О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 100

      В соответствии со статьей 12 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 416 "О государственной службе Республики Казахстан", а также пунктом 2 Изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан, утвержденных указом Президента Республики Казахстан от 18 января 2021 года № 495 "О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9795, опубликован 20 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      в пункте 19:

      в Полномочия Председателя:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) вносит представления Руководителю аппарата Министерства о назначении на должности и освобождении от должностей, а также о привлечении к дисциплинарной ответственности заместителей Председателя Комитета, руководителей и заместителей руководителей территориальных органов Комитета;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) вносит представления Руководителю аппарата Министерства о командировании, предоставлении отпусков, оказании материальной помощи, подготовке (переподготовке), повышении квалификации, поощрении, выплате надбавок и премировании заместителей Председателя Комитета, руководителей и заместителей руководителей территориальных органов Комитета;";

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок, премирования:

      работников Комитета, работников территориальных органов Комитета, за исключением заместителей Председателя, руководителей и заместителей руководителей территориальных органов Комитета;

      лиц, осуществляющих техническое обслуживание и обеспечивающих функционирование Комитета;

      лиц, осуществляющих деятельность в Комитете на основании трудового договора;";

      в Положении о территориальном органе – территориальном департаменте Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент, утвержденном указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Структура и штатная численность территориального органа утверждаются в соответствии с действующим законодательством.".

      2. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в месячный срок со дня подписания приказа извещение Департамента юстиции города Нур-Султан с приложением копии приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсах Министерства энергетики Республики Казахстан и Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Н. Ногаев

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 100 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 Заңының 12-бабына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      19-тармақта:

      Төрағаның өкілеттіктерінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, марапаттау, үстемақы және сыйақы төлеу туралы ұсынымдар енгізеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Төрағаның орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;

      еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы" ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Н. Ноғаев