О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 22-6 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Бурлинского районного маслихата"

Решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 апреля 2022 года № 15-5. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 8 ноября 2023 года № 8-6

      Сноска. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 08.11.2023 № 8-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Бурлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бурлинского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 22-6 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Бурлинского районного маслихата" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5158) следующие изменения:

      пункт 40 изложить в новой редакции:

      "40. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается главным специалистом по кадровой работе и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет - портала государственных органов и единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 39 настоящей Методики.";

      пункт 41 исключить;

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата К. Ермекбаев

Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22-6 "Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 15-5 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 8-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 08.11.2023 № 8-6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22-6 "Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      41-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Қ. Ермекбаев