Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Решение Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 6 мая 2024 года № 225

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов No 32894), Казалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Казалинского
районного маслихата
Г. Алиш

  Приложение к решению
Казалинского районного маслихата
от "06" мая 2024 года №225

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества

Глава 1. Общие правила

      1. Правила проведения раздельных сходов местного сообщества к пункту 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года N122 "Об утверждении типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местных сообществ жителей городов, кента и сельских округов районного значения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельных сходов местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) в выборах представителей для участия в собрании местного сообщества города, кента районного значения, сельского округа, микрорайона, улицы и многоквартирных домов;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих в границах соответствующей административно-территориальной единицы, где осуществляется местное самоуправление, создаются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения отдельных собраний местного сообщества

      3. Для раздельных сходов местного сообщества территория города, кента районного значения и сельского округа делится на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные дома).

      4. На раздельных сходов местного сообщества избираются представители не более трех человек для участия в собрании местного сообщества.

      5. Аким города, кента районного значения и сельского округа приглашает и организует раздельных сходов местного сообщества в границах жилых домов в селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме.

      Раздельные сборы многоквартирных домов не осуществляются, когда в пределах микрорайона или на улице расположены многоквартирные дома.

      6. Время созыва, место и вопросы обсуждения раздельных сходов местного сообщества доводятся до сведения населения местного сообщества акимом города, кента районного значения и сельской местности не позднее, чем за десять календарных дней до даты проведения СМИ или иными способами.

      7. Перед открытием раздельных сходов местного сообщества проводится регистрация участников соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного дома.

      Участие несовершеннолетних, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы, не допускается к участию в раздельных сходов местного сообщества.

      Считается, что в этом селе, по соседству, на улице проходило раздельных сходов местного сообщества, когда не менее десяти процентов жителей (членов местной общины) проживают в многоквартирном доме.

      8. Раздельных сходов местного сообщества открыто для акима города, кента районного значения, сельского округа или уполномоченного им лица.

      Аким города, кента районного значения, сельского округа или уполномоченное им лицо является председателем раздельных сходов местного сообщества.

      Протокол будет проводиться на раздельных сходов местного сообщества, а секретарь будет избран открытым голосованием для оформления протокола раздельных сходов местного сообщества.

      9. Для участия в собрании местного сообщества представители сел, микрорайонов, улиц, многоквартирных домов будут выдвинуты участниками раздельных сходов местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Казалинским районным маслихатом.

      10. Голосование проводится открытым способом по каждому кандидату. Считается, что кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов, избирались на раздельных сходов местного сообщества.

      Если голоса участников равномерно распределены при голосовании на раздельных сходов местного сообщества, право решающего голоса осуществляет председатель отдельного собрания.

      11. Протокол раздельных сходов местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельных сходов секретарь собрания будет передан в канцелярию акима города, кента и сельского округа соответствующего районного значения для регистрации.

      На собрании местного сообщества или собрании местного сообщества будет составлен протокол, где:

      1) дата и место проведения собрания местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее количество членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в собрании местного сообщества или собрании местного сообщества;

      3) количество участников и список с указанием их фамилии, имени, отчества (при наличии);

      4) фамилия, имя, отчество председателя и секретаря местного сообщества или собрания местного сообщества (при наличии);

      5) повестку дня, содержание произнесенных слов и принятых решений.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 225 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32894 болып тіркелген) сәйкес, Қазалы аудаңдық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ.Әліш

  Қазалы аудандық мәслихатының
2024 жылғы "06" мамырдағы
№225 шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше және көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліқтің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтері тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу ушін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қазалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылар ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.