О предоставлении в 2025 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов села, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Амангельдинского района

Решение маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 30 декабря 2024 года № 124

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 12 статьи 56 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Амангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2025 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов села, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Амангельдинского района подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Амангельдинского районного маслихата Н. Альмагамбетов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель коммунального

      государственного учреждения

      "Отдел экономики и бюджетного

      планирования акимата

      Амангельдинского района"

      ________________ М.С. Сакетов

      "30" декабря 2024 года

Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 124 шешімі

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Амангелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы Н. Әлмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Амангелді ауданы

      әкімдігінің экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ М.С. Сакетов

      "30" желтоқсан 2024 жыл