Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 4 января 2024 года № 14-1

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" от 23 июня 2023 года № 122 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32894) Акжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению, к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области" от 9 июня 2022 года № 21-16.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Акжарского районного маслихата М. Жусупбеков

  Приложение к
  решению Акжарского
  районного маслихата
  Северо-Казахстанской области
  от " 4 " января 2023 года № 14-1

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32894) и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа, улицы в Акжарском районе Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, интернет ресурсы, объявления в местах скопления граждан.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы организуется акимом сельского округа в пределах мест их проживания.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы имеющих право в нем участвовать в соответствии с пунктом 1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в следующем количестве:

      1) по 1 (одному) представителю с одной улицы села Ленинградского Ленинградского сельского округа и села Талшык Талшыкского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области;

      2) 1 (один) % (процент) от общего числа избирателей села на территории сельских округов, за исключением Ленинградского и Талшыкского сельских округов, но не более 3 (трех) и не менее 1 (одного) представителя с села.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      12. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 қантардағы № 14-1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 9 маусымдағы № 21/16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар аудандық мәслихат төрағысы М. Жүсіпбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2024 жылғы " 4 " қаңтардағы № 14-1
  шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Бөлік жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бекітілген және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Ауылдық округ әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, азаматтар көп жиналатын орындардағы хабарландырулар арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ауылдық округтің тұрғындарын хабардар етеді.

      7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі олардың тұратын жерлері шегінде ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары мен келесі көлемде ұсынылады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі Ленинград ауылының және Талшық ауылдық округі Талшық ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;

      2) ауылдық округ аумағында сайлаушылардың жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), Ленинград және Талшық ауылдық округін қоспағанда, бірақ ауылдан 3 (үш) өкілден көп емес және 1 (бір) өкілден кем емес.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, баяндамалардың мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.