Об установлении иного порядка регулирования налогового администрирования для лиц, пострадавших от паводков в регионах Республики Казахстан

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 апреля 2024 года № 219

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 5.

      В соответствии с Указами Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 286 "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности" и от 13 апреля 2022 года № 872 "О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата" в целях разрешения некоторых вопросов по установлению иного порядка регулирования налогового администрирования для лиц, пострадавших от паводков в регионах Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Для налогоплательщиков, включенных местными исполнительными органами в списки пострадавших от паводков:

      1) предоставить до 1 июля 2024 года отсрочку уплаты по всем налогам и другим обязательным платежам в бюджет, а также социальным платежам, наступающей в период с 1 марта по 30 июня 2024 года;

      2) перенести сроки сдачи налоговой отчетности, наступающие в период с 1 марта по 30 июня 2024 года, на 1 июля 2024 года;

      3) приостановить до 1 июля 2024 года принятие обеспечения исполнения невыполненного в срок налогового обязательства и мер принудительного взыскания налоговой задолженности;

      4) продлить до 1 июля 2024 года сроки исполнения уведомлений об устранении нарушений, выявленных органами государственных доходов по результатам камерального контроля, наступающие в период с 1 марта по 30 июня 2024 года;

      5) приостановить до 1 июля 2024 года:

      назначение налоговых проверок (комплексных, тематических, встречных, хронометражных обследований);

      течение срока проведения проверок, осуществляемых органами государственных доходов;

      6) не начислять пеню по неисполненным в срок налоговым обязательствам за период с 1 марта 2024 года до 1 июля 2024 года.

      2. Установить, что срок приостановления налоговых проверок, предусмотренный подпунктом 5) пункта 1 настоящего приказа не включается в срок проведения такой проверки, а также в срок исковой давности в части начисления или пересмотра исчисленной, начисленной суммы налогов и платежей в бюджет органами государственных доходов.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 марта 2024 года.

      Министр М. Такиев

Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу жөніндегі кейбір мәселелерді шешу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:

      1) төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеуді 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру ұсынылсын;

      2) 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылсын;

      3) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;

      4) орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын;

      5) мыналар:

      салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау;

      мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;

      6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептелмесін.

      2. Осы бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген салықтық тексерулерді тоқтата тұру мерзімі осындай тексеруді жүргізу мерзіміне, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған, есептелген сомасын есептеу немесе қайта қарау бөлігінде талап қою мерзіміне кірмейді деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Министр М. Тәкиев