арқылы келесі жылға ауыстырылуы мүмкін. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы іс-шараларын орындау мерзімдерін қайталап ауыстыруға жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртiбi

      1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға өтінімді олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын ұсынады.

      2. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтілген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлгенге дейін күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.

      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде беруге мiндеттi.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.14 N 120 Заңымен.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV; 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайларда уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларына сараптама жүргiзедi.

      Сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктері тартылады.

      2. Уәкiлеттi орган:

      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;

      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар қолданылмайды.

      Жария тыңдаулар:

      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын;

      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей;

      3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;

      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік бiр күн бұрын өткiзiледi.

      Жария тыңдаулар жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

      Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзудiң күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:

      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;

      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтерудiң себептерi туралы экономикалық негiзделген есептерi бар ақпаратты беруге мiндеттi.

      Жария тыңдаулар өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкiлеттi орган күнтізбелік елу бес күн iшiнде, ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда күнтізбелік жүз қырық бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қарау мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.

      3-1. Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны өтінім берушіден мерзімді, бірақ бес жұмыс күнінен кем емес мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.

      4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкiлеттi орган күнтізбелік отыз күн iшiнде қарайды.

      5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттейтiн шаралар түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.

      6. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмдерге қолданылмайды.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.05 N 166; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы

      1. Алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.

      2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне – олар қолданысқа енгiзілетiн кезге дейiн кемінде күнтізбелік отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзілгенге дейiн кемінде күнтізбелік он күн бұрын жiберiлуге тиiс.

      Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiммен бірге табиғи монополия субъектісіне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiтуге арналған өтініммен табиғи монополия субъектісі ұсынған шығындар мен пайда баптарын өзгерту және нақтылау негіздемесін жібереді.

      3. Төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 мен 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту бекітілген шекті тарифтің қолданылуы кезеңінде кемінде бір рет жүргізіледі.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекiтiлген айдан кейiнгi екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.

      Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.

      5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту:

      1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);

      2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;

      3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;

      4) егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге жүргiзiледi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей, оларды қайта қарау үшін өтінім беруге міндетті.

      Тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.

      5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер — табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын өткізудің нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе банкроттық рәсімі процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.

      6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      7. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпараты негізінде аталған табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін инвестициялық (пайданы, амортизациялық аударымдарды, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындарды) және өзге де шығындарды алып тастай отырып, өзі айқындайтын тәртіппен күнтізбелік отыз күн ішінде бекітеді.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жасауға:

      1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иеліктен шығарылатын мүлкінің не ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкiмен мәмiлелер жасасуға;

      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;

      3) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-1) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі.

      1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.

      Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.

      3. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектісі мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:

      1) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметтен алынатын кірістер оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс;

      2) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;

      3) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) көлемдері мен сапасының төмендеуіне алып келетін, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және ұсынуға қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге алып келмеуге тиіс.

      Табиғи монополия субъектісінің тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.

      4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамайды.

      5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.

      6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.

      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 2002.12.26 N 364, өзгерістер енгізілді - 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-2-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге де мәмiлелер жасау, сондай-ақ оның акцияларын (үлестерiн) сатып алу

      Ескерту. 18-2-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.09 N 9 Заңымен.

18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.

      2. Табиғи монополия субъектісін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ оның қызметінің тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополия субъектісінің өтінішіне электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште берілетін уәкілетті органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.

      3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.

      Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгерістер енгізілді - 2004.12.09 N 9 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері

      1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.

      2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:

      1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;

      2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;

      3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;

      4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау;

      5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;

      7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;

      8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;

      9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.

      2-1. Табиғи монополия субъектiсi:

      1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;

      2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;

      3) электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;

      4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;

      5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.

      3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл тәртіп сатып алуды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;

      дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.

      Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.

      3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.

      4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

      5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

      6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.

      7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.

      8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;

      2) егер тұтынушыларға залал келтірген бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің қолданылуы кезеңінде анықтаса, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін өзгертуге бастамашылық жасауға және табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.

      9. Осы баптың 2-1-тармағын қоспағанда, осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілік компанияларға қолданылмайды.

      Ескерту. Заң 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 № 364, Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 № 9, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 № 166, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

      Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-5-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзудiң тәртiбi

      Ескерту. 18-6-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн тексеру нәтижелерiбойынша уәкiлеттi органның шешiмi

      Ескерту. 18-7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелерi бойынша:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;

      3) табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;

      4) материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына береді;

      5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.

      Ескерту. Заң 18-7-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары

      1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар олардың басшылары:

      1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;

      2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;

      3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;

      4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.

      2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.

      Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-1-бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары

      1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.

      2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөнiндегi ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

      3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.

      Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.09 N 9, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.

21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi

      Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) нeмece олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2004.12.09 N 9, 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу

      Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.

      Ескерту. Заң 22-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Өтпелi ережелер

      Тоқтата тұру кезеңінде тарифтердің бұрын бекітілген деңгейлері қолданылады деп белгілей отырып, осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігі 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.

      Осы Заңның 3-бабының 12) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2010.03.15 № 255-IV; 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады