О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселковых, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жарминского района на 2023 год

Решение Жарминского районного маслихата области Абай от 28 апреля 2023 года № 2/17-VIII

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселковых, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населҰнные пункты Жарминского района предоставить следующие меры социальной поддержки в 2023 году:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья- бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.  

      Председатель Жарминского районного маслихата М. Оспанбаев

2023 жылғы Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/17-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылы Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік көмек айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев