О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, прибывшим для работы и проживания в селе Перцевка города Рудного

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 28 марта 2024 года № 121

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Рудненский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2024 году специалистам в области здравоохранения, образования, прибывшим для работы и проживания в селе Перцевка города Рудного, следующие меры социальной поддержки:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит для специалистов, прибывших в сельские населенные пункты в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата А. Искаков

Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 121 шешімі

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2024 жылы мынадай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:

      1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков