О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 31 октября 2019 года № 2/49 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов района Тереңкөл"

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 5 ноября 2021 года № 4/11

      маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Тереңкөл "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов района Тереңкөл" от 31 октября 2019 года № 2/49 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6591) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества сельских округов района Тереңкөл, утвержденном указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий регламент собрания местного сообщества сельских округов района Тереңкөл (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон).";

      подпункт 8) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "8) согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сельского округа;";

      абзац первый пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в маслихат района.";

      абзац первый пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 "Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 4/11 шешімі

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6591 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов