Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Иргизского района Актюбинской области от 26 августа 2021 года № 182

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Иргизского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок общей площадью 16 668 гектаров расположенный на территории Иргизского района без изъятия у землепользователей, для проведения работ по разведке полезных ископаемых акционерным обществом "национальная горнорудная компания "Тау-Кен Самрук" сроком до 21 февраля 2026 года.

      2. Рекомендовать акционерным обществом "национальная горнорудная компания "Тау-Кен Самрук" привести земельные участки в состояние, пригодное для использования по целевому назначению, и определить в договоре с землепользователями обязанности по возмещению убытков и другие условия.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Временно исполняющий обязанности
акима района
С. Конакбаев

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Ырғыз ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 16 668 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
С. Қонақбаев