Киевте 1997 жылғы 13 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 27-құжат) (1999 жылғы 31 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет) Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, шаруашылық субъектілері үшін теңдей мүмкіндіктерді орнатуға және адал ниетті бәсекелестік үшін жағдай жасауға ұмтыла отырып, халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаларын нысанаға ала отырып, төмендегілер жөнінде келісті: 1-бап Жалпы айқындамалар Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
а) "жанама салықтар" термині қосылған құнға салықты және акциздік (акциздік салықты немесе акциздік алымды) білдіреді;
б) "нөлдік ставка" термині Уағдаласушы Тараптардың салық туралы заңдарымен белгіленген тәртіппен көзделгендей, нөл процент ставкасы бойынша қосылған құнға салынған салықты білдіреді;
в) "құзыретті органдар" термині Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін, Украина тарапынан - Украина Қаржы министрлігін білдіреді.
2-бап
Экспорттау кезінде салық салу принципі
Уағдаласушы Тараптың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа экспортқа шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық салатын болады, экспортқа акциз салынбайды.
3-бап
Импорттау кезінде салық салу принципі
Уағдаласушы Тараптың біріне импортталған, екінші Уағдаласушы Тараптың аумағынан экспортталған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) импортшының елінде оның ұлттық заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады.
Импортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) салық салу кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің аумақтарында жасап шығарылған (сатылған) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін белгіленген салық ставкаларын қолданатын болады.
4-бап
Даулы мәселелерді шешу
Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты пікір алшақтықтары Тараптардың құзіретті органдарының келіссөздері мен консультациялары арқылы шешіледі.
5-бап
Қорытынды ережелер
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды және оны күшіне енгізу үшін барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы Уағдаласушы Тараптардың соңғы хабары түскен күннен бастап күшіне енеді және Уағдаласушы Тараптардың бірі жазбаша түрде алты ай бұрын екінші Уағдаласушы Тарапқа оның қолданысын тоқтатқысы келетін ниеті туралы хабар бергенше қолданыста болады.
Осы Келісім ол күшіне енгеннен кейін экспортталған немесе импортталған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ғана қатысты қолданылады. Киев қаласында 1997 жылғы 13 маусымда екі дана болып, әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтінін түсіндіру жөнінде Уағдаласушы Тараптар арасында пікір қайшылығы пайда болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады. Қазақстан Республикасының Украина Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.