Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 9 августа 2024 года № 1365

      В соответствии с подпунктом 5-1 со статьей 18, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании землеустроительных проектов, утвержденных приказами государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" от 10 июля 2024 года № 321, № 322 акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "Строй Элит Дом" из категории земель населенных пунктов публичный сервитут на земельные участки, по адресу: город Костанай, улица Гашека:

      для прокладки наружных сетей водопровода к объекту "Строительство многоэтажного жилого комплекса со встроенными коммерческими, досуговыми и оздоровительными помещениями по адресу: город Костанай, улица Гашека", общей площадью 0,0180 гектар;

      для прокладки канализации к объекту "Строительство многоэтажного жилого комплекса со встроенными коммерческими, досуговыми и оздоровительными помещениями по адресу: город Костанай, улица Гашека", общей площадью 0,0120 гектар.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в течение пяти рабочих дней со дня подписания на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Жундубаев

Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 1365 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 321, № 322 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Строй Элит Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне елді мекендердің жері санатынан Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      "Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша қосарлас салынған коммерциялық, бос уақыт өткізу және сауықтыру үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй кешенін салу" объектісіне су құбырының сыртқы желілерін жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0180 гектар;

      "Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша қосарлас салынған коммерциялық, бос уақыт өткізу және сауықтыру үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй кешенін салу" объектісіне канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0120 гектар.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев