О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па "Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 17 августа 2024 года № 114/нс

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па "Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 170029) следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по области Жетісу, утвержденном вышеуказанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Структура и лимит штатной численности Департамента утверждаются Председателем КНБ в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Департамент состоит из управлений, отделов, отделений, групп, образующих его структуру. В его состав входят следующие обособленные структурные подразделения:

      1) Алакольский районный отдел. Зона обслуживания – Алакольский район области Жетісу;

      2) Достыкское отделение Алакольского районного отдела. Зона обслуживания – Достыкский сельский округ Алакольского района области Жетісу;

      3) Каратальский районный отдел. Зона обслуживания – Каратальский и Коксуский районы области Жетісу;

      4) Панфиловский районный отдел. Зона обслуживания – Панфиловский район области Жетісу;

      5) Хоргосское отделение Панфиловского районного отдела. Зона обслуживания – сельские округа Атамекен и Баскунчинский Панфиловского района области Жетісу;

      6) Сарканский районный отдел. Зона обслуживания – Сарканский и Аксуский районы области Жетісу;

      7) Текелийский городской отдел. Зона обслуживания – город Текели, Ескельдинский и Кербулакский районы области Жетісу.";

      в подпункте 1) пункта 14:

      дополнить абзацами тридцать шестым, тридцать седьмым следующего содержания:

      "проводить специальную проверку сотрудников Департамента;

      привлекать граждан Республики Казахстан на добровольной основе в качестве внештатных оперативных сотрудников.";

      в подпункте 2) пункта 14:

      абзац двенадцатый изложить в следующей редакции:

      "участвовать в обеспечении безопасности Президента Республики Казахстан и других охраняемых лиц;";

      абзац восемнадцатый изложить в следующей редакции:

      "проводить обязательную специальную проверку граждан Республики Казахстан, впервые поступающих на государственную службу или вновь поступающих на государственную службу после ее прекращения, а также претендующих на занятие должности судьи, служащего Национального Банка Республики Казахстан и его ведомств, служащего уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций, авиационного инспектора уполномоченной организации в сфере гражданской авиации, осуществляющего контрольные и надзорные функции в области авиационной безопасности, в случаях, пределах и порядке, которые установлены законодательством Республики Казахстан;";

      абзац двадцать третий изложить в следующей редакции:

      "осуществлять психолого-социологическое обеспечение оперативно-служебной деятельности Департамента;";

      дополнить абзацами двадцать четвертым, двадцать пятым, двадцать шестым, двадцать седьмым, двадцать восьмым следующего содержания:

      "вести учет объявленных предостережений;

      осуществлять работу, направленную на патриотическое, нравственное и духовное воспитание кадрового состава и предупреждение правонарушений в Департаменте;

      организовывать и нести боевое дежурство в Департаменте;

      организовывать и нести боевую службу в Департаменте;

      осуществлять иные полномочия, предусмотренные законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Председателя КНБ.".

      2. Департаменту кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Департаменту Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по области Жетісу в месячный срок известить соответствующий территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан о внесенных изменениях и дополнениях, указанных в пункте 1 настоящего приказа.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан генерал-лейтенант
национальной безопасности
Е. Сагимбаев

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 17 тамыздағы № 114/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ереженде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Алакөл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Алакөл ауданы;

      2) Алакөл аудандық бөлімінің Достық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Достық ауылдық округі;

      3) Қаратал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Қаратал және Көксу аудандары;

      4) Панфилов аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Панфилов ауданы;

      5) Панфилов аудандық бөлімінің Қорғас бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысы Панфилов ауданының Атамекен және Басқұншы ауылдық округтері;

      6) Сарқан аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары;

      7) Текелі қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Текелі қаласы, Ескелді және Кербұлақ аудандары.".

      14-тармақтың 1) тармақшасында:

      мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Департамент қызметкерлеріне арнайы тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;";

      14-тармақтың 2) тармақшасында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіптен міндетті арнайы тексеру жүргізу;";

      жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің жедел-қызметтік әрекетін психологиялық-əлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;

      Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;

      Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;

      Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңмен белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімі ішінде хабардар етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев