Мәскеуде 1998 жылғы 6 наурызда жасалған Бас еркiнен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы конвенция бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Бас еркiнен айыруға сотталған
адамдарды жазаны одан әрi өтеу үшiн беру туралы
Конвенция
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер,
мемлекеттiң егемендiгi принципiн негiзге ала отырып,
өзара құрмет пен ынтымақтастықтың қалыптасқан қатынастарын дамытуды қалай отырып,
сотталған адамдардың олар азаматы болып табылатын мемлекетте және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың жазаларын өтеуi жазаның орындалу мақсатына әлдеқайда тиiмдiлiкпен қол жеткiзуге жәрдемдесетiнiн ескере отырып,
iзгiлiк принципiн басшылыққа ала отырып,
а) "Үкiм шығарылған мемлекет" - соты адамды бас еркiнен айыру түрiнде соттау туралы үкiм шығарған Уағдаласушы Тарап;
б) "Үкiм орындалатын мемлекет" - бас еркiнен айырылуға сотталған адам жазасын өтеу үшiн берiлетiн Уағдаласушы Тарап;
в) "құзыреттi орган" - ұлттық зандарға және осы Конвенцияға сәйкес сотталған адамды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы шешiм қабылдайтын мемлекеттiк орган;
г) "сотталушы" - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң соты жасаған қылмысы үшiн бас еркiнен айыру түрiнде соттаған адам;
д) "жақын туыстар" - Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген ұлттық зандарына сәйкес туыстық қарым-қатынаста тұрған адам.
Басқа Уағдаласушы Тарапта бас еркiнен айыруға сотталған Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының азаматы, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес олар азаматы болып табылатын немесе соның аумағында тұрақты тұратын (егер азаматтығы жоқ адам болса) Уағдаласушы Тарапқа жазасын өтеу үшiн берiлуi мүмкiн.
Адамның сотталғаны және оның тұрған жерi туралы жазаны орындайтын сот пен орган тиiсiнше сотталушы азаматы болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты тұратын (егер азаматтығы жоқ адам болса) Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiн немесе консулдық мекемесiн, сондай-ақ олардың беру туралы өтiнiш жасау құқығын iске асыру үшiн оның жақын туыстарын, заңды өкiлiн және адвокатын жазбаша түрде құлактандыруға тиiс.
Сотталушыны беру туралы өтiнiштi Yкiм шығарылған мемлекет, сондай-ақ Yкiм орындалатын мемлекет жасай алады.
Сотталушыны беру туралы сотталушының өзi, оның жақын туыстары, заңды өкiлi мен адвокаты Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына өтiнiш жасай алады.
Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы беру туралы өтiнiш жасаушыға қабылданған шешiм туралы 40 күндiк мерзiм iшiнде жазбаша түрде хабарлайды. Беруден бас тарту туралы шешiм дәлелдi болуы керек.
Берудiң мүмкiндiктерi мен оның заңдық салдары туралы Үкiм шығарылған мемлекеттiң қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының орталық немесе аумақтық органдары сотталушыға не оның заңды өкiлiне жазбаша түрде түсiндiруге тиiс.
Бас еркiнен айыруға сотталған адамды беру мына шарттар болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн:
адамды бас еркiнен айыруға соттау туралы заңды күшiне енген сот үкімі;
осы Конвенцияның 4-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген адамдар тарапынан беру туралы өтiнiш болса;
сотталушының жазбаша келiсiмi немесе егер сотталушы жасына, денсаулығына немесе психикалық жағдайына байланысты өзiнiң еркiн еркiн бiлдiре алмаған жағдайда, - оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз болса;
адам қабылдап - өткiзудi жүзеге асырушы Уағдаласушы Тараптың зандары бойынша бас еркiнен айыру түрiндегi жазаға әкеп соғатын қылмыстар болып табылатын әрекеттер үшiн сотталса;
беру туралы өтiнiш алынған сәтте бас еркiнен айырудың өтелмеген мерзiмi алты айдан кем болса;
Үкiмдi шығарылған мемлекеттiң және Yкiм орындалатын мемлекеттiң сотталушыны қабылдау және өткiзу туралы келiсiмi болса.
Егер:
ескеру мерзiмнiң өтуi салдарынан немесе осы мемлекеттiң заңдарында көзделген өзге де негiз бойынша жазаның Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында орындалуы мүмкiн болмаса;
Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында жасалған әрекетi үшiн ол жаза көтерсе немесе ақталса не iс тоқтатылса, сол сияқты, егер адамды осы мемлекеттiң құзыреттi органы босатса;
бұл Үкiм шығарылатын мемлекеттiң немесе сотталушы азаматы болып табылатын мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiрсе, сотталушыны беру жүргiзiлмейдi.
Егер сотталушы қылмыспен келтiрiлген залалды өтемесе оны беруден бас тартылуы мүмкiн.
Осы Конвенцияның мәселелерi бойынша Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiмен тiкелей байланысады.
Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы ол үшiн Конвенция күшiне енген күннен бастап бiр айдың iшiнде депозитарийге өзiнiң қүзыреттi органының атауын хабарлайды.
Сотталушыны жазасын өтеу үшiн беру мақсатында бiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы басқа Уағдаласушы Тараптың кұзыреттi органына өтiнiш жасайды.
Өтiнiш жазбаша нысанда әзiрленедi және оған мыналар қоса берiледi:
сотталушының жеке басы туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi);
сотталушының азаматтығы немесе оның тұрақты тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер;
бас еркiнен айыруға сотталған адамның әрекетi үкiм орындалатын Мемлекетте қылмыс болып табылатынын бiлдiретiн заң баптарының мәтiнi;
сотталушының оны ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың аумағына немесе тұрақты тұратын жерi бар аумаққа (егер азаматтығы жоқ адам болса) үкiмдi орындау үшiн беруге жазбаша келiсiмi, ал сотталушы өз еркiн еркiн бiлдiруге қабiлетсiз болған жағдайда - оның заңды өкiлiнiң келiсiмi.
Yкiм шығарылатын мемлекеттiң құзыреттi органы, бұған қоса, өтiнiшке куәландырылған:
үкiмнiң көшiрмесiн және iс бойынша жоғары тұрған сот органдарының қолда бар шешiмдерiн, үкiмнiң заңды күшiне енгенi туралы құжаттарды;
адам сотталуына негiз болған қылмыстық заң баптарының мәтiнiн;
жазаның бiр бөлiгiнiң өтелгенi және жазаның одан әрi өтеуге жататын бөлiгi туралы құжат;
егер тағайындалса қосымша жазаның орындалуы туралы құжат;
сотталушының денсаулық жағдайы мен тәртiбiнiң ерекшелiктерi туралы мәліметтер;
залал мен оның өтелуi туралы мәлiметтер;
егер мұны Үкiм шығарылатын мемлекет қажет деп тапса, өзге де құжаттар қоса берiледi.
Сотталушыны беру туралы өтiнiш қол қойылып куәландырылуға және құзыреттi органның елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуге тиiс.
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы сотталушыны беру немесе қабылдап алуға келiсiм беру туралы өтiнiш жасағанға дейiн 8-бапта көрсетiлген құжаттарды талап ете алады.
Жазасын өтеуi үшiн сотталушыны беру туралы өзiне өтiнiш жолданған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы қажеттi қүжаттарды алған сәттен бастап 40 күннен аспайтын мерзiмнiң iшiнде өтiнiштi жiберген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органын осы Конвенцияда көзделген шарттарға сәйкес сотталушыны беруге келiскенi не бас тартқаны туралы хабардар етедi.
Сотталушыны беру орны, уақыты мен тәртiбi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы уағдаластық бойынша белгiленедi.
Yкiм орындалатын мемлекет сотталушының жағдайын нашарлатпастан өз заңдарына сәйкес жазаны өтеудi жалғастыруды қамтамасыз етедi. Басқа Уағдаласушы Тараптың үкiмiнiң орындалуы туралы мәселенi қараудың соттылығы Уағдаласушы Тараптың әрқайсысының заңдары бойынша белгiленедi.
Сотталушыға тағайындалған жаза Yкiм шығарылған мемлекет сотының үкiмiнiң негiзiнде өтеледi. Бас еркiнен айыру түрiндегi жазаның мерзiмiне Yкiм шығарылған мемлекетте өтелген мерзiм есептеледi. Yкiм орындалатын мемлекетiнiң соты, шығарылған үкiмдi негiзге ала отырып, өз мемлекетiнiң заңы бойынша үкiмде тағайындалғандай бас еркiнен айыру мерзiмiн белгiлеп, оны орындау туралы шешiм қабылдайды.
Егер Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдары бойынша сол әрекет үшiн бас еркiнен айырудың шектi мерзiмi үкiм бойынша тағайындалған мерзiмнен кем болса, сот осы мемлекеттiң заңдарымен көзделген бас еркiнен айырудың ең жоғарғы мерзiмiн белгiлейдi.
Егер үкiм олардың iшiнен бiреуi немесе бiрнешеуi Yкiм орындалатын мемлекетте қылмыс болып танылмайтын екi немесе одан да көп әрекеттерге қатысты болса, сот жазаның қай бөлiгiнiң қылмыс болып табылатын әрекетке қолданылатынын белгiлейдi.
Қосымша жазаның орындалуы туралы шешiмдi Yкiм орындалатын мемлекеттiң соты, егер жасалған әрекет үшiн осындай жаза осы мемлекеттiң заңдарымен көзделсе қабылдайды. Қосымша жаза осы бапта көзделген тәртiппен орындалады.
Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органы бiр ай мерзiмнiң iшiнде Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi органын осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес қабылданған үкiмнiң орындалуы туралы соттың шешiмi жөнiнде хабардар етедi.
Үкiм орындалатын мемлекетке жазасын өтеу үшiн берiлген адам жөнiнде оның аумағында сондай әрекет жасағаны үшiн сотталған адамдар сияқты сотталудың құқықтық салдары туады.
Басқа Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты шығарған үкiмдi орындау үшiн берiлген адам сондай әрекеттерiне байланысты заңды күшiне енген үкiм шығарылған Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында қайтадан қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмайды.
Сотталушы берiлгенге дейiн өтелмеген жазаны орындау, сондай-ақ үкiмдi орындау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн жазадан толық немесе ішінара босату Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкiм шығарылған мемлекет те, Үкiм орындалатын мемлекет те кешiрiм жасау және рақымшылық жасау актiлерiн қолдануға, сондай-ақ егер бұл Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдарымен көзделсе, жазылмайтын ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда сотталушыны жазаны одан әрi өтеуден босата алады.
Үкiм орындалатын мемлекетке берiлген сотталушы жөнiндегi үкiмдi қайта қарауды тек Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi органы ғана жүзеге асыра алады.
Егер сотталушыны жазасын өтеу үшiн бергеннен кейiн Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi соты үкiмдi өзгертсе, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi мен басқа да қажеттi құжаттар Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi. Үкiм орындалатын мемлекеттiң соты осы шешiмнiң орыңдалуы туралы мәселенi осы Конвенцияның 15-бабында көзделген тәртiппен шешедi.
Егер сотталушы жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн үкiм Үкiм шығарылатын мемлекетте қылмыстық iс тоқтатыла отырып бұзылса, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi орындау үшiн жедел түрде Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.
Егер сотталушы жазаны өтеу үшiн жiберiлгеннен кейiн үкiм Yкiм шығарылған мемлекетте бұзылса және жаңадан тергеу немесе сот талқылауы көзделсе, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iстiң материалдары және басқа да материалдар сотталушы жоқ, кезде қажеттi iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлгеннен кейiн осы Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн Үкiм орындалатын мемлекетке жiберiледi.
Әр Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша осы Конвенцияға сәйкес үшiншi Уағдаласушы Тарапқа берiлетiн сотталушыны өз аумағы бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат етедi.
Сотталаушыны беруге байланысты шығыстарды өз аумағы шегiнде Yкiм шығарылған мемлекет, ал транзиттiк тасымалдауға байланысты шығыстарды, - осындай тасымалдау жөнiнде өтiнiш жасаған Уағдаласушы Тарап көтередi.
Осы Конвенцияның ережелерi Конвенция күшiне енгенге дейiн сотталған адамдар жөнiнде де қолданылады.
Осы Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану жөнiнде пайда болған даулар Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арасында консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
Осы Конвенцияның ережелерi Уағдаласушы Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Осы Конвенцияны орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттiк тiлдердi және орыс тiлiн пайдаланады.
Уағдаласушы Тараптар құжаттарды мемлекеттiк тiлдерде орындаған жағдайда оларға орыс тiлiндегi куәландырылған аудармалар қоса беріледi.
Осы Конвенция оған басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Қосылған мемлекеттер үшiн Конвенция осы Конвенцияның депозитариi болып табылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы Хатшылығына қосылу туралы құжат өткiзiлген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
Осы Конвенция Уағдаласушы Тараптар депозитарийге оның күшiне енуi үшiн кажеттi iшкiмемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы үшiншi құлақтандыру берiлген күннен бастап күшiне енедi.
Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Уағдаласушы Тарап үшiн ол тиiстi құжаттарды депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Конвенция ол күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм бiткеннен кейiн Конвенция әр ретте жаңа бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.
Әр Уағдаласушы Тарап осы Конвенциядан шыға алады, олар бұл жөнiнде депозитарийдi жазбаша түрде құлақтандыруы керек. Осы Уағдаласушы Тарап үшiн Конвенция депозитарий шығу туралы құлақтандыруды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн күшiн жояды.
Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 наурызда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталуда, ол әр мемлекетке осы Конвенцияның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Әзiрбайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшiн Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшiн Түркменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшін