Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 11 маусымдағы № 139 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3197 болып тіркеліп, "Жайық шұғыласы" газетінің 2015 жылдың 14 мамырындағы № 19 (6176) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі м/а
|
С.Х. Утегалиева
|