Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в раздельном сходе местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района

Решение Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 19 октября 2023 года № 8/53

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан под №32894), Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел, для участия в раздельном сходе местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение Жанааркинского районного маслихата от 5 апреля 2022 года №21/140 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества сельского округа Актау Жанааркинского района".

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Жанааркинского районного маслихата Ю.Бекқожин

  Приложение 1 к решению
Жанааркинского районного маслихата
от 19 октября 2023 года № 8/53

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года №122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан под №32894) и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества сельского округа;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или путем вывешивания объявления в бумажном варианте о раздельном сходе на информационных стендах, методом обзвона по телефону, в том числе по сотовой связи, либо направления сообщения путем использования мессенджеров WhatsApp, Instagram, Telegram.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном села, улице.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Жанааркинского района.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в государственное учреждение "Аппарат акима Актауского сельского округа Жанааркинского района" для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2 к решению
Жанааркинского районного маслихата
№ 8/53 от "19" октября 2023 года

Количественный состав представителей жителей сел, для участия в раздельном сходе местного сообщества Актауского сельского округа Жанааркинского района

Найменование улиц

Количественный состав представителей (человек)

1

С.Сейфуллин

1

2

Тәуелсіздік

1

3

Женис

1

4

Жибек жолы

1

5

Достық

1

6

Кенесары

1

7

Айшырак населенный пункт

1

8

Кылыш населенный пункт

1



8


Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/53 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде №32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/140 "Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешімі күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңаарқа аудандық мәслихат төрағасы Ю.Бекқожин

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 8/53
Шешіміне 1 қосымша

Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде №32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауылдық округтің, ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелерге) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оның ішінде ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен, өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін "Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 8/53
шешіміне 2 қосымша

Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Көшелердің атауы

Өкілдерінің сандық құрамы (адам)

1

С.Сейфуллин

1

2

Тәуелсіздік

1

3

Жеңіс

1

4

Жібек жолы

1

5

Достық

1

6

Кеңесары

1

7

Айшырақ елді мекен

1

8

Қылыш елді мекен

1



8