О внесении изменений в постановление акимата Толебийского района от 27 апреля 2018 года № 201 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, и административных государственных служащих аппарата акима Толебийского района корпуса "Б""

Постановление акимата Толебийского района Туркестанской области от 10 марта 2022 года № 102

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Толебийского района от 27 апреля 2018 года № 201 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, и административных государственных служащих аппарата акима Толебийского района корпуса "Б"" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4591) следующие изменения:

      в методике оценки деятельности административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, корпуса "Б" и административных государственных служащих аппарата акима Толебийского района, утвержденной указанным постановлением:

      1) пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее – уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее – Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом либо в случае ее отсутствия – иное структурное подразделение (лицо), на которое возложено исполнение обязанностей службы управления персоналом (кадровой службой) (далее – служба управления персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.";

      2) пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет-портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 39 настоящей Методики.";

      3) пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Толебийского района".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Телгараев

Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 201 ""Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Төлеби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 10 наурыздағы № 102 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. ""Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Төлеби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4591 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Төлеби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      2) 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      3) 41-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Төлеби ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қадырбековқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Телгараев