Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Консулдық конвенция бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Консулдық конвенция (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 5, 50-құжат) (1999 жылғы 21 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет) Бұдан былай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Грузия, екi ел арасындағы достық қатынастарды одан әрi дамыту және өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн анағұрлым тиiмдi қорғау тiлегiн басшылыққа ала отырып, 1963 жылғы 24 сәуiрдегi Консулдық қатынастар жөнiндегi Вена конвенциясының ережелерiн негiзге ала отырып, осы Конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегiлер туралы уағдаласты: 1-бап Анықтамалар Осы Конвенцияда төменде келтiрiлетiн терминдердiң мынадай мағынасы бар:
1) "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты немесе консулдық агенттiктi бiлдiредi;
2) "консулдық округ" - консулдық мiндеттi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнiп берiлген ауданды бiлдiредi;
3) "консулдық мекеменiң басшысы" - осы сипатта iс-әрекет жасау тапсырылған адамды бiлдiредi;
4) "консулдық қызмет адамы" - консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда, осы сипатта консулдық мiндеттердi орындау тапсырылған кез келген адамды бiлдiредi;
5) "консулдық қызметшi" - консулдық мекемеде әкiмшiлiк немесе техникалық мiндеттердi орындайтын кез келген адамды білдiредi;
6) "қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерi" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген адамды бiлдiредi;
7) "консулдық мекеменiң қызметкерлерi" - консулдық қызмет адамдарын, консулдық қызметшiлердi және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерiн бiлдiредi;
8) "консулдық персоналдың қызметкерлерi" - консулдық қызмет адамдарын (консулдық мекеменiң басшысын қоспағанда) сондай-ақ консулдық қызметшiлердi және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерiн бiлдiредi;
9) "жеке үй қызметкерi" - консулдық мекеме қызметкерiнiң жеке үй қызметiнде ғана тұрған адамды бiлдiредi;
10) "отбасы мүшесi" - консулдық мекеме қызметкерлерiнiң жұбайы (зайыбы), олармен бiрге тұрып жатқан және олардың асырауындағы оның балалары мен ата-аналары, сондай-ақ оның зайыбының (жұбайының) ата-аналары;
11) "консулдық үй-жайлар" - консулдық мекеме үшiн ғана пайдаланылатын ғимаратты немесе ғимараттың бiр бөлiгiн және оларға меншiк құқығы кiмге тиесiлi болғанына қарамастан осы ғимаратқа немесе ғимараттың бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн бiлдiредi;
12) "консулдық архивтер" - барлық қағаздарды, құжаттарды, хат-хабарларды, кiтаптарды, фильмдердi, бейне және үн таспа жазбаларды, дискеттердi және шифрлар мен кодтарды, картотекаларды және олардың бүлiнбеуi мен сақталуын қамтамасыз етуге арналған үй жабдықтары заттарының кез келгенiн қоса алғанда консулдық мекеменiң тiзiлiмдерiн қамтиды;
13) "азамат" - Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң азаматы болып табылатын адамды немесе осы мемлекеттердiң бiреуiнде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамды бiлдiредi;
14) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi" - әскери кемелердi қоспағанда, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауы астында жүзуге құқығы бар және осы мемлекетте тiркелген кез келген кеменi бiлдiредi;
15) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi"- әскери ұшу аппараттарын қоспағанда, өкiлдiгiн жiберген мемлекетте тiркелген және осы мемлекеттiң айырым белгiлерiн алуға құқығы бар кез келген ұшу аппаратын бiлдiредi.
2-бап
Консулдық мекемелердiң ашылуы
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ашыла алады.
2. Консулдық мекеменiң орналасатын жерi, оның дәрежесi, консулдық округ және консулдық қызмет адамдарының саны өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша анықталады.
3. Консулдық мекеме орналасатын жердiң, оның дәрежесiнiң және консулдық округтiң немесе консулдық қызмет адамдары санының одан әрi өзгеруiн консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана өкiлдiгiн жiберген мемлекет жүзеге асыра алады.
4. Консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi сондай-ақ, егер қандай да бiр бас консулдық немесе консулдық, өзi орналасқан елдi мекеннен тысқары жерде вице-консулдық немесе консулдық агенттiгiн ашқысы келсе де талап етiледi.
5. Консулдық орналасқан мемлекеттiң алдын ала айқын бiлдiрiлген келiсiмi сондай-ақ бұрыннан бар консулдық мекеменiң бiр бөлiгiн құрайтын, осы соңғысының тұрғылықты орнынан тысқары жерде кеңсе ашу үшiн де қажет.
3-бап
Консулдық мекеме басшысын тағайындау
1. Консулдық мекеме басшысы тағайындалғанға дейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет дипломатиялық немесе өзге де тиiстi арналар арқылы консулдық орналасқан мемлекеттiң ұсынылып отырған адамға қатысты келiсiмiн алуға тиiс.
2. Егер консулдық орналасқан мемлекет қандай да бiр адамның консулдық мекеме басшысы ретiнде тағайындалуына келiсiмiн бермесе, өкiлдiгiн жiберген мемлекетке мұндай бас тартудың себептерiн хабарлауға мiндеттi емес.
3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет дипломатиялық арналар арқылы консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрiне консулдық мекеме басшысын тағайындау үшiн патенттi немесе оған ұқсас басқа құжатты жiбередi. Бұл құжатта консулдық мекеме басшысының толық аты, тегi, оның азаматтығы, сыныбы, консулдық округi және консулдық мекеменiң орналасқан жерi көрсетiледi.
4. Консулдық мекеме басшысын тағайындау үшiн консулдық патент немесе оған ұқсас басқа құжат алған соң консулдық орналасқан мемлекет оған экзекватура деп аталатын, мұндай рұқсат қандай нысанда болса да, рұқсат бередi. Экзекватураны немесе өзге рұқсатты беруден бас тартқан консулдық орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекетке мұндай бас тартудың себептерiн хабарлауға мiндеттi емес.
5. Осы баптың 6-тармағында және 4-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық мекеме басшысы әлгiндей экзекватураны немесе өзге рұқсатты алғаннан соң ғана өз мiндеттерiн орындауға кiрiсе алады.
6. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысына экзекватура немесе өзге рұқсат берiлгенге дейiн оның өз мiндеттерiн уақытша орындауына жол бере алады. Бұл жағдайда осы Конвенцияның ережелерi қолданылады.
7. Консулдық мекеме басшысының, уақытша болса да, өз мiндеттерiн орындауына жол берiлген бойда консулдық орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округтiң құзыреттi органдарына шұғыл түрде мәлiмдейдi. Бұдан басқа ол консулдық мекеме басшысы өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқара алуы және осы Конвенциядан туындайтын артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етедi.
4-бап
Консулдық мекеме басшысының міндеттерін
уақытша орындау
1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себеппен өзiнiң мiндеттерiн орындай алмаса немесе егер консулдық мекеме басшысының қызмет орны бос болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегi осы немесе басқа консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамына немесе консулдық орналасқан мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiк мүшелерiнiң бiрiне консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша орындауға уәкiлеттiк бере алады.
2. Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн атқарушының толық аты мен тегiн консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк көрсеткен органға өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе, егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте мұндай өкiлдiгi болмаса - консулдық мекеменiң басшысы немесе, егер оның мұны жасайтын мүмкiндiгi болмаса - өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген құзыреттi органы хабарлайды. Әдетте, мұндай хабар алдын ала жасалады.
3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық мекеме басшысы мiндетiн атқарушыға көмек көрсетедi және қорғайды. Ол консулдық мекеменi басқарып тұрған уақытта, оған тиiстi консулдық мекеме басшысы сияқты негiзде осы Конвенцияның ережелерi қолданылады.
4. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкілдiгiнiң дипломатиялық персонал мүшесiн консулдық орналасқан мемлекетте өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес консулдық мекеменiң басшысы мiндеттерiн уақытша атқарушы етiп тағайындаса, ол консулдық орналасқан мемлекеттiң қарсылығы болмаған жағдайда, дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастыра бередi.
5-бап
Консулдық персонал қызметкерлерiн тағайындау
1. Осы Конвенциясының 2, 6 және 7-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық персонал қызметкерлерiн еркiн тағайындай алады.
2. Өкілдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетке, егер консулдық орналасқан мемлекет 7-баптың 3-тармағында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыруды ниет етсе, консулдық мекеме басшысынан басқа барлық консулдық қызмет адамдарының толық аты мен тегін, санатын және сыныбын алдын ала хабарлайды.
3. Консулдық орналасқан мемлекет осы мемлекеттің бекітілген тәртiбiне сәйкес консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне өздерiнiң консулдық мекеме қызметкерлерi және олардың отбасы мүшелерi мәртебесiн растайтын жеке басының куәлiгiн бередi.
6-бап
Консулдық қызмет адамдарының азаматтығы
Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болуға тиiс.
7-бап
"Реrsоnа nоn grаtа" деп жарияланған адамдар
1. Консулдық орналасқан мемлекет кез келген уақытта өкiлдiгiн жiберген мемлекетке дипломатиялық арналар арқылы белгiлi бiр консулдық қызмет адамының "реrsоnа nоn grаtа" болып табылатындығы немесе консулдық персоналдың кез келген қызметкерiнiң қолайсыз болып табылатындығы туралы мәлiмдей алады. Мұндай жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет сол адамды тиiсiнше керi шақырып алуға немесе оның консулдық мекемедегi қызметiн тоқтатуға тиiс.
2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет ақылға қонымды мерзiм iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген өз мiндеттемелерiн орындаудан бас тартса немесе орындамаса, консулдық орналасқан мемлекет тиiсiнше әлгi адамның экзекватурасының немесе өзге де рұқсатының күшiн жояды немесе оны консулдық персонал қызметкерi деп санауды тоқтатады.
3. Консулдық мекеме қызметкерi ретiнде тағайындалған адам консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағына келгенге дейiн немесе, егер ол консулдық орналасқан мемлекетке келiп үлгерсе, консулдық мекемеде өз мiндеттерiн атқаруға кiрiскенге дейiн қолайсыз деп жариялануы мүмкiн. Кез келген осындай жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет оны тағайындаудың күшiн жояды.
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда консулдық орналасқан мемлекет өз шешiмiнiң себептерiн өкiлдiгiн жiберген мемлекетке хабарлауға мiндеттi емес.
8-бап
Тағайындау, келу және кету туралы
консулдық орналасқан мемлекетке мәлiмдеу
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк нұсқаған органға:
а) Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тағайындалулары, тағайындалғаннан кейiн олардың консулдық мекемеге келгенi туралы, олардың түпкiлiктi кеткенi немесе олардың қызметiн тоқтатқаны туралы және олардың консулдық мекемедегi жұмысы кезiнде болуы мүмкiн, олардың мәртебесiне ықпал ететiн басқа да өзгерiстер туралы;
b) консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшесi болып табылатын және онымен тұрақты түрде тұратын адамның келуi немесе түпкiлiктi кетуi туралы, сондай-ақ, тиiстi жағдайларда, белгiлi бiр адам отбасының мүшесi болатыны немесе бұдан былай болмайтыны туралы;
с) жеке үй қызметкерлерiнiң келуi және түпкiлiктi кетуi туралы және, тиiстi жағдайларда, олардың осы сипаттағы қызметiнiң тоқтатылуы туралы;
d) артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығы бар консулдық мекеме қызметкерлерi немесе жеке үй қызметкерлерi ретiнде консулдық орналасқан мемлекетте тұратын адамдарды жалдау және жұмыстан босату туралы мәлiмденедi.
2. Келуi немесе түпкiлiктi кетуi туралы мәлiмдеме мүмкiндiгiнше алдын ала жасалуы тиiс.
9-бап
Консулдық және тұрғын үй-жайларды сатып алу
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет немесе ол уәкiлеттiк берген кез келген жеке немесе заңды тұлға консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес және осы мемлекеттiң келiсiмiмен:
а) ғимаратты немесе ғимараттың бiр бөлiгiн консулдық мекеменiң үй-жайы, консулдық мекеме басшысының резиденциясы ретiнде, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын немесе осы мемлекетте тұрақты тұрағы жоқ кез келген консулдық қызмет адамына және кез келген консулдық қызметшiге тұрғын үй-жай ретiнде жеке меншiгiне сатып алуға немесе жалға алуға;
b) қайтарымды негiзде пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнде ғимарат салуға немесе осы мақсатпен ғимаратты бейiмдеуге құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес өкiлдiгiн жiберген мемлекет сондай-ақ осындай консулдық және тұрғын үй-жайларды немесе жердi жақсарта алады.
3. Консулдық орналасқан мемлекет қажет болған жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекетке осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқықтарды жүзеге асыру кезiнде тиiстi көмек пен қолдау көрсетедi.
4. Осы баптың ешбiр ережесi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi консулдық орналасқан мемлекеттiң ғимараттардың орналасуы мен құрылымын реттейтiн, сондай-ақ қалалық жобалау мен аудандастыруды реттейтiн заңдары мен ережелерiн сақтау жауапкершiлiгiнен босату сипатында түсiндiрiлмеуi керек.
10-бап
Құрметтi консулдық қызмет адамдары
Егер екi Уағдаласушы Тарап құрметтi консулдық қызмет адамын тағайындауға келiсетiн болса, олар осы Конвенция ережелерiнiң және әдеттегi халықаралық құқық нормаларының негiзiнде құрметтi консулдық қызмет адамдарына қолданылатын режимдi анықтау мақсатыңда тиiстi келiсiмдер жасасу мәселелерi жөнiнде бiр-бiрiмен кеңесетiн болады.
11-бап
Консулдық мекемелер мен консулдық мекемелер
қызметкерлерiн қорғау және оларға жағдай
жасауды қамтамасыз ету
1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң өз мiндеттерiн атқаруы үшiн барлық жағдайларды қамтамасыз етедi.
2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдарына тиiсiнше құрметпен қарайды және консулдық қызмет адамдарының немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын және заңды негiзде тұрақты тұрғын орнына рұқсат етiлген, консулдық орналасқан мемлекетте шетелдiк мәртебесi жоқ консулдық мекеменiң өзге де қызметкерлерiнiң, сондай-ақ жоғарыда аталған адамдардың кез келгенiмен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке басына, бостандығына немесе ар-намысына қандай да бiр қиянат жасаудың алдын алу үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдайды.
12-бап
Мемлекеттiк жалау мен елтаңба
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы баптың ережелерiне сәйкес консулдық орналасқан мемлекетте өзiнiң мемлекеттiк жалауы мен елтаңбасын пайдалануға құқылы.
2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк жалауы мен мемлекеттiк елтаңбасы консулдық мекеме орналасқан ғимаратқа, оның сыртқы есiктерiне iлiнедi және бекiтiледi, сондай-ақ консулдық мекеме басшысының резиденциясына және қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты болғанда, оның көлiк құралдарына iлiнедi.
3. Осы бапта көзделген құқықтарды жүзеге асыру кезiнде өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарын, ережелерiн және әдет-ғұрпын сақтайды.
13-бап
Консулдық үй-жайларға қол сұғылмаушылық
1.Консулдық үй-жайларға қол сұғылмайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары консулдық мекеме басшысының, мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының немесе олардың бiреуi тағайындаған адамның келiсiмiнсiз консулдық мекеменiң жұмысы үшiн ғана пайдаланылатын консулдық үй-жайдың бөлiгiне кiре алмайды.
Консулдық үй-жайда өрт шыққан немесе консулдық үй-жайға тiкелей жақын орналасқан консулдық орналасқан мемлекет азаматтарының қауiпсiздiгi мен мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн өзге де табиғат апаты жағдайында мұндай келiсiм қысқа мерзiм iшiнде берiледi.
3. Консулдық орналасқан мемлекетке консулдық үй-жайларды әрқилы баса-көктеп кiруден немесе зиян келтiруден қорғау үшiн және консулдық мекеме тыныштығын бұзушылықты немесе оның абыройын қорлауды болдырмау үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдаудың арнайы мiндетi жүктеледi.
4. Консулдық үй-жайлар, олардың үй жабдықтарының заттары, консулдық мекеменiң мүлкi, сондай-ақ оның көлiк құралдары мемлекеттiк қорғаныс пен қоғамдық мұқтаждық мақсатында реквизициялаудың кез келген түрiнен иммунитеттi пайдаланады.
14-бап
Консулдық архив пен құжаттарға қол сұғылмаушылық
Консулдық архивтер мен консулдық құжаттарға кез келген уақытта және олардың қайда орналасқанына қарамастан қол сұғылмайды.
15-бап
Консулдық үй-жайларды салықтардан босату
1. Консулдық орналасқан мемлекет:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе оның өкiлi атынан сатып алынған консулдық үй-жайларды және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ аталған мүлiктi сатып алуға қатысты шарттар мен актiлердi;
b) консулдық мекеменiң ресми мақсаттар үшiн заңды түрде сатып алған жылжымалы мүлкi мен көлiк құралдарын, сондай-ақ оларды сатып алу, иелiк ету немесе ұстауға қатысты салықтар мен алымдардан босатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтардан босату консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi бойынша өкiлдiгiн жiберген мемлекетпен немесе оның атынан iс-әрекет жасайтын адаммен шарт жасасқан адамдарға салынатын алымдарға, баж салықтарына және салықтарға қолданылмайды.
16-бап
Жүрiп-тұру еркiндiгi
Консулдық орналасқан мемлекет мемлекеттiк қауiпсiздiк түсiнiгiмен кiруге тыйым салынған немесе шектелген аймақтар туралы заңдар мен ережелерге қайшы келмейтiн болғандықтан консулдық округ аумағы бойынша консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң жүрiп-тұруы мен сапарға шығу еркiндiгiн қамтамасыз етедi.
17-бап
Қарым-қатынас еркiндігi
1. Консулдық орналасқан мемлекет барлық ресми мақсаттар үшiн консулдық мекеме қарым-қатынастарының еркiндiгiне рұқсат беруге және қорғауға тиiс. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiктерiмен және олар қай жерде орналасса да, басқа да консулдық мекемелерiмен қарым-қатынас жасаған кезде, консулдық мекеме дипломатиялық және консулдық курьерлердi, дипломатиялық және консулдық вализаларды және кодталған немесе шифрланған хабарды қоса алғанда, барлық жарамды байланыс құралдарын пайдалана алады. Алайда, консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана радиохабарлағышты орнатады және пайдалана алады.
2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарларына қол сұғылмайды. Ресми хат-хабар түсiнiгiне консулдық мекемеге және оның қызметiне қатысты барлық хат-хабар жатады.
3. Консулдық вализаны құрайтын барлық орындардың олардың сипатын бiлдiретiн, көзге түсетiндей сыртқы белгiлерi болуға тиiс және оның iшiнде ресми пайдалану үшiн ғана арналған ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе заттар болады.
4. Консулдық вализа ашып-қарауға немесе ұстап кiдiртуге жатпайды. Алайда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары вализада осы баптың 3-тармағында көрсетiлген хат-хабарлардан, құжаттардан немесе заттардан өзге нәрсе бар деп жорамалдауға орынды негiздерi болған жағдайларда, олар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен вализаның ашылуын талап ете алады. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiмет орындары бұл талапты орындаудан бас тартса, вализа оны жiберген орынға қайтарылады.
5. Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана консулдық курьер бола алады. Консулдық курьер консулдық вализаны құрайтын орындардың мәртебесi мен саны көрсетiлетiн ресми құжатпен жабдықталады. Өз мiндеттерiн атқару кезiнде ол консулдық орналасқан мемлекеттiң қорғауында болады, жеке басына қол сұғылмаушылықты пайдаланады және қандай нысанда болмаса да не қамауға алуға, не ұсталуға жатпайды.
6. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет, оның дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi арнайы консулдық курьерлердi ad hос тағайындай алады. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының ережелерi, онда айтылған иммунитеттер осындай курьердiң өзiне сенiп тапсырылған консулдық вализаны тиiстi жерiне жеткiзген сәтiнде тоқтатылатынын қоспағанда, қолданылады.
7. Консулдық вализа рұқсат етiлген айлаққа немесе әуежайға бағыт алған теңiз немесе әуе кемесiнiң капитанына тапсырылуы мүмкiн. Ол вализаны құрайтын орындар саны көрсетiлген ресми құжатпен қамтамасыз етiледi, әйтсе де ол консулдық курьер болып саналмайды. Жергiлiктi өкiметтiң құзыреттi органдарымен келiсiм бойынша консулдық мекеме өз қызметкерлерiнiң бiреуiн теңiз кемесiнiң капитанынан немесе әуе кемесiнiң командирiнен вализаны тiкелей және кедергiсiз алуға, сондай-ақ оған осындай вализаны табыс етуге жiбере алады.
18-бап
Консулдық қызмет адамдарының жеке
басына қол сұғылмаушылық
1. Консулдық қызмет адамдары құзыреттi сот билiгiнiң қаулылары негiзiнде ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа реттерде қамауға алуға не алдын ала қамауға алуға жатпайды.
2. Осы баптың I-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енген сот қаулыларын орындаудан басқа реттерде, консулдық қызмет адамдарын түрмеге отырғызу және қандай да бiр басқа да нысандарда жеке басының еркiндiгiн шектеу жүргiзiлмейдi.
3. Егер консулдық қызмет адамына қарсы қылмысты iс қозғалса, ол адам құзыреттi органдарға келуге мiндеттi. Соған қарамастан iс жүргiзу кезiнде оның ресми жағдайына байланысты құрмет көрсетiлуi тиiс және осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның консулдық мiндеттерiн орындауы үшiн мейлiнше аз кедергi жасалуы керек. Консулдық қызмет адамын осы баптың 1-тармағына сәйкес ұстау қажеттiгi туындаған жағдайда, оған қарсы соттық iзге түсу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде басталуы керек.
19-бап
Юрисдикциядан иммунитет
1. Консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясынан иммунитеттi пайдаланады, бұған мынадай:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан тiкелей немесе жанама түрде iс-әрекет етпейтiн консулдық қызмет адамы жасасқан шарттан туындайтын;
b) өтемiн үшiншi бiр адам талап етiп отырған, консулдық орналасқан мемлекетте жол көлiгi құралдары, кеме немесе әуе кемесi келтiрген зиянның салдарынан туындайтын;
с) егер олар өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан оларды консулдық мақсаттарға пайдалану үшiн иемденбейтiн болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағындағы жеке меншiк жылжымайтын мүлiкке қатысты;
д) олар өсиеттiң орындаушысы, мұраға Қалған мүлiктiң қамқоршысы, мұрагер немесе мұра құқығынан бас тартушы ретiнде өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан емес, жеке адам ретiнде мұраны иемденуге қатысты;
е) олардың консулдық орналасқан мемлекетте өздерiнiң ресми мiндеттерiнен тыс жүзеге асыратын кез келген кәсiби және коммерциялық қызметтерiне жататын азаматтық талаптар қосылмайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағында баяндалған ережелерге байланысты атқару шараларын қабылдаған жағдайда, консулдық қызмет адамдарының жеке басына қол сұғылмаушылық және олардың тұрғын үй-жайларына қол сұғылмаушылық бұзылмауға тиiс.
3. Консулдық қызметкерлерi мен қызмет көрсетушi персонал қызметшiлерi осы баптың 1-тармағының (а) және (b)-тармақшаларында баяндалған азаматтық талаптарды қоспағанда өздерiнiң қызметтiк мiндетiне қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына жатпайды.
20-бап
Куәгерлiк жауап беру мiндетi
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi сот немесе әкiмшiлiк iстер жүргiзу кезiнде куәгерлер ретiнде шақыртылуы мүмкiн. Егер консулдық қызмет адамы жауап беруден бас тартатын болса, онда оған ешқандай да мәжбүрлеу немесе жазалау шаралары қолданылмайды.
2. Консулдық қызмет адамының жауап беруi қажет болған орган бұл адамның өз мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiрмеудi болдырмауы тиiс. Ол, мүмкiн болған жағдайда сол адамның өз үйiнде немесе консулдық мекемеде оның берген жауабын тыңдай алады немесе одан жазбаша жауап қабылдай алады.
3. Консулдық мекеме қызметкерлерi өздерiнiң мiндеттерiн атқаруына байланысты мәселелер жөнiнде жауап беруге немесе өздерiнiң мiндеттерiне қатысты ресми хат-хабарлар мен құжаттарды беруге мiндеттi емес. Олар сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарын түсiндiретiндей жауап беруге де мiндеттi емес.
21-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы Конвенцияның 18, 19 және 20-баптарында көзделген консулдық мекеме қызметкерлерiнiң немесе олардың отбасы мүшелерiнiң кез келген артықшылықтары мен иммунитеттерiнен бас тарта алады.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай бас тарту барлық уақытта айқын бiлдiрiлуi тиiс және ол туралы консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша нысанда хабарлануы тиiс.
3. Консулдық қызмет адамы немесе консулдық қызметшi ]9-бапқа сәйкес юрисдикциядан иммунитеттi пайдалана алатын жағдайда iс қозғаса, ол негiзгi талапқа тiкелей байланысты қандай да бiр қарсы талапқа қатысты юрисдикциядан иммунитетiне сiлтеме жасау құқығынан айырылады.
4. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iске қатысты юрисдикциядан иммунитетiнен бас тарту сот шешiмiнiң нәтижесi болып табылатын атқару iс-қимылы иммунитетiнен бас тартуды бiлдiрмейдi; мұндай iс-қимылдарға қатысты жеке тұрғыдағы бас тарту қажет.
22-бап
Шетелдiктердi тiркеуден және
тұруға рұқсат алудан босату
1. Консулдық қызмет адамдары, консулдық қызметшiлер және олармен бiрге тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң шетелдiктердi тiркеуге және тұруға рұқсат алуға қатысты заңымен және ережелерiмен көзделген барлық мiндеттерден босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тұрақты қызметшiлерi болып табылмайтын кез келген консулдық қызметшiге, сондай-ақ осындай қызметшiнiң кез келген отбасы мүшесiне қолданылмайды.
23-бап
Жұмысқа рұқсат алудан босату
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмысты орындауға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң шетелдiктердi жұмысқа жалдау туралы заңдары мен ережелерi бекiткен жұмысқа рұқсат алуға байланысты кез келген мiндеттерден босатылады.
2. Консулдық қызмет адамдарының және консулдық қызметшiлердiң жеке үй қызметкерлерi, егер олар консулдық орналасқан мемлекетте табыс табу мақсатымен басқа ешқандай қызметпен айналыспаса, осы баптың I-тармағында көрсетiлген мiндеттерден босатылады.
24-бап
Әлеуметтiк қамсыздандыруға
қатысты алып тастаулар
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекетте қолданылатын әлеуметтiк қамсыздандыру туралы қаулылар, консулдық мекеме қызметкерлерiне және олармен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерiне олардың өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмысына қатысты қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген алып тастаулар сонымен бiрге консулдық мекеме қызметкерлерiнде ғана жұмыста тұратын жеке үй қызметкерлерiне, мынадай жағдайларда:
а) олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болмаса және онда тұрақты тұрмаса;
b) оларға өкiлдiгiн жiберген мемлекетте немесе үшiншi мемлекетте
қолданылатын әлеуметтiк қамсыздандыру туралы ережелер таратылатын болса қолданылады. 3. Осы баптың 2-тармағында көзделген алып тастаулар қолданылмайтын адамдарды жалдайтын консулдық мекеме қызметкерлерi, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес жалдаушыларға жүктелетiн мiндеттердi орындауға тиiстi. 4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген алып тастаулар консулдық орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне ерiктi түрде қатысуға, мұндай қатысуға осы мемлекет рұқсат еткен жағдайда, кедергi болмайды. 25-бап Салық алулар
1. Консулдық қызмет адамдары мен консулдық қызметшiлер, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi жеке басына қатысты және мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципалдық барлық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады, бұған мыналар жатпайды:
а) әдетте тауарлар немесе қызмет көрсетулер құнына қосылатын жанама салықтар;
b) осы Конвенцияның 15-бабының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде, консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағындағы жылжымайтын жеке меншiк мүлiкке салынатын алымдар мен салықтар;
с) осы Конвенцияның 27-бабындағы "b" тармағының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде, консулдық орналасқан мемлекет өндiрiп алатын мұрагерлiк мүлiк салықтары немесе мұрагерлiк етуге арналған баж салықтары немесе мүлiк иесiнiң алмасуына арналған салықтар;
d) қызмет көрсетулердiң нақты түрлерi үшiн алынатын алымдар;
е) осы Конвенцияның 15-бабының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде, тiркеу, соттық және тiзiлiмдiк баж салықтары, ипотекалық және елтаңбалық алымдар.
2. Қызмет көрсетушi персонал қызметкерлерi олардың өз жұмысы үшiн алатын еңбек жалақысына салынатын салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.
3. Консулдық орналасқан мемлекетте еңбек жалақысы табыс салығынан босатылмаған адамдарды жалға алған консулдық мекеме қызметкерлерi табыс салығын өндiрiп алуға байланысты осы мемлекеттiң заңдары мен ережелерi жалдаушыларға жүктеген мiндеттемелердi орындайды.
26-бап
Кеден баж салығы мен кеден тексеруiнен босату
1. Консулдық орналасқан мемлекет өзiнде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес әкелуге рұқсат етедi және сақтауға, тасымалдауға және осындай қызмет түрлерiне алымдарды қоспағанда, мыналарды барлық кеден баж салықтарынан, салықтардан және осыған байланысты алымдардан босатады:
а) консулдық мекеменiң ресми пайдалануына арналған заттар;
b) оның жайғасуы үшiн арналған заттарды қоса алғанда, консулдық қызмет адамының немесе онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануына арналған заттар. Тұтыну заттарының саны тиiстi адамдардың тiкелей тұтынуы үшiн қажеттi саннан аспауы керек.
2. Консулдық қызметшiлер олардың бастапқы жайғасуы кезiндегi алып келген заттарына қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген артықшылықтар мен еркiндiктердi пайдаланады.
3. Консулдық қызмет адамдарының және олармен бiрге тұратын және бiрге жол жүрiп бара жатқан отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүктерi тексерiстен босатылады. Егер жүк iшiнде осы баптың 1-тармағының, b-тармақшасында көрсетілген басқа заттар немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде әкелуi мен әкетiлуi тыйым салынған заттар немесе оның карантиндiк заңдары мен ережелерiнiң қолданыс аясына түсетiн заттар бар деп жорамалдауға орынды негiздер болса ғана қол жүгiнiң тексерiлуi мүмкiн. Мұндай тексерiс тиiстi консулдық қызмет адамының немесе оның отбасы мүшесiнiң қатысуымен жүргiзiлуi тиiс.
27-бап
Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң және олардың
отбасы мүшелерiнiң мұраға қалдырған мүлкi
Консулдық мекеме қызметкерi немесе онымен бiрге тұратын отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:
а) оның қайтыс болған кезiне дейiнгi консулдық орналасқан мемлекетте сатып алынған және әкетуге тыйым салынған мүлiктерiн қоспағанда, марқұмның жылжымалы мүлкiн алып кетуге рұқсат бередi;
b) қайтыс болған адамның консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мекеме қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде осы мемлекетте болуына байланысты ғана консулдық орналасқан мемлекеттегi жылжымалы мүлiктерiне ешқандай мемлекеттiк, аудандық немесе муниципалдық мұралық салықтар немесе мұрагерлiк етуге арналған баж салықтары өндiрiлiп алынбайды.
28-бап
Жеке мiндеткерлiктен және салық салудан босату
Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мекеменiң қызметкерлерiн және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн олардың сипатына қарамастан барлық еңбек және мемлекеттiк мiндеткерлiктен, сондай-ақ реквизициялау, контрибуция және әскери мекен-жайда тұру сияқты әскери мiндеткерлiктен босатуға мiндеттi.
29-бап
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң
басталуы және аяқталуы
1. Консулдық мекеменiң әрбiр қызметкерi өзiнiң тағайындалған орнына барарда консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағына оның келген сәтiнен немесе егер ол осы мемлекеттiң аумағына келiп үлгерген болса, консулдық мекемедегi өзiнiң мiндетiн орындауға кiрiскен сәттен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
2. Консулдық мекеме қызметкерiнiң онымен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi және оның консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын, консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын жеке үй шаруасындағы қызметкерлерi осы баптың 1-тармағына сәйкес оған артықшылықтар мен иммунитеттер берiлген сәттен бастап немесе олардың консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағына келген сәтiнен бастап немесе қайсысы бұрын болғанына байланысты оның отбасы мүшелерiне немесе жеке үй шаруасындағы қызметкерлерiне айналған сәтiнен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
3. Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндетi тоқтағанда оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ онымен бiрге тұрып қатқан отбасы мүшелерiнiң немесе оның жеке үй шаруасындағы қызметкерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi осы адам консулдық орналасқан мемлекеттен кеткен соң немесе мұны iстеу үшiн ақылға қонымды мерзiм өткеннен кейiн, осы сәттердiң қайсысының ертерек болғанына қарай әдетте тоқтатылады, бiрақ осы уақытқа дейiн қарулы жанжал болған жағдайдың өзiнде де олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi жүзеге асырыла бередi. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарға қатысты, олардың артықшылықтары және иммунитеттерi олар консулдық қызметкердiң отбасы мүшесi болуын тоқтатқан сәтiнен немесе ондағы қызметiнен кететiн болса онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi тоқтатылады, бiрақ мынаны ескеру керек, егер де осы адамдар консулдық орналасқан мемлекеттен ақылға қонымды мерзiмде кететiн болса, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi олар кеткенше сақталады.
4. Алайда консулдық қызмет адамының немесе консулдық қызметшiнiң өз мiндетiн атқаратын iс-қимылына қатысты юрисдикциядан иммунитетi қандай да болсын мерзiммен шек қоюсыз жалғаса бередi.
5. Консулдық мекеме қызметкерi қайтыс болған жағдайда онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi өздерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi өздерiнiң консулдық орналасқан мемлекеттен кетуi сәтіне дейiн немесе өздерiнiң консулдық орналасқан мемлекеттен кетуiнiң ақылға қонымды мерзiмi аяқталғанша, осы сәттердiң қайсысының ертерек болатынына қарай, пайдалануын жалғастырады.
30-бап
Консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары
мен ережелерін құрметтеу
1. Артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрместен консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге мiндеттi. Олар сонымен қатар консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
2. Консулдық үй-жайлар консулдық мiндеттердi орындаумен сыйыспайтын мақсатта пайдаланылмауға тиiс.
3. Консулдық мекеме, консулдық мекеме қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi көлiк құралдарын сақтандыруға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi.
31-бап
Үшiншi адамға келтiрiлген зияннан сақтандыру
Консулдық мекеменiң қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекеттiң үшiншi адамына кез келген жол көлiк құралын, теңiз немесе әуе кемесiн пайдалануға байланысты келтiрiлген зияннан сақтандыруға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарымен және ережелерiмен көзделетiн кез келген талаптарды сақтауы тиiс.
32-бап
Табыс алу мақсатында жеке қызметпен шұғылдануға
қатысты арнаулы ережелер
1. Консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекетте жеке табыс алу мақсатында қандай да болсын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық қызметпен шұғылданбауы тиiс.
2. Осы Конвенциядағы көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер мыналарға:
а) консулдық орналасқан мемлекетте табыс алу мақсатында жеке қызметпен шұғылданатын консулдық қызметкерлерге немесе қызмет көрсетушi қызметшiлерге;
б) осы тармақтың а) тармақшасындағы сөз болған адамның отбасы мүшелерiне немесе оның жеке үй шаруасындағы қызметшiлерге;
с) консулдық орналасқан мемлекетте табыс алу мақсатында жеке қызметпен шұғылданатын консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерiне берiлмейдi.
33-бап
Консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары және
онда тұрақты тұратын адамдар
Консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын консулдық қызмет адамдарынан басқа консулдық мекеменiң қызметшiлерi, олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ жеке үй шаруасындағы қызметшiлер оларға консулдық орналасқан мемлекеттiң берген дәрежесiнде ғана артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады. Консулдық орналасқан мемлекет, алайда осы адамдарға юрисдикциясын консулдық мекеменiң мiндеттерiн орындауларына кедергi келтiрмейтiндей етiп жүргiзуге тиiс.
34-бап
Консулдық мiндеттердi орындау
Консулдық мiндеттердi консулдық мекемелер орындайды. Осы мiндеттердi, сондай-ақ осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес дипломатиялық өкiлдiктер де орындайды.
35-бап
Дипломатиялық өкiлдiктердiң
консулдық мiндеттердi орындауы
1. Осы Конвенцияның ережелерi дипломатиялық өкiлдiктердiң консулдық мiндеттердi орындаған жағдайында, осы мәтiннен туындайтын дәрежеде қолданылады.
2. Өздерiне консулдық мiндеттердi орындау тапсырылған дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң аты-жөнi консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк атаған органға хабарланады.
3. Консулдық мiндеттердi орындау кезiнде дипломатиялық өкiлдiк консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары, ережелерi мен салт-дәстүрлерi рұқсат ететiн белгiлi бiр шамада консулдық орналасқан мемлекеттiң жергiлiктi, сондай-ақ орталық өкiмет орындарына өтiнiш жасай алады.
4. Осы баптың 2-тармақшасында айтылған дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, дипломатиялық қарым-қатынастарға қатысты халықаралық құқықтық нормалармен реттелуi жалғаса бередi.
36-бап
Консулдық мiндеттердi консулдық округтiң шегiнде және
шегiнен тыс, сондай-ақ үшiншi мемлекетте немесе үшiншi
мемлекеттiң атынан орындау
1. Консулдық қызмет адамы осы Конвенцияда көрсетiлген консулдық мiндеттердi өзiнiң консулдық округiнiң шегiнде орындауға құқылы.
2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен өзiнiң консулдық округiнiң шегiнен тыс жерлерде консулдық мiндеттердi орындай алады.
3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет тиiстi мемлекеттерге хабарлағаннан кейiн консулдық орналасқан мемлекетте ашылған консулдық мекемеге консулдық орналасқан мемлекеттiң тарапынан айқын бiлдiрiлген қарсылық болмаса, онда үшiншi мемлекетте консулдық мiндеттердi орындауға тапсырма бере алады.
4. Үшiншi мемлекеттiң өтiнiшi бойынша консулдық орналасқан мемлекеттi тиiстi түрде ескерткеннен кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi, егер консулдық орналасқан мемлекет қарсылық бiлдiрмесе, үшiншi мемлекеттiң атынан консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мiндеттердi орындай алады.
37-бап
Консулдық мiндеттер
Осы Конвенцияның басқа баптарындағы ережелердi ескерсек, мыналар консулдық мiндеттер болып табылады:
а) халықаралық құқық жол беретiн шекте консулдық орналасқан мемлекетте өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы сауда, экономика, мәдениет және ғылыми байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өзге де жолдармен олардың арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
с) барлық заңды жолдармен консулдық орналасқан мемлекеттiң сауда, экономика, мәдениет және ғылыми тыныс-тiршiлiгiнiң жағдайлары мен оқиғаларын анықтау және бұл туралы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiне хабарлау және мүдделi адамдарға мәлiметтер беру;
d) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарына паспорттар мен басқа да жол жүру құжаттарын беру, олардың күшiн жою және қолданыс мерзiмiн ұзарту сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекетке баруға тiлек бiлдiрген адамдарға визалар немесе тиiстi құжаттар беру;
е) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен заңды тұлғаларына көмек пен жәрдем көрсету;
f) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының тұрған жерiн анықтау үшiн, әңгiме олардың игiлiгi немесе басқа да гуманитарлық түсiнiктер жайлы болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарынан көмек алу;
g) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық орналасқан мемлекеттен жедел кетуiне байланысты төмендегi жағдайларда құқықтарын қорғау:
I) кетудi ниет еткен адамдарға қатысты ерекше жағдайлардың туындауына байланысты әкiмшiлiк немесе сот процедураларының орындалуы;
II) кетудi ниет еткен адамның жол жүруiне байланысты әдеттегi формальдылықтарды орындауы, осы талаптарды орындау кемсiтушiлiк сипатында болмайтын және олар жедел кетуге кедергi болмайтын жағдайда;
h) әкiмшiлiк сипаттағы кейбiр мiндеттердi, егер бұл орайда ештеңе де консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, орындау;
i) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында "mortis causa" құқық иелену жағдайында өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерiн қорғау;
j) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi белгiлеген шеңберде өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтары болып табылатын, толық әрекет қабiлеттiлiгi жоқ, кәмелетке толмаған және өзге адамдардың, әсiресе осындай адамдарды қандай да болсын қорғаншылыққа алу немесе қамқоршы болу талап етiлсе олардың мүдделерiн қорғау;
k) консулдық орналасқан мемлекетте қабылданған практика мен тәртiптi сақтай отырып, консулдық орналасқан мемлекеттiң сот және өзге мекемелерiнде өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарына, егер мұндай азаматтар болмауына немесе басқа да бiр себептермен өз құқықтары мен мүдделерiн қорғауды дер кезiнде жүзеге асыра алмайтын болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес осы азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын алдын алу шаралары туралы ақпарат алу мақсатымен өкiлдiктi немесе тиiстi өкiлдiктi қамтамасыз ету;
l) қолданыстағы халықаралық келiсiмдерге сәйкес немесе осындай келiсiм болмағанда консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн кез келген өзге тәртiпте өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемелерi үшiн сот және соттық емес құжаттарды беру немесе сот тапсырмасын немесе айғақтарды алып тастау тапсырмасын орындау;
m) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң ұлтын бiлдiретiн кемелерге және осы мемлекетте тiркелген ұшақтарға, сондай-ақ олардың экипажына қатысты консулдық орналасқан мемлекет заңдары мен ережелерiнде көзделген қадағалау және инспекциялау құқығын жүзеге асыру;
n) осы баптың m) тармағында айтылған кемелерге және ұшақтарға және олардың экипажына кеме құжаттарын қабылдауда консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының құқықтарына зиян келтiрместен жолда болған кез келген оқиғаны тергеу және капитан, команда құрамы мен матростар арасындағы қандай да болсын түрдегi дауды шешуге көмектесу, өйткенi бұл өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген;
о) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңы мен ережелерi тыйым салмайтын немесе оларды орындауға консулдық орналасқан мемлекеттiң қарсылығы болмаса немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасында қолданылатын халықаралық шарттармен көзделгенiндей өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiне жүктелген кез келген басқа да мiндеттерiн орындау.
38-бап
Консулдық мүмкiндiк
1. Консулдық қызмет адамдары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен еркiн қарым-қатынас жасай алады және оларға бару еркiне ие болады. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамдарымен қарым-қатынас жасауы мен оларға баруына байланысты осындай еркiндiгi бар.
2. Консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарын iздестiру жөнiнде өтiнiш айта алады.
39-бап
Қамауға алу және сот талқылауына қатысты мiндеттер
1. Егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қандай да бiр азаматы консулдық округтiң аумағында қамауға алынса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары кейiнге қалдырмастан төрт күн мерзiм iшiнде бұл туралы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiне хабарлайды.
2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің қамауға алынған азаматының осы консулдық мекемеге жолдаған қандай да болмасын мәлімдемесін консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органы тез арада осы консулдық мекемеге береді.
3. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің қамауға алынған азаматына барып шығуға, онымен кездесуге, одан хат-хабар және басқа пошта жөнелтулерін алуға және беруге, сондай-ақ заңды өкілдікпен қамтамасыз ету үшін шара қолдануға құқылы. Осы кездесулердің біріншісіне өтініш берілген соң үш күннің ішінде рұқсат беріледі.
Кейiнгi кездесулерге рұқсат уақыттың белгiлi бiр кезеңдерiнен кейiн, бiрақ кем дегенде екi айда бiр рет берiледi.
4. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қамауға алынған азаматының атынан, егер де осы азамат консулдық қызмет адамының қатысып отырғанда осындай iс-қимылдарға тiкелей қарсы болса, онда ол, қандай да болсын шара қолданудан тартынады.
5. Консулдық орналасқан мемлекет қамауға алынған немесе сотқа тартылатын немесе өзге де талқылауға жататын өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматын осы баптың ережелерiмен таныстырады, ол туралы қылмыстық iс материалдарына тиiстi жазба түсiрiледi.
6. Осы бапта қамауға алынған адам деген сiлтеме соттық талқылауды күтiп алдын ала қамауда отырған немесе консулдық орналасқан мемлекет аумағында жазасын өтеп жатқан адамды қоса алғанда, қамауға алынған немесе жеке басының еркiндiгi қандай да бiр нысанда шектеуге ұшыраған адамды меңзейтiн сiлтеменi қамтиды.
7. Осы бапта баяндалған құқықтар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады, бұл орайда осы заңдар мен ережелер осы құқықтарға арналған мақсаттарға толық қол жеткiзуге жәрдемдеседi.
40-бап
Мұрагерлiкке байланысты мiндеттер
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық қызмет адамына, органдарға өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ретiнде белгiлi адамның консулдық округтiң аумағында қайтыс болғаны туралы ықтимал қысқа мерзiмде хабарлайды, сондай-ақ консулдық қызмет адамына мұрагерлiк мүлiктiң, өсиеттiң, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында тұратын немесе өкiлi болып табылатын адамның осы мүлiкке өкiмiн жүргiзушi болып тағайындалғандығы туралы хабарлайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық қызмет адамына өкiлдiгiн жiберген мемлекет немесе құзыреттi органдарға өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ретiнде белгiлi қандай да бiр адамның мұрагер немесе мұралық құқықтан бас тартушы болып табылатын жағдайларда консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында қалдырылған мұрагерлiк мүлiк туралы ықтимал қысқа мерзiмде хабарлайды.
3. Егер консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында қайтыс болғандығы туралы немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қайтыс болған азаматы қалдырған мұрагерлiк мүлiктiң консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында бар екендігі туралы бірінші болып білсе, онда ол бұл туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлайды.
4. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында аталған мұрагерлiк мүлiк мәселелерiне қатысты, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес бұған жол берiлетiн деңгейде:
а) осы мұрагерлiк мүлiктi қорғау және сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде консулдық орналасқан мемлекеттен шаралар қолдануды сұрауға немесе жеке өзi шаралар қабылдауға;
b) осы тармақтың а) тармақшасында айтылатын шаралардың қабылдануына қатысуға немесе қандай да бiр өзге де түрде атсалысуға;
с) консулдық орналасқан мемлекетте бола алмайтын және онда өкiлi жоқ, бiрақ осы мүлiкке қатысты заңды мүддесi бар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматының өкiлдiгiн қамтамасыз етуге құқылы.
5. Өкiлдiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайтын осы баптың 4
с) тармағына сәйкес жағдайларда осы өкiлдiк осындай жолмен өкілеттiк алған адам өзiнiң жеке өкiлдерiн тағайындаған немесе өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын жауапкершiліктi өзiне алған уақытқа дейiн жұмыс iстейдi.
6. Егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қандай да бiр азаматы консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында уақытша болу кезеңiнде қайтыс болса, және де осы мемлекетте тұрақты тұрғын орны болмаса, консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңын ескере отырып, қайтыс болған адамның құжаттарына, ақшаларына және басқа да жеке мүлкiне, консулдық орналасқан мемлекет аумағында осындай құжаттарға, ақшаларға немесе жеке мүлкiне талап қоюға құқығы бар адамдар болмаған жағдайда, иелiк етуге және өкiм жүргiзуге кiрiсе алады. Уақытша иемдену құқығы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес тиiстi түрде тағайындалған өкiм жүргiзушiге немесе өзге де уәкiлеттi адамға берiледi.
7. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет мұрагерлiктi беруде:
а) мұрагерлiк мүлiктiң бiр бөлiгi болып табылатын заттарды әкетуге және әкелуге, осы заттарды әкетуге және әкелуге мемлекеттердiң заңдары мен ережелерi тiкелей тыйым салмаған жағдайларда, олардан әкелуге немесе әкетуге рұқсат талап етiлетiн мүлiктерге рұқсат беру жолымен;
b) осы тармақтың а) тармақшасының ережесiне сәйкес әкетiлмейтiн мұрагерлiк мүлiктiң кез келген бөлiгiн сатуға рұқсат беру жолымен;
с) сыйақыны, салықты және баж салығын алып тастап осындай сатудан кейiн мұра құқығынан бас тартушы адамға ол тұратын мемлекетте өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң валютасымен немесе еркiн өтімді валютамен таза табысты аударуға рұқсат беру жолымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды.
8. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының атынан егер де осындай азамат консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында жоқ болып шықса, жазатайым болған оқиғаларға байланысты өтемақы төлеу туралы, сондай-ақ өмiрдi сақтандыруға байланысты сақтандыру полисi бойынша төлемдер туралы заңдарға сәйкес жасалған мұрагерлiк мүлiктi, төлемдердi қоса алғанда, аталған азамат кез келген азаматтың қайтыс болуына байланысты құқығы бар ақша немесе өзге меншiктi соттан, өкiмет орындарынан немесе жеке кiсiлерден ала алады.
41-бап
Азаматтық және азаматтық хал актiлерiн
тiркеу мәселелерi жөнiндегi мiндеттер
1. Консулдық қызмет адамы:
1) өкiлдiгiн жiберген мемлекет заңдарына сәйкес азаматтық мәселесi жөнiнде өтiнiш алуға;
2) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының есебiн жүргiзуге;
3) өкiлдiгiн жiберген мемлекет заңдарына сай өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының тууын, қайтыс болғандығын және некелердiң жасалуы мен бұзылуын, тегiнiң, атының, әкесiнiң атының өзгеруiн, әкелiгiнiң анықталуын, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарын асырап алуды тiркеуге және, егер бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмесе тиiстi куәлiктер беруге құқылы.
2. Осы баптың I -тармағының ережелерi мүдделi адамдарды консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтау мiндетiнен босатпайды.
42-бап
Нотариаттық куәландыру және ресмилендiру
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық қызмет адамы:
1) кез келген адамның өтiнiшi бойынша, оның азаматтығына қарамастан, оған өкiлдiгiн жiберген мемлекетте пайдалану үшiн, егер де осындай құжаттар беру консулдық орналасқан мемлекеттiң заңы мен ережесiне қайшы келмейтiн болса, әр түрлi құжаттар беруге;
2) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiшi бойынша оларға консулдық орналасқан мемлекетте немесе одан тысқары жерлерде пайдалану үшін, егер де осындай құжаттар беру консулдық орналасқан мемлекеттiң заңы мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, әр түрлi құжаттар беруге;
3) құжаттарды өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң ресми тiлiне аударуға және осы аударманың дұрыстығын куәландыруға;
4) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары берген құжаттарды ресмилендiруге;
5) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жасауға, куәландыруға және сақтау үшiн қабылдауға;
6) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасындағы актiлер мен мәмiлелердi жасауға және куәландыруға, өйткенi мұндай актiлер мен мәмiлелер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейдi және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды сатып алу мен тапсыруға қатысы жоқ;
7) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының, бiр жағынан және басқа мемлекеттер азаматтарының екiншi жағынан, арасындағы актiлер мен мәмiлелердi жасауға және куәландыруға, өйткенi бұл актiлер мен мәмiлелердiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттегi мүлiк немесе құқықтарға ғана қатысы бар және осы мемлекеттегi бұл актiлер мен мәмiлелер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн жағдайда, қарауға жататын iстерге қатысты болады;
8) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының әр түрлi құжаттардағы қойған қолдарын куәландыруға;
9) егер де бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының мүлкi мен құжаттарын сақтау үшiн қабылдауға;
10) егер де бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарында көзделген басқа да нотариаттық мiндеттердi орындауға құқылы.
2. Консулдық қызмет адамының осы баптың 1-тармағына сәйкес жасаған, куәландырған немесе аударған құжаттары, консулдық орналасқан мемлекетте осы құжаттардың консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес болуы жағдайында, олар консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары және мекемелерi жасаған, куәландырған немесе аударған құжаттары iспеттес сондай құқықтық мағынасы мен дәлелдi күшi бар құжаттар сияқты қаралады.
Егер де бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары бойынша қажет болған жағдайда, құжаттар ресмилендiрiлуге тиiс.
43-бап
Қорғаншылық пен қамқоршылыққа қатысты міндеттер
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оларда тиiстi ақпарат болған жағдайда қорғаншылық пен қамқоршылықты тағайындау кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң немесе еңбек ету қабiлетi шектелген және өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылатын басқа адамның мүддесiне жауап беретiн кез келген жағдай туралы құзыреттi консулдық мекемеге кiдiртпей хабарлауға мiндеттi.
2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына кәмелетке толмаған жасөспiрiмге немесе еңбек ету қабiлетi шектелген және өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылатын басқа адамдарға қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау үшiн адамдарды ұсынуға құқылы.
44-бап
Кемелерге көмек беру
1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң айлағында немесе өзге зәкiр тұрағында тұрған немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi және аумақтық суларындағы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне тиiстi көмек және қолдау көрсетуге құқығы бар.
2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес кеме капитаны және экипаж мүшелерiмен кемеде және басқа кез келген жерде кездесуге және қарым-қатынас жасауға құқылы.
3. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына өтiнiш жасайды және олардан өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне байланысты, сондай-ақ кеме капитаны, экипаж мүшелерi және жүкке қатысты барлық мәселелерде өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қолдау көрсетуiн сұрай алады.
45-бап
Капитан мен экипажға көмек көрсету
1. Төменде айтылған iс-қимылдар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңы мен ережелерiне қайшы келмейтiндей деңгейде консулдық қызмет адамының:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiнiң бортында болған қандай да болмасын қақтығыстарды тергеуге, осындай қақтығысқа байланысты кеме капитанынан және экипаж мүшесiнiң кез келгенiнен жауап алуға, кеме құжаттарын тексеруге, кеме рейсi мен оның баратын жерiне қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ кеменiң келуiне және кетуiне және оның айлақта болуына байланысты көмек көрсетуге;
b) еңбек ақысы мен еңбек шарттарына қатысты дауларды қоса алғанда, капитан мен экипаж мүшелерi арасындағы дауларды шешуге;
с) капитанды немесе экипаж мүшелерiн жалдауға және жұмыстан шығаруға байланысты формалдылықты орындауға;
d) капитанды, экипаж мүшелерiн немесе кеме жолаушыларын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге және олардың өкiлдiгiн жiберген мемлекетке қайтуына шара қолдануға;
е) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне немесе оның жүгiне қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген кез келген өтiнiштi немесе өзге де құжатты алуға, жасауға, куәландыруға немесе олардың қолданыс мерзiмiн ұзартуға;
f) сауда кеме қатынасына қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн қолдану үшiн басқа да шаралар қабылдауға құқығы бар.
2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес кеменiң капитанына немесе кез келген экипаж мүшесiне көмек көрсету үшiн консулдық орналасқан мемлекеттiң сотында немесе басқа да органдарында олармен бiрге болуға құқығы бар.
46-бап
Кеме бортында тергеу жүргiзiлуiне байланысты
мүдделерді қорғау
1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары немесе басқа құзыреттi органдары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi суларында, аумақтық суларында немесе iшкi су жолдарында тұрған кемесiне қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдануға немесе оның бортында тергеу жүргiзуге ниеттенген болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары бұл туралы консулдық қызмет адамына оның осындай шараларды қолдану кезiнде қатысуға мүмкiндiгi болуы үшiн алдын ала хабарлайды. Егер консулдық қызмет адамы осындай шараларды қолдану кезiнде қатыса алмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органы оның өтiнiшi бойынша оған бұл жайлы жазбаша нысанда мәлiмдейдi. Егер қабылдауға тиiстi шараның шұғыл сипаты, консулдық қызмет адамына алдын ала ескертпе жолдауға мүмкiндiк бермесе, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық қызмет адамының тиiстi өтiнiшi болмағанының өзiнде консулдық қызмет адамына осы фактi мен қабылданған шаралар туралы жазбаша нысанда ақпарат бередi.
2. Осы баптың I-тармағының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кеме капитанын немесе экипаж мүшелерiнiң қайсысын болсын кемеге қатысты мәселе бойынша жағалауға жауап беруге шақырғанда да қолданылады.
3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамының немесе кеме капитанының өтiнiшi немесе рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң сот немесе басқа құзыреттi органдары консулдық орналасқан мемлекеттiң тыныштығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты заңдар мен ережелер бұзылмайтын жағдайда кемеге байланысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кеме бортында экипаж мүшелерi арасындағы қарым-қатынасқа, еңбек қатынасына, кеме бортындағы тәртiпке және басқа iшкi сипаттағы шараларға қатысты мәселелерде кеменiң iшкi iсiне араласпайды.
4. Осы баптың ережелерi кеден тексеруiне, паспорт және санитарлық бақылауға байланысты әдеттегi шараларға және консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының теңiздегi кеме жүзуi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе суларды ластауды болдырмауға бағытталған басқа да шараларына қолданылмайды. Осы бап көп жақты шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
47-бап
Кеме бүлiнген жағдайда көмек беру
1. Егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi немесе аумақтық суларында апатқа ұшыраса, қайраңға отырып қалса немесе өзгеше түрде зардап шексе, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары ықтимал қысқа мерзiмде бұл жайлы консулдық қызмет адамына хабарлайды, оған жолаушыларды, экипажды, кеменi және оның мүлкiн құтқару үшiн қабылданған шаралар туралы мәлiмдейдi.
2. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне, оның экипаж мүшелерiне және өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары болып табылатын кеме жолаушыларына көмек бере алады немесе консулдық орналасқан мемлекеттен осындай көмек берудi сұрауы мүмкiн.
3. Егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кеме иесi, капитаны немесе басқа уәкiлеттi адамы кеменi немесе жүктi күзетуге және құтқаруға немесе оған билiк етуге қажеттi шараларды қабылдауға мүмкiншiлiгi болмаса, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамы кеменiң иесi атынан осындай жағдайда кеме немесе жүк иесi қабылдайтындай шара қабылдайды немесе консулдық орналасқан мемлекетке осындай шара қабылдауды сұрап өтiнiш жасайды.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң азаматына тиесiлi мүлiкке және консулдық орналасқан мемлекеттiң суларында немесе жағалауында табылған немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң айлағына жеткiзiлген мүлiкке қатысты қолданылады.
5. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық қызмет адамына өкілдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiн құтқаруға байланысты шара қолдануы кезiнде барлық қажеттi көмек бередi.
6. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң бұзылған кемесi, сондай-ақ оның жүгi мен мүлкi консулдық орналасқан мемлекетте кеден салықтарынан, алымдардан және баж салығынан, кеме мен оның жүгi осы мемлекетте баж салығын өтеу үшiн қалдырылған жағдайды қоспағанда, босатылады.
48-бап
Әуе кемелерiне қатысты мiндеттер
Осы Конвенцияның 44-47-баптары азаматтық әуе кемесiне қатысты екi мемлекет тараптары болып табылатын азаматтық авиация жөнiндегi кез келген халықаралық келiсiмге қайшы келмейтiндей деңгейде қолданады.
49-бап
Консулдық орналасқан мемлекет органымен
қарым-қатынас жасау Консулдық қызмет адамдары өз мiндеттерiн орындау барысында: а) өзiнiң консулдық округiнiң құзыреттi органдарына; b) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары, ережелерi және әдет-ғұрпы немесе тиiстi халықаралық шарттар рұқсат беретiн деңгейде, консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық құзыреттi органдарына өтiнiш жасай алады. 50-бап Консулдық алымдар
1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында консулдық алымдар жинауға, сондай-ақ консулдық қызмет көрсетуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға сомалар алуға құқығы бар.
2. Осы баптың I-тармағында аталған сомалар және осындай сомалар алынғаны туралы түбiртек консулдық орналасқан мемлекетте барлық салықтан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.
3. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекемеге осындай түрде жиналған сомаларды өзiнiң ресми банк шотына салуға рұқсат бередi.
51-бап
Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң
мiндетiн тоқтату
Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндетi мына жағдайда тоқтатылады, атап айтқанда:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетке оның мiндетiнiң тоқтатылатыны туралы мәлiмдемесi бойынша;
b) 3-бапқа сәйкес консулдық орналасқан мемлекет берген экзекватураның немесе өзге рұқсаттың күшiн жойғанда;
с) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетке консулдық орналасқан мемлекеттiң оны консулдық персоналдың қызметкерi ретiнде есептемейтiндiгi туралы мәлiмдемесiнен кейiн.
52-бап
Консулдық орналасқан мемлекеттен кету
Консулдық орналасқан мемлекет қарулы қақтығыс жағдайының өзiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын консулдық мекеменiң қызметкерлерiне және жеке үй қызметшiлерiне немесе оның аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, олардың азаматтығына қарамастан, тиiстi қызметкерлер мiндеттерiн тоқтатқаннан кейiн олардың мүмкiндiгiнше тезiрек кетуiне әзiрленуге және кетуiне қажеттi уақыт пен жағдай жасауға мiндеттi. Атап айтқанда, олар қажет болған жағдайда олардың өзiне немесе олардың консулдық орналасқан мемлекетте сатып алынған оны кетер кезiнде әкетуге тыйым салынбаған мүлкiне қажеттi көлiк құралдарын беруге тиiс.
53-бап
Консулдық үй-жайларды және архивтерді, сондай-ақ
ерекше жағдайларда өкілдігін жіберген мемлекеттің
мүддесін қорғау
1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы консулдық қатынастар үзiлген жағдайда:
а) консулдық орналасқан мемлекет қарулы қақтығыс болған жағдайдың өзiнде консулдық үй-жайларды сондай-ақ консулдық мекеменiң мүлкiн және консулдық архивтi күзетуге мiндеттi;
b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық үй-жайды, сондай-ақ ондағы бар мүлiктi және консулдық архивтi консулдық орналасқан мемлекетке қолайлы үшiншi мемлекетке күзетуге сенiп тапсыруы мүмкін;
с) өкiлдiгiн жiберген мемлекет өз мүддесiн және өз азаматтарының мүддесiн консулдық орналасқан мемлекетке қолайлы үшiнші мемлекетке қорғауға сенiп тапсыруы мүмкiн.
2. Консулдық мекеменi уақытша немесе мүлдем жабу жағдайында осы баптың I-тармағының а) тармақшасының ережелерi қолданылады. Бұдан басқа:
а) егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте дипломатиялық өкiлдiгi болмаса, бiрақ осы мемлекеттiң аумағында басқа консулдық мекемесi бар болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен осы консулдық мекемеге осы консулдық мекеменiң округiнде консулдық мiндеттердi атқару, жабық тұрған консулдық мекеменiң үй-жайын, ондағы бар мүлкiн және консулдық архивiн күзетуге сенiп тапсыруы мүмкiн; немесе
b) егер де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте дипломатиялық өкiлдiгi немесе басқа консулдық мекемесі болмаса, осы баптың I-тармағының b) және с) тармақшаларының ережелерi қолданылады.
54-бап
Толықтырулар мен өзгертулер
Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келiсiм, осы Конвенцияның мәтiнiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Конвенцияның 55-бабында көзделген процедураға сәйкес күшiне енедi.
55-бап
Күшіне енуі және қолданыс мерзімі
1. Осы Конвенция бекітілуге жатады және Тараптар барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенция Уағдаласушы Тараптардың бірі дипломатиялық арналар
арқылы екінші Уағдаласушы Тарапқа осы Конвенцияның қолданысын өзінің тоқтататын ниеті туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады. Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада екі дана болып, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Конвенцияның ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туған жағдайда орыс тіліндегі мәтін қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін Грузия үшін Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Консулдық конвенцияның қазақшаға аударылу сапасы жөнінде Қорытынды
Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Консулдық конвенцияны мемлекеттік тілге аудару барысында тәржімаға қойылатын терминологиялық, стилистикалық және грамматикалық талаптар негізінен сақталған. Дегенмен алдағы уақытта осындай мемлекетаралық құжаттар жасала қалған жағдайда ескеретін бірен-саран ескертпелеріміз бар.
Құжаттың 1, 14, 53-баптарында кездесетін "архив" деген сөзді Мемтерминкомның "мұрағат" деп бекіткені белгілі. 37-баптағы "паспорт", 37, 54, 56-баптардағы "процедура" деген терминдердің де баламалары табылған. Әсіресе 17-бапта жиі кездесетін "консулдық вализа" деген тіркеске лайықты балама тапқан жөн болар еді. 31-баптағы "третьим лицам" деген тіркесті міндетті түрде "үшінші бір тұлғаларға" деп алу керек, өйткені бұл бапта
әңгіме адамдар жайында болып отырған жоқ. Осындай олқылықтары болғанымен, Конвенцияға ертеректе қол қойылып кеткенін ескере отырып, оны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қарауына ұсынуға болады деп есептейміз. Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.