О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района"

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 25 августа 2021 года № 7ВС-10-2. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 7 декабря 2021 года № 7ВС-16-2

      Сноска. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 07.12.2021 № 7ВС-16-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жаксынского районного маслихата "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района" от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 (Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 9 апреля 2018 года под № 6528) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района, утвержденном указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15630).";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета села, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акима села, сельского округа по управлению коммунальной собственностью местного самоуправления;

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета села, сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества села, сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом Жаксынского района кандидатур на должность акима села, сельского округа для дальнейшего внесения в Жаксынскую районную территориальную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы села, сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима села, сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, интернет-ресурсы, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.";

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму села, сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села, сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села, сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней со дня проведения собрания передается на рассмотрение в маслихат Жаксынского района.

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом села, сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.

      Аким вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном Главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села, сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании маслихата Жаксынского района в течении 30 календарных дней со дня поступления заявления.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жаксынского районного маслихата Д.Пшембаева

"Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 7ВС-10-2 шешімі. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 7ВС-16-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 7ВС-16-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІТІ:

      1. "Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-8 шешіміне (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 6528 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі –Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан РеспубликасыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді."

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджетің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауыл, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына одан әрі ұсыну үшін ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қызметіне Жақсы ауданы әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

      ауыл, ауылдық округтің әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі."

      6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады."

      12 және 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде ауыл, ауылдық округ әкімдеріне беріледі, хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және жиналыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жақсы аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыста қабылданған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Ауыл, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Жақсы аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң, өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шешеді."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы Д.Пшембаева