Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19 октября 2023 года № 8/88

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и количественный состав представителей жителей сҰл для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района.

      2. Признать утратившим силу решение Павлодарского районного маслихата от 25 ноября 2022 года № 31/179 "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Пвлодарского районного маслихата Ж. Шугаев

  Утвержден
решением Павлодарского
районного маслихата
от 19 октября 2023 года
№ 8/88

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Зангарского сельского округа Павлодарского района разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории Зангарского сельского округа Павлодарского района, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Зангарского сельского округа подразделяется на участки: сҰла Зангар, Коряковка.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом Зангарского сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Зангарского сельского округа не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Зангарского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Зангарского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Павлодарского района.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима Зангарского сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

Глава 3. Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа

      12. Количественный состав представителей жителей сҰл для участия в сходе местного сообщества на территории Зангарского сельского округа:

      село Зангар – 3 человека;

      село Коряковка – 3 человека.

Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/88 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 122 бұйрығына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      2. Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы "Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы" № 31/179 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев

  Павлодар
аудандық мәслихатының
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 8/88 шешімімен
бекітілген

Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Заңғар ауылдық округінің аумағы: Заңғар, Коряковка ауылдары учаскелеріне бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Заңғар ауылдық округінің әкімі ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Заңғар ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Заңғар ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

3 тарау. Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      12. Заңғар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы:

      Заңғар ауылы – 3 адам;

      Коряковка ауылы – 3 адам.