Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2023 года № 9/2

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 183283) маслихат Жамбылского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 17.07.2024 № 20/5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 08 июня 2022 года № 16/15 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Жамбылского района Л. Топорова

  Приложение к решению
  маслихата Жамбылского района
  Северо-Казахстанской области
  от "29" ноября 2023 года № 9/2

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области

      Сноска. Правила в редакции решения маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 17.07.2024 № 20/5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" от 23 июня 2023 года № 122 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 183283) и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в следующем порядке:

      1) количество представителей жителей улицы для участия в сходе местного сообщества села Пресновки Жамбылского района Северо-Казахстанской области:

      по 1 (одному) представителю с одной улицы села Пресновки Пресновского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области, имеющему право участвовать в сходе местного сообщества;

      2) количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества сельского округа:

      1 (один) % (процент) от общего числа жителей села на территории сельских округов, имеющих право участвовать в сходе местного сообщества, за исключением Пресновского сельского округа, но не менее 1 (одного) и не более 3 (трех) представителей с села.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      12. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 9/2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183283 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 17.07.2024 № 20/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданыңда жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 08 маусымдағы № 16/15 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 29 қарашадағы
  № 9/2 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 17.07.2024 № 20/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183283 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ауыл, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары мынадай тәртіппен ұсынады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі Пресновка ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;

      2) ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Преснов ауылдық округін қоспағанда, ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ кемінде 1 (бір) адам және 3 (үш) адамнан көп емес.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.