Об отмене постановления акимата Каргалинского района № 88 от 17 августа 2023 года "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Каргалинскому району"

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 12 января 2024 года № 3

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 ,67 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Отменить постановление акимата Каргалинского района № 88 от 17 августа 2023 года "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Каргалинскому району".

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Каргалинского района" в установленном законодательном порядке обеспечить направление настоящего постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Каргалинского района".

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Джусибалиев

Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 88 "Қарғалы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 65-баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 88 "Қарғалы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.

      2. "Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев