Алматыда 1997 жылғы 27 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді
автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Түркіменстанның Үкіметі арасындағы
Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық
тасымалдау туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 5-құжат)
(1999 жылғы 29 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет)
Бұдан әрі қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстанның Үкіметі,
өзара тиімді сауданы және экономикалық қатынастарды дамытуға жәрдемдесу тілегін білдіре отырып,
теңдік және өзара тиімділік негізінде екі мемлекет арасындағы жолаушылар мен жүктердің автомобильмен халықаралық тасымалдарын және өз аумақтары арқылы транзитін дамыту мен реттеу мақсатында,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Қолдану саласы
1. Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасында екi мемлекеттің бiреуiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдары орындайтын, Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы тiкелей қатынастардағы немесе олардың аумағы арқылы халықаралық автомобиль қатынастары үшiн ашық жолдар арқылы транзиттi жолаушылар мен жүк тасымалдауларына қолданылады.
2. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың халықаралық жүктердің немесе жолаушылардың автомобиль тасымалдары саласындағы өздері қол қойған екi жақты немесе көп жақты келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
2-бап
Айқындамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
1. "Тасымалдаушы" терминiмен - Қазақстан Республикасы немесе Түркіменстанда тұрғылықты мекен-жайы бар, автокөлiк құралы тіркелген мемлекеттiң қолданыстағы заңдарына сәйкес коммерциялық негізде немесе өз жеке есебiнен жолаушылар немесе жүктердiң халықаралық тасымалдарын орындауға өкiлеттi кез-келген жеке немесе заңды тұлға түсiнiледi.
2. "Автокөлiк құралы" терминiмен:
а) жолаушыларды тасымалдаған кезде - жүргiзушiнi қоса есептегенде, 9-дан артық жолаушыларды тасымалдауға арналған механикалық жүргiзгiшi бар автобус немесе кез келген автокөлiк құралы түсiніледі;
б) жүктердi тасымалдаған кезде - тасымалдауға арналған механикалық жүргiзгiшi бар кез-келген автокөлiк құралы өз мемлекетiнiң аумағында тiркелген жағдайда, бiр автокөлiк тартқыш пен тiркемелер немесе жартылай тiркемелердi қоса алғандағы автокөлiк құралы түсiнiледi.
3. "Рұқсат" терминi әрбiр Уағдаласушы Тараптардың қолданыстағы мемлекеттiк заңдарына сәйкес жиындарды төлеп немесе жиындардан босатылып пайдалану үшiн берiлген, автокөлiк құралының иесiне Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында оған қарай және керi қарай тікелей немесе транзиттi бiр сапарға бекiтiлген нысандағы және тасымалдау мерзiмi кезiнде бiр бағытта құқық беретiн құжат түсiнiледi;
4. "арнайы рұқсат" терминi аумақтарында тасымалдау жүзеге асырылып отырған Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы ішкі заңдарына сәйкес, тасымалдаушыға автокөлiк құралдарымен кең көлемдi, ауыр салмақты және қауiптi жүктер тасымалдарын орындауға құқық беретін құжат түсiнiледi;
5. "жолаушылардың жүйелi тасымалы" - олардың кезiнде келiсiлген кестелер мен тарифтерге сәйкес, алдын-ала айқындалған аялдамалар пункттерiнде жолаушылардың түсуi мен мiнуi жүзеге асырылатын, белгiлi қозғалыс жиiлiгi бар бекiтiлген маршрут бойынша жүзеге асырылатын тасымал;
6. "жүйесiз (көзделмеген) тасымалдар" - басқа да жолаушылар
тасымалдары;
7. "каботаждық тасымалдар" - бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi
тасымалдаушысының екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағында орналасқан
пункттер арасында орындайтын тасымалы;
8. "транзит" терминiмен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекет аумағы
арқылы үшiншi елдерге немесе үшiншi елдерден бiр Уағдаласушы Тарап
мемлекетiнiң автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi түсiнiледi.
Жолаушылар тасымалдары
3-бап
Жүйелi тасымалдар
1. Жолаушыларды автобустармен жүйелi тасымалдаулар Уағдаласушы
Тараптардың құзырлы органдары арасындағы алдын-ала рұқсат бойынша
келiсулер негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жүйелi автобустық қатынастар Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы
оның мемлекеттiк аумағы арқылы өтетiн маршруттар ұлттық заңдар талаптарына
сәйкес, құзырлы органдарының алдын-ала мақұлдау жолымен ұйымдастырыла
алады. Мақұлдауды 1 жылдан 5 жылға дейiнгi мерзiмге жүйелi қатынастың
ашылуы туралы құзырлы органдардың шешiмдерi негiзiнде беруге болады.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өтiнiштер екiншi Уағдаласушы
Тараптардың құзырлы органына жазбаша түрде берiледi.
Өтiнiштерге төмендегi мәлiметтер енуi тиiс:
- тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы;
- қозғалыстардың тарифi, маршруты, кестесi;
- тасымалдарды орындаудың көзделген кезеңi мен жиiлiгi;
- жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi;
- пайдалану мерзiмi, демалу және тамақтану үшiн аялдау пункттерi.
4. Әрбiр Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының құзырлы органдары екi
жақты келiсiм бойынша жұмыс тәртiбiнде немесе осы Келiсiмнiң 14-бабында
көрсетiлген Аралас комиссияның шешiмiмен төмендегi:
а) жаңа автобустық қатынастарды қолданысқа енгiзудi;
б) автокөлiк құралдары қозғалыстарының кестесiн;
в) тарифтердi;
г) тасымалдар шарттарын (жүру маршруттарын);
д) белгiлi маршруттар бойынша жүйелi автобус қатынастарын қысқарту,
дамыту немесе тоқтатуды;
е) жүйелi қатынастарға қатысты басқа да мәселелердi анықтайды.
4-бап
Жүйесiз (көзделмеген) тасымалдар
1. Тiкелей және транзиттi қатынастарда жүйесiз тасымалдаулар Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзырлы органдары алдын-ала берген рұқсаттары негiзiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiреуiнiң тасымалдаушылары жүзеге асырады.
2. Екi Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары жыл сайын өзаралық негiзде рұқсаттар түрлерiн бiр-бiрiмен келiседi.
5-бап
Жүк тасымалдары
1. Осы Келiсiмнiң 6-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi арасындағы және олардың аумақтары арқылы транзиттi жүк тасымалдары рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Әрбiр рейске және әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат берiлуi тиiс. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына келушi немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiреуiнiң аумағы арқылы транзиттi өтетiн бос автокөлiк құралы үшiн де рұқсат талап етiледi.
2. Бiр Уағдаласушы Тараптың бiреуiнiң тасымалдаушысына рұқсатты екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына кiру кезiнде оның құзырлы органдары бередi.
3. Рұқсатты басқа тасымалдаушыға беруге немесе оны өзге автокөлiк құралы үшiн қолдануға тыйым салынады.
4. Рұқсат тасымалдаушыға жүктi тiкелей бағыттағы қатынаста да, сонымен бiрге автокөлiк құралы тiркелген мемлекетке бағытталған жағдайда да, бiрiншi Уағдаласушы Тарап құзырлы органының рұқсатымен екiншi Уағдаласушы Тарап аумағынан керi қарай тасуды жүзеге асыруға құқық бередi.
6-бап
Рұқсат алудан босатылған тасымалдар
1. Тиiстi құжаттар болған жағдайда, тiкелей немесе транзиттi қатынаста төмендегi тасымалдауларға:
а) бұзылған немесе аварияға ұшыраған автокөлiктi ауыстыру және тасымалдау үшiн баратын бос автокөлiк құралына, сондай-ақ оларды тiркеп сүйреу немесе жөндеу үшiн техникалық көмек көрсетушi автомобильдерге;
б) қайтыс болған адамдардың мәйiттерi мен мүрделерге;
в) жәрмеңкелер, көрмелер немесе басқа да мәдени-техникалық және спорттық шаралар үшiн арналған автокөлiк құралдарына, заттар мен экспонаттарға, жабдықтар мен құралдарға, хайуанаттар мен материалдарға;
г) керi қарай алып кету жағдайындағы жарнамалық мақсатта пайдаланылатын заттар мен құралдарға;
д) көшу кезiндегi жылжымалы мүлiкке;
е) театр декорациялары мен реквизиттерiне, музыка аспаптарына, кино түсiру, радио-теле хабарлары үшiн жабдықтар мен саймандарға;
ж) табиғат апаттары кезiнде көмек көрсету үшiн медициналық
құрал-жабдықтар мен дәрi-дәрмектерге, сондай-ақ гуманитарлық және өзге де
көмектер шеңберiндегi жүк тасымалдарына;
з) жалпы пайдаланудағы почталық тасымалдауларға рұқсат алу мiндеттi
емес.
2. Осы Келiсiмнiң 14-бабында көрсетiлген Аралас комиссияның осы бапта
аталған тiзбенi өзгертуге және толықтыруға өкiлдiгi бар.
Аталған толықтырулар мен өзгертулер белгiленген тәртiпте оларды
Уағдаласушы Тараптар бекiткен соң күшiне енедi.
Жалпы ережелер
7-бап
Каботаж
Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысына екiншi
Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi пункт аралығында
тасымалдарды жүзеге асыруға тыйым салынады.
8-бап
Yшiншi мемлекеттерге және олардан керi қарай
жүктердi тасымалдау
1. Осы Келiсiмнiң 1-бабына сәйкес өкiлденген Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiреуiнiң тасымалдаушылары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы мен үшiншi мемлекеттерге, арасында, сондай-ақ осы Уағдаласушы Тараптың құзырлы органының рұқсатын алғаннан кейiн, өзаралық негiзде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына үшiншi мемлекеттен жүк тасымалдарын орындай алады.
2. Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларына және Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi аумағынан жүктер тасымалдарына жәрдемдеседi.
9-бап
Кең көлемдi, ауыр салмақты және қауiптi жүктердi тасымалдау
1. Жүктiң жалпы салмағы, көлем мөлшерi және автокөлiк құралының бiлiгiне түсетiн салмақ екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында белгiленген рұқсат етiлген нормадан асатын жағдайда, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде алдын-ала екiншi Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарының арнаулы рұқсатын алу қажет.
2. Егер рұқсатта автокөлiк құралының қозғалысы белгiлi бiр маршрут
бойынша көзделген болса, онда тасымалдау тек қана көрсетiлген маршрут
бойынша жүзеге асырылуға тиiс.
3. Арнаулы рұқсат осы Келiсiмнiң 5-бабының 1-тармағында көрсетiлген
тасымалдаулар үшiн рұқсат алу қажеттiлiгiн жоққа шығармайды.
10-бап
Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарында тыйым салынған қару-жарақты,
оқ-дәрiлердi, әскери жабдықтарды екi мемлекет арасында, сондай-ақ олардың
аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға тыйым салынады.
11-бап
Азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру
Осы Келiсiм негiзiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау
тасымалдаушының үшiншi бiр адам алдындағы келтiруi мүмкiн залалы үшiн
азаматтық жауапкершiлiгiн алдын-ала мiндеттi сақтандырған жағдайда ғана
жүзеге асырылады.
12-бап
Бақылауды жүзеге асыру
1. Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес атқарылатын жолаушылар мен жүктердiң тасымалдануына өз мемлекеттерiнiң аумағында бақылауды жүзеге асырады.
2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары берген тiркеу құжаттарын, автокөлiк құралдарының нөмiрлiк және айырым белгiлерiн, оларды жүргiзу құқығының бiлiктiлiк куәлiктерiн өз мемлекетiнiң аумағында таниды.
3. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес талап етiлетiн рұқсаттар мен басқа да құжаттар өздерiне тиесiлi автокөлiк құралының жанында бiрге болуға тиiс және Уағдаласушы Тараптардың құзырлы бақылау органдарының талап етуi бойынша көрсетiлуге тиiс.
4. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарының екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлерiнiң ұлттық немесе халықаралық жүргiзушiлiк куәлiктерi және халықаралық талаптарға сәйкес автокөлiк құралдары мен жүктерiнiң тиiстi құжаттары болуға тиiс.
13-бап
Кедендiк ережелер
1. Кеден баждарынан, алымдары мен салықтарынан мыналар босатылады:
а) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекетi аумағында тiркелген, осы Келiсiмде көрсетiлген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына уақытша кiргiзiлген, олардың керi қайтарылатын шарты бойынша автокөлiк құралдары, тiркемелер және жартылай тiркемелер.
Тап осындай режим аталған автокөлiк құралдарымен тасып әкелiнген және солармен бiрге қайтарылған, көлiк қызметi үшiн қажеттi қосалқы бөлшектерге, құралдарға және қарапайым жабдықтарға да қолданылады.
2. Дайындаушы зауыт әзiрлеген, автокөлiк құралдарына орнатылған бактар iшiндегi жанармай, сондай-ақ тасымалдаудың тиiстi кезеңiне автокөлiк құралдарының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi мөлшердегi жағармай материалдары.
3. Осы Келiсiм шеңберiнде және кеден органы елге кiрер кезде түзген құжат шеңберiнде тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралын жөндеу үшiн екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына уақытша әкелiнетiн қосалқы детальдар. Ауыстырылған детальдар автокөлiк құралы тiркелген елге қайтарылып әкетiлуге тиiс немесе кеден органдарының бақылауымен жойылады.
4. Шекарадан өтуге байланысты шекаралық, санитарлық, фитосанитарлық және кедендiк тексеруге қатысты әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын ұлттық заңдардың ережелерi, сондай-ақ екi Уағдаласушы Тарапта қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерi қолданылады.
5. Ауыр науқас адамдарды тасымалдау, жолаушылар мен багажды тұрақты түрде тасымалдау кездерiнде, сондай-ақ хайуанаттар мен тез бұзылатын жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және санитарлық тексеру кезексiз жүзеге асырылатын болады.
14-бап
Аралас комиссия
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындайтын мәселелердi қарау және шешу үшiн өз құрамында екi Уағдаласушы Тараптың да құзырлы органдарының өкiлдерi бар Аралас комиссия құрылады.
2. Аралас комиссияның мәжiлiстерi құзыреттi органдардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында алма-кезек өткiзiледi.
3. Аралас комиссия осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар немесе өзгертулер үшiн ұсыныстар қабылдайды. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар оларды Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының бекiткенi туралы хабарлайтын ноталар алмасқан сәттен бастап күшiне енедi.
15-бап
Алымдар мен төлемдер
1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларының осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес атқарылған жолаушы және жүк тасымалдауларынан тапқан табыстары, сондай-ақ олардың есебiнен осы тасымалдаулар жүзеге асырылатын автокөлiк құралдары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында табыс салықтарынан және меншiк салықтарынан өзара босатылады.
2. Халықаралық қатынаста автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде алынған табыстарға тасымалдаушының нағыз тұрақты орналасқан мемлекет аумағында салық салынады. Уағдаласушы Тарап қосарлы салық салуды болдырмау туралы келiсiм жасасқан жағдайда осы келiсiмнiң ережелерi қолданылатын болады.
3. Тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекеттiң аумағында жұмыс iстейтiн автомобиль көлiгiне салықтар мен алымдар төлеуден босатылады, оған мыналар қосылмайды:
а) ақылы жолдар мен көпiрлердi пайдаланғаны үшiн алымдар;
б) қозғалыс пен көлiктi ұстауға, сақтауға және жүргiзуге байланысты
шығындарды жабу үшiн алынатын алым;
в) Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдары белгiлеген нормаларға сәйкес
автомобиль құралы салмағының, көлемiнiң, жүк көтергiштiгiнiң артық болғаны
үшiн алым;
г) автокөлiк жанармайына iшкi және халықаралық бағалар арасындағы
айырмасын жабу бойынша жиындар.
Қорытынды ережелер
16-бап
Ұлттық заңдардың қолданылуы
Осы Келiсiмнiң ережелерiмен немесе екi мемлекетте қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiмен реттелмейтiн барлық жағдайларда да Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының iшкi ұлттық заңдары қолданылатын болады.
17-бап
Санкциялар
1. Тасымалдаушылар немесе автокөлiк құралына қызмет көрсететiн персонал барған мемлекетiнiң қолданыстағы ұлттық заңдарын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн орындамаған жағдайда аумағында осындай тәртiп бұзушылық болған Уағдаласушы Тараптың құзырлы органы мынадай шаралар қабылдай алады:
а) тасымалдаушыға оның тәртiп бұзғаны үшiн ескерту;
б) тасымалдаушыны осындай тәртiп бұзу болған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру құқығынан уақытша, iшiнара немесе толық айыру.
2. Мұндай шаралар қолданған құзырлы орган бұл жайында екiншi Уағдаласушы Тараптың құзырлы органына дер кезiнде хабарлауға тиiс.
18-бап
Апаттар немесе бақытсыз жағдайлар
кезiнде көрсетiлетiн көмек
Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары жол-көлiк оқиғалары, автокөлiк құралдарының апаттары немесе экипаж мүшелерiнiң, жолаушылардың бақытсыз жағдайға ұшыраған кездерiнде оларға қажеттi көмек көрсетедi, ал ауыр апаттар немесе бақытсыз жағдайлар кезiнде бұл жайында екiншi Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарына мәлiмдейдi және тексеру нәтижелерi туралы хабарлайды.
19-бап
Даулар
Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану жөнiндегi кез келген дау
Аралас комиссияның мәжiлiсiнде Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары
арасындағы тiкелей келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
Егер құзыреттi органдар ортақ келiсiмге келе алмаған болса, мұндай
жағдайда материалдар олардың дипломатиялық жолмен реттелуi үшiн
тапсырылуға тиiс.
20-бап
Құзырлы органдар
Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға өкiлеттi құзырлы органдар мыналар
болып табылады:
Қазақстан Республикасы жағынан:
- Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
- Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
- Қазақстан Республикасының Кеден комитетi;
- Қазақстан Республикасының Салық комитетi.
Түркіменстан жағынан:
- Түркіменстанның Автомобиль көлiгi министрлiгi;
- Түркіменстанның Iшкi iстер министрлiгi;
- Түркіменстанның Экономика және қаржы министрлiгi.
Уағдаласушы Тараптар тиiстi құзырлы органдардың кез келген
өзгертiлулер жөнiнде өзара және дер кезiнде хабарлайтын болады.
21-бап
Күшiне енуi
1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне мемлекеттердiң әрқайсысында өздерiнiң iшкi заңдарына сәйкес қажеттi процедуралар орындалғаны туралы хабарлаған күннен бастап 30-күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бiреуi оның қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн кемiнде 90 күн бұрын Келiсiмнiң қолданыс мерзiмiн өзiнiң тоқтатқысы келетiнi жөнiнде және оны бұзатыны туралы жазбаша түрде хабарлаған кезге дейiн әрбiр ретте келесi
5 жылға өздiгiнен ұзартылатын болады.
Алматы қаласында 1997 жылғы 27 ақпанда екi данада, әрқайсысы қазақ,
түркімен және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де
күшi бiрдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған
жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын
болады.
(Қолдары)
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.