Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Бородулихинском районе

Решение Бородулихинского районного маслихата области Абай от 6 октября 2023 года № 8-9-VIII

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32894) Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Бородулихинском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата С. Урашева

  Утверждены решением
Бородулихинского районного
маслихата
от 6 октября 2023 года
№ 8-9-VIII

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Бородулихинском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Бородулихинском районе разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32894), устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Бородулихинского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, поселка, сельского/поселкового округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно – территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села/поселка, сельского/поселкового округа подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом сельского/поселкового округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села/поселка, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского/поселкового округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села/поселка, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе/поселке, микрорайоне, улице, многоквартирном доме.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского/поселкового округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского/поселкового округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села/поселка, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в количественном составе на 100 жителей 1 представитель.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима сельского/поселкового округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

Бородулиха ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 8-9-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бородулиха ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 6 қазандағы
№ 8-9-VIII шешімімен
бекітілді

Бородулиха ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бородулиха ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді, Бородулиха ауданы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, кент, ауылдық/кенттік округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың/кенттің, ауылдық/кенттік округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық/кенттік округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық/кенттік округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың/кенттің, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда/кентте, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық/кенттік округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық/кенттік округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл/кент, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын

      жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары сандық құрамда 100 тұрғынға 1 өкіл ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін ауылдық/кенттік округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.