О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области

Постановление акимата Жамбылской области от 29 декабря 2014 года №366

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата Жамбылской области согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление земельных отношений акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке и сроки обеспечить сообщение в органы юстиции и источники официального опубликования о признании утратившими силу некоторых постановлений акимата области, указанных в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Абдирайымова Х.
      Аким области К. Кокрекбаев

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от 29 декабря 2014 года № 366

Перечень постановлений акимата Жамбылской области признанных утратившими силу

      1. Постановление акимата Жамбылской области от 2 июня 2010 года № 164 "Об установлении границ охранной зоны магистрального трубопровода "Казахстан-Китай" и определения в них режима использования земель" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1705, опубликовано 27 июля 2010 году областном газете "Ақ жол" №134 (17 188).
      2. Постановление акимата Жамбылской области от 7 июня 2012 года "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 2 июня 2010 года № 164" №34 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1705, опубликовано 23 марта 2012 года в областных газетах "Ақ жол" №29 (17 589) и "Знамя труда" №29 (17 546).

Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Жамбылской области

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №366 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы "29" желтоқсандағы
№ 366 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының күзет аймағының шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1750 болып тіркелген, 2010 жылдың 27 шілдесінде №134 (17 188) "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).
      2. Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №164 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы №34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1806 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 наурыздағы "Ақ жол" №29 (17 589) және "Знамя Труда" №29 (17 546) облыстық газеттерінде жарияланған).