Боннда 1997 жылғы 26 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 6-құжат) (2000 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі, халықаралық автомобиль қатынасын реттеу мен дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті: 1-бөлім Қолданылу саласы 1-бап Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың ішкі мемлекеттік құқықтың нормаларына сай Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы халықаралық автомобиль қатынастарында жолаушылар мен жүктердің тасымалдарын және өз мемлекетінің аумағында осындай тасымалдарды орындауға құқығы бар тасымалдаушылармен осы мемлекеттер арқылы транзит тасымалдарын реттейді. 2-бөлім Жолаушыларды тасымалдау 2-бап
(1) Осы Келісімнің контексіндегі жолаушылар тасымалдары өз есебінен және үшінші тұлғалардың есебінен жолаушылар мен олардың жүктерін автобуспен тасымалдауларын білдіреді. Бұл осындай рейстерге байланысты жолаушыларсыз жүрістеріне де қатысты.
(2) Өзінің конструкциясы мен жабдықталуы бойынша тоғыз адамнан аса (жүргізушіні қоса алғанда) тасымалдауға арналған жарамды автомобильдер автобустар болып саналады.
3-бап
(1) Жүйелі тасымалдар - соған сәйкес жолаушылар бұрынырақта белгіленген аялдау пункттерінде отыру мен түсулер жасауы мүмкін алдын ала белгіленген және жарияланған қозғалыс кестелер, тасымалдау тарифтері мен жағдайларға сәйкес анықталған маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдары жүйелі қатынас деп есептеледі. Бұл негізінде жүйелі тасымалдар ретінде орындалатын рейстер үшін де жарамды.
(2) Екі жақты немесе транзитті қатынастағы жүйелі тасымалдар екі Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарының рұқсатын талап етеді. Рұқсат тиісінше Уағдаласушы Тараптың қолданыстағы құқық нормаларына сәйкес өзаралық келісім бойынша берілетін болады. Рұқсат бес жыл мерзімге дейін берілуі мүмкін.
(3) Рейстер маршруттарының, аялдау пункттерінің, қозғалыс кестелерінің, тасымалдау тарифтері мен тасымалдау шарттарының өзгерістері екі Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарының алдын ала келісімін талап етеді.
(4) Жүйелі тасымалдарды ашуға өтініштерді, сондай-ақ 3 тармаққа
сәйкес өтініштерді, оның мемлекеттік аумағында тасымалдаушы тіркелген Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарына дер кезінде берілуі тиіс. Осы өтініштер Уағдаласушы Тарап Көлік министрлігінің қорытындысымен бірге екінші Уағдаласушы Тараптың Көлік министрлігіне тікелей жіберілуі тиіс. (5) 3 және 4-тармақтарға сәйкес өтініштерде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: 1. Тасымалдаушылардың фамилиясы мен аты-жөні немесе фирманың аты, сондай-ақ толық мекен-жайы; 2. Тасымалдың түрі; 3. Рұқсаттың мәлімденген қолданыс мерзімі; 4. Жұмыстың ұзақтығы мен рейстер саны (мысалы, күн сайын, апта сайын); 5. Қозғалыс кестесі; 6. Дәл маршруты (жолаушыларды тиеу мен түсіру үшін аялдау пункттері) басқа аялдау пункттері (шекаралық бақылау-өткізу пункттері); 7. Маршруттың шақырымдық қашықтығы: сол бағытта және кері қарай жол жүру; 8. Бір күндік жүрістің қашықтығы; 9. Жүргізушінің рульде болу және демалыс үзілісінде болу уақыты; 10. Пайдаланылатын автобустардағы отыру орындарының саны; 11. Тасымалдау төлемдерінің сомалары мен тасымалдау шарттары. 4-бап (1) Жүйеленбеген тасымалдаулар - осы 3-баптың 1-тармағына сәйкес жүйелі болып табылмайтын тасымалдар.
(2) Екі жақты немесе транзит қатынастардағы жүйеленбеген тасымалдар тиісінше екінші Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарының рұқсатын талап етеді. Рұқсат алуға өтініш Уағдаласушы Тараптың меншікті құзырлы органы арқылы екінші Уағдаласушы Тараптың құзырлы органына жіберіледі және тасымал орындалғанға дейін кемінде төрт апта бұрын беріледі.
(3) Жүйеленбеген тасымалдар кезінде жолда тиісті бұл 2-тармаққа
сәйкес рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, жолда жолаушыларды автобусқа отырғызуға немесе оларды автобустан түсіруге тыйым салынады. (4) Өтініштерде 2-тармаққа сәйкес мына мәліметтер қамтылуы тиіс, атап айтқанда: 1. Тасымалдаушының, сондай-ақ қажет болғанда тасымалдауға тапсырыс берген жол жүруді ұйымдастырушының фамилиясы мен аты-жөні немесе фирманың аты, толық мекен-жайы; 2. Жол жүрудің мақсаты (сипаттамасы); 3. Экскурсиялық топ құрылған мемлекет; 4. Жол жүрудің бастапқы және соңғы пункттері, сондай-ақ экскурсиялық топ шыққан ел; 5. Шекаралық бақылау-өткізу пункттері көрсетілген жол жүру маршруты; 6. Сол бағытта/кері қарай жолаушылармен немесе жолаушыларсыз жол жүрудің тиістілігі көрсетіле отырып, сол бағытта және кері қарай жол жүру күні; 7. Жүрушілердің рульде болу және демалыс үзілісінде болу уақыты; 8. Айырмашылық тіркеу белгілері мен пайдаланылатын автобустардағы отыру орындарының саны. 5-бап
3-баптың 2 тармағына, 4-баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес берілген рұқсаттарды тек олар берілген тасымалдаушылар ғана пайдалануы мүмкін. Оларды басқа тасымалдаушыларға беруге немесе жүйеленбеген тасымалдаулар кезінде рұқсатта көрсетілгендерден басқа автокөлік құралдары үшін пайдалануға тыйым салынады. Рұқсат екінші Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік аумағында орналасқан екі пункт арасында жолаушыларды тасымалдауға құқық бермейді (каботаждық тыйым салу). Рұқсат берілген тасымалдаушы жүйелі қатынастар шеңберінде Қазақстан Республикасының немесе Германия Федеративтік Республикасының жеке мердігерлік кәсіпорындарын пайдалануы мүмкін. Олардың өздерінде осы ресми рұқсаттары болуы тиіс.
3-бөлім
Жүктерді тасымалдау
6-бап
Пайдаланылатын автокөлік құралы тіркелген Уағдаласушы Тараптың мемлекеттің аумағы мен екінші Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік аумағының (екі жақты қатынас) арасында, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың бірінің мемлекеттік аумағы арқылы транзит қатынасымен жүктерді тасымалдау үшін тасымалдаушылардың өзінде 8-бапта көрсетілген тасымалдарды қоспағанда, әрбір тасымал үшін осы Уағдаласушы Тараптың құзырлы органының рұқсаты болуы тиіс.
7-бап
(1) Рұқсат тасымалдаушыға беріледі. Ол тек тасымалдаушы үшін жарамды және үшінші тұлғаға беруге жатпайды.
(2) Рұқсат әрбір жүк автомобилі үшін және әрбір автомобиль-тартқыш үшін талап етіледі. Ол бір уақытта бірге келе жатқан тіркемеге немесе жартылай тіркемеге, оның тіркелу орнына қарамастан, жарамды болып табылады.
(3) Рұқсат екі жақты және транзит қатынасында онда көрсетілген уақыт шеңберінде кез келген жол жүру үшін (белгілі бір мерзімге рұқсат) немесе рұқсатта көрсетілген мерзім аралығында тиісінше бір немесе бірнеше рет сол бағытта және кері қарай жол жүруге жарамды (жол жүру рұқсаты).
(4) Екінші Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік аумағынан үшінші мемлекетке және кері қарай тасымалдауға, егер осы әдеттегі маршрут автомобиль тіркелген елдің мемлекеттік аумағы арқылы өтсе, құзырлы органдар рұқсат еткен жағдайда жол беріледі.
(5) Бір Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушыларына екінші Уағдаласушы
тараптың мемлекеттік аумағында орналасқан екі пункт арасында жүктерді тасымалдауға тыйым салынады (каботаж). (6) Осы Келісімге сәйкес орындалатын жүк қатынасы үшін нысаны жалпыға бірдей қабылданған халықаралық үлгіге сәйкес болуы тиіс тасымалдау құжаттары талап етіледі. 8-бап (1) Мына тасымалдар үшін рұқсаттар талап етілмейді: 1. Тек жарнама, оқыту, жәрмеңкелер мен көрмелер үшін арналған заттар немесе материалдар;
2. Театр, музыка, кино түсіру, спорт және цирк іс-шаралары, сондай-ақ радиохабарлар жазу үшін, кино- немесе телевизиялық түсірімдер үшін жабдықтар мен керек-жарақтар;
3. Бұзылған автокөлік құралдары (кері қарай жеткізу);
4. Мәйіттерді, қайтыс болғандардың күлі салынған сауыттар;
5. Тіркеменің толық салмағын қосқанда, рұқсат етілетін толық салмағы 6 т. аспайтын жүктерді немесе тіркеменің пайдалы салмағын қоса есептегенде, рұқсатты ең көп салмағы 3.5 т. аспайтын жүктерді автокөлік құралымен тасымалдау;
6. Апатты шұғыл жағдайлар кезінде (әсіресе табиғат апаттары) дәрі-дәрмектер, медицина жабдықтары және құралдар, сондай-ақ көмек көрсетуге арналған басқа да заттар;
7. Тірі хайуандар;
8. Көші-қон қозғалмалы мүліктер (үй жабдықтары мен тұрмыс құралдары);
9. Пошта жіберілімдері.
(2) мемлекеттердің бірінің кәсіпкерлері үшін арналған жасаушы заводтан жаңа бос жүк автомобильдерін айдап әкелуге рұқсат талап етілмейді.
(3) 15-бапқа сәйкес құрылған Аралас комиссия басқа тасымалдарды да рұқсат алу міндетінен босатуы мүмкін.
9-бап
(1) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары үшін талап етілетін
рұқсаттарды Германия Федеративті Республикасының Федеральды Көлік министрлігі береді және тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі немесе олар өкілеттеген органдар тапсырады. 10-бап (1) 15-бапқа сәйкес құрылған Аралас Комиссия сыртқы сауда мен транзиттік қатынас көлемін ескере отырып, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы жылма-жыл және тегін беретін рұқсаттардың санын белгілейді. (2) Мұқтаждығына қарай өзара келісім бойынша рұқсаттар саны өзгертілуі мүмкін. (3) Рұқсаттардың мазмұны мен нысанын Аралас Комиссия белгілейді. 4-бөлім Жалпы ережелер 11-бап
(1) Осы Келісім бойынша талап етілетін рұқсаттар, сондай-ақ бақылау және басқа да тасымалдау құжаттары осы Келісіммен реттелетін барлық жол жүрулерде автокөлік құралдарында болуы тиіс және құзырлы бақылау органдары болуы тиіс.
(2) Бақылау және тасымалдау құжаттары жол жүрісі басталардың алдында толық толтырылуы тиіс.
(3) Жүкпен немесе жүксіз келе жатқан автокөлік құралының сыртқы өлшемі немесе салмағы екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында белгіленген нормадан асатын болса, тасымалдаушы екінші Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдарының арнайы рұқсатын алуы тиіс.
(4) Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін арнайы рұқсат талап етілген жағдайда, тасымалдаушы осы арнайы рұқсатты екінші Уағдаласушы Тараптың құзырлы органынан алуы тиіс.
12-бап
(1) Әрбір Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары екінші Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік аумағында пәрменді, көлік жұмысын және автомобиль қозғалысын реттейтін барлық құқықтық нормаларды, сондай-ақ осы мезеттегі пәрменді кедендік ережелерді сақтауға міндетті.
(2) Тасымалдаушы немесе оның жүргізушісі екінші Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік аумағында пәрменді және көлік жұмысын реттейтін құқықтық нормаларды немесе осы Келісімнің ережелерін айтарлықтай немесе бірнеше рет бұзған жағдайда, мемлекеттік аумағында автокөлік құралы тіркелген Уағдаласушы Тараптың құзырлы органы мемлекеттік аумағында бұзу болған Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша мына төмендегі шаралардың бірін қабылдайды:
1. Жауап жүктелген тасымалдаушыдан пәрменді ережелердің сақталуын талап етеді (ескерту);
2. Осы Келісімге сәйкес тасымалдар орындауға уақытша тыйым салу;
3. Жауап жүктелген тасымалдаушыға рұқсат беруді тоқтату немесе екінші Уағдаласушы Тараптың құзырлы органы осы тасымалдаушыны тасымалдаудан босатқан мерзімге дейін бұрын берілген рұқсатты қайтып алу;
(3) Осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес шара мемлекеттік аумағында тәртіп бұзу болған Уағдаласушы Тараптың тікелей құзырлы органымен қабылдануы мүмкін;
(4) Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де Көлік министрліктері олар қабылдаған шаралар туралы бір-біріне мәлімдейді.
13-бап
Белгілі бір тұлғаларға қатысты тапсырылған мәліметтерді қорғау төмендегі ережелерге сай әрбір Уағдаласушы Тарап үшін пәрменді заңдар қағидаларын ескере отырып, басшылыққа алынады:
1. Бұл мәліметтерді пайдалану көрсетілген мақсаттар мен осы мәліметтерді берген органның шарттарын сақтаған жағдайда ғана мүмкін;
2. Мәлімет тапсырған органның сұрауы бойынша жариялауға жатпайтын мәліметтерді пайдалану туралы және олардың көмегі арқылы алынған нәтижелер туралы ол хабарландырылып отырады;
3. Белгілі бір тұлғаларға қатысты мәліметтерді тек милиция органдары мен шекаралық кеден органдарына ғана беруге болады. Бұдан әрі қарай бұл мәліметтерді басқа органдарға беру тек осы мәліметті тапсырған органның рұқсатымен ғана мүмкін;
4. Мәліметтерді берген орган осы мәліметтің дұрыстығы үшін жауапты. Бұдан басқа бұл орган осы тапсырудың мақсатына байланысты, сондай-ақ ұлттық құқықтар ережесіне сәйкес жариялауға жатпайтын мәліметтерге тыйым салуда ұстамдылық пен қажеттілік талаптарын сақтауға міндетті. Егер дұрыс емес мәліметтер немесе берілуге жатпайтын мәліметтер берілген жағдайда, бұл жөнінде жедел түрде басқа органға хабарлануы тиіс. Бұл орган дұрыс емес мәліметтерді жөндеуге немесе оларды беруге тыйым салынған мәліметтерді жоюға міндетті;
5. Ол жөнінде қолда бар ақпарат берілген тұлғаның өтініші бойынша өзі жөнінде қолда бар ақпарат, сондай-ақ оны пайдаланудың мақсаты туралы анықтама берілуі тиіс. Аталмыш анықтаманы беруде мемлекеттік мүдде жоғары болса, онда осындай анықтама беруге рұқсат етілмеуі мүмкін. Қалған жағдайларда анықтама алу құқығы ұлттық құқықты басшылыққа алады;
6. Мәліметтерді беруші орган оны тапсыру кезінде өз еліндегі заңдарға сәйкес оларды жою мерзімін көрсетеді;
7. Мәліметтерді тапсыратын және алатын органның екеуі де мәлімет белгілі бір тұлғаға қатысты және жариялауға жатпайтын жағдайда бұл туралы құжаттарға тіркейді;
8. Белгілі бір тұлғаға қатысты және жариялауға жатпайтын мәліметті тапсыруда екі орган да оған құқығы жоқ адамдардың алуынан, өзгертілуі мен жарияланудан қорғалуын қамтамасыз етеді.
14-бап
(1) Уағдаласушы Тараптар 1-баптың контексінде тасымалдар кезінде олар қозғалыс қауіпсіздігі үшін шуы аз және пайдаланылған газдың зиянды заттары аз автокөлік құралым пайдалануға келісетін болады.
(2) 15-бапқа сәйкес нақтыланатын мәселелерді Аралас Комиссия қосымша келісетін болады.
15-бап
(1) Осы Келісімді орындау мақсатында және оған байланысты мәселелерді талқылау үшін екі Уағдаласушы Тараптың Көлік министрліктері өкілдерінен өзге де сарапшылардың қатысуымен Аралас Комиссия құрылатын болады.
(2) Уағдаласушы Тараптардың біреуінің ұсынысы бойынша қажет болған жағдайда Аралас Комиссияның мәжілісі өткізіледі.
(3) Аралас Комиссия қажет болған жағдайда өзге құзырлы органдардың қатысуымен осы Келісімді өзгерту бойынша немесе қатынастардың дамуына, сондай-ақ өзгертілген құқықтық нұсқаулықтарға сәйкес ұсыныстар әзірлейді.
16-бап
Осы Келісімнің негізінде тасымалдарды орындау кезінде екінші Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінетін төменде келтірілген тауарлар рұқсаттардан өзаралық негізде барлық кедендік алымдардан, баж салықтарынан босатылады:
1. Әрбір автокөлік құралының моделі үшін қарастырылған сыйымдылықтарда, қозғалтқыштың азықтану жүйесімен техникалық және конструктивті байланысты жанармайлар, автобустар үшін 600 литр, жүк автокөлік құралдары үшін 200 литр көлемінде, сондай-ақ жүк автокөлік құралдарындағы немесе арнайы контейнерлердегі әрбір рефрижераторлық немесе басқа қондырғы түрлеріне 200 литр көлеміндегі қосымша жанармай;
2. Көлік құралдарындағы, тасымалдау кезінде қалыпты қолдану үшін қажетті көлемдегі жағармай материалдары;
3. Халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралын жөндеуге
арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар; пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер, сондай-ақ ауыстырылған көне бөлшектер елден әкетілуі тиіс немесе Уағдаласушы Тараптың мемлекет аумағынан белгіленген тәртіпте жойылуы немесе тапсырылуы тиіс. 17-бап Уағдаласушы Тараптардың Көлік министрліктері дер кезінде осы Келісімнің 3, 4, 6, 7, 9, 11, 12 және 15 баптарына сәйкес органдар жөнінде бір-біріне хабарлайды. 18-бап
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың өзге халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерін, соның ішінде Германия Федеративті Республикасының Еуропалық Одаққа мүшелігіне қатысты міндеттемелерін қозғамайды.
19-бап
(1) Осы Келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі Германия Федеративті Республикасының Үкіметіне осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі процедуралардың орындалғандығы туралы мәлімдеген күні енеді. Күн мәлімдеменің келіп түскен күнімен анықталады.
(2) Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың бірі жазбаша түрде оның күшін
жойғанша күшінде қалады. Осы Келісім екінші Уағдаласушы Тараптың күшін жою туралы мәлімдемесі алынғаннан кейін алты айдан соң күшін жояды. Бонн қаласында 1997 жылғы 26 қарашада екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, неміс және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ әр мәтіннің күші бірдей. Неміс және қазақ тілдеріндегі мәтіндерде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтінге басымдылық беріледі. Қазақстан республикасының Германия Федеративті Үкіметі үшін Республикасының Үкіметі үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.