1. 1-бапта:
1) екінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы(аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамының лауазымды адамы, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін - бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде оны аффилиирленген тұлғалары деп танылады;";
2) үшінші, сегізінші, оныншы, он екінші, он алтыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші азатжолдардағы "ақша қаражаттарын", "ақша қаражаттары", "ақша қаражаты", "ақша қаражатын" деген сөздер тиісінше "ақшаны", "ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бесінші азатжолда:
"мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
4) алтыншы азатжолда:
"(ресми трансферттер)" деген сөздер алып тасталсын;
"жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "міндетті зейнетақы жарналарын есепке алатын және оларды төлеушілерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар тағайындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
5) он бірінші азатжол "түседі" деген сөзден кейін "және есептеледі" деген сөздермен толықтырылсын;
6) он үшінші азатжолдағы "мемлекеттік емес" деген сөздерден кейінгі "жинақтаушы", деген сөз алып тасталсын;
7) он бесінші азатжол "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты" деген сөздермен толықтырылсын;
8) он тоғызыншы азатжолдағы ", ал әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен" деген сөздер алып тасталсын;
9) жиырма алтыншы азатжол "төленетін және" деген сөздержен кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
10) мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
"әлеуметтік жеке код - жеке зейнетақы шоттарын енгізу мен оған бақылау жасау және азаматтарды бірегейлендіру бойынша басқа да әлеуметтік рәсімдер мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осы заңның 2-бабына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код;";
бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу".
2. 2-баптың 2-тармағы "республикасының аумағында" деген сөздерден кейін "тұрақты" деген сөзбен толықтырылсын:
3. 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның 9 және 60-баптарына сәйкес зейнет жасына жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады.".
4. 5-бапта:
1) 1-тармақта:
"бұрын" деген сөз алып тасталсын;
"сақтай отырып," деген сөздерден кейін "1999 жылғы 1 сәуірге дейін," деген сөздермен толықтырылсын, "кепілдік береді" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады." деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орталықтан берілетін зейнетақы төлемдерін индекстеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тоқсан сайын жүргізіледі.";
3) 4-тармақта "осы баптың 3-тармағының" деген сөздер "осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 6-баптың 2-тармағында:
1) 2) тармақшадағы "жинақтаушы" деген сөз алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;";
3) 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қорлардың ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін басқару компанияларымен (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа) аффилиирленбеген кастодиан-банкте ғана сақтау талабын белгілеу;
6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру;";
4) 10) тармақшада:
"қорларына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға төленетін" деген сөздер "қорлары алатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға" деген сөздер алып тасталсын;
5) 11) тармақшада "қорларының" және "есептеріне" деген сөздерден кейін "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың" және "жыл сайын" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 12-баптың 2-тармағында:
1) ", сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен" деген сөздер алып тасталсын.
2) "негізінде" деген сөзден кейін "не сот шешімінің негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
7. 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын.
"4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қатарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.".
8. 15, 16 және 17-баптардағы "халықты әлеуметтік қорғау органына,", "халықты әлеуметтік қорғау органы,", "халықты әлеуметтік қорғау органына" деген сөздер тиісінше "зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға,", "зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган,", "зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 19-баптың 2-тармағы "осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және
60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын; 10. 21-баптың 1-тармағы "зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын. 11. 22-баптың 3-тармағында: 1) бірінші азатжол "жарналарының" деген сөзден кейін "және заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражаттардың" деген сөздермен толықтырылсын. 2) мыныдай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) асыраушысынан, зейнетақы төлемдерін алушыдан айырылғанда;". 12. 23-баптың 5-тармағында: 1) "тиісті тапсырмасы" деген сөздер "зейнетақы шарты" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "салымшының" деген сөзден кейін "мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен" деген сөздермен толықтырылсын; 13. 25-бапта: 1) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1). Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.";
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салымшының, алушының зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.";
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін заңдарға сәйкес жүзеге асыруға;
3) заңдарға сәйкес зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
14. 26-бапта:
1) 1-тармақта:
"сақталады" деген сөзден кейін "және шоттарда ескеріледі" деген сөдермен толықтырылсын;
"кастодиандық шот режиміне" деген сөздер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.";
3) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.".
15. 27-бапта:
1) 1-тармақта:
бірінші азатжол "қорлары" деген сөз "қорларының" деген сөзбен ауыстырылсын, "зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) уәкілетті орган белгілеген көлемде жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания және кастодиан - банк туралы ақпарат алуға;";
4) тармақшадағы "өз пайдасына да, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-тармақта:
бірінші азатжол "жинақтаушы" деген сөздің алдынан "Зейнетақы жарнаарын өз пайдасына жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін "жинақтаушы зейнетақы қорларының тек біреуіне ғана" деген сөздермен толықтырылсын.
16. 28-баптың 1-тармағында:
1) бірінші азатжолдағы "салымшының пайдасына жүзеге асырылған зейнетақы жарналарына қатысты" деген сөздер "зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын салымшының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2) тармақшадағы "жылына" деген сөз "күнтізбелік жылына" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;".
18. 30-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "(ол болған жағдайда)" деген сөздерден кейін "әлеуметтік жеке коды" деген сөздермен толықтырылсын.
19. 32-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын.
20. 36-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакциядан жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады.";
2) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды.".
21. 38-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.".
22. 39-бапта:
1) 3-тармақта:
3) тармашада "қордың" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) лицензиар белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қорлары орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді ұдайы бұзғанда (12 жүйелі күнтізбелік айдың ішінде үш және одан көп жағдайларда);";
2) мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынырақ тартылған салымшылар бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арқылы инвестициялау құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуына тыйым салуға әкеп соғады.";
3) 4-тармақта:
"қолданылуын тоқтата тұру" деген сөздер "қолданылуы тоқтатыла тұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сондай-ақ бұқаралық ақпарат баспа құралдарында жарияланады." деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткі болған себептердің уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмауы оны кері қайтып алуға негіз болып табылады.".
23. 40-баптың 2-тармағының үшінші азатжолында "өтелмеген немесе" деген сөздер алып тасталсын.
24. 41-баптың 2-тармағында:
1) 7) тармақшада "(мемлекеттік жинақтау қорын қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржы есебін және өз қызметі туралы өзге де ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табысы жөнінде кепілдіктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ заңдармен жариялануға тыйым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға рұқсат етілмейді;".
25. 43-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "қордың корпоративтік түрінен ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі" деген сөздермен толықтырылсын.
26. 45-бапта:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы сотқа талап қоя алады.";
2) 5-тармақтың бірінші бөлігінде "басқа" деген сөзден кейін "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын.
27. 47-бапта:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, зиянның болғанына қарамастан қор акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.";
2) 3-тармақтағы "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшамен" деген сөзбен ауыстырылсын.
28. 48-баптың 1-тармағындағы екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар мен кастодиан-банкке комиссиялық сыйақыны шарттардың ережелеріне сәйкес төлеуді жүргізеді.".
29. 49-бапта:
1) 1-тармақ "жүргізіп" деген сөзден кейін "жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша бөлек" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.";
3) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп
беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.". 30. 50-бапта: 1) 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Алушының зейнетақы жианақтарының құпиясы алушылар туралы, алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды."; 2) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша". 3) 4 және 5-тармақтардағы "ақша қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын; 31. 52-баптың 5-тармағы алынып тасталсын; 32. 55-бапта: 1) 1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; 2) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебнен мәмілелер жасау;". 33. 58-бапта: 1) "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.".
34. 59-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.".
35. 60-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлер қайтадан мемлекеттік қызметке арнаулы атақ, сыныптық шен, сыныптық біліктілік беріле отырып қабылданған жағдайда, зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.".
36. 64-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған
кезең үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді." 37. 66-баптың 1-тармағында "және жергілікті бюджеттердің" деген сөздер "бюджеттің" деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Үмбетова А.М.)