Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области

Решение Баянаульского районного маслихата Павлодарской области от 26 декабря 2024 года № 240/27

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Баянаульский районный маслихат ПРИНЯЛ РЕШЕНИЕ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Баянаульского районного маслихата по законности, приему обращений граждан, аграрным вопросам и экологии.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Баянаульского районного маслихата Р. Мукашев

  Приложение 1
к решению Баянаульского
районного маслихата от
"26" декабря 2024 года
№ 240/27

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел на территории Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории Аксанского сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Аксанского сельского округа подразделяется на села Аксан, Жалгызкаин, Каражар.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек от сел.

      5. Акимом Аксанского сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Аксанского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации (районная газета, на официальном сайте акима сельского округа).

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел.

      Не имеют права участвовать на собрании местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих на соответствующих селах.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Аксанского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Аксанского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима Аксанского сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
к решению Баянаульского
районного маслихата
от "26" декабря 2024 года
№ 240/27

Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Аксанского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области

№ п/п

Наименование улиц и населенных пунктов

Количество представителей жителей улиц и населенных пунктов (человек)

1

2

3

Аксанский сельский округ

8

1

село Аксан

3

2

село Каражар

3

3

село Жалгызкаин

2


Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 240/27 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Мукашев

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
"26" желтоқсандағы
№ 240/27 шешіміне
1-қосымша

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ақсан ауылдық округінің аумағы Ақсан, Жалғызқайың, Қаржар ауылдарына бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардан саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ақсан ауылдық округінің әкімі ауылдардың шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Ақсан ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (аудандық газет, ауылдық округ әкімнің ресми сайтында) өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылдарда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсан ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақсан ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Ақсан ауылдық округінің әкімі аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
"26" желтоқсандағы
№ 240/27 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Р/с №

Ауылдардың, көшелердің атаулары

Ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

2

3

Ақсан ауылдық округі

8

1

Ақсан ауылы

3

2

Қаражар ауылы

3

3

Жалғызқайың

2