Об утверждении Правил предоставления органами государственных доходов сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, судебным исполнителям

Совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 июля 2017 года № 957 и Министра финансов Республики Казахстан от 14 июля 2017 года № 439. Утратил силу совместным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 сентября 2018 года № 802 и Министра юстиции Республики Казахстан от 17 сентября 2018 года № 1410.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра финансов РК от 04.09.2018 № 802 и Министра юстиции РК от 17.09.2018 № 1410.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 3 статьи 557 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления органами государственных доходов сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, судебным исполнителям.

      2. Министерствам юстиции, финансов Республики Казахстан обеспечить размещение настоящего совместного приказа на интернет - ресурсах государственных органов.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить направление настоящего совместного приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих заместителя Министра юстиции и вице-министра финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящий совместный приказ вступает в силу со дня подписания его последним из руководителей государственного органа.


Министр юстиции
Республики Казахстан

Министр финансов
Республики Казахстан

______________М. Бекетаев

______________Б. Султанов


  Утверждены
совместным приказом
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 31 июля 2017 года № 957
и Министра финансов
Республики Казахстан
от 14 июля 2017 года № 439

Правила
предоставления органами государственных доходов сведений о налогоплательщике
(налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, судебным исполнителям

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 3 статьи 557 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок предоставления органами государственных доходов судебным исполнителям сведений, о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) (далее – Сведения).

Глава 2. Порядок предоставления сведений

      2. Судебные исполнители направляют запросы в органы государственных доходов о получении сведений о налогоплательщике (налоговом агенте):

      при исполнении исполнительных документов с санкции суда;

      по исполнительным документам, выписанным на основании вступивших в законную силу судебных актов, без санкции суда.

      3. К запросу судебный исполнитель прикладывает копию исполнительного документа:

      1) исполнительные листы, выдаваемые на основании судебных актов;

      2) судебные приказы, выдаваемые в соответствии с гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан;

      3) исполнительные листы, выдаваемые на основании судебных актов о принудительном исполнении на территории Республики Казахстан решений международных, иностранных судов и арбитражей;

      4) исполнительные листы, выдаваемые на основании определения суда о принудительном исполнении арбитражных решений;

      5) определения судов об обеспечении иска или отмене обеспечения иска;

      6) постановления судов, вынесенные по делу об административном правонарушении в случаях, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      7) постановления органа (должностного лица), уполномоченного рассматривать дела об административных правонарушениях в случаях, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      8) постановление прокурора о принудительном исполнении его требований;

      9) постановления судебного исполнителя о взыскании исполнительской санкции;

      10) постановление судебного исполнителя о возмещении расходов, понесенных при совершении исполнительных действий;

      11) постановление частного судебного исполнителя об утверждении сумм оплаты его деятельности;

      12) предписания о необходимости уплаты штрафа, выданные органом (должностным лицом), уполномоченным налагать административные взыскания;

      13) исполнительная надпись;

      14) постановление суда о наложении ареста на имущество, вынесенное по уголовному делу.

      4. Сведения о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну по исполнительным документам, за исключением выданных на основании вступивших в законную силу судебных актов, предоставляются с санкции суда, в случаях предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      5. Запрос судебных исполнителей подлежит исполнению органами государственных доходов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан не более чем в трехдневный срок.

      Запрос подписывается государственным судебным исполнителем или руководителем территориального отдела – старшим судебным исполнителем, частным судебным исполнителем.

      6. Ответ на запрос подписывается первым руководителем уполномоченных органов или лицом, его замещающим, в территориальных органах - руководителем или лицом, его замещающим.

      7. Информация, предусмотренная пунктом 6 настоящих Правил, осуществляется на бумажном носителе с грифом "Для служебного пользования" либо в электронном формате по защищенным каналам связи.

Глава 3. Заключительные положения

      8. Должностные лица, имеющие доступ к Сведениям, обеспечивают использование получаемой информации только по прямому назначению и без ущерба для стороны, ее предоставившей, без права передачи третьей стороне.

      Сведения, полученные в рамках настоящих правил, не подлежат разглашению.

      9. Невыполнение законных требований судебного исполнителя, а также воспрепятствование осуществлению судебным исполнителем функций по исполнению исполнительных документов влекут ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан.

Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 439 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 957 бірлескен бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 802 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 1410 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.09.2018 № 802 және ҚР Әділет министрінің 17.09.2018 № 1410 бірлескен бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 557-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы министрліктері осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарда орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қадағалайтын Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі және Әділет министірінің орынбасарына жүктелсiн.

      5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Әділет министрі

_____________М. Бекетаев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

______________Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 шілдедегі № 957
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 14 шілдедегі № 439
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық
агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекетік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Сот орындаушылары мемлекеттік кірістер органдарына:

      сот санкциясымен атқарушылық құжаттарды орындау кезінде;

      сот санкциясынсыз заңды күшіне енген сот актілері негізінде жазып берілген атқарушылық құжаттар бойынша салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер беру туралы сұрау салулар жібереді.

      3. Сот орындаушысы сұрау салуға атқарушылық құжаттың көшірмесін қоса береді:

      1) сот актiлерi негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерi негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;

      4) төрелік шешiмдердi мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;

      5) соттардың қуынымды қамтамасыз ету туралы немесе қуынымды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;

      6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;

      7) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;

      8) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;

      9) атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;

      10) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;

      11) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;

      12) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;

      13) атқарушылық жазба;

      14) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы.

      4. Заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде берілгендерді қоспағанда, атқарушылық құжаттар бойынша салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот санкциясымен ұсынылады.

      5. Сот орындаушыларының сұрау салуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш күндік мерзімнен аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарының орындауына жатады.

      Сұрау салуға мемлекеттік сот орындаушысы немесе аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы қол қояды.

      6. Сұрау салуға жауапқа уәкілетті органдардың бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, аумақтық органдарда – басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпарат "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар қағаз тасығышта не қорғалған байланыс арналары арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      8. Мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалар алынатын ақпараттың тек қана тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарап үшін залал тигізбей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.

      9. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау бойынша функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.