Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 19 июня 2024 № 179

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории Кумсайского сельского округа Мугалжарского района общей площадью 1700 гектаров без изъятия у землепользователей, для разведки полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью "MIR INVEST GROUP", сроком до 7 октября 2026 года.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений по Мугалжарскому району" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование;

      2) размещение настоящего постановления на интернет ресурсе акимата Мугалжарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мугалжарского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Д. Ермаганбетов

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 179 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "MIR INVEST GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 1700 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 7 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Д. Ермағанбетов