1. 1-баптың 1-тармағында:
"(Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдарымен реттелетін кеден төлемдері мәселелерін қоспағанда), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерден" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдарымен реттелетін кеден төлемдері мәселелерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдерді, арнаулы заңдармен реттелетін табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін міндетті төлемдерді, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Салық комитетінің" деген сөздер алып тасталсын.
2. 2-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасындағы салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.";
3-тармақта:
"салық заңдарында" және "кеден заңдарына" деген сөздер тиісінше "заң актілерінде" және "заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетімен" деген сөздер "Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қаржы қорының (бюджетінің) кірісіне түседі.". 3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: "3-бап. Салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер 1. Қазақстан Республикасында мынадай салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер қолданылады: 1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; 2) қосылған құнға салынатын салық; 3) акциздер; 4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алынатын алымдар; 5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; 6) әлеуметтік салық; 7) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар; 8) жер салығы; 9) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық; 10) көлік құралдарына салынатын салық; 11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым; 12) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым; 13) аукциондық сатудан алынатын алым; 14) Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым; 15) Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;
17) жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
2. Осы баптың 1-тармағының 7), 11)-15) және 17) тармақшаларында
көзделген алымдарды төлеу тәртібін және олардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды. Осы баптың 1-тармағының 16) тармақшасында көзделген алымдарды төлеу тәртібін және олардың ставкаларын Алматы қаласының өкілді органы белгілейді. 4. 4-бап алып тасталсын. 5. 5-бапта: 6) тармақшаның 3) тармақшасындағы "жылжымайтын мүліктің" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының аумағындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 17) тармақшадағы "бағалы қағаздар" деген сөздер алып тасталсын; 20) тармақшада:
"алынған депозиттер бойынша" деген сөздер "алынған депозиттер және бағалы қағаздар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) "резидент емес" - осы баптың 22-тармағына сәйкес резидент деп танылмайтын заңды немесе жеке тұлға;".
6. 6-баптың 1-тармағында:
бірінші азатжолдағы "олардың филиалдары, өкілдіктері және жеке балансы және банктік шоты бар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" және "осы баптың 4-тармағының екінші азатжолында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші азатжолдағы "осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеушілер деп танылмайтын" деген сөздер "тиісті бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 13-бапта:
6) тармақшадағы "15 процент түпкілікті ставка бойынша салық салынатын" деген сөздер "бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып келген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып
келген, заңды және жеке тұлғалардан алынған сыйақы (мүдде).". 8. 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: "Осы Жарлықпен реттелетін шығыстар заңдарда белгіленген нормалар шегінде шегеріледі. Шегерімдер кәсіпкерлік қызметтен кіріс алынуына байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған жағдайда жүргізіледі.". 9. 16-бап "кредит (заем)" деген сөздердің алдынан ", осы Жарлықтың 20-бабы 10-тармағының үшінші бөлігінде және 46-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 10. 17-баптың 2-тармағындағы "Қаржы министрлігімен" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 20-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы "және 9-тармақтары" деген сөздерден кейін "мен осы Жарлықтың 21-бабының 3-тармағы" деген сөздермен толықтырылсын.
12. Мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша
шегерімдер
Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуы және тууы жөніндегі демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстары есепті кезең үшін есептелген еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде шегеріледі. Қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты мертігу не денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.".
13. 24-баптың 1-тармағы "Заңды" деген сөзден кейін "тұлғалардың (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
14. 25-бапта:
1) тармақша "төленген салықтар" деген сөздердің алдынан "есептелген шектегі" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "ақшалай айыптар" деген сөздердің алдынан "есептелген шектегі" деген сөздермен толықтырылсын.
15. 27-баптың бірінші азатжолындағы "жиынтық жылдық табыстың" деген сөздер "салық салынатын табыстың" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. 29-баптағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. 31-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Қатысушының үлесін сатудан алынатын табысқа салынатын салық ставкасы және төлем көзінен алынатын дивидендтер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды тұлға-резиденттегі жеке тұлғаларға төленетін қатысу үлесін сатудан алынатын кіріс, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға төленетін дивидендтерге 15 процент ставка бойынша төлем көзінің өзінде салық салынуға тиіс және бұл салықтың төлем көздерінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда бұдан кейін оларға салық салынбайды.";
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "15 процент ставка бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
18. 34-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"жиынтық жылдық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"пен әлеуметтік қамсыздандыру алымы" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ "бойынша" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасында "жарақат алуы және денсаулығына басқа да нұқсан келуі салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылуына және асыраушысынан айрылуына байланысты" деген сөздерді алып тастап, "төлемдер мен жәрдемақылар" деген сөздерден кейін "еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғаның немесе кәсіби аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкерге зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің жауаптылығын міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру өтемінің сомалары;" деген сөздермен толықтырылсын. мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) әскери қызмет міндеттерін атқаруына байланысты әскери қызметшілер алатын ақшалай үлестер, ақшалай сыйақылар және басқа да төлемдер."; 6-тармақта: "жылдық жиынтық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын; а) тармақшасы алып тасталсын; б) тармақшасындағы "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "жылдық жиынтық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "мемлекеттік комитетімен" деген сөздер "уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы "жиынтық жылдық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын. 19. 44-баптағы "қарыздарға" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын. 20. 46-баптың 1-тармағындағы "(оның ішінде алынған кредиттер (заемдар) бойынша сыйақы (мүдде)" деген сөздер алып тасталсын. 21. 55-баптың 2-тармағында "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 22. 57-бап мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Қосылған құнға салынатын салық жеке жолмен көрсетілген шот-фактура болған жағдайда қосылған құнға салынатын салық сомасы есепке алынады.". 23. 58-баптың 1-тармағындағы "өндірістік қызмет үшін" деген сөздерден кейін "толығымен есепті кезең ішінде, ал маусымдық сипаттағы өндірістік қызмет үшін - толығымен салықтық жыл ішінде" деген сөздермен толықтырылсын. 24. 61-бапта:
1-тармақтың 17) тармақшасында "дәрі-дәрмектік заттар," деген сөздер "дәрі-дәрмектік заттар;" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ
мемлекеттік сыртқы қарыздар есебінен сатып алынатын технологиялық жабдықтар импорты;"; 10) тармақшада "жұқпалы аурулар диагностикасына, олардың алдын-алуға және (немесе) оларды емдеуге арналған медициналық иммундық-биологиялық препараттарды дайындауға арналған материалдарды" деген сөздер "дәрі-дәрмектік заттарды өндіруге арналған материалдарды; медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын, сондай-ақ оларды өндіру мен жинақтауға арналған материалдарды" деген сөздермен ауыстырылсын. 25. 66-баптың 4-тармағының 2-азатжолындағы "жеке өндіріс" деген сөздер алып тасталсын. 26. 68-бапта: 1-тармақта: "соның ішінде," және "импортталатын тауарлар жөнінде" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Негізгі құрал-жабдықтарды қоса (жеңіл автомобильдерді қоспағанда), қосылған құнға салынатын салық сомасы, осы Жарлықтың 73-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алуға жататын импортталатын тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресімделген, кеден декларациясында көрсетілген салық сомасы болып табылады.".
27. 69-баптың 2-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. 70-бапта:
3-тармақтың екінші азатжолындағы "қаржы қызметінің органдарымен келісім бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Қаржы министрлігінің Кеден комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. 73-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
30. 74-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"Алыс-беріс шикізатының меншік иесі осындай шикізаттан өндірілген акцизделетін тауарларды экспорттаған кезде өнімді беру кезінде төленген акциз осы Жарлықтың 80-бабының 3-тармағына сәйкес алыс-беріс шикізатына меншік иесінің осы салық бойынша алда төлейтін төлемі есебіне жатқызылады не салық органы оның өтінішін алған кезден бастап 60 күн ішінде қайтарылады.
Бұл тармақ, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, алыс-беріс шикізатының меншік иесі осы Жарлықтың 80-бабының 3-тармағына сәйкес акцизді төлеу және тауарларды экспортқа әкету фактісін құжаттай растаған жағдайда қолданылады.".
31. 75-бапта:
1-тармақтың бірінші азатжолындағы ", олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы аумағында осы Жарлықтың 76-бабының 1-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіретін және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін және
(немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын өз филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін, олардың орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге акциздер төлеуді жүзеге асырады.". 32. 86-баптың 2-тармағындағы 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын. 33. 92-баптың 3-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 34. 94-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында: "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздермен ауыстырылсын; "3 және 4-баптарында" деген сөздер "3-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын. 35. 100-баптың бірінші бөлігі "жерасты сулары көлемінің құны" деген сөздерден кейін "жанама салықтарды және жөнелту орнынан тасымалдауға арналған іс жүзіндегі шығыстардың сомасын есептемегенде" деген сөздермен толықтырылсын. 36. VI-I бөлім алып тасталсын. 37. 104-7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан (қызметкерлерден) жинақтаушы зейнетақы қорларына ұстайтын міндетті зейнетақы жарналарына;". 38. 104-8-бапта:
екінші азатжолдағы "олардың жеке балансы және банктік шоты бар
филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" деген сөздер алып тасталсын; бесінші азатжолдағы "осы бапқа сәйкес салық төлеушілер болып танылмайтын" деген сөздер "тиісті бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын. 39. 104-10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Мемлекеттік мекемелер есепті кезең ішінде аударған салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы есепті кезеңде тағайындалған жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі, жүкті болуы және бала тууы жөніндегі жәрдемақылар сомасына еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде азайтылады.". 40. VI-III бөлім алып тасталсын. 41. 112-бапта "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын. 42. 123-бапта: 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы
міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;"; 8) тармақшада: "мемлекеттік комитетімен" деген сөздер "уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы салық заңдарында" деген сөздер "осы Жарлықта" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта "1)-5) тармақшаларында" деген сөздер "1)-5), 9), 10) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын. 43. 124-бапта: 1-тармақтағы "салық қызметінің органдары" деген сөздер "аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "салық қызметінің органдары" деген сөздер "аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. 44. 129-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;". 45. 130-баптың 1-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 46. 131-баптағы "заңды" деген сөзден кейін "тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен толықтырылсын; 47. 132-баптың 1) тармақшасындағы "заңды" деген сөзден кейін "тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын. 48. 134-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;";
5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының" және "мемлекеттік комитетімен" деген сөздер алып тасталып, "жасалған" деген сөздің алдынан "уәкілетті органмен" деген сөздермен толықтырылсын.
Мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлік бойынша әскери қызметшілер мүлікке салық төлеуден босатылады.";
3-тармақтағы "тармағының 1)-5) тармақшаларында" деген сөздер "тармағының 1)-7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.
49. 137-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Нақты салық төлеушіге қатысты кезектен тыс тексерулер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік бұйрығына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.".
50. 138-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
51. 139-бапта:
1-тармақта "Салық қызметі" және "Қаржы" деген сөздер "Аумақтық салық органы" және "Мемлекеттік кіріс" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтарда "Салық қызметі" деген сөздер "Аумақтық салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "салық қызметіне" деген сөздер "Аумақтық салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
52. 143-баптың 1-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
53. 144-баптың 1-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
54. 147-бапта:
2) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші азатжолмен толықтырылсын:
"Салық төлеушінің немесе оның дебиторының банктік шотында салық органының инкассалық тапсырмасында (өкімінде) аталған соманы толық төлеу үшін жеткілікті ақша болмаған жағдайда салық органының инкассалық тапсырмасы (өкімі) салық төлеушінің немесе оның тиісті дебиторының банктік шотына ақша түсу шамасына қарай орындалады.";
6) тармақшадағы "Қаржы министрлігі Салық комитетінің" деген
сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 55. 150-бапта: баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "150-бап. Салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді төлеу"; "Салық" деген сөзден кейін ", алым және басқа да міндетті төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын; "Қаржы министрлігінің Салық комитетінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 56. 154-бапта: баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "154-бап. Салық қызметі органдарының салық, алым және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді өндіріп алуы"; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Осы Жарлықта белгіленген салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мемлекет алдындағы борыш болып табылады."; 2-тармақта: "алудың" деген сөздің алдынан "өндіріп" деген сөзбен толықтырылсын; "Қаржы" деген сөз "Мемлекеттік кіріс" деген сөздермен ауыстырылсын.
57. 165-баптың 4-тармағындағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметі органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
58. 167-бапта:
1-тармақта:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің орталық аппаратынан және оның аумақтық салық органдарынан, Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінен және оның аумақтық органдарынан тұрады.";
2-азатжолдағы "Салық комитеті органдарына" деген сөздер "аумақтық салық органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Қаржы министрі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" және "Қаржы министрлігінің" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кіріс министрлігінің орталық аппараты" және "Мемлекеттік кіріс министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын; 5-тармақта: "Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші және үшінші азатжолдар алып тасталсын; 6-тармақта "Қаржы министрінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.". 59. 170-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қаржы" деген сөз "Мемлекеттік кіріс" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта:
бірінші азатжолда "Салық комитетінің органдары" деген сөздер "Аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларациялар мен
өзге де құжаттардың нысандарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әзірлейді және бекітеді."; 4-тармақтағы "Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер "Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 60. 171-баптың 2-тармағының бірінші азатжолындағы "Салық комитеті органдарының" деген сөздер "Аумақтық салық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын. 61. 173-баптың 6-тармағының бірінші азатжолындағы "Салық комитеті органдары" деген сөздер "Аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Үмбетова А.М.)