1. "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Z970075_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 4, 50-құжат):
1) 2-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тікелей инвестициялар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмектер немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестицияларды қоспағанда, қазақстандық заңды тұлғаның негізгі құралдарына (негізгі капитал) инвестор жүзеге асыратын жұмсалымдардың барлық түрлері;";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі;";
одан әрі бүкіл мәтін бойынша "Комитет", "Комитетпен", "Комитетте", "Комитеттің", "Комитетке" деген сөздер тиісінше "Агенттік", "Агенттікпен", "Агенттікте", "Агенттіктің", "Агенттікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бап мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарына және Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес саяси және реттеушілік тәуекелді жабуға кепілдіктер беру.";
3) 7-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге жер салығы мен мүлікке салынатын салық төлеуден босату;
салық салынатын табысты алған кезінен бастап 5 жылға дейінгі, бірақ келісім-шарт жасалған кезден бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге табыс салығын төлеуден босату.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық жеңілдіктері негізгі құралдарға (негізгі капитал) салынған инвестициялардың көлеміне және экономиканың басым секторларына жататындығына байланысты беріледі.";
4) 12-баптың 3-тармағындағы "Келісім-шартты әзірлеу процесінде" деген сөздер "мемлекеттік заттай гранттар және кеден бажы бойынша жеңілдіктер беру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 2, 3, 4-тармақтары алып тасталсын.
2. "Шетелдік инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Z949000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 17-18, 218-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат):
1) 1-бапта:
бірінші бөліктің сегізінші абзацы алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік инвестициялар" - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу, сондай-ақ оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына заемдар (несиелер) беру нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар.";
төртінші бөлік мынадай редакциядағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары.";
мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Тікелей шетелдік инвестициялар" - оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар жаңадан құрылған және жұмыс істеп жатқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялар.
"Портфельдік шетелдік инвестициялар" - шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялардың өзге де түрлері.";
2) 3-баптың 2-тармағында ", сондай-ақ" деген сөздің алдынан "Портфельдік инвестициялармен жүзеге асырылатын заемдар, несиелер, нысаналы банк және қаржы салымдарын беруге байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201-202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 жылы 1 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 1 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 34-баптың 8-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес салық салынатын табысты алған кезінен бастап 5 жылға дейін, бірақ келісім-шарт жасалған кезден бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге табыс салығын төлеуден босатылуы мүмкін.";
екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
төртінші абзацтағы "жобаның басымдығына, өтемділік мерзімі мен шарттарына" деген сөздер "негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 123-баптың 3-тармағының 8) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8) салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін;";
екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
төртінші абзацтағы "жобаның басымдығына, өтемділік мерзімі мен шарттарына" деген сөздер "негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 134-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 5) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салық төлеушілер инвестиция жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылуы мүмкін.";
екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
төртінші абзацтағы "жобаның басымдығына, өтемділік мерзімі мен шарттарына" деген сөздер "негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995
жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; 1997 ж., N 12, 189-құжат): 3-баптың 4-тармағындағы "мемлекеттік комитеті" деген сөздер "уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.