Мәскеуде 1994 жылғы 21 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегі ынтымақтастық туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзету туралы ынтымақтастық Келісімшарт
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, мұнан былай жақтар делінеді, 1992 жылдың 25 мамырында қабылданған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартты және 1993 жылдың 24 желтоқсанындағы сыртқы мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі меморандумды басшылыққа алып, сыртқы мемлекеттік шекараны күзетуде күштердің біріктірілуін және екі мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырудың мүдделігін таныта отырып, мына мәселелер туралы келісті:
1-бап
Осы Шарттың мақсатын төменгі көрсетілген терминдер белгілейді:
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараның ашықтығы жағдайында: "Сыртқы Шекара" - үшінші ел - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше емес ел.
Ресей Федерациясы 1992 жылдың 12 маусымында "Шекара әскерін құрып жатқан кезінде" Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің әскери қызметшілері - офицерлері, прапорщиктері (мичмандары) әскери қызметтерін Ресей Федерациясында өткеріп жатқандар, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағандар, осы Шартқа қол қойғанға шейінгі әскери қызметін контракт бойынша атқарады;
Ресей Федерациясы Шекара әскери қызметшілері - офицерлері, прапорщиктері (мичмандары) азаматтары Ресей Федерациясының "Әскер қызметшілер мәртебесі туралы" Заңның 2 бабы негізінде әскери қызметін Қазақстанда өткеріп жатқандар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтта оқып жүргендер, әскери қызметін және оқуын контракт бойынша атқарады.
Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері - "Шекара әскерлерінің әскери қызметкерлері және Ресей Федерациясы әскери қызметкерлері" делінеді;
"Шекара әскерлерінің әскери қызметшілерінің жанұялары", әскери қызметшінің әйелі, балалары, тағы басқа да әскери қызметкермен бірге тұратындар және басқалай туысқандары.
2-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараның ашықтығы жағдайында, сыртқы шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жақтардың жалпы ісі және үйлестірілген шараларды жүзеге асыру олардың ортақ мүдделілігіне тиімді екенін Жақтар растайды.
3-бап
Сыртқы шекараның қайсы-бір учаскесінде тұрақты жағдай оқыс бұзылса, немесе қауіп-қатер төнгендей болса, Жақтар шұғыл ақыл-кеңес құрып және өздерінің сыртқы шекараларында тұрақты жағдайды қамтамасыз ететін тиісті шараларды жүзеге асырады.
4-бап
Жақтар өздерінің сыртқы шекараларында террорлық кесіп өтуді тоқтату үшін тиісті шараларды жүзеге асыратын болады, соның ішінде - шекара арқылы жарақты, есірткілер мен басқа да контрабандалық заттарды, заңсыз Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағына ену және аумағынан шығу, тағы басқа да шекара маңындағы қылмысты істермен күресу жұмыстары - Шекара әскерлерінің міндетіне кіреді.
5-бап
Осы Шарттың қағидаларын іске асыру мақсатында Жақтар - "Ақылдасу-бақылау" Кеңесін құрады (АБК). Бұл Кеңес өз жұмысын бекітілген Ережеге сәйкес атқарады (Ереже қосымша бойынша).
6-бап
Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері және Ресей Федерациясы Шекара әскерлері, жеке Хаттамаға сәйкес, шекара ахуалы туралы ақпаратпен алмасу, шекара арқылы рұқсат беру пункттерінде қалыптасқан жағдай туралы, сондай-ақ шекара әскерлерінің өзара мүдделік туғызатын іс-қимылының басқа да бағыттары бойынша бірін-бірі тұрақты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Шекара әскерлері туралы архивтік материалдарымен танысу - Жақтар белгілеген тәртіп бойынша анықталып, соған бөлек Хаттама жасалынады. 7-бап Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері мен Ресей Федерациясы Шекара әскерлері арасындағы ынтымақтастық сыртқы шекараны күзетудегі жедел іздеу, барлаушылық және қарсы барлаушылық жүргізу іс қимылдарында да ортақ мүдделі атқарылады және бұл жөнінде жеке Хаттама жазылынады. 8-бап Жақтар Шекара әскерлері офицерлерін және кіші мамандықтағы кадрларды дайындауда бір-біріне көмектесіп, жеке Келісімшартқа сәйкес кадр мұқтаждығын толықтырып отырады. 9-бап Жақтар Шекара әскерлерін материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, ал мұқтажды техника өздерінде шығарылмайтын болса, онда жеке Келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. 10-бап Шекара әскерлерінің әскери қызметшілері және жанұялары мекендеген мемлекеттің Конституциясын және барлық Заңдылықтарын мойындайды. Олардың құқықтылығын, әлеуметтік қауіпсіздігін қорғау осы заңдылықпен кепілденіледі. 11-бап Шекара әскерлері әскери қызметін өтеп жүрген мемлекеттің Заңдарына сәйкес жүргізеді. Келісімшарттағы көрсетілген мерзім ішінде, әскери міндетін атқарып жүргендер үшін, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери заңындағы құқықтар толық сақталады. 12-бап
Шекара әскерінің әскери қызметкерлеріне және олардың жанұяларына Жақтардың азаматтығын қалау құқықтығы кепілденеді. Азаматтықты қабылдау тәртібі Жақтардың заңдылығына сәйкес жүргізіледі.
13-бап
Бірінші Жақтың шекара әскери қызметкері, Келісімшарт айқындамасы бойынша екінші Жақта әскери қызметін өтеуі мүмкін.
Жақтың азаматтығын қабылдамаған шекара әскері, басқа Жақта әскери қызметін атқаруы - Келісімшарт арқылы жүзеге асырылады.
Екі Жақтың қайсысында болса да, Келісімшартпен әскери қызметін атқарудан бас тартқан шекара әскері Қазақстан Республикасы немесе Ресей Федерациясы шекара әскерлері қатарынан босатылады.
14-бап
Жақтардың әрқайсысы әскери қызметтің өтеп қайтқан әскери адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттің Заңына сәйкес толық құқық және әлеуметтік қамтамасыздығының сақталуына кепілдік береді.
15-бап
Шекара әскери қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараның ашықтығы жағдайындағы (Келісімшартта көрсетілген қағидаға сәйкес), екі Жаққа да өте берулеріне болады, шетелдік құжатсыз, шекараны кесіп өткенде, тек қана жеке басын куәландыратын (әскери билетін, төлқұжатын) және іс-сапар куәліктерін көрсету арқылы шекарадан өтеді, ал әскери адамның балаларын, отбасы мүшелерін - төлқұжаттағы тіркелуі бойынша өткізіледі.
Әскери қызметкерлердің жұмыс бабына қарай мекенжай ауыстыруларына байланысты - көшу - қону және мүліктерінің өткізілуі салықсыз қамтамасыз етіледі және басқа да төлемдер алынбайды.
16-бап
Бірінші Жақтың әскери қызметшісі, екінші Жақтың аумағында әскери қызметін өтейтін болса, оған, әскери міндетін өтеп жатқан Жақтың заңдарына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыздандырады.
Әскери қызметтен босатылған адамға және олардың отбасы мүшелеріне, тұрақты мекенін өзгертіп, басқа жаққа көшетін жағдайда, ол адам әскери міндетін атқарған жерінде тұрған үйін өткізген болса, онда оған, қызмет бабымен ауысқан жағында оларға сол мемлекеттің белгіленген тәртібіне, заңдылығына сәйкес тиісті пәтерін алады.
17-бап
Жақтардың әрқайсысының аумақтарындағы өз күшіндегі заңға сәйкес шекара қызметшілер және олардың отбасы мүшелері үшін қозғалмайтын мүлікке жеке меншік құқы сақталады (үй, сая жай, автотөле).
18-бап
Жақтардың әрқайсысының аумақтарындағы өз күшіндегі заңға сәйкес, шекара әскерлерінің әскери қызметшілік қатарынан босаған адамдарға зейнетақы тағайындалады.
Зейнетақы тағайындау есебіне - көп жылғы сіңірген еңбегі, бұрынғы
КСРО-дағы Қарулы күшінде және Жақтардың шекара әскерлерінде, оған - Келісімшартпен атқарған әскери қызметі қосылады. Дәрігерлік, санаторно-курорттық емдеу, тағы басқа да белгіленген төлемақылар, жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады. Бұл көрсетілген зейнетақылар мен жеңілдіктер Жақтардың әрқайсысының аумақтарындағы заңға сәйкес жүргізіледі. 19-бап Жақтардың әрқайсысы аумақтарындағы заңдылыққа сәйкес шекара әскерлерінің әскери қызметшілерін міндетті түрде мемлекеттік сақтандырылуы жүзеге асырылады. 20-бап
Жақтардың әрқайсысы Шекара әскерлері берген әскери атақтарын осы келісімшартқа қол қойылғанға шейінгі, сондай-ақ кейінгі берілген мемлекеттік наградаларының нақтылығын мойындайды.
21-бап
Шекара әскерлері әскери қызметін өтеп жатқан Жақтың аумағында белгіленген үлгідегі әскери киімін киіп және жергілікті мемлекеттің тәртібіне сәйкес дербес қару-жарағын асынып жүруіне құқықты.
Жақтардың әрқайсысының мемлекеттік органдары (сынақсыз немесе ақысыз) жеке басының куәлігін, білімі туралы диплом, мамандығын, автокөлік жүргізу құжаттарын, жеңілдіктерінің нақтылығын мойындайды.
22-бап
Шекара әскерлері әскери қызметті өтеп жатқан Жақтың аумағында және олардың отбасы мүшелері қылмыстық қылық жасаған болса, олардың қылмыстық ісі сол мемлекеттің заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
23-бап
Жақтардың әрқайсысы, басқа Жақтың аумағына шекара әскери қызметшісін ауыстыратын болса немесе іс-сапарға жіберетін болса, оны сол баратын Жақтың ұлттық банкісінің ақша айналымына сай, белгіленген мөлшерде, сол елдің ұлттық валютасымен қамтамасыз етеді, демалысқа шығуына және олардың емделуге баратын жағдайында - бес айлық жалақысының ақшалай үлесі және әскери қызметшінің санаторно-курорттық емделуіне және отбасы мүшелеріне төлемақы беріледі.
24-бап
Жақтардың әрқайсысы сыртқы мемлекеттік шекараларын күзету мүддесін тұрақты қамтамасыз ету үшін, Шекара әскерлерінің қарамағына әуе кемелерінің әуе жолдарын, аэродромдарын, аэропорттарын, (ұшу-қону алаңдарын), өтеусіз пайдалануға беріледі, сондай-ақ ұшақтардың ұшуына жағдай жасалынып, навигациялық, ауа райының құбылыстары туралы да ақпарат алуына да мүмкіндіктер жасалады.
Әуе кемесіне қызмет ету және жанармай құю Жақтардың өзара есеп айырысуы арқылы жүргізіледі.
Әуе кемесінің дұрыс жұмыс істеуіне, Жақтар жағынан ешбір бөгет-қиыншылықтар жасалмайды.
25-бап
Жақтардың Каспий теңізіндегі мүдделес қорғанысы, бөлек Келісімшарт түрінде қаралып, ортақтастық келісімшарт жасау жолымен жүзеге асырылады.
26-бап
Жақтар сыртқы шекараларын күзету мен шекараны кесіп өтуді реттеу жөніндегі заңдылықтар мен нормативті актілерін мүдделі жақындасуы туралы шаралар қабылдайды. Қажетті болған жағдайда нормативтерге толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.
Жақтар екі ай мерзім ішінде сыртқы шекараларын күзету туралы заңдылықтар мен ашық нормативті актілермен алмасу жасайды. Мұндай актілермен ең соңғы алмасу, осы Келісімшарт күшіне енген күннен басталады. 27-бап Жақтардың, осы Келісімшартты, үшінші мемлекетке қатысты міндеттемелеріне қол сұқпайды. 28-бап Жақтардың өз аумағындағы жүргізілген іс-әрекеттерінің мақсаты, Үшінші мемлекетке қарсы бағытталмаған. 29-бап Осы Келісімшарттағы шараларды нақты жүзеге асыру үшін және оны орындау ісі - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Қолбасшысына және Ресей Федерациясы Шекара әскерлерінің Бас қолбасшысына тапсырылады, олардың өзара келісімдеріне сәйкес Хаттама жасалсын. 30-бап
Жақтардың өзара келісуі бойынша, осы Келісімшартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін. Осы Келісімшартты жүзеге асыру кезінде пайда болған барлық даулы мәселелер, Жақтардың өзара мәмлеге келу жолымен шешіледі.
31-бап
Осы Келісімшарт бекітілуге тиісті және бекітілген грамотамен алмасу күнінен бастап күшіне енеді. Келісімшарт мерзімі - 10 жылға жасалған. Келісімшарт әсері өздігінен алдағы онжылдыққа жалғаса береді, егер Жақтардың біреуі, келісімшартты тоқтату туралы алты ай мерзім ішінде,
өзінің тілегін білдіріп, жазбаша мәлімдеме жазбаса ғана. Осы Келісімшарт қол қойылған сәтінен бастап, уақытша іске қолданылады. 32-бап Осы Келісімшарт күшіне енген сәтінен бастап, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық және бірлескен іс-қимыл туралы Келісім (1993 жылғы 25 ақпандағы) өзінің әсерін жояды. Осы Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде екі дана түрінде жасалған, екі нұсқаның да күші бірдей. 1994 ж. 21 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылған. Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзету туралы ынтымақтастық Келісімшартқа қосымша Ақылдасу-бақылау Кеңесі туралы Ереже 1-бап
Ақылдасу-бақылау Кеңесі (АБК) Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзету туралы ынтымақтастық Келісімшартты үйлестіру және оны іске асыру үшін құрылады. Ақылдасу-бақылау Кеңесі өзінің іс-әрекетінде, осы Ережені басшылыққа алады. 2-бап Ақылдасу-бақылау Кеңесі (АБК) құрамына кіретіндер: Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Қолбасшысы, Ресей Федерациясы Шекара әскерлерінің Бас Қолбасшысы, олардың орынбасарлары, Жақтардың осы шарттағы мәселені шешуге қатысы бар, тағы басқа да Шекара әскерлерінің өкілдері енгізіледі. 3-бап Ақылдасу-бақылау Кеңесі тиісті болған жағдайда жұмысшы топтарын (сарапшылар, бақылаушы-тексерушілер) құрады. Олар АБК мәжілісіне жаңадан қаралатын ынтымақтастық мәселелер енгізіп және ұсыныстар жасайды. 4-бап Ақылдасу-бақылау Кеңесінің негізгі атқаратын міндеттері:
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзету жөніндегі ынтымақтастық Келісімшарттың орындалуын өз өкілеттілігінің мүмкіндігінше қамтамасыз етілуі;
Сыртқы шекараны күзетудің тиімділігін арттыру шараларын келісімді шешу;
Жақтардың сыртқы шекараны күзету туралы нұсқауларын жүзеге асыруға байланысты шешімдерді басқарушы органдармен келісу;
Жақтың шекара әскерлеріндегі офицер кадрлерінің орын алмасуын және олардың қазіргі кездегі, болашақтағы қажеттілігін анықтау;
Шекара күзету мәселесі жайында өзара мүдделік ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
Сыртқы әскерлерінің тұрақты жағдайы бұзылса, немесе қауіп-қатер төнгендей болса, Жақтар шекара әскерлерінің өзара бір-біріне көмектесу іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Жақтар шекара әскерлерінің іс-әрекетіне әсер ететін заңы мен нормативті ережелерінің жақындасуын қалыптастыратын ұсыныстар жасау;
Жақтардың мүддесіне байланысты, әскери қызметшілерді әскери оқу мекемелерінде дайындау мәселелерін шешу;
Жақтар шекара әскерлерін материалдық-техникамен қамсыздандыру мәселелерін шешу;
Ақылдасу-бақылау Кеңесі (АБК) мәжілісінде сыртқы күзетумен қатысты басқа да мәселелер қаралуы мүмкін.
5-бап
Ақылдасу-бақылау Кеңесінің негізгі түрі - ақылдасу, кеңесу, мәжіліс
жүргізу болып саналады. Бұның өзі Жақтар басшыларының келісуімен және қажетті деп ұйғарғанда ғана, бас қосады. АБК Жақтардың мақұлдауымен мәжіліс нәтижесінің қорытындысында қаулы қабылдайды және Хаттама жасалынады. АБК хаттамасы орыс тілінде жүргізіледі. 6-бап Осы Ереже Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы Шекараны күзетудегі ынтымақтастық және ортақ іс-қимыл туралы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып саналады және Шартта көрсетілген жағдайға қарай ықпалы жойылады. Жақтардың өзара келісуі бойынша Ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін. Осы Қосымша қазақ және орыс тілдерінде екі дана түрінде жасалған, екі нұсқаның да күші бірдей. Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.