О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 14/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Жанаозен"

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 17 декабря 2024 года № 22/187

      Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 14/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4693-12) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      4) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи - государственное учреждение "Жанаозенский городской отдел занятости и социальных программ";

      5) уполномоченная организация по выплате социальной помощи – банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общаства "Казпочта";

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      9) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      10) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      11) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      12) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи;

      13) сервис цифровых документов – обьект информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", закрепленный за оператором и предназначенный для отображения и использования документов в электронном виде, сформированных на основании сведений из обьектов информатизации;

      14) веб-портал "электронное правительство" – обьект информатизации, представляющий собой "единое окно" доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме;

      15) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.";

      подпункт 5) пункта 6 изложить в новой редакции:

      "5) студентам, обучающимся в высших учебных заведениях Республики Казахстан по очной форме для получения степени "бакалавр", при наличии договора и среднедушевого дохода ниже величины прожиточного минимума по Мангистауской области за двенадцать месяцев перед обращением (получатели государственного социального пособия по случаю потери кормильца, оба родителя которых являются пенсионерами по возрасту или один из родителей является лицом с инвалидностью, из семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста), 1 раз в год;

      студентам, обучающимся в высших учебных заведениях Республики Казахстан по очной форме для получения степени "бакалавр", при наличии договора и среднедушевого дохода ниже 3 кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области за двенадцать месяцев перед обращением (лица с инвалидностью, сиротство, отсутствие родительского попечения), 1 раз в год;

      обучающимся в высших учебных заведениях Республики Казахстан по очной форме для получения уровня "интернатура" и "резидентура" на основании специального договора, заключенного по согласованию с государственным учреждением "Управление здравоохранения Мангистауской области" (кроме специальности "Стоматология"), без учета доходов, 1 раз в год.

      Для покрытия расходов на питание и проживание, ежемесячно - в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Жанаозенского городского маслихата Г. Байжанов

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 "Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 22/187 шешімі

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4693-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру обьектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған обьектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру обьектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, "бакалавр" дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болып немесе ата-аналарының біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардан), жылына 1 рет;

      өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 3 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, "бакалавр" дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (мүгедектігі бар адамдар, жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы), жылына 1 рет;

      "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша жасалған арнайы шарт негізінде "интернатура" және "резидентура" деңгейін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алушыларға ("Стоматология" мамандығынан басқа), табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет.

      Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды жабу үшін, ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов