Алматыда 1996 жылғы 7 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы
автомобиль қатынасы туралы
Келісім
(2004 жылғы 19 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Үкiметі және Финляндия Республикасының Үкiметi, бұдан былай "Келiсуші Жақтар" деп аталады:
екіжақты саудалық-экономикалық қатынастардың дамуын еске ала отырып,
екі ел арасындағы жолаушылар және жүктердi автомобильмен тасымалдауды және олардың аумағы бойынша транзитті өзаралық негiзде дамытуды қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Осы Келісімге сәйкес екі ел арасында және олардың аумағы бойынша транзитпен, халықаралық автомобиль қатынасы үшін ашылған жолдармен, Қазақстан Республикасында немесе Финляндия Республикасында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушылар мен жүктердің жүйеленген және жүйеленбеген тасымалдаулары жүзеге асырылады.
І. Жолаушыларды тасымалдау
2-бап
1. Келiсуші Жақтардың арасында жолаушылардың жүйеленген тасымалдаулары және олардың аумақтары арқылы транзитпен өту екі елдегі Келiсуші Жақтардың құзырлы органдарымен келісіліп берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
2. Осындай тасымалдауларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен алдын-ала келісіледі және бір-біріне тапсырылады.
3-бап
1. Осы Келісімнің 4-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқа, екі ел арасындағы автокөлік құралдарымен жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдарын немесе олардың аумағы бойынша транзитті жүзеге асыру үшiн Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен берілетiн рұқсаттар талап етіледі.
2. Келiсуші Жақтардың құзырлы органдары олардың аумағы бойынша өтетін жол бөлігіне ғана рұқсат беретiн болады.
3. Жолаушылардың әрбiр жүйеленбеген тасымалдауларына бір рейс жасап, және қайтуға ғана құқығы бар бөлек рұқсаттар берiлуі тиiсті, егер рұқсаттың өзінде басқадай жағдай айтылмаған болса.
4. Келісушi Жақтардың құзырлы органдары жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдаулары үшін жыл сайын бiр-бірiне өзара бланкi саны келісілген рұқсаттарды тапсыратын болады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы органның мөрi мен қолы болуы тиісті.
5. Келісушi Жақтардың құзырлы органдары рұқсат бланкiлерiмен алмасу тәртiбін өзара келiседі.
4-бап
Жарамсыз автокөлiк құралдарын басқамен алмастыру кезінде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген рұқсаттар талап етілмейді.
ІІ. Жүктерді тасымалдау
5-бап
1. Осы Келісімнің 6-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқа, екі ел арасындағы тасымалдаулар немесе олардың аумағы бойынша транзитпен өтетін тасымалдаулар Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады, егер басқа жағдайлар айтылмаған болса.
2. Әрбiр транзиттiк жүк тасымалдауға бiр рейс жасап, барып және қайтуға ғана құқық беретiн рұқсат берілуі тиiстi, егер рұқсаттың өзінде басқа мән айтылмаған болса.
3. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары жүк тасымалдаулары үшiн жыл сайын бір-біріне өзара бланкі саны келісiлген рұқсаттарды тапсыратын болады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы органның мөрі мен қолы болуы тиісті.
4. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары рұқсат бланкілерімен алмасу тәртібін өзара келіседі.
6-бап
1. Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетілген рұқсаттар мына тасымалдаулардың орындалуына талап етiлмейді:
а) жәрмеңке мен көрмеге қою үшін арналған экспонаттарға, құрал-жабдықтар мен материалдарға;
ә) спорттық шараларды жүргізу үшін арналған әртүрлі инвентарлар мен мүліктердiң, сондай-ақ көліктiк құралдардың, хайуанаттардың;
б) театр декорациялары мен реквизиттерін, музыкалық аспаптарды, кино түсіруге, радио және теледидар хабарларын ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтарға;
в) қайтыс болған адамның мәйіті мен табытын тасымалдауда;
г) поштаны;
д) Iстен шыққан автокөлiк құралдарына;
е) көшіп-қону кезiндегі жылжымалы мүліктерге;
и) табиғи апат кезінде көмек көрсетуге қажетті медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектердi тасымалдауға.
Рұқсаттар техникалық көмек көрсететін автомобильдердің жүріп өтуіне де талап етiлмейді.
Осы бапта көрсетiлген тасымалдауларды атқару кезiнде автокөлiк құралы тiркелген елдің тасымалдық құжаттары болуы тиiстi.
2. Осы баптың 1-тармағының а), ә), б) тармақшаларында көрсетiлген ескертпелер көлiк үстiндегі жүк тек сол автокөлік құралы тiркелген елге қайтарылып әкелінетін болғанда ғана немесе үшінші елдің аумағына транзитпен тасымалданатын болғанда ғана өз күшiнде болады.
7-бап
1. Жүксіз немесе жүкпен келе жатқан автокөлік құралының сыртқы шектік көлемі немесе салмағы екiнші Келiсушi Жақтың аумағында белгiленген мөлшерден артық болған жағдайда, тасымалдаушы Келісушi Жақтың құзырлы органдарынан арнайы рұқсат алуға тиісті, ал өте қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде халықаралық жолдарда қауіпті жүктерi тасымалдау туралы Еуропалық Келiсімнің талаптарын сақтауға тиісті.
ІІI. Жалпы ережелер
8-бап
1. Тасымалдаушыға екiнші Келісуші Жақтың аумағында орналасқан екi мекеннің арасында жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдауға рұқсат берілмейді.
2. Тасымалдаушы екінші Келісуші Жақтың аумағынан үшінші елдің аумағына, сондай-ақ үшінші елдің аумағынан екiнші Келісуші Жақтың аумағына тасымал жасай алады, егер ол Келісушi Жақтардың құзырлы органдарынан бұған арнайы рұқсат алған болса.
9-бап
1. Осы Келісімде қарастырылған тасымалдаулар, өз елінің Iшкі заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға жіберiлген тасымалдаушымен ғана орындалуы мүмкін.
2. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асырушы автокөлік құралдарының өз еліндегi ұлттық тіркелу және айырмашылық белгілері болуы тиісті.
3. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде осы Келісімге сәйкес тасымалдаушы Келісушi Жақтардың аумағында пәрменді болып табылатын ережелерді, нормалар мен заңдарды орындауға міндетті.
10-бап
Екі Келісуші Жақтардың арасында, сондай-ақ транзитпен олардың аумақтары арқылы соғыс қаруларын, оқ-дәрілерді, әскери құрал-жабдықтарды, жарылғыш материалдар мен басқадай екі Жақтың Iшкі заңдарында белгiленген қауiпті және зиянды заттарды тасымалдауға тыйым берілмейді.
11-бап
Осы Келісімде қарастырылған жүктерді тасымалдау нысаны жалпылама халықаралық үлгiге тиісті тауарлы-көлік құжаттарына лайықты жүзеге асуға тиісті.
12-бап
Автокөлік құралының жүргізушісiнде өзі басқаратын автокөлік құралының санатына лайықты ұлттық немесе халықаралық автокөлiктерді жүргiзуге құқық беретiн мамандық куәліктері және автокөлік құралына ұлттық тіркеу құжаттары болуы тиісті.
13-бап
Келісуші Жақтардың аумағы бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезiнде осы Келiсімге сәйкес бұл тасымалдауды орындайтын автокөлік құралдары рұқсат-қағазын алуға байланысты, сондай-ақ жолдарды пайдалануға немесе күтіп ұстауға байланысты салықтар мен алымдардан босатылады, бұған төлемақы алынатын жолдар мен көпiрлерде төлемақылары жатпайды.
14-бап
Осы Келісімнің негізінде тасымалдаулар осы тасымалдауды орындаушы әрбір автокөлік құралының азаматтық жауапкершілігін дер кезінде міндетті түрде қауіпсіздендірген жағдайда ғана жүзеге асады.
15-бап
Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауларды жүргізуде қатысушылары екі Келісушi Жақ болып табылатын халықаралық шарттардың ережелері қолданылатын болады, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердің шешіміне әрбiр Келiсуші Жақтың Ішкі заңдары қолданылатын болады.
16-бап
Ауыр науқасты адамдарды, жүйеленген түрде жолаушыларды, сондай-ақ жануарлар мен тез бұзылғыш жүктерді тасымалдағанда шекаралық, кедендік және санитарлық бақылаулар кезексiз түрде өткізілетін болады.
17-бап
1. Осы Келiсімнiң негізінде тасымалдауларды орындау кезінде кедендiк алымдардан, баж салығы мен басқа Келісуші Жақтың аумағына кіруге рұқсаттардан өзара босатылады:
а) автокөлiк құралының әрбір сыйымдылық моделі үшін, технологиялық және қозғағыш жүйесiн азықтандыруға, конструктивтi байланысты - жанармай;
ә) тасымалдау кезінде қажетті мөлшердегі - жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалдауларды орындаушы автокөлік жөндеуге арналған инструменттер мен артық қорлар.
2. Келісуші Жақтардың лайықты аумағында белгiленген тәртіппен қолданылмаған артық қорлар кері қайтарылуға, ал қолданылған артық қорлар елден әкетiлуі немесе жойылуы керек.
18-бап
1. Бұл Келісiм бұзылған жағдайда, тасымалдаушы елдiң құзырлы органы бұзушылық болған елдiң құзырлы органдарының өтініші бойынша осы Келісімді орындауға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге тиісті.
Тасымалдаушы елдiң құзырлы органы тасымалдаушы елдің құзырлы органдарына қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
2. Осы баптың ережелері барған елде заң бұзғаны үшін тасымалдаушыны жауапкершіліктен босатпайды.
19-бап
Осы Келісімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Келісуші Жақтың құзырлы органы тiкелей контакт жасайтын болады бір Келісуші Жақтың ұсынысы бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшiн рұқсаттар жүйесіне байланысты мәселелерді шешу үшiн кеңестер жүргiзедi, сондай-ақ берiлген рұқсаттарды пайдалану жөнiндегi ақпар және тәжірибемен алмасады.
IV. Қорытынды ережелер
20-бап
Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер, сондай-ақ халықаралық шарттармен, екi Келісуші Жақ қатысушылары болып табылатын Келісуші Жақтардың әрқайсысының өзара келісімі бойынша Ішкі Заңдарына сәйкес шешiлетiн болады.
21-бап
Осы Келісім Келісуші Жақтардың басқадай олармен бекiтiлген халықаралық шарттары келiсiмдерiнен шығатын құқығы мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
22-бап
1. Осы Келісім 30 күннен кейін күшіне енеді, егер де Келісуші Жақтар дипломатиялық арналар арқылы, күшіне енуге қажетті заңды процедураларды әрбір елде де орындалғаны туралы бір-біріне мәлімдеме жасаған болса.
2. Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын Атқару хаттамасы тіркеледі.
3. Осы Келісім белгісіз мерзімге бекітілді және өзінің пәрменділiгiн қашан Келісуші Жақтардың бірі екiншi Келісуші Жаққа оның пәрменділігін тоқтататыны туралы өзінің ниетін хабарлаған күннен 90 күн өткенге дейiн сақтайды.
1996 жылдың 7 ақпанында Алматы қаласында екi дана, әрқайсысы қазақ, фин және орыс тілдерінде, әрі екi мәтiннiң күшi де бiрдей болып жасалды.
Қазақстан Республикасы Финляндия Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия
Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль
қатынасы туралы келісімді қолдану жөніндегі
атқару Хаттама
Алматы қаласында 1996 жылғы 8 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Финляндия Республикасы Yкiметiнің арасындағы автомобиль қатынасы туралы Келісімді қолдану жөнiнде төмендегідей уағдаластыққа қол жетті:
1. Аталған Келісімдегi құзырлы органдар мағынасында мыналарды түсіну қажет:
Қазақстан Республикасы жағынан:
а) 2, 3, 5, 8, 18, 19 - баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, 480083, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 458, телефон 66 40 40, факс (3272)39 32 55;
б) 7-бап бойынша - Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлігі және жол органдары, 480091, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 95.
Финляндия Республикасы жағынан:
а) 2, 3, 5, 7, 8, 18, 19 - баптар бойынша - Финляндия Республикасының Көлiк және байланыс министрлігі, жол қозғалысының бөлімі, РL 235 SF-00131, Хельсинки
б) 7-бап бойынша - Жолдардың Бас басқармасы, жол қызметтерінің бөлімі (Тiеlаltоs/Тiеllкеntееn tiераlvеlut, PL 33 FIN 00521 Helsinki)
2. Осы Келісімнің мағынасында мыналарды түсіну қажет:
2.1. "автокөлік құралы" - атауы:
жүктерді тасыған кезде - жүк автомобилiн, тіркемесі бар жүк автомобилiн, автомобильдік тіркемені немесе жартылай тіркемесі бар автомобильдік тіркемені білдіреді;
жолаушыларды тасымалдаған кезде - жолаушыларды тасымалдауға арналған және, жүргізушінің орнын санамағанда, 8 орыннан кем емес орындықтары бар автобусты, яғни автокөлік құралын білдіреді.
2.2. "жүйеленген тасымалдаулар" - атауы Келісушi Жақтардың автокөлік құралдарымен күні бұрын келісілген қозғалыс кестесі бойынша жол сапарының бастапқы және ақырғы пункттері жол бойындағы аялдамалық пункттері көрсетілген маршрутпен жасалатын тасымалдауларды бiлдіреді.
2.3. "жүйеленбеген тасымалдаулар" - атауы: барлық қалған тасымалдауларды бiлдіреді.
3. Осы Келiсiмнің 5-бабындағы 2 тармақтың орындалуы үшiн, тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат тек тасымалдаушымен пайдалануы мүмкін және басқа бiреуге берілмейтiндігі қарастырылады.
4. Осы Келiсімнің 5-бабы орындалуы үшін, тасымалдауды орындауға мына рұқсаттардың санаты белгiленедi:
а) бір Келiсуші Жақтың аумағында орналасқан пункттер аралығында және екінші Келісуші Жақтың аумағында орналасқан пункттен;
ә) екiншi Келісуші Жақтың аумағы арқылы өтетін транзитпен;
б) бір Келісуші Жақтың аумағынан үшінші елге немесе үшінші елдiң аумағынан Келісуші Жақтың бiрінің аумағына.
Келісуші Жақтардың құзырлы органдары қараша айына дейін жоғарыдағы рұқсаттар санатының қажетті санын келесі жылға келiседі, бұл өзара алмасу келесі жылдан 15 қаңтарына дейiн жасалады. Былтыр берiлген рұқсаттар келесі жылдың 1 ақпанына дейiн жарамды.
5. Осы Келiсімнің ережелерiне сәйкес талап етiлетін рұқсаттар және басқа құжаттар тиісті автокөлік құралында болуы керек.
6. Осы Келiсiмде қарастырылған жолаушы және жүк тасымалдауларын жүзеге асыруға байланысты тәжірибелік мәселелер, Келісуші Жақтардың тасымалдаушыларының арасында тiкелей жүйеленуі мүмкін.
7. Осы Келiсімнің негізінде орындалатын тасымалдауларға есеп-айырысу Келiсуші Жақтардың арасында пәрменді болып табылатын сауда Келісімдеріне лайықталып жасалады.
Осы Атқару Хаттамасы екі дана, әрқайсысы қазақ, фин және орыс тілдерінде, әрі екі мәтiннiң де күші бірдей болып жасалды.
Келісуші Жақтар түсiндіру мәселесінде орыс тiлiндегi мәтінді пайдаланатын болады.
1996 жылдың 7 ақпанында Алматы қаласында.
Қазақстан Республикасы Финляндия Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Нарбаев Е.Ә.)