Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок к должностным окладам финансовых работников организаций образования Актюбинской области, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата Актюбинской области от 4 июня 2024 года № 144

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила установления стимулирующих надбавок к должностным окладам финансовых работников организаций образования Актюбинской области, финансируемых из местного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление образования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области А. Шахаров

  Приложение к постановлению
акимата Актюбинской области
от 4 июня 2024 года № 144

Правила установления стимулирующих надбавок к должностным окладам финансовых работников организаций образования Актюбинской области, финансируемых из местного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам финансовых работников организаций образования Актюбинской области (далее - Организаций), финансируемых из местного бюджета (далее - стимулирующие надбавки), разработаны в соответствии подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" в целях повышения материальной заинтересованности в своевременном и качественном выполнении функции и задач работников Организации, а также за надлежащее выполнение должностных (служебных) обязанностей, и распространяются на финансовых работников организаций образования Актюбинской области, финансируемых из местного бюджета.

      2. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников Организаций и их размер устанавливаются за счет средств местного бюджета, по решению Актюбинского областного маслихата.

Глава 2. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      3. Установление стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя Организации либо лица, его замещающего, на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений организаций, финансируемых из областного бюджета.

      Письменное представление вносится непосредственным руководителем работника самостоятельных структурных подразделений первому руководителю Организации.

      4. В представлении указываются фамилия и должность работника, и основания.

      5. Представление рассматривается руководителем Организации в срок не более 20-ти календарных дней.

      6. Руководитель организации в результате рассмотрения представления согласовывает либо отказывает с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу.

      7. Основанием для отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу, являются:

      1) отсутствие необхомых информации в представлении для установления стимулирующей надбавки;

      2) несоблюдение исполнительской и трудовой дисциплины.

Глава 3. Условия установления стимулирующих надбавок

      8. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Организации;

      5) выполнение функций, сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели;

      7) кроме того, надбавка к должностному окладу может быть установлена работнику, осуществляющему работу с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) надбавки также могут быть установлены при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности;

      9. Стимулирующая надбавка к должностным окладам не устанавливается работникам:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) проработавшим в Организации менее одного месяца;

      3) на период прохождения испытательного срока;

      4) в случае временного исполнения функций соответствующей категории должности;

      5) в период привлечения работника к материальной ответственности;

      6) в период временной нетрудоспособности работника;

      7) в период отпуска без сохранения заработной платы;

      8) в период учебного отпуска;

      9) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      10) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      10. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      11. Бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций должны быть предусмотрены в плане финансирования (плане развития) организации каждый финансовый год.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 144 қаулысы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 144 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ұйым) қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі - ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйым қызметкерлерін қызметтік міндеттерін (лауазымды) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін марапаттау, сондай-ақ өз функциялары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында әзірленген және білім беру ұйымдарының қаржы қызметкерлеріне қатысты болады.

      2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Ақтөбе облысытқ мәслихатының шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйымның басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік ұйымның бірінші басшысына шығарады.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.

      7. Лауазымды лауазымдық жалақыға көтермелеу үстемеақысын белгiлеуден бас тартуға негiздер:

      1) ұсынымның ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге қажетті мәліметтермен толық қамтылмауы: ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер мен ынталандыру үстеме ақы мөлшерінің көрсетілмеуі;

      2) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтамауы.

3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;

      8) үстемеақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

      8. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      8) оқу демалысы кезеңінде;

      9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      9. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      10. Ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.