Алматыда 1998 жылғы 9 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы табыс
пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық
салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы
Конвенция
ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 62-құжат.
1999 жылғы 29 қазанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет
Қазақстан республикасы мен Чех Республикасы табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасау ниетімен,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де, Уағдаласушы Мемлекеттердiң резидентi болып табылатын тұлғаларына қолданылады.
2-бап Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция, салық алу тәсiлдерiне тәуелсiз, Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiктерiнiң немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының атынан енгiзiлген табысқа және капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктен түсетiн табысқа салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн жалақылар немесе ырзықақылардың жалпы сомаларына салынатын салықтарды қосқанда табыстың жалпы сомасына, капиталдың қосындысына немесе табысты немесе капиталды құрайтын енгiзiлген барлық салықтар, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледi.
3. Конвенция қолданылатын салықтар iшiнара мыналар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасында:
(i) корпоративтік табыс салығы;
(ii) жеке табыс салығы;
(iii) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
(бұдан әрі «Қазақстан салығы» деп аталатындар);
b) Чех Республикасында:
(i) жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
(ii) заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
(ііі) жылжымайтын мүлiкке салынатын салық (бұдан әрi "Чех салығы" деп аталатындар).
4. Конвенция, сондай-ақ осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға қосымша ретiнде немесе олардың орнына енгiзiлетiн кез келген бiрдей немесе iс жүзiнде ұқсас салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары олардың салық заңдарына енгiзiлген барлық елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабарлап отырады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
3-бап Жалпы айқындамалар
1. Егер контексте өзгеше мағына қаралмаса, осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
а) мыналар:
(i) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынада пайдаланған кезде «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарды қамтиды;
(ii) «Чех Республикасы» термині өзіне қатысты чех заңнамасына және халықаралық құқыққа сәйкес Чех Республикасының егемендік құқықтары жүзеге асырылатын Чех Республикасының аумағын білдіреді;
b) "бiр Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекстке байланысты Қазақстанды немесе Бельгияны білдiредi;
с) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез-келген басқа бiрлестiгiн қамтиды;
d) "компания" терминi кез-келген субъект құқығы бар ұйымды немесе салық салу мақсаты үшiн субъект құқығы бар деп саналатын кез-келген дербес құқықтық ұйымды бiлдiредi;
е) "Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорыны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорыны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi жүзеге асыратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жүзеге асыратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) "ұлттық тұлға" терминi:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрiнің азаматтығын алған кез-келген жеке тұлғаны;
(ii) Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң қолданылып жүрген заңдарының негiзiнде өз мәртебелерi бар кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе ассоциацияны бiлдiредi;
g) «халықаралық тасымал» термині теңіз немесе әуе кемесі тек екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен жасалатын кез келген тасымалды білдіреді;
h ) "құзыреттi орган" терминi:
(i) Қазақстан жағдайында - Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
(ii) Чех Республикасы жағдайында - Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
(i) "капитал" терминi жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi білдiредi және акцияларды немесе меншік құқығын растайтын басқа да құжаттарды, векселдердi, облигацияларды немесе қарыздар туралы басқа да куәлiктердi және патенттердi, тауар белгілерiн, авторлық құқықтарды немесе басқа да ұқсас құқықтарды немесе мүлiктердi қамтиды (бiрақ олармен шектелмейдi).
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрi кез келген уақыт кезеңiнде осы Конвенцияны қолданған кезде онда айқындалмаған кез-келген термин, егер түпнұсқа өзгедей қарастырылмаса, Конвенция қолданылатын салықтарға байланысты мақсаттар үшiн оның қазiргi уақыттағы мағынасы осы Мемлекеттiң заңына сәйкес, бұл орайда осы мемлекеттiң салық заңдарында қолданылуына сәйкес кез келген мағына осы Мемлекеттiң басқа да заңдарына сәйкес терминге берiлетiн мағынаға ие болады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті» термині осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша өзінің тұрғылықты жері, резиденттігі, тіркелген немесе инкорпорация жері, тиімді басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа критерий негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекетті және кез келген әкімшілік-аумақтық бөлімшені немесе жергілікті билік органын қамтиды. Алайда, бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға қатысты ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
2. Егер 1-тармақтың ережелерінiң негiзiнде жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, мұндай жағдайда оның мәртебесi былайша айқындалады:
а) оның қарамағында өзiне тиесiлi тұрақты баспанасы бар Мемлекеттің резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердің екеуiнде де оның қарамағында өзге тиесілi тұрақты баспанасы болса, оның жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бiршама тығыз болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер оның өзiнiң ортақ өмiрлiк мүдделерi бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң бірде бiреуiнде оның қарамағында тұрақты үй-жайы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резидентi болып есептеледi;
с) егер, оның әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрып жатса немесе олардың бiреуiнде тұрмаса, ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
d) егер резидентi мәртебесi а) - с) - тармақшаларына сәйкесайқындалуы мүмкiн болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiнiң негiзiнде, жеке тұлғадан өзгетұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнің де резидентi болса, онда ол өзiнің нақты басқару орны тұрған Мемлекеттiң резидентi болып саналады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
5-бап
Тұрақты мекеме
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi сол арқылы кәсіпорынның қызметi толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi iшiнара мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) кеңсенi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы; және
f) табиғи ресурстарды өндіретін немесе барлайтын кез келген орынды қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ, мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісін немесе осыған байланысты байқау қызметін, бірақ егер мұндай алаң, объект немесе қызмет он екі айдан асатын кезең ішінде бар болса;
b) қызметкерлер немесе осындай мақсаттар үшiн қабылданған басқа қызмет мүшелерi арқылы бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнымен консультациялық немесе басқару қызметтерiн қоса, қызмет көрсетулердi, бiрақ тек егер мұндай сипаттағы қызметтер (осы үшiн немесе соған байланысты жоба бойынша) ел шегiнде 12 айдан астам уақытқа созылса.
Осы тармақта көрсетілген уақытша шектеулерді айқындау мақсаттары үшін Конвенцияның 9-бабына сәйкес екінші кәсіпорынмен қауымдасқан кәсіпорын жүзеге асыратын қызмет, егер қызмет мынадай шарттарға сәйкес келсе:
а) мәні жағынан соңғы аталған кәсіпорын жүзеге асыратын қызметке ұқсас болса, және
b) бірлесіп жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір немесе байланысты жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын болса, ол қауымдасатын кәсіпорын жүзеге асыратын қызмет ретінде қаралады.
4. Осы Баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) ғимараттарды кәсiпорындарға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорларын тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын басқа кәсiпорынның өңдеу мақсаты үшiн ғана ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу немесе ақпарат жинау мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін дайындық немесе қосалқы сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана пайдалануды;
f) тұрақты қызмет орнының мұндай қоса жүргiзу нәтижесінде пайда болатын жиынтық қызметi а)-дан е)-ге дейiнгi тармақшаларда айтылғанындай жағдайда тұрақты қызмет орнын тек қызмет түрлерiн қоса жүргiзу үшiн ғана ұстауды қамтымайтын болып есептеледi.
5. 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер төменде келтiрiлген 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар сенiмдi агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан шарт жасасу бойынша өкiлеттігi болса және әдетте, оны iске асырып жүрсе, егер мұндай тұлғаның қызметi 4-тармақтың ережелерiнде айтылғанындай қызмет түрлерiмен шектелмесе және егер олар тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса, осы тармақтың ережелерiне сәйкес осы тұрақты қызмет орнын тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда бұл кәсiпорын осы кез келген қызмет түрлерiне қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар деп қарастырылады.
6. Кәсiпорын осы Мемлекетте делдал, бас агент-комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген өзге сенiмдi тұлға арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн ғана, мұндай адамдар өздерiнiң әдеттегi мiндетiн атқару кезiнде әрекет еткен жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қаралмайды. Алайда, мұндай агенттің қызметі осындай кәсіпорынның атынан толық немесе толық дерлік орындалса және осындай кәсіпорын мен агенттің арасында олардың коммерциялық және қаржылық өзара қатынастарында тәуелсіз кәсіпорындар арасында орнатылуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса, онда ол осы тармақтың ұғымында тәуелсіз мәртебесі бар агент деп есептелмейді.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте осы қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе өзге жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бiрiн өз бетiнше екiншiсiнiң тұрақты мекемесi екенiн бiлдiре алмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен (ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы жұмыстарынан түскен табысты қосқанда) алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Кез келген жағдайда термин жылжымайтын мүлiк жөнiндегi көмекшi мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықтарды, жер меншiгi жөнiндегi жалпы құқықтық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiктен түсетiн табысты, минералдық заттарды, кен көздерін және басқа да табиғи ресурстарды игеру үшiн өтемақы ретiнде берiлетін ауыспалы немесе кесiмдi төлемдердi алу құқығын немесе соларды игеру құқығын қамтиды; теңiз, өзен және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
4. 1 және 2-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлiктен алған және тәуелсiз жеке қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен түскен табысқа қолданылады.
7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс
1. Егер кәсiпорын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы онда қандай да бiр қызметiн жүзеге асырса немесе жүзеге асырмаған болса, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғандай, осы қызметiн жүзеге асырса немесе жүзеге асырмаған болса, кәсiпорынның пайдасына, басқа Мемлекетте, бiрақ тек қана мыналарға жатқызылатын шекте:
а) осындай тұрақты мекемеге;
b) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сәйкес бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуға қатысты салық салынуы мүмкін.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметiн сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы осы қызметiн жүзеге асыратын болса немесе жүзеге асырса, онда мұндай жағдайда, егер олар өз осындай немесе ұқсас қызметпен айналысатын және толық тәуелсiз әрекет ететiн жеке және дербес кәсiпорын болғанда өзi тұрақты мекемесi болып отырған толық тәуелсiз жұмыс iстегенде ала алатын пайдасы әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезiнде, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, осылайша атқарушылық және жалпы басқару шығындарын қосқанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды игеруге жол берiледi.
Алайда, патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшін тұрақты мекеме кәсiпорынның бас офисiне немесе кез келген оның өзге ұқсас офисiне роялти, қаламақы немесе өзге ұқсас төлемдер жолымен немесе нақты қызмет көрсеткенi үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиондық төлем жасау жолымен немесе банктiк кәсiпорындары жағдайын қоспағанда, тұрақты мекеменiң ақша қаражаты заемына проценттер төлеу жолымен төленген, егер мұндайлар бар болса (нақты шығыстарды өтеу үшiн өзге тәртiпте) сомаларға қатысты мұндай шегерiмдерге рұқсат етiлмейдi. Осыған ұқсас, тұрақты мекеме кәсіпорынның бас офисінен немесе оның кез келген басқа бөлімшелерінен патенттерді немесе басқа да құқықтарды пайдаланғаны үшін роялти, гонорарлар және осыған ұқсас төлемдер түрінде, ерекше қызмет көрсеткені немесе басқарғаны үшін комиссиялық төлемдер түрінде немесе банк кәсіпорындарын қоспағанда, кәсіпорынның бас офисіне немесе оның кез келген басқа бөлімшесіне берілген ақшалай қарызға қатысты борыштық талаптардан кіріс түрінде алған сомалар (жұмсалған шығыстар өтемақысынан өзге) тұрақты мекеменің пайдасына қосылмауға тиіс.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің әдеттегi қабылданған тәжiрибесiндегiдей мөлшерде оның түрлi бөлiктерi бойынша кәсiпорын табыстарының жалпы сомасын әр бапқа бөлу негiзiнде тұрақты мекемеге жатқызуға жататын пайда сомасын айқындауға 2-тармақ ережелерiнің бiрде-бiрi осы Уағдаласушы Мемлекетке әдеттегi тәжiрибеде қолданылуы мүмкiн, осындай бөлу жолымен салық салуға жататын пайданы айқындауға кедергi келтiрмейдi; алайда, нәтижелер осы Бапта айтылған принциптермен сәйкес болуы үшiн бөлудiң осындай әдiсiн қолдануға тура келедi.
5. Осы тұрақты мекемеге тауарларды немесе кәсiпорындар үшін бұйымдарды ғана сатып алу негiзiнде тұрақты мекемеге түскен ешқандай пайда қосып есептелмейдi.
6. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жатқызылатын пайда, егер өзгедей жағдайлар үшiн бұлтартпас және жеткiлiктi себептер болмаса, жылма-жыл бiрдей әдiспен айқындалады.
7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа Баптарында бөлек айтылған табыс түрлерiн немесе капитал құнының өсiмiнен алынатын табысты қамтыса, онда бұл Баптардың ережелерi осы Баптың ережелерiн қозғамайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
8-бап
Теңіз және әуе көлігі
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнің резидентi халықаралық тасымалда теңiз немесе әуе кемелерiн пайдаланудан алған пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерi, сондай-ақ пұлға, бiрлескен кәсiпорынға немесе көлік құралдарын пайдалану жөнiндегі халықаралық ұйымға қатысудағы пайдаға қолданылады.
9-бап
Ассоциацияланған кәсіпорындар
1. Мынадай жағдайларда:
а) бiр Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорыны басқаруға, бақылауға немесе капиталға тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) бiр ғана тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорыны мен басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорынының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
және әрбiр жағдайда екi кәсiпорын арасындағы коммерциялық және қаржы қатынастарында тәуелсiз кәсіпорындар арасында жасалуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда-егер соңғы шарттар бойынша олардың бiреуiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың болуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзiлуi және тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Егер Уағдаласушы мемлекет осы Мемлекеттiң кәсіпорынының пайдасына енгiзiлiп, тиiсiнше салық салатын жағдайда басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны осы басқа Мемлекетте салық төлейтiн пайда және осындай жолмен енгiзiлген пайда, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындар арасында орын алып отырған жағдайлардай болса, алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорынына есептелуi мүмкiн пайда болып табылады, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзету жасауға тиiс. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi қарастырылуға тиiс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiмен ақылдасып отырады.
3. 2-тармақтың ережелерi алдау, салақтық немесе мiндеттердi қасақана орындамаған жағдайларда қолданылмайды.
10-бап
Дивидендтер
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған сол Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болса, онда осылайша алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайды.
Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осындай шектеулердің тәсiлдері туралы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
Дивидендтер төленетiн пайдасына байланысты компанияға салық салуға бұл тармақтың қатысы жоқ.
3. «Дивидендтер» термині осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ төлемдерді жүргізетін компания резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциялардан түсетін табыс сияқты осындай салық салуға жататын басқа да табыстарды білдіреді.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын дивидендтердің нақты иесi дивидендтер төлейтін компания резидентi болып табылатын басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және дивидендтер төленiп тұратын холдинг осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жатады. Мұндай жағдайда, ретiне қарай 7 немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып отырған компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алса, егер мұндай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетін акция пакеттерi нақтылы осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жатса, компания төлейтiн дивидендтерге осы басқа Мемлекет салық сала алмайды, тiптi, егер дивидендтер төленiп жатса да немесе бөлінбеген табыс толық немесе толық емес осы басқа Мемлекетте алынған табыстан құралса да, компанияның бөлiнбеген табысына бөлiнбеген табысқа салынатын салық салығын салмау керек.
6. Осы Конвенция ережелерiнiң ешқайсысы да Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің тұрақты мекемесiне жататын компанияның пайдасына осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасына есептелген салыққа, егер, осылай есептелген кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай табыс сомасының 5 процентiнен аспаса қосымша салық салуға бөгет ретiнде түсінiлмейдi. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте өндiрiп алынатын осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше барлық салықтардың сомаларынан шегерiлгеннен кейiн айқындалады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
11-бап
Проценттер
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетте есептелетiн және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай проценттерге олар есептелетiн Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер проценттер алушы және нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылайша есептелетiн салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және оның іс жүзіндегі иесі болып табылатын екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін пайыз, егер ол:
а) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне, әкімшілік-аумақтық бөлімшеге немесе жергілікті билік органына, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Орталық (Ұлттық) банкіне немесе, егер қаржы ұйымын құрудың мақсаты экспортты қолдау болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне толығымен тиесілі қаржы ұйымына төленсе; немесе
b) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі, әкімшілік-аумақтық бөлімше немесе жергілікті билік органы, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Орталық (Ұлттық) банкі немесе егер қаржы ұйымын құрудың мақсаты экспортты қолдау болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне толығымен тиесілі қаржы ұйымы кепілдік берген қарызбен немесе кредитпен байланысты болса, пайыз пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады.
4. "Проценттер" терминi осы Бапта пайдаланғанда олар борышкердің пайдасына қатысуға құқық беретiн немесе бермейтiн, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген қандай да болсын борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша сыйақыларды және ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi. Пайыздар» термині осы Конвенцияның 10-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес дивидендтер ретінде қаралатын кез келген табысты қамтымайды.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы осында кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленетiн борыштық талап осындай тұрақты проценттерге қатысты борыш мiндеттемесi нақтылы осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен нақты байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
6. Егер процент төлеушi осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, онда проценттер Уағдаласушы Мемлекетте туындаған деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па, осыған қарамастан, мұндай проценттердi төлеу жөнiнде шығыстар туындаған борыштарға байланысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай проценттердi осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай жағдайларда проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте есептелген болып есептеледi.
7. Егер проценттердi төлеушi мен нақты иесi арасындағы немесе екеуi мен қандай да бiр үшiншi жақ арасындағы арнайы қатынастардың себебiнен борыштық талапқа жататын және соның негiзiнде төленетiн проценттердiң жалпы мөлшерi осындай қатынастар болмағанда, процент төлеушi мен нақты иесi арасында келiсе алатындай сомадан асса, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда, осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес төлемнiң артық бөлiгi салық салуға жатады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
12-бап
Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ олар есептелетін Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынады, бiрақ егер роялти алушы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдары осындай шектеулердi қолданылу туралы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
3. "Роялти" терминi осы Бапта пайдаланғанда бағдарламалық құралдарды, кинематографиялық фильмдердi немесе теле- немесе радио хабарларын таратуға арналған магниттiк таспаларды, кез-келген патенттi, сауда маркасын, дизайн немесе үлгiні, жоспарды, құпия теңдеудi немесе процестi немесе өнеркәсіпке, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпаратты және өнеркәсiп, коммерциялық немесе ғылыми жабдық алу құқықтарын пайдалану немесе ұсынудағы төлемдердi қосқанда, әдебиет, өнер немесе ғылыми шығармаларға берілетiн авторлық құқықтың кез келгенін пайдаланғанына немесе ұсынғанына сыйақы ретiнде алынатын кез келген төлем түрiн бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти туындаған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өздерiне қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлiк шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти сомасы осы Уағдаласушы Мемлекетте туындайды деп есептелiнедi. Алайда, егер роялти төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болу, болмауына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болып және өздерiне қатысты роялти төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде солармен байланысты болса және бұл роялтилер осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте есептелген болып есептеледi.
6. Егер роялти төлеушi және оның нақты иесi немесе екеуi мен қандай да бiр басқа жақ арасындағы айрықша қатынастардың әсерiнен, құқықты немесе ақпаратты пайдалануға жататын солардың негiзiнде төленетiн роялтидің сомасы мұндай қатынастар болмағанда, роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсе алатындай сомадан асса, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы көрсетiлген сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес проценттер есептелетiн, төлемнiң артық бөлiгi әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңына сәйкес салық салуға жатады.
13-бап
Мүлік құнының өсуінен түсетін табыс
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің 6-бапта айқындалғандай және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің өз құнының 50 пайызынан астамын екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын компаниядағы акцияларын, оған қатысу үлестерін иелігінен айырудан немесе басқа да құқықтарынан айырудан алған құн өсіміне осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие тұрақты мекеменің кәсiпкерлiк мүлкiнің бiр бөлiгін құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе осындай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынды тұтас алғанда) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарды қоса алғанда, тәуелсiз жеке қызмет көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi резидентi пайдалана алатын тұрақты базасына қатысты жылжымалы мүлiктен алынатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн шеттетуден немесе осындай әуе немесе теңiз кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктен алған табыстарға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
5. Өткен тармақтарда айтылған басқа кез келген мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға осындай мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
14-бап
Тәуелсіз жеке қызметтер көрсетулер
1. Кәсiптiк қызмет көрсетуге немесе тәуелсiз сипаттағы қызметке қатысты Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiмен алынған табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, осындай табысқа басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын болған жағдайдан басқа жағдайларда:
а) егер ол өзiне жүктелген осы қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекетте оның тұрақты қарамағындағы тұрақты базасы болса; мұндай жағдайда табыстың осы тұрақты базаға қатысты бөлiгiне осы басқа Мемлекетте салық салынуға жатады; немесе
b) егер оның басқа Мемлекетке келу ұзақтығы он екi ай уақыттың кез-келген аралығы шегiнде, жиынтығы 183 күннен асатын мерзiмдi немесе мерзiмдердi құрайтын болса; мұндай жағдайда осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте осы қызметтi жүзеге асыру барысында алынған табыстың бөлiгiне ғана осы басқа уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1 б)-тармағында айтылатын күндердi есептеген кезде мынадай күндер есепке алынады:
а) келген және кеткен күндердi қоса алғанда, барлық қатысқан күндер, және
b) осы Мемлекеттің аумағында бұл қызмет аяқтағаннан кейiн қайта жалғастырылған осы Мемлекетте алушының қызметiн жүзеге асыруға тiкелей байланысты демалыс (сенбi және жексенбi), ұлттық мейрамдар, еңбек демалысы және жұмыс сапарлары сияқты Мемлекеттен тыс - қызмет орындарында өткiзiлген күндер.
3. Осы қызметтен түскен пайда сомасын айқындау үшiн және олардың тұрақты мекемеге қатысы 7-Бапта айтылатын принциптерге, ұқсас принциптерге сәйкес тұрақты базаға қатысты табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
4. "Кәсiби қызметтер көрсету" терминi iшiнара тәуелсiз ғылыми, әдеби, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердің, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердің тәуелсiз қызметтерiн бiлдiредi.
15-бап
Өз бетінше жүргізілмейтін тұрмыстық қызметтер көрсету
1. 16,18 және 19-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалдау бойынша жұмысқа байланысты алған жалақыға және басқа да ұқсас сыйақы түрлерiне, егер тек осындай жалдау бойынша жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, тек осы Мемлекетте ғана салық салуға жатады. Егер жалдау бойынша жұмыс осылайша орындалған болса, сол жақтан алынған сыйақыға осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне тәуелсiз, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалдау бойынша жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға, егер мынадай шарттар сақталса:
а) сыйақы алушы жалдау бойынша кез келген он екi ай уақыт кезегінде жалпы ұзақтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы басқа Мемлекетте жұмыс жасаған жағдайда, және
b) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төлесе, және
с) сыйақыны басқа Мемлекетте жалдаушы иеленетiн тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе тек алғашқы аталған Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
3. 1 б)-тармағында айтылатын күңдердi есептеген кезде мынадай күндер есепке алынады:
а) келген және кеткен күндердi қоса алғанда, барлық қатысқан күндер, және
b) осы Мемлекеттiң аумағында бұл қызмет аяқталғаннан кейiн қайта жалғастырылған осы Мемлекетте алушының қызметiн жүзеге асыруға тiкелей байланысты демалыс (сенбi және жексенбi), ұлттық мейрамдар, еңбек демалысы және жұмыс сапарлары сияқты Мемлекеттен тыс - қызмет орындарында өткiзiлген күндер.
4. 2-тармақта айтылған "жұмыс берушi" терминi жұмыс жүргiзуге құқығы бар және осы жұмыстарды орындауға байланысты жауап беретiн және тәуекел ететiн тұлғаны бередi.
5. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан халықаралық тасымал кезiнде пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiнiң бортында орындалатын жалдау бойынша жұмысқа қатысты алынған сыйақыға теңiз немесе әуе кемесiн пайдаланылатын кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
16-бап
Директорлардың сыйақылары
Директорлардың сыйақылары мен басқа ұқсас Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын директорлар Кеңесiнің мүшесi немесе осыған ұқсас компанияның органы ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған төлемдерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-бап
Артистер және спортшылар
1. 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің театр, кино, радио немесе теледидар артисi сияқты өнер қайраткерi немесе музыка қайраткерi ретiнде немесе спортшы ретiнде өз қызметiн басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырудан алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қайраткерiнің немесе спортшының орындаған жеке қызметiне қатысты қызметiнен алынған табысы осындай жолмен өнер қайраткерiне немесе спортшыға емес, басқа адамға тисе, онда 7, 14 және 15-Баптардың ережелерiне қарамастан осы табысқа мәдениет қызметкерiнiң немесе өнер қайраткерiнің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
18-бап
Зейнетақылар және басқа да төлемдер
1. 19-баптың 2-тармағының жиынтығында Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне бұрын жүзеге асырған жұмысына төленетiн зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға және мұндай резидентке төленетiн аннуитеттердiң кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. "Аннуитет" терминi осындай төлемдердi ақшаға бара-бар және толық сыйақылардың орнына немесе ақшалай түрiнде төлеу мiндеттемесiн жеке адамға оның бүкiл өмiр бойында белгіленген немесе уақыттың бiр айқындалған немесе белгiленген мезгiл кезеңiнде төленетiн белгiленген қаражат мөлшерiн бiлдiредi.
3. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетiн алименттерге және басқа осыған ұқсас төлемдерге (балаларды күтуге берiлетiн төлемдердi қосқанда) тек осы бас Мемлекетте салық салынады.
19-бап
Мемлекеттік қызмет
1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органы кез келген жеке тұлғаға осы Мемлекетке немесе әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына көрсетiлген қызметiне байланысты төленетiн ырыздықақыға, еңбекақыға және зейнетақыдан өзгеше басқа да ұқсас сыйақыларға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүргiзiлсе және жеке тұлға осы Мемлекеттің резидентi болса мұндай ырыздықақыға, жалақыға және басқа да соған ұқсас сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға жатады, егер:
(i) осы Мемлекеттiң азаматы болса; немесе
(ii) қызметтердi жүзеге асыру мақсатымен ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған болса.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органдарынан немесе олар құрған қорлардан осы Мемлекетке немесе оның бөлiмшелерi немесе жергiліктi өкiмет органы үшiн жүзеге асыратын қызметiне жеке тұлғаға төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салуға жатады.
b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттің резидентi және азаматы болса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
3. 15, 16 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы кәсiпкерлiк қызметке байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты ырыздықақыларға, жалақыларға және басқа да ұқсас сыйақыларға және зейнетақыларға қолданылады.
20-бап
Студенттер
1. Төмендегi төлемдер бiрiншi аталған Мемлекеттен тысқары жерлердегi көздерден туындаған жағдайда тiкелей Уағдаласушы Мемлекетке келгенге дейiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттерi болып табылатын және болған және бiрiншi аталған Мемлекетте оқу немесе бiлiм алу мақсатымен ғана жүрген студент немесе кәсiби бiлiм алудан өтiп жатқан тұлға тұру және бiлiм алу мақсаттарына арналған төлемдерге осы Мемлекетте салық салынбайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген гранттарға, стипендияларға және осыған ұқсас сыйақылар мен жалданба жұмыстан алынатын сыйақыларға қатысты осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның осындай білім алу, тағылымдамадан өту кезінде өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, жеңілдетулерге немесе шегерімдерге құқығы бар.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
21-бап
Басқа табыстар
1. Қайда туындағанына тәуелсiз осы Конвенцияның бұдан бұрынғы Баптарында қарастырылмаған Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің табыстарының түрлерiне тек сол Мемлекеттен ғана салық салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, егер мұндай табысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алатын болса, мұндай табысқа осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
22-бап
Капитал
1. 6-бапта сөз болған, жылжымайтын мүлiк түрiнде ұсынылған, бiр Уағдаласушы Мемлекет, резидентiнiң меншiгi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан капиталға осы басқа Мемлекетте салық салуға жатады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменің кәсiпкерлiк мүлкінiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базаға тиесiлi жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Халықаралық тасымалда Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi пайдаланылатын теңiз және әуе кемелерi түрiнде және осындай теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне осы Мемлекетте ғана салық салынады.
23-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ
1. Қазақстанның резиденті болған жағдайда қосарланған салық салу былайша жойылады:
Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Чех Республикасында салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға иелік етсе, Қазақстан:
а) осындай резиденттің табысына салынатын салықтан Чех Республикасында төленген табыс салығына тең соманы шегеруге,
b) осындай резиденттің капиталына салынатын салықтан Чех Республикасында төленген капиталға салынатын салыққа тең соманы шегеруге рұқсат береді.
Мұндай шегерім мән-жайларға қарай кез келген жағдайда Чех Республикасында салық салынуы мүмкін табыстан немесе капиталдан шегерім жасалғанға дейін есептелген табысқа немесе капиталға салынатын салық сомасынан аспауға тиіс.
2. Чех Республикасының қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес, Чех Республикасының резиденті болған жағдайда қосарланған салық салу былайша жойылады:
Чех Республикасы өзінің резиденттеріне салық есептелген кезде, осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуы мүмкін табысты немесе капиталды осындай салықтар алынатын салық салынатын базаға енгізе алады, бірақ осындай салық салынатын базадан есептелген салық сомасынан Қазақстанда төленген салық сомасын шегеруге мүмкіндік береді. Алайда, мұндай шегерім осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыстан немесе капиталдан шегерім жасалғанға дейін есептелген чех салығының сомасынан аспайды.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс немесе капитал осы Конвенцияның кез келген ережелеріне сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылса, осындай Уағдаласушы Мемлекет, дегенмен, осындай резиденттің табысы мен капиталының қалған бөлігіне салынатын салық сомасын есептеу кезінде салық салудан босатылған табысы мен капиталының сомасын ескеруі мүмкін.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
24-бап
Кемсітпеу
1. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары екінші Уағдаласушы Мемлекетте нақ осындай, атап айтқанда, резиденттікке қатысты мән-жайларда екінші Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және оған байланысты міндеттемеге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге ұшырамайтын болады. Осы ереже Конвенцияның 1-бабының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесіне немесе Уағдаласушы Мемлекет резидентінің екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты базасына салық салудың осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің осындай қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарына немесе резиденттеріне салық салуға қарағанда, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте қолайлылығы кем болмайды. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекетті екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасы жағдайы негізінде салық салу мақсаттары үшін ол өзінің резиденттеріне беретін осындай жеке салықтық жеңілдіктер, жеңілдетулер мен шегерімдер беруге міндеттейтіндей болып түсіндірілмеуге тиіс.
3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатымен олар алғашқы аталған Мемлекеттiң резидентiне төленгендегi сияқты жағдайларда шегерiлуге жатқызылуы тиiс. Осы сияқты, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорынының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген берешегi осы кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсатында алғаш аталған Мемлекеттiң резидентiне берешек болғаны сияқты жағдайларда шегерiлуге жатқызылуы тиiс.
4. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара қарайтын немесе олар оны тiкелей немесе жанама бақылайтын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорындары алғашқы аталған Мемлекеттiң басқа осындай кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және осыған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыр болып табылатын кез келген мiндеттемелерге алғашқы аталған Мемлекетте ұшырамауға тиiс.
5. Осы Баптың ережелерi 2-баптың ережелерiнен тәуелсiз, кез-келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қолданылады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
25-бап
Өзара келісу рәсімі
1. Егер, жақ Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрiнің немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеледi деп есептесе, ол осы Мемлекеттің iшкi заңдарымен көздеген қорғану құралдарына қарамастан, өз iсiне өзi резидент болып отырған Уағдаласушы Мемлекеттің немесе егер оның жағдайы 24-баптың 1-тармағына сай келсе, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдарының қарауына бере алады. Өтiнiш Конвенцияның ережелерiне сәйкес емес салық салуға әкелетiн iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл ішінде берiлуге тиiс.
2. Егер құзыреттi орган, егер қойылған талаптың негiзi бар деп тапса және ол өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатымен, мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады. Қол жеткен кез келген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарындағы қандай да болмасын уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыреттi органдары Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиыншылықтарды немесе күмәндылықты өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылатын болады. Олар, сондай-ақ Конвенциямен көзделмеген жағдайларда, қосарланған салықты жою мақсатымен бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осының алдындағы тармақтарды келiсiп, түсiнiсуге жету мақсаттарында бiр-бiрiмен тiкелей қатынас жасауы мүмкiн, бiр-бiрiмен тiкелей қатынас жасай алады. Егер келiсiмге жету үшiн ауызша пiкiр алуды ұйымдастыру қажет болса, мұндай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттер құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын Комиссия мәжiлiсiнiң шеңберiнде болуы мүмкін.
26-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей шамада осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын кез келген түрдегі салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе осы баптың 1-тармағында аталған салықтарға қатысты сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен де, жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана жария етілуі мүмкін. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде жария етуі мүмкін. Жоғарыда жазылғанға қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат екі Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін және сұрау салынатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы мұндай пайдалануға келісім береді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:
a) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты ұсыну;
c) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін жария етуі мүмкін ақпаратты немесе жария етуі мемлекеттік саясатқа (ordre public) қайшы келуі мүмкін ақпаратты ұсыну міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұратса, екінші Уағдаласушы Мемлекет, тіпті егер мұндай ақпарат осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де сұратқан ақпаратты жинау бойынша шаралар қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеулерінің аясында болады, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделілігінің болмауы себебінен ғана ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенімді өкіл ақпарат иесі болып табылатындығы себебінен немесе ақпараттың меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болуы себебінен ғана Уағдаласушы Мемлекетке ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.02.2016 № 453-V Заңымен.
27-бап
Дипломатиялық миссиялардың мүшелері және консульдықтардың қызметкерлері
Осы Конвенцияның ережелерiнiң бiрде-бiрi дипломатиялық миссия мүшелерiне немесе консульдықтардың қызметкерлерiне халықаралық құқықтың жалпы ережелерiне сәйкес немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салықтық жеңiлдiктердi қозғамайды.
28-бап
Күшіне енуі
1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет басқасына осы Конвенцияның күшiне ену жөнiндегi конституциялық талаптар орындалғанын хабарлап отырады.
2. Конвенция 1-тармақта айтылған осы хабарламалардың соңғысын алған күннен бастап күшiне енедi және оның ережелерi:
а) Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн төленген немесе төлеуге тиiстi сомаларға табыс көзiнен алынатын салықтарға қатысты;
b) Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiнгi басқа табысқа салынатын салыққа және капиталға салынатын салыққа, табысқа немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.
29-бап
Конвенция әрекетінің тоқтатылуы
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрi оның күшін тоқтатқанға дейiн күшiнде болады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жыл толғаннан кейiн кез-келген күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн алты айға дейiн оның әрекетiн тоқтату туралы хабарлап, дипломатиялық арналармен Конвенцияның әрекетiн тоқтата алады. Мұндай жағдайда Конвенция:
а) күшiн тоқтату туралы хабар берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейiн төленген немесе төлеуге тиiстi сомасы бойынша табыс көздерiнен ұсталатын салықтарға қатысты;
b) күшiн тоқтату туралы хабар берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейiнгi кез келген салық кезеңiнде табыс немесе капитал бойынша табыстарға және капиталға салынатын басқа салықтарға қатысты өзiнiң әрекетiн тоқтатады.
Өкілдік берген төменде қол қоюшы өкілдер осыны растап, осы Конвенцияға қол қойды.
1998 жылдың 9 сәуірде Алматы қаласы екі данада, қазақ, чех, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, мәтіндердің барлығы бірдей күшке ие болып табылады. Мәтіндердің арасындағы алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болады.
Қазақстан Республикасы Чех Республикасы
үшін үшін
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.