О некоторых актах акимата Актюбинской области

Постановление акимата Актюбинской области от 28 апреля 2016 года № 171

      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившим силу:
      1) постановление акимата Актюбинской области от 24 апреля 2014 года № 121 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3913, опубликованное 3 июня 2014 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник");
      2) постановление акимата Актюбинской области от 17 сентября 2014 года № 327 "О внесении дополнений в постановление акимата области от 24 апреля 2014 года № 121 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4040, опубликованное 28 октября 2014 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник").
      2. Отменить постановление акимата Актюбинской области от 25 марта 2016 года № 110 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям".
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілері туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 171 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 121 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 тіркелген, 2014 жылғы 3 маусымдағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
      2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 121 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 110 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев