"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу Қағидалары мен мерзіміне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 34 "Қалалық ономастикалық комиссия құрамын бекіту туралы" шешімінің "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 382 шешімінің қолдану әрекеті жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы
|
А. Бекенова
|
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
|
С. Шынтасова
|