О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 3 декабря 2021 года № 8/82 "Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Мангистауской области"

Решение Мангистауского областного маслихата от 5 апреля 2024 года № 10/106. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 13 декабря 2024 года № 17/192.

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 13.12.2024 № 17/192 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Мангистауской областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мангистауского областного маслихата от 3 декабря 2021 года № 8/82 "Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Мангистауской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за 25798) следующие изменения:

      подпункты 1) и 2) пункта 1 изложить в новой редакции:

      "1) для потребителей, имеющих приборы учета питьевой воды - 120 тенге;

      2) для потребителей, не имеющих приборы учета питьевой воды – 150 тенге.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Ж. Матаев

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/82 "Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірде № 10/106 шешімі. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 13 желтоқсандағы 2024 жылғы № 17/192 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 13.12.2024 № 17/192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсанындағы № 8/82 "Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25798 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 120 теңге;

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 150 теңге.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Ж. Матаев